Соңғы жылДары білім беруДе стуДенттің тұлғасын ДамытуДа ауДиторияДан тыс жұмыстар зор қарқынмен орынДалуДа. АуДиторияДан тыс жұмыстар болашақ ДәрігерДі ДайынДауДа ерекше орын алаДы. Білім беруДе гуманизация және арнайы кәсіби меДициналық пәнДермен қатар ауДиторияДан тыс жұмыстар жоспарға енгізілДі.
Жұмыстың өзектілігі. Медициналық ЖОО-да білім беру үрдісінде басты мәселе студенттің белсенді мамандандырылған жұмысқа кірісе алатын, өмірлік ұстанымдарын нақты анықтап, сол бойынша әрекет ете алатын болашақ дәрігердің тұлғасын қалыптастыру. Болашақ дәрігердің тұлғасын дамыту үлкен мақсатқа бағытталған жұмысты қажет етеді. Оқытушының алдына қойылған тапсырма - әр студенттің жеке потенциалын ашу, қойған мақсатқа жетуде өз жолын дұрыс таңдауға көмектесу, яғни болашақ маманды мамандандырылған түрде дайындау.
Жұмыстың мақсаты. Инновациялық педагогикалық кәсіпкерліктің дәйекті элементі студенттердің психологиялық іс-әрекетін қайта құрастыру, жаңа талапқа сай адамның бұрын қалыптасқан психологиялық ерекшеліктері мен оны пайдалану қажеттілігіне орай оның кәсіпкерлігін өзгерту, яғни болашақ маманды мамандандырылған түрде дайындау. Студенттердің аудиториялық және аудиториядан тыс өзіндік жұмыстарын қарастыру. Олардың айырмашылығы қандай екені анық. Бірақ ең бастысы - олар бір-бірін толықтырып, дамытып отырады. Бірінші кезекте студенттің өзіндік жұмысы дәріс алуға даярлық болып табылады. Студент дәріс сабағына дәріскердің қатысуымен түсінуге қиындық тудыратын сұрақтарды қарастыру үшін алдын ала даярлықпен келуі қажет. Нақты тәжірибенің арқасында студенттерді үш санатқа бөліп қарастырамыз. Бірінші топ, студенттердің көбісі, дәрістік мәліметтерді жеңіл қабылдап, түсіне алады. Олар сұрақты сирек қояды, бірақ олардың сұрақтары көбіне дәріс кезінде практикалық маңыздылықты анықтаушы және сол және басқа теориялық жағдайды қолдануда дамытушы мәселер туралы ақпаратты алумен байланысты. Екінші топ дәріске қатысты түсінбеушілік тудырған сұрақтарды қояды. Студенттердің ішінде сұрақты өте сирек қоятындары бар,олар үзіліс кезінде пәндік курсқа қатысты кеңінен берілген физиологиялық механизмдердің түсініксіздігіне шағымданады. Жалпы дәрісті жүргізген кезде екінші және үшінші топқа көп мән беру керек. Кейбір жағдайларда студенттер дәріс кезінде емес, практикалық сабақта сұрақ қояды. Бірақ жұмыс тәжірибелері бар дәріскерлер өзіндік жұмыста қиындық тудыратын сұрақтарға аса мән береді. Осы айтылғандарға жүгіне отырып, өзіндік жұмысқа дайындалудың жалпы әдістері жүзеге асырылады. Студенттің өзіндік жұмысының негізі теориялық білім мен практикалық дағдыларға сәйкес курс болып табылады. Жұмысты бастамас бұрын, студенттерге өзіндік жұмысты орындау туралы толық ақпарат беру қажет. Студенттерге қойылатын талаптар, бақылау әдістері анықталады, электронды кітапханадағы бар әдістемелік талдамалар, әр практикалық сабақтарды жүргізу туралы нақты ақпарат, кітаптар, ұсынбалы оқу құралы көрсетіледі. Дәрістер мен практикалық сабақтарға дайындық өзіндік жұмыс ретінде қарастырылады және ұйымдастырылады. Өзіндік жұмысты жетістікпен орындау іске асырылады:
Оқу тапсырмаларын орындауға мотивация, студент жүргізілген жұмыстың теориялық және практикалық мағынасын нақты сезінуі тиіс. 2)Болжанған жұмысқа анық мақсат пен міндеттің қойылуы. 3)Барлық тапсырманың орындалу алгоритмі. 4)Кесте бойынша кейбір жағдайларда студенттердің қажеттілігін тудырған кезде топтық және жеке кеңес жүргізу және ұйымдастыру. 5)Жұмыс көлемін, есеп түрлерін, нәтиженің берілген мерзімін анықтау. 6)Тапсырманы жекелендіру. 7)Жұмыстың нәтижесі әрбір студентке түсінікті болуы қажет. Кейбір жағдайларда егер жұмыс белгіленген мерзімнен кейін ұсынылса, студентке бағасының төмендетілетіні ескертіледі. 8)Баяндаманы талқылауға студенттердің қатысуын ұлғайту қажет. 9)Оқытушы қай жағынан болса да тыңдалған жұмысты еркін толықтыру үшін және аргументті қорытынды жасау үшін студенттен гөрі жақсы білуі қажет. 10)Көрсетілген материалды ұсынуда студенттің жүріс-тұрысына, дикциясына аса мән беру қажет, өйткені студент болашақта еңбек үрдісін ұйымдастыратын маман болады және келешек ұжымның әр қатысушысы не талап етілетінін түсінуі керек. Сонымен қатар өзіндік жұмыстың ерекшелігі оның өзіндік ерекшелігінде. Студент өзінің шығармашылық қабілеттілігін көрсете білуі қажет. Ол оқытушысыз жүзеге асатын іс-әрекеттерді жүргізуде дербестік танытуы керек. Студент тапсырмаға сәйкес іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін тәсілдерді өзі таңдайды. Студенттің өзіндік жұмысының ең маңызды кезі студент өзі жасаған жұмысын бағалау үшін өзін-өзі басқару мен өзін-өзі сынау болып табылады. Бұл шығармашыл ойлаушы маманды дайындауда ең маңызды кезең болып саналады.
Егер студент өзінің іс-әрекетін басқара алмаса, болжанған қорытындылар жүзеге аспайды. Студент жүргізу және басқару жұмыстарын бір уақытта жүзеге асырғаны дұрыс.
Аудиториядан тыс жұмысты орынды ұйымдастыруда студентте істелінген жұмыстың барлық түрі кіргізілетін портфолио болуы керек.
Өзіндік жұмыстың ең маңызды кезеңі мәлімдемелер мен презентацияларды практикалық сабақтың жоспарына кіргізілмеген бөлек тақырыптар бойынша жасалған жұмыстарды тыңдау болып саналады. Көп жағдайларда студенттер мәлімдемелерін көрнекті иллюстрациялармен өте жақсы дайындайды. Студент тыңдармандардың өздерінің жолдас-мәлімдемешілерінің жұмысын жеткілікті мұқият тыңдамауы үлкен өкініш тудырады. Әрине, мәлімдемешінің өзі көп ақпарат алады және әр студентке мәлімдеме тақырыбын көп беруге қызығушылық артады, бірақ бұл шамадан артық жүк тиеу болып кетеді. Жаңа білім беру парадигмасына сәйкес келешек мамандығына тәуелсіз әр білім алушы сапалы білімге, кәсіби дағдыға, өмір көрсеткен мәселені шешуде зерттелетін және шығармашылық әрекетті тәжірибеге ие болуы қажет. Бұл білім беру сапалары студенттің өзіндік жұмысында қалыптасады. Кафедраның міндеті болашақ мамандарға байланысты дербестіктің дифференциальды критериі болып табылатыны анық. Түптеп келгенде оқытушы студенттің танымдық әрекетін өзі ұйымдастыруы қажет. Студент танымды өзі іске асырады. Өзіндік жұмыс барлық оқыту жұмыстарының түрлерін тиімді қылады. Өзіндік жұмыспен нығайтылмаған ешқандай білім адамның шынайы игілігі бола алмайды. Сонымен қатар өзіндік жұмыс тәрбиелеу мәніне ие. Ол дербестікті тек білім мен икеділіктің қосындысы ретінде ғана емес, сонымен қатар жоғары кваливикациялы маманның жеке бас құрылымында маңызды роль атқаратын мінез ерекшелігін қалыптастырады.
Сондықтан кафедрада студенттің өзіндік жұмысының материалы оқытушылардың басшылығымен ұқыпты дайындалуы қажет. Өзіндік жұмысқа екі немесе үш адам қатысса, ол көбірек нәтижелі болып саналады. Топпен жұмыс мотивацияның факторын және өзара ақыл-ой белсенділігін арттырады, өзара бақылау немесе оқылатын материалды жай ғана талқылау студенттердің танымдық әректтерінің тиімділік деңгейін жақсартады. Жолдасының қатысуы студенттің психологиясын өзгертеді. Жеке дайындалу барысында студент өзінің іс-әрекетін толық жарамды және аяқталған деп санайды, бірақ бұл бағалау қате болуы мүмкін. Ол оқытушының бағасымен келіспеуі мүмкін. Топтық жеке жұмыста оқытушының кейінгі түзетулерімен топтық тексеріс жүргізіледі. Топтық жұмыс бүкіл жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етеді. Өзіндік жұмыстың жеткілікті жоғары деңгейінде студент жұмыстың жеке бөлімін өзі істеп және оны жолдас- курстасына көрсете алады. Бүкіл әлемде аудиторияға бөлінген және студенттің өзіндік жұмысында уақыттың арақатынасы 1:3,5.
Сонымен, студент өзіндік жұмысын орындау барысында жұмысын тек орындап қана қоймай, зерттеу жұмыстарымен айналысады, сонымен қатар өзіне деген сенімділігін арттырады және басқалармен дұрыс қарым-қатынасты қалыптастырады, ортасы кеңейеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Гарунов М.Г. Самостоятельная работа студентов. - М.: Знание, 1998. - 34 с.
- Жиркова З.С. Основы педагогического проектирования. Учебно-методический комплекс. - Якутск: 2008. - 75 с.
- Кукушкин В.С. Введение в педагогическую деятельность // Учеб. пособие. - Ростов н/Д: МарТ, 2002. - 217 с.
- Пидкасистый П.И., Фридман Л.М., Гарунов М.Г. Психолого-дидактический справочник преподавателя высшей школы. - М.: Педагогическое общество России, 1999. - 354 с.