Авторлар Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында соңғы үш жылда 19 ауруға бауырдың неше түрлі қатерлі ісіктерімен байланысты кеңейтілген бауыр резекциясының нәтижелерін сараптаған. Аурулар ота алдында барлық тиісті зерттеулерден өтіп, резекциядан кейінгі қалатын бауыр бөлігінің функционалды жағдайы бағаланған. Негізінде бауырдың 75-80% көлемі резекцияланды. Отаға керекті барлық заманауи құрал-жабдықтар қолданды. Ота кезінде қан жоғалту 350-560мл көлемінде болды. Отадан кейінгі асқыну 2 науқаста кездесті (10,5%). Бір ауру өкпеге көптеген метастаздардың себебінен 8 айдан кейін қайтыс болды.
Кіріспе: Бауыр ісіктеріндегі хирургиялық ем заманауи клиникалық онкологиядағы өте маңызды және тез дамып келе жатқан бағыт [1]. Біріншілік ісіктің кез келген локализациясында онкологиялық аурулардың әрбір үшіншісінде бауырда метастаз болуы анықталған, ал қақпа венасы жүйесіндегі мүшелердегі ісіктерде 50% кездеседі [2,3,6,9]. Дүние жүзінде гепатоцеллюлярлы рак еркектерде 5, ал әйелдерде 8 орын алады [8,11]. Бүгінгі таңда ісіктерді хирургиялық емдеу ешқандай күмән тудырмайды. Оларға көрсетпелер анықталған, біріншілік және метастаздық ісіктерде бауыр резекциясы тәсілдері белгіленген және стандартталған [4,5,12]. Комплексті емге компонент болып сәулелік-, химио- және иммунотерапия кіреді [10,12]. Шет елдік зертеулер бойынша отадан кейінгі леталдық 1,01-4,2% құрайды (алғашқы 30 күн), отадан кейінгі өміршендік 3155% [1].
Зерттеу мақсаты: Ісіктердің резектабелділігінің актуалділігіне байланысты және отадан кейінгі кезеңде бауыр шамасыздығы қозуы мүмкіндігі болғандықтан соңғы үш жылда жасалынған бауырдың кеңейтілген резекцияларының нәтижесін сараптау болып табылады.
Материалдар мен тәсілдер: Шымкент қаласының жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында 2012 жылдан бері 19 кеңейтілген бауыр резекциясы жасалынды:
Таблица 1.
Оңжақтық гемигепатэктомия-7, кеңейтілген оңжақтың гемигепатэктомия-3, солжақтық гемигепатоэктомия-4, кеңейтілген солжақтық гемигепатэктомия-2, сегментарлы атипиялық резекция-3. Аурулардың орта жасы 54 жасты құрады. Ерлер -12 (63%), әйелдер-7 (37%). Олардың ішінде гепатоцеллюлярлы ракпен ауырғандар-10, холангиоцеллюлярлы ракпен-3, колоректалды рактың метастаздарымен-2, бауыр гемангиомасымен-4.
Бауыр функциясы биохимиялық параметрлердің комплексін анықтау арқылы бағаланды. КТ- контрасттауында барлық пациенттерге бастапқы мен жоспардағы қалатын бауыр көлемінің айырмашылығы анықталды. Міндетті диагностикалық алгоритімге төмендегі тәсілдер кірді: доплерлік картілеумен УДЗ, ісік маркерлері, серологиялық сынамалар, кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы, контрастілеумен бірге СКТ, ЭФГДС, колоноскопия. Қосымша зерттеулер: контрастты МРТ, УДЗ бақылаумен бауыр биопсиясы, селективті ангиография, экскреторлы урография, маммаграфия.
Қалыпты биохимиялық көрсеткіштер болғанда бауыр резекциясының көлемі паренхиманың 75-80% құрады. Оталар жасағанда барлық керекті жабдықтар болды: инструменттермен толық қамтылды, хирургиялық жету жолы адекватты болды (торакофренолапоротомия, Черни, Рио-Бранко, мерседес типті Т-тәрізді), жара кеңейтушілер (Сигал, Rochard), отаішілік УДЗ аппараты, атравматикалық тігіс материалы, тамырлық хирургия инструменттері, аргонды коагулятор, Ligashu биполярлы коагуляторы, ультрадыбысты қайшы, Cell-Saver аппараты, қабыршық түзуші желімді композициясы, веновенозды байпас.
Нәтижелер және сараптау.
Отаішілік қан жоғалту орта есеппен 350-560 мл құрады. Отадан кейінгі асқыну екі ауруда болды (10,5%). Бір ауруда екі асқыну кездесті: реактивті плеврит, өт жыланкөзбен аяқталған бауырдың рекзекцияланған аймағынан өттің ағуы. Бір ауруда отадан кейінгі кезеңде гепатоцеллюлярлы жетіспеушіліктің өршуі байқалды. Отадан кейінгі өлім болған жоқ. Бір ауру 8 айдан кейін өкпеге көптеген метастаздар себебінен қайтыс болды.
Қорытынды: Комбинирілген емді қолдана отырып, бауырдың қалдырылған бөлімінде индивидуалды гепатоцеллюлярлы дисфункция болуы мүмкіндігін ескеріп жасалған бауырдың кеңейтілген резекциясы нәтижелері әдебиеттегі мәліметтерге сай қанағаттанарлық көрсеткіштерді берді.
2012 |
2013 |
2014 |
|
Бауырдың анатомиялық резекциясы |
5 |
4 |
6 |
Бауырдың атипиялық резекциясы |
0 |
1 |
3 |
Асқынулар: специфиялық бейспецифиялық |
1 |
1 |
- |
Отадан кейінгі леталдық |
- |
- |
- |
Жалпы леталдық |
- |
1 |
- |
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Ю.Н.Патютко и др. Результаты повторных операций на печени по поводу зло качественных новообразований // Хирургия. - журнал им.Н.И.Пирогова. - №10. – 2012. - С. 14-20.
- Александров Н.Н. Некоторые проблемы метастазирования злокачественных опухолей // Вопр. Онкол. – 1976. – 11. – С. 55-62.
- Блохин Н.Н., Комов Д.В., Клименков А.А.Непосредственные и отдалённые результаты хирургического лечения первичных опухолей печени // Хирургия. – 1981. – №11. – С. 3-6.
- Вишневский В.А., Кубышкин В.А., Чжоа А.В. Операции на печени. – М.: Медицина, 2008. – 288 с.
- Журавлев В.Н. Хирургическое лечение очаговых поражений печени // Вест.хир. – 1982. – 12. – С. 42-46.
- Рощин Е.М. Разработка и оценка новых комбинаций для лечения первичных и некоторых вторичных опухолей печени: автореф. дис. ... канд. мед. наук - М., 1983. - 129 с.
- Комбинированное и комплексное лечение больных со злокачественными опухолями: Руководство для врачей. Под ред. Чиссова В.И. – М.: Медицина, 1989. – 560 с.
- Adam R., Paskal G., Azoulay D., Liver resection for colorectal metastases: the third hepatectomy // Ann Surg. – 2003. - 238:6. – Р. 871883.
- Antoniou A., Lovegrove R.E., Tilney H.S. et al Meta – analisis of clinical outcome after first and second liver resection for colorectal metastases // Surgery. – 2007. – 141:1. – Р. 9-18.
- Bengmark S., Halfstrom L. The natural history of primary and gecondari malignant tumors of the liver // Cancer. – 1969. – 23. – Р. 198202.
- Broelseh C.E., Knoefel W.T., Gundlach M. et al. Chirurgische Therapie primarer und sexundarer Levertumoren. Schweiz // Rundsch Med Prax. – 1997. - 86:4. – Р. 91-93.
- Chen H., Hardacre J.M., Uzar A. et al. Jsolated liver metastases from neuroendocrine tumors: does resection prolong survival? // J Am Coll surg. – 1998. - 187:1. – Р. 88-92.