Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Цистанхе экстрактісін энтеральды енгізудегі уыттылық сипаттамасы

Аталған басылымда әртүрлі сұйылтулардағы бірреттік және көп реттік энтеральды жолмен егізілген цистанхе экстрактінің жедел және жеделдеу уыттылық әсерінің нәтижелері келтірілген. Тәжрибе жүзінде энтералды жолмен енгізілгенде уыттылық әсерінің жоқтығы дәлелденді және фармакологиялық скринигтік зерттеулерді жалғастыруға болатынғын көрсетті.

Қазіргі уақытта тәжрибелік денсаулықты сақтау саласында өсімдік текті дәрілік заттар аса жоғары сұранысқа ие [1-4]. Иммунды жүйенің бұзылуларын коррекциялаушы жаңа дәрілік заттарды жасауда сұйық экстракциялау жолымен алынған экстракттардың биологиялық белсенді заттар комплексі преспективалы болып табылады. Өсімдік текті экстракттардың химиялық құрамы, биологиялық белсенділігі және уыттылық қасиеттері алу әдісі мен шығу тегіне тікелей байланысты.

«Фармацевт- технолог» модулінде сортаңды Цистанхе жыланбұтақтарынан, алдын ала зерттеулер бойынша жоғары иммунотропты қасиеттерге ие [5, 6], полисахаридтер бөліп алынды. Жаңа дәрілік затты жасаудағы маңызды сатылардың бірі ағзаға қауіпсіздігін зерттеу, нақтырақ айтқанда уыттылығын зерттеу. Дәрілік өсімдіктер құрамында күшті әсер ететін және улы заттар көп, сондықтан олардан жасалынған дәрілік заттардың аз ғана мөлшері қатты улануға немесе созылмалы ауруларды қоздыруға әкеледі. Осыған орай, өсімдік шикізатынан тек қана тиімді ғана емес, сонымен қатар аз уытты, қауіпсіз заттарды алу көзделеді.

Жаңа дәрілік заттарды алуда, өсімдіктер арасынан сортаңды Цистанхе жоғары қызығушылық тудырады.

Сортаңды Цистанхе (лат. Cistanche salsa) — Сұңғыла тұқымдасынан, Азияда, Солтүстік Африка және Ресейдің Төменгі Волгасында кездеседі, шөл, шөлейтті және далалық аймақтарында өседі.

Шөлде, сортаңды, сазды, борлы, әк тасты топырақтарда кездеседі. Сортаңды Цистанхе Қазақстан Республикасының Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш - Алакөл аймақтарында өседі.

Цистанхенің Қазақстандағы жоғары мөлшердегі қоры, оны ішкі нарықта тағам және фармацевтикалық өндірісте пайдалануға перспективалы өсімдік болып табылады. Сондықтан, сортаңды Цистанхе өсімдігінен алынған тонусты, потенцияны арттыратын, антиоксиданттық белсенділік көрсететін әртүрлі жаңа дәрілік қалыптардың клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізу актуальды және тәжрибе жүзінде жаңа дәрілік препараттарды жасауда тиімді болып табылады. [7].

Зерттеу мақсаты сортаңды цистанхе өсімдігінен алынған экстракттың зертханалық тышқандарға энтералды енгізілген жағдайда жедел және жеделдеу уыттылығын зерттеу.

Материалдар мен әдістер: Зерттелетін экстракттің жеделдеу уыттылығын зерттеу Фармакологиялық Комитеттің әдістемелік нұсқаулықтарына сәйкес жүргізілді [8]. Тәжрибелерде салмақтары 18,0-22,0 жүйелі бір жынысты, бірдей жастағы ақ тышқандар арнайы ҚазҰМУдың стандартталған виварий жағдайында сақталған (алдын ала 14 күн карантинде, сумен және жарықпен шексіз қамтамасыз етілетін болған), алты тышқаннан тұратын серияларға бөліп пайдаланылды. Зерттелетін препараттың көлемі жоғары болғандықтан тәжрибе жүргізілетін күні суға шектеу қойылды. Жедел уыттылық 1:5; 1:10; 1:15 қатнаста тазартылған сумен дайындалған зерттелетін затты энтеральды жолмен бірреттік енгізу арқылы жүргізілді. Жеделдеу уыттылықты анықтау үшін бір рет арнайы металл зонд арқылы асқазан ішіне енгізіледі. Заттың созылмалы уыттылығын анықтау үшін төрт апта бойы күнделікті түрде енгізіліп отырды.

Тәжрибе барысында зерттелетін жануарлардың жалпы жағдайлары тіркелінді, күнсайын жүріс тұрысының жиілігін, қимыл белсенділігінің сипаттамасын, талмалардың болуын және сипаттамасын, қимыл координациясын, бұлшықет тонусын, тактильді, ауру, дыбыс және жарықтық тітіркендіргіштерге реакциясы, тынысының жиілігімен тереңдігін, жүрек жиырылысының ритмін, түк және тері жабынының жағдайы, шырышты қабаттардың түсі, қарашық өлшемі, су ішу мен тамақтануы және құйрығының орналасуы бақыланып отырды. Летальды жағдайда, уланудың клиникалық суретін жасау қажет және өлген тышқанды зерттейді. Орташа ЛД 50 (орташа летальды доза) Беренс әдісімен анықталды. Жануарларды декапитациямен сойып, тіндермен ағзалардың морфологиялық өзгерістерін зерттеді.

Нәтижелер мен талқылау. Тәжрибелер нәтижесінде зерттеу барысында жалпы көрсеткіштерде патологиялық сипатты өзгерістердің жоқтығы анықталды. Барлық топтағы жануарлар белсенді болып қалды. Бірреттік және көп реттік енгізулерде интоксикация, сонымен қатар тыныс алу, жүрек қантамыр, орталық жүйке жүйесінде өзгерістер тіркелмеді. Түк жабынымен шырышты қабат жағдайы өзгеріссіз. Жем мен суды бұрынғы қалыпта қабылдады. Жануарлардың дене салмағы бастапқы көрсеткіштерде қалды. 4 апта бойы жануарлардың өлу фактісі тіркелмеді. Осы уақыт аралығында тәжрибелік тышқандар дене салмағын арттырды (кесте 1). Морфологиялық зерттеу нәтижесінде ағзалар мен тіндерде патологиялық өзгерістердің жоқтығы анықталды. Тәжрибелер нәтижесіне зерттелетін экстракттің орташа ЛД 50 анықтау мүмкін болмады, себебі барлық жануарлар тірі болды.

Кесте 1 - Тышқандардың салмағының динамикасы (бастапқы массаға % шаққанда) 4 апта бойы зерттелетін зат енгізілді

Қорытынды. Зерттелген экстракттың пероральды енгізілуі, кез келген сұйылтуларда, бір реттік және 4 апта бойы енгізу барысында визуальды бақылау барысында морфологиялық зерттеуден кейін жалпыпатологиялық және спецификалық өзгерістер анықталмады. Жоғарыдағы мәліметтер уытты әсердің жоқтығын дәлелдейді.

Тәжрибелік мәліметтер Цистанхе экстрактін ГОСТ 12.1.00776 бойынша қауіптілігі V классына (аз қауіпті) жататын уыттылығы жоқ препараттар қатарына жатады.

Жануарлардың топтары

Зерттеулер мерзімдері (апталар)

Апталар

 

Тәжрибе алдында

1

2

3

4

Бақылаушы

21±1,03

22±1,31

22±0,60

23±0,86

20±0,58

1- Цистанхе

22,2±1,24

22,5±1,05

22,5±0,58

23±0,58

23,9±0,36

экстракты

(р≥0,05)

(р≥0,05)

(р≥0,05)

(р≥0,05)

(р≥0,05)

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. De Smet PA. Herbal remedies // N Engl J Med. - 2002. -№347. - Р. 2046-2056.
  2. WHO. WHO issues guidelines for herbal medicines // Bull World Health Organ. - 2004. - №82. - Р. 238.
  3. Onaga L. Cashing in on nature's pharmacy: bioprospecting and protection of biodiversity could go hand in hand. EMBO Rep. - 2001. -№2. - Р. 263-265.
  4. Oberlies NH, Kroll DJ. Camptothecin and taxol: historic achievements in natural products research. Journal Of Natural Products 2004;67:129-35.
  5. Bains J.S., Dhuna V., Singh J. et al. // Int. Immunopharmacol. - 2005. - V. 5. - № 9. - P. 1470—1478.
  6. Popov S.V., Popova G.Y., Ovodova R.G. et al. // Fitoterapia. - 2005. - V. 76. - № 3(4). - P. 281—287.
  7. Cistanche salsa extract enhanced antibody production in human lymph node lymphocytes Maruyama S., Hashizume S., Tаnji Т., Yаmаdа K., Tachibana H. Pharmacologyonline. - 2008. - №2. - Р. 341-348.
  8. Кузденбаева Р.С., Рахимов К.Д., Шин С.Н., Чуканова Г.Н. Доклиническое изучение местноанестезирующей активности новых биологически активных веществ. Методич. Әдістеме. - Алматы: 2000. - 30 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.