Бұл ғылыми мақалаДа Artemisia rupestris өсімДігінің экстракты негізінДе, вагинальДы суппозиторийДің тиімДі құрамы мен оңтайлы технологиясын әДебиеттерге шолу, физика-химиялық, технологиялық және микробиологиялық қасиеттеріне зеріттеулер жүргізу арқылы жасаунәтижелері көрсетілген.
Кіріспе:
Artemisia rupestris L. Күрделі гүлдер тұқымдасы, жусан туысына жататын көп жылдық шөп тектес өсімдік.Ол ҚазақстанныңЕсіл, Ертіс, Семей, Көкшетау аймақтарында, Қарқаралы, Зайсан, Алтай, Тарбағатай, Алатау, Батыс Тянь- Шань өңірлерінде өседі [1].Қазақ халық емшілігінде аталмыш дәрілік өсімдікті асқазан-ішек жолдарының ауруларына, бауыр ауруына, қатерлі ісікке, түрлі тері және шырышті қабаттың ауруларына, таралғыш тұмауға, улы жәндіктер шаққанда қолданған[2,3,4].Дәстүрлі Қытай медицинасында Artemisia rupestris өсімдігін бактерияға, виурсқа, саңырауқұлаққа, қабынуға қарсы қолданған[5,6]. Қытай елінде соңғы кездері зерттеушілер тарапынан аталмыш өсімдікке деген қызығушылық артып, жаппайзерттеле бастады. Соның нәтижесінде құрамында Artemisia rupestris бар дәрілік қалыптар фармацевтика нарығына еніп, заманауи медицинада да қолданыс тауып келеді. Ал Қазақстанда бұл өсімдік негізінен зерттелмеген, сондықтан Artemisia rupestris өсімдігін терең зерттеп, еліміздің фармацевтика нарығына енгізетін болсақ фармацевтика саласындағы бірқатар мәселерді шешуге септігін тигізер еді.
Біз ең алдымен бұл өсімдікке фармакогнозиялық талдаулар жасап, макро-микроскопеялық зерттеулер жүргіздік. Содан кейін әртүрлі әдіспен экстракт алып, бұл экстракттардың микробқа және саңырауқұлаққа қарсы әсерін зерттегенімізде экстрагент ретінде дистиллденген суды пайдаланып сабағынан алынған құрғақ экстрактының Candida albicans саңырауқұлағына өте жақсы әсер ететіндігін байқадық. Сондықтан аталмыш экстрактты стандарттап, оның негізінде вагинальды кандидоз ауруына қарсы вагинальды суппозиторилер жасадық. Бұл мақалада аталған суппозиторилердің тиімді құрамы мен оңтайлы технологиясын негіздеу жолдары баяндалады.
Вульвовагиналды кандидоз – бұл ашытқы тәрізді Candida тұқымдасының саңырауқұлақтары, әсіресе Candida albicansкелтiрiп шығаратын сырытқы жыныс мүшелерінің және қынаптың инфекциялық ауруы. 75% жуық әйел адамдар кем дегенде бір рет вульвовагиналды кандидозбен ауырады. Ол әйелдердің 40%-50%бұл ауру қайталанады. Кезкелген синтетикалық дәрілік заттың тәбиғи құрамды өз аналогына қарағанда ағзаға жанама әсері анағұрлым көп болатындығы белгілі. Сондықтан бұл ауруды емдеуде дәрілік өсімдік шикізаттарын қолдану аурудан сауығудың ең қауіпсіз әрі оңтайлы жолы болып табылады. Әйелдерге жағымсыз жүйелік әсердің қаупін төмендету үшін дәрілік заттарды қолданудың ең қауіпсіз жолы вагиналды суппозиторилерді қолдану болып табылады. Көптеген дәрігерлер интровагиналдлы жолмен енгізілетін дәрілік заттардың келесідей артықшылықтарын сипаттайды: жергілікті қабыну орталықтарына дәрілік заттардың жылдам сіңуі(суппозиторилер әсер ету жылдамдығы жөнінен инъекциялық дәрілермен сәйкес келеді. Ол инъекциялық дәрілік заттарға қарағанда тері жабынын жарақаттамайды), әсерінің ұзақ сақталуы, зиянды әсерінің төмендеуі, бірнеше дәрілік заттарды қатар қолдануға болатындығы, және т.б.[7].
Суппозиторилердің негізін талдау бойынша әдебиеттерге тереңінен шолу жасадық. Соның нәтижесінде, вагинальды суппозиторилерде кеңінен қолданылатын глицерин- желатинді негізді таңдадық. Бұл әдіспен жасалған суппозиторилерлердің басқалардан артықшылығы дәрілік зат суппозиторлерден біртіндеп, біркелкі босап шығатындықтан жергілікті әсері ұзаққа созылады.
Зеріттеу нысандары мен әдістері:
Artemisia rupestris келу қайнары: Шығыс Қазақстан облысы Алтай таулы аймағынан жиналған. Ғылыми мақалада әдебиеттерге шолу, физика-химиялық, технологиялық және микробиологиялық әдістер қолданылды.
Суппозиторилердің оңтайлы технологиясын құрастыруда, глицерин-желатинді суппозиторилер алуда кеңінен қолданылатын Starky әдісін қолдандық.
Әдістеме: 25.0г консервантты суды таза стаканға құйып, оған алдын-ала өлшенген 12.5г желатин біртіндеп қосамыз және айнек таяқшамен араластрғансоң 15 минутқа қалдырамыз (Желатин суды толық сіміруі үшін). 62.5г глицеринді жаңағы дайындалған массаға біртіндеп құйып, су моншасында жәйлап қыздырамыз (қыздыру барысында құрамындағы су белгілі мөлшерде буланады, қолданған стакандарымыздың салмағын ең басында өлшеп алу арқылы буланған су мөлшерін есептеп, толықтырып отырамыз), гомогендейміз. Құю әдісі арқылы алынған мaссaны метaлдaн жасалған екі ұяшықтары бір-бірімен тығыз байланысқан қалып түзушіге құямыз. Алдымен құймас бұрын мaссaмыз қалыпқа жaбысып қалмас үшін және дaйын өнімді aлу кезінде бұзылулары, үгітілулері болмaс үшін қалыпты вазелин мaйымен жұқа қабат түзе отырып сүртеміз. Металл қалыпқа құйылған суппозиторилерді тоңазытқышқа салып, суппозиторилер қатқан соң шығарып аламыз және металл қалыпты жәйлап ашып Х дана дайын суппозиторилерді шығарып аламыз. Алынған суппозиторилерлерді таза стаканға салып, су моншасында ерітеміз. Artemisia rupestris өсімдігінің сабағынан алынған құрғақ экстрактыны арнаулы ұнтақтау құрылғысында ұнтақтаймыз, ұнтақталған экстрактыдан 0,015Хг өлшеп алып жаңағы еріген негізге енгіземіз, гомогендейміз. Жоғарыдағы әдіс бойынша қалыпқа құйамыз. Суппозиторилерлерді қораптарға салу арнайы автоматтандырылған құрылғылардың көмегімен жүзеге асады. Бұл кезде қораптағы суппозиторилерлердің саны, таңбалау, мөрдің дұрыс қойылуы (серия нөмері, сақталу мерзімі және т.б.) тексеріледі. Қораптарды жәшіктерге орамдау өнімді орамдауға арналған үстелде орындалады. Бұл сатыда жәшіктегі қораптардың саны, жазудың дұрыстығы бақыланады. Соңында алынған дайын өнім толық бақылаудан өтеді.
Нәтижелер және оны талқылау:
Artemisia rupestris өсімдігінің экстракты негізінде жасалатын вагинальды суппозиторилердің тиімді құрамын, яғни,әсер етуші заттың тиімді дозасын анықтау үшін бес
түрлі үлгі таңдап алып, алынған
үлгілергемикробиологиялық зерттеулер жүргіздік.
Құрамындағы заттардың атауы |
Үлгі |
||||
I |
II |
III |
IV |
V |
|
Artemisia rupestris өсімдігінің экстракты |
0,1% |
0,3% |
0,5% |
0,7% |
1% |
Желатин |
12,5% |
12,5% |
12,5% |
12,5% |
12,5% |
Глицерин |
62,5% |
62,5% |
62,5% |
62,5% |
62,5% |
Консервантты су (тазартылған су-99.9%, метилпарабен-0.067%, пропилпарабен-0.033% ) |
24,9% |
24,7% |
24,5% |
24,3% |
24% |
Бір суппозиторилердің орташа салмағы |
3г (100%) |
3г (100%) |
3г (100%) |
3г (100%) |
3г (100%) |
Кесте 1 - таңдалған үлгілер:
1- |
0.1% суппозиторилер |
7- |
Бос үлгі |
2- |
0.3%cyппoзитopилep |
8- |
Heгiз |
3- |
0.5% суппозиторилер |
9- |
Kepi caлыcтpy үлгісі 1 -5-fhıcytosine |
4- |
0.7%cyппoзитopилep |
||
5- |
1.0%суппозиторилер |
||
6- |
Оң caлыcтpy үлгісі |
Микробиологиялық зерттеу нәтижесі бойынша №3 үлгі, яғни, құрамында 0.5% экстракт бар суппозиторилердің Candida albicans саңырауқұлағына өте жақсы әсер ететіндігі белгілі болды. Мұнда, №1, №2 үлгілердің әсерінің төмен болуы құрамындағы экстракт концентрациясының жетіспеуі себебінен. Ал, №4 және №5 үлгінің әсерінің төмендігінің себебі: экстракт сумен алынғандықтан құрамындағы қант мөлшері жоғары болады. Суппозиторилердегі экстракт мөлшері артқан сайын қант құрамы көбейіп ол керісінше Candida albicans саңырауқұлағына қолайлы орта қалыптастырады.Зерттеу нәтижелері негізінде біз 3-ші үлгі бойынша жасалған суппозиторилерге таңдау жасадық.
Кeстe 2 - №3 үлгі вагинальды суппозиторилердің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін зeрттeу нәтижелері
Вагинальды суппозиторилерд ің Сапа параметрлері |
Суппозиторилермaссaсы, г |
Массабіркелкілігі |
Толық деформациялану уақыты, мин |
Балқу тeмпeрaтурaс ы,°С |
Сапа көрсеткіші |
з,0 |
3±5% |
7,5 |
з5,7 |
Вагинальды суппозиторилердің физика-химиялық және ҚР МФ талаптарына сай келеді.
технологиялық қасиеттерін зeрттeу нәтижелері
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Флора Казақстана. - 1966. - Т. 9. - 98 б.
- Батай Зейнеқабылұлы, Синь Цзян дәрі шөптері // ШҰАР ғылым-техника,денсаулықсақтау баспасы. - 2006. – Б. 173-174.
- Уаң Рын, Қазақ дәрігерлік шежіресі // ШҰАР ғылым-техника баспасы. - 2008. - 1-бөлім. – Б. 26-27.
- De-quan Yu. Recent results on structural chemistry of new natural products from Chinese herbal medicine. // Pure and Appl. Chem. - 1998. - Vol. 70. - No. 2. – Р. 431-434.
- De QY. Recent results on structural chemistry of new natural products from Chinese herbal medicine. // Pure and Appl. - 1998. - №70. – Р. 431-434.