Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Алматы қаласының әуе бассейннінің ластану деңгейін бағалау

Алматы қаласының ауасының ластануы қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі ауаның ластануына бірқатар жағдайларда себепші болып отыр. Атап айтар болсақ, табиғи климаттық және, физикалық-географиялық жағдайлары да әсер етеді. Біріншіден қаланың ойпатта орналасқандығы себепті желдің қозғалысының төмендігі, тұмандар мен жер үсті инверсиялардың жиі байқалуы. Екіншіден, қаланың ойластырылмай салынған құрылысы да ауа ағынының табиғи түрде горизантальды бағытта соғуына кедергі келтіреді. Атмосферадағы қалдықтардың қоспасын азайту үшін алдын-алу шаралары жүргізіледі. Ол үшін әуе бассейннінің ластану деңгейін бағалау алдында ауадағы ластаушы заттардың концентрациясының мәнін білу қажет. Әуе бассейінін ластайтын негізгі заттар шаң, күкірттің қос тотығы, көміртегі тотығы, азоттың қос тотығы және формальдегид болып табылады.

Алматы қаласы – Қазақстанның жүйелі түрде көп жылдық ластану деңгейі жоғары болып табылатын қалаларының біріне жатады. Осыған байланысты Алматы қаласы республиканың экологиялық жағынан қолайсыз болып табылатын қалаларының қатарына креді. Әуе бассейінінің табиғи желдетілуінің әлсіздігі және жылжымалы көлік көздері мен зиянды заттар тасталатын стационарлық көздердің көптігі қаланың табиғи ортасының жағдайына кері әсерлерін тигізеді. Атап айтар болсақ 80-нші жылдарда космостан тартып алынған суреттер зерттіленген кезде Алматы қаласын металлургиялық орталықтары бар Магнитогорск пен Челябинск қалаларымен бірге бір қатарға қойылған болатын. [1].

Шын мәнісінде Қазгидромет мәліметтері бойынша ірі индустриалды мекемелердің болмауына қарамастан Алматы қаласының әуе бассейінінің қарқынды ластануы соңғы жылдары яғни соңғы он жылдықта республикамыздың көптеген индустриалды орталықтарын, атап айтқанда Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Теміртау, Өскемен және Екібастұз қалаларынан басып озып тұрғанын 1-нші суреттен көруге болады.

1-нші суреттен көргеніміздей 2011 жылдары Алматы қаласының ластану деңгейі атмосфераның ластану индексі (АЛИ) 15-ті құрайды, яғни Қарағанды қаласын басып озып тұр. 2012 жылдары аздап төмендегендігі байқалады, алайда оның Қазақстанның басқа да өндірістік қалаларынан едәуір жоғары екендігі байқалады, Ал 2013 жылдарға қарай ластану индексінің қайтадан 12,8 есеге қарай жоғарылағандығын көре аламыз.

Алматы қаласының жекелеген аудандарындағы атмосфераның бірнеше заттармен ластануын бағалау үшін жыл сайын атмосфераның ең көп жоғары ластанатын тізімдерін құрастыру арқылы атмосфераның ластануының кешенді индексі есептеледі. Атмосфераның ластануының кешенді индексін есептеу үшін (АЛИ5) мәні жоғары болып табылатын бес заттың бірегей мәнін қолданады. Атмосфераның ластану деңгейі атмосфераның ластану индексінің бірегей болуы арқылы бір затпен жалпылама түрде көрсетіледі. Осыған байланысты атмосфераның ластану индексінің шамасы 2,5-тен төмен болған жағдайда таза атмосфера; 2,5-7,5 - аздап ластанған атмосфера; 7,5-12,5 - ластанған атмосфера; 12,5-22,5 - қатты ластанған атмосфера; 22,5-52,5 - өте жоғары ластанған атмосфера; 52,5 - айрықша ластанған атмосфера деп бағаланады [2].

Ал ауаның ластану жағдайын ауадан сынама алу арқылы және талдау нәтижелері арқылы бағаланады. Сапаның негізгі көрсеткіштері болып тұрғын мекендердің ауасындағы ластайтын заттардың шектеулі рауалы концентрациясы (ШРК) болып табылады. ШРК мәндері «Атмосфералық ауаны ластайтын заттардың тізімі мен оның кодында» берілген [3], Ал мәндері Қазақстан республикасы бойынша тұрғылықты мекендердегі ауада жекелеген қоспалардың шектеулі рауалы концентрацияларымен бағаланады [4].

1-нші кестеге сәйкес көміртегі тотығының ШРК орташа тәуліктік мәні - 3 мг/м3, азоттың қос тотығының мәні - 0,04 мг/м3, қалқыған заттар - 0,15 мг/м3, күкірттің қос тотығы - 0,05 мг/м3, формальдегид - 0,003 мг/м3 тең.

Қоспалардың аталуы

ШРК, мг/м3

Қауіптілік сыныптары

Максималды бір реттік

Орташа тәуліктік

Көміртегі тотығы

5,0

3

4

Азот тотығы

0,4

0,06

3

Азоттың қос тотығы

0,085

0,04

2

Қалқыған заттар

0,5

0,15

3

Фенол

0,01

0,003

2

Формальдегид

0,035

0,003

2

Қорғасын

0,001

0,0003

1

Аммиак

0,2

0,04

4

Күкірттің қос тотығы

0,5

0,05

3

Күкірт сутек

0,008

-

2

Хлор

0,1

0,03

2

Фторлы сутек

0,02

0,005

2

Озон

0,16

0,03

1

Хлорлы сутек

0,2

0,1

2

Хром (VI)

-

0,0015

1

Кесте 1 - Қазақстан Республикасы бойынша тұрғылықты мекендер ауасында жекелеген қоспалардың шектеулі рауалы концентрацияларының мәні

Алматы қаласының жер үсті қабатындағы негізгі ластаушы заттардың орташа жылдық концентрациясы шектеулі рауалы деңгейден бірнеше есе жоғары екендігін көрсетеді.

Жыл сайын қаланың ауасына жылжымалы көздерден шамамен 180 мың тонна ластаушы заттар тасталады. Олардың мөлшері он жыл ішінде екі еселенді яғни, 200 мың бірлікке жетті. Бұдан басқа қалаға жыл сайын 50 мың бірлікте басқа қаладан автокөліктер кіреді, бұлардың тастайтын шығарындылары ескерілмеген. Тек бір ғана автокөліктерден тасталатын шығарынды 150 мың тоннаға дейінгі мөлшерді құрайды. Яғни бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады.

Кесте 2 - Алматы қаласы бойынша 2007-2013 жылдар аралығында әуеге тасталатын жалпы тасталатын шығарындылардың динамикасы (мың.тонна )

Шығарынды көздері

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

стационарлық

15,709

15,548

13,381

13,025

12,8

11,2

15,4

қозғалмалы

168,2

200,0

169,4

159,6

151,6

151,8

150,0

Барлығы:

183,909

215,548

182,781

172,625

164,4

163,0

165,4

Күкірттің қос тотығы

7,2

5,99

5,6

4,9

4,89

4,8

4,87

Көміртегі тотығы

140,04

171,13

141,4

134,1

127,37

127,52

129,39

Азот тотығы

14,67

15,96

13,92

12,93

9,265

8,864

8,99

Басқа да заттар

21,62

22,22

21,11

20,63

2001

21,82

22,14

Кестеде көрсетілген негізгі ластаушылар бойынша қаланың әуе бассейінін ластайтын негізгі ластаушы заттардың үлесін көміртегі тотығы алады, бұл 2008 жылдары 171,13 болып отыр. Бұл көрсеткіш жалпы шығарындының 171,13 мың тоннасын құрады. Сонымен қатар, атмосфераның ластануына азот тотығы да өз үлесін қосуда, яғни бұның мөлшері әр жылдарға байланысты 8,864 - 15,98 мың тоннаны құрайды.

2008-нші жылдардан бастап жалпы шығарынды заттардың мөлшері біртіндеп ұлғая бастайды. Егер, АЛИ (атмосфераның ластаушы заттар индексі) бойынша қаланың атмосферасының ластану динамикасын бақылайтын болсақ (2-нші сурет) онда 2007-2013 жылдарға дейін қалай өзгеретіндігін көруге болады.

3-нші суреттен көргеніміздей ластану индексі екі мыңыншы жылдары жоғары болған және ол АЛИ бойынша күшті ластанған ауаға сәйкес келеді. Ластану көрсеткішінің төменгі деңгейі 2003-2005 жылдарға сәйкес келеді. Бұл сол жылдарда Қазгидрометеорологиялық мәліметтердің жеткіліксіз болуымен байланысты болып табылады. Сол уақыттарда жұмыс істеп жатқан жылыту қазандықтарының, өндірістік және құрылыс мекемелерінің әсіресе бақылауға алынбайтын көліктер мен жеке тұлғалар атмосфералық ауаның ластаушы заттармен жоғары деңгейде болуына өз ықпалын тигізді.

Жоғарыда келтірілген мысалдардың нәтижесінде Алматы қаласының өте жоғары деңгейде ластанған деп қорытындылауымызға болады. Алматы қаласының климаттық жағдайлары әртүрлі ластаушы көздерден, шығарылатын ластаушы заттардың таралуы, атап айтқанда атмосфераның жерүсті қабатындағы ауаның ластануында белгілі рөл атқаратын автокөліктерден шығатын газдар үшін қолайсыз жағдай туғызады. Автокөліктерден шығатын газдар атмосфералық ауаға адамның бойымен шамалас деңгейде түседі, сөйтіп, өндірістік көздерден тасталатын шығарындылармен салыстырғанда олардың мөлшері анағұрлым жоғары болып келеді, бұл тұрғындар денсаулығы үшін қауіптілікті туғызады. Құрамында көміртегі тотығы, азот тотықтары мен қатты заттар бар өңделген газдар атмосфераның жерүсті қабатына жиналады. Олардың көп бөлігі асфальтты жолдар мен топырақтарға барып тұнады. Құрамында металл араласқан шаңдар тыныс алу жолдары арқылы адамның ағзасына түсіп, әртүрлі аурулардың дамуына әкеп соғады.

Алматы қаласы тау бөктерінде орналасқан, бұл желдің барлық бағыттарында аэродиамикалық көлеңкеде қалады. Бұндай жағдайда инверсия байқалып, шығарындылардың көтерілуіне бөгет болады. Осыған байланысты олардың жердегі концентрациялары күрт ұлғайады.

Бұдан басқа қаланың ойластырылмаған, дұрыс жоспарланбаған құрылысы табиғи ауа қозғалысының горизонтальды бағытта қозғалуына кедергі жасайды. Соңғы он жылдықта тау ауасы ағымының тасымалдаушы аумағы болып табылатын қаланың оңтүстігінде құрылыс пайызының тығыздығының жоғарылағандығы байқалып отыр. Осының барлығы ауаның сапасын жақсарту үшін қаланың атмосферасының ластану деңгейін одан ары қарай зерттеу қажет екендігін айтады [5].

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Безуглая Э.Ю., Смирнова И.В. Воздух городов и его изменения – СПб.: Астерион, 2008. - 254с.
  2. Сальников В.Г., Бултеков Н.У. Основные типы потенциала загрязнения атмосферы на территории Казахстана // Гидрометеорология и экология. - 2005. - №3. – С. 32-40.
  3. Экология города / Под ред. Денисова В.В. - Ростов н/Д: Издательский центр "МарТ", 2008. - 832 с.
  4. А.Ж.Ақбасова,Г.Ә.Саинова.Экология. – Алматы: 2003. - 292 б.
  5. Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің орталығы. РГП “КАЗГИДРОМЕТ”. Жалпы ақпарат

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.