Жүргізілген зерттеу нәтижелері препараттың когнитивті бұзылыстың әртүрлі ДәрежелерінДе эффективтілігін көрсетті, бірақ оны жеңіл когнитивті бұзылыстарДа қолДану обьективті және субьективті неврологиялық симптомДарДың максимальДі клиникалық регресіне алып келеДі. Цераксон науқастарДа когнитивті қызметті нақты жақсартаДы және соңынДа церебральДі инсульттан кейінгі науқастарДа өмір сүру сапасының жоғарлауына алып келеДі.
Кіріспе. Қазіргі таңда инсульт және оның салдарымен күрес медицинаның өзекті бағыттарының бірі болоып табылады. Әдебиеттік мәліметтерге сүйенсек инсульттан кейінгі науқастардың 83 % когнитивті бұзылыстардың әртүрлі айқындылық дәрежесі, олардың 20—30 % деменция дәрежесіне дейін жетеді. Инсульттан кейінгі когнитивті бұзылыстар науқастардың реабилитация үрдісін қиындатады, госпитализация мерзімін ұзартады, науқасты мүгедектікке алып келіп және бұл медициналық проблема әлеуметтік проблемаға ауйналуда. Қазіргі таңда әдебиеттерде жоғары дәлелленген базасы мен жоғары қауіпсіздігі бар фармакологиялық препараттар кең қолдану қажеттілік сұрақтары талқылануда және бұл сұрақты зерттеу өзекті мәселе болып қалуда[1—5].
Зерттеу мақсаты: церебральды инсульттан кейінгі когнитивті бұзылыстарды емдік коррекциялауда Цераксонның эффективтілігін бағалау.
Материалдар және зерттеу әдістері. Зерттеуге церебральды инсульттан кейінгі когнитивті бұзылыстары бар 30 науқас алынды. Науқастарды жынысы мен жасына байланысты бөлінді: науқастардың орташа жасы 52,30+2,1 жыл (жастық интервал 35—72 жас), 17 еркек (56,6 %), 13 әйел (43,4 %) қүрады. Когнитивті бұзылыстың ауырлық дәрежесі бойынша науқастар келесі үлгіде бөлінді: жеңіл дәрежелі — 16,6 % (5 адам), орташа — 63,3 % (19 адам), айқын — 20 % (6 адам). Жүргізілген емнің эффективтілігі науқастардың субъективті шағымдарын патологиялық симптомдардың негізгі динамикалық айқындылығын сандық бағалауға мүмкіндік беретін сауалнама көмегі арқылы (ұпай); когнитивті қызметті Лурия тесті, Крепилин тесті және Шульте кестесі, науқастың өмір сүру сапа шкаласы бойынша бағаланды. Емдік процессте науқастардың препаратты көтере алуын нақастардың субъективті сезімі мен объективті клиникалык мәлімет нәтижелері негізінде бағаланды.
Барлық науқастар Цераксон препаратын 500 мг дозада тәулігіне 2 рет, 45 күн қүрайтын ем курсын қабылдады. Бақылау тобын 30 науқас күрады және олар негізгі топпен сайкес барлық көрсеткіштер қарастырылып, 1,5 ай ұзақтықпен стандартты ноотропты ем қабылдады.
Вариациалық статистика әдісі қолдану арқылы статистикалық өңдеу жүргізілді. Орташа маңыздылық көрсеткіші(М) және оның стандартты қатесімен(т) есептелді. Орташа маңыздылық зерттеу көрсеткіші арасындағы нақты айырмашылығын Стьюдент критериі бойынша анықталып, Шамалы маңыздылық деңгейі 95 % (р<0,05) төмен емес бағаланды.
Нәтижелер. Талдау нәтижелері науқастың субъективті шағымдарының: тұрақсыздық, журген кезде теңселу, шаршағыштық, көңіл күйінің төмендеуі, өзін-өзі күтудің қиындауы Цераксон препаратымен 1 ай емдегеннен кейін науқастарда 97,2±3,2 % тез регрессінің байқалумен бағаланды. Жеңіл когнитивті бұзылыстары бар науқастарда шағымдарының 100 % толық регрессі салыстырмалы қысқа ем мерзімінде жақсы оң клиникалық динамика байқалды. Айқын когнитивті бұзылыстары бар науқастарда шағымдарының регрессі салыстырмалы толық емес және баяу байқалды.
Цераксон препаратымен ем қабылдаудың курс соңында науқастардың неврологиялық статусында объективті клиникалық неврологиялық белгілердің айқын жақсаруы байқалды (р<0,05). Когнитивті қызметінің бұзылыстары бар Цераксон препаратымен тәулігіне 1000 мг дозада ем курсын қабылдаған науқастарда мынадай когнитивті қызметтер: есте сақтау, назар, қабылдау, бағыт бағдар, сөйлеу, жазу, оқу нәтижелерін талдап, MMSE шкаласы бойынша бағалауда орташа оң динамика ем алдында орташа ұпай — 16,02+2,12 және емнен кейін ұпай — 25,71 +3,11 (р<0,05) көрсетті. Ем бастағанға дейін науқастарда тұрақсыздық пен мнестистикалық процесстің жоғары шаршағыштығын, есте сақтау көлемін көрсеткішін төмендеуімен сипатталатын және сөздерді дурыс айтудың сандық төмендеуін бақылауға болады ( Лурия тесті бойынша). Ем курсынан кейін науқастарда айтарлықтай қысқа уақытты есте сақтау көлемі жоғарлады, бұл назар мен мнестикалық қызметтің тұрақтылығын және жақсаруын дәлелдейді (р<0,05). Назардың тұрақтылығы мен концентрациясының зерттеу нәтижелерін Шульте кестесі көмегімен жүргізу оң динамика корсетті (ем басталғанға дейін — 59,9+1,6; кейін — 38,4+1,5 с) (р< 0,05). Науқастардың өмір сүру сапасын ем процессінде физикалық интеграциалық көрсеткішін динамикалық бағалау, психологиялық, эмоциялық және науқастың әлеуметтік жағдайын нәтижелерді талдап бағалауда емге дейін өмір сапасын жалпы қабылдауы төмен екенін көрсетті. 3 айлық ем курсынан кейін өмір сапасының жалпы қабылдау көрсеткіші және оны күрайтындар жоғарлады. Өмір сапасының жалпы қабылдаудың орташа көрсеткіші емге дейін 3,8+1,9; емнен кейін 8,5 + 1,3 (р<0,05) қүрады. Цераксон препаратын науқастардың көтере алу нәтижелерін бағалау жақсы қауіпсіз профильді көрсетті.
Нейропсихологиялық зерттеу әдісінің нәтижелері бойынша бақылау тобындағы жеңіл когнитивті бұзылыстары бар және 47 % орташа когнитивті бұзылыстар бар науқастарда оң динамикалық регресс байқалды (р<0,05). Айқын когнитивті бұзылысы бар бақылау тобындағы науқастарда айтарлықтай клиникалық динамика байқалмады, сонымен қатар науқастың өмір сүру сапасы төмен және реабилитация процессінде қиындықтар туындады.
Қорытынды. Инсулттан кейінгі когнитивті бұзылыстар бар науқастарда Цераксон жоғары емдік эффективтілік көрсетті. Препаратты егде жастағы науқастар жақсы көтере алады. Цераксон препаратымен ұсынылған ем қабылдау курсының ұзақтығы 45 күннен кем күрамау керек, әсіресе бұл айқын когнитивті бұзылысы бар науқастарға қатысты. Жүргізілген зерттеу нәтижелері препараттың когнитивті бұзылыстың әртүрлі дәрежелерінде эффективтілігін көрсетті, бірақ оны жеңіл когнитивті бұзылыстарда қолдану обьективті және субьективті неврологиялық симптомдардың максимальді клиникалық регресіне алып келеді. Цераксон науқастарда когнитивті қызметті нақты жақсартады және соңында церебральді инсульттан кейінгі науқастарда өмір сүру сапасының жоғарлауына алып келеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Бугрова С.Г. Проблемы диагностики и лечения сосудистых когнитивных нарушений // Международный неврологический журнал. - 2000. - № 2(24). - С. 81-84.
- Бурчинский С.Г. Новые возможности ноотропной и вазотропной фармакотерапии в стратегии лечения цереброваскулярной патологии // Международный неврологический журнал. - 2011. - № 2(40). - С. 13-16.
- Захаров В.В., Яхно Н.Н. Синдром умеренных когнитивных расстройств в пожилом и старческом возрасте // Рус.мед. журн. - 2004. - № 10. - С. 573-576.
- Преображенская И.С. Ноотропные препараты в гериатрической практике // Рус.мед. журн. - 2004. - Т. 5. - № 12. - С. 256-259.
- Яхно Н.Н. Когнитивные расстройства в неврологической клинике // Неврол. журн. - 2006. -№ 11. - С. 4-13.