Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Церебральді инсульт өткерген науқастарда депрессиялық б¥зылыстар және оларды емдеу шаралары

Инсульттан кейінгі науқастарДы сауықтыруДа Депрессивтік бұзылыстарДы корекциялау мәселесі өте маңызДы болып табылады және ол бұзылыстарды емдеуде антидепрессантар қолданудын жаңа әдістерін енгізуді талап етеді. Мақалада инсульттан кейінгі депрессияда науқастарды антидепрессант «сертралин» препараты мен емдеу тиімділігі талқыланады.

Кіріспе. Бас ми инсультін өткерген науқастарда нәтижесі ретінде, 19% дан 52 % дейін күрайтын, инсульт болжамын нашарлататын, өлімге алып келу қаупін жоғарылататын, реабилитация процесіне ерекше әсер ететін, ауруханада емделу кезеңінің ұзақтығын жоғарылататын, неврологиялық функциялардың қайта қалпына келуін баяулататын, науқастардың өмір сүру сапасын нашарлататын инсульттан кейін дамитын депрессияны ерте анықтау және емдеу ерекше мән беруді қажет етеді. Депрессиялық бұзылыстардың кездесу жиілігі әсіресе инсульттан кейін алғашқы 3 ай көлемінде интенсивті жоғарылайды, содан кейін жайлап төмендейді, бірақ оның көрінісі алдағы 3 жыл көлемінде байқалуы мүмкін [1-3]. Инсульттан кейін дамитын депрессия жаман болжамды көрініс болып табылады және уақытылы диагностикалауды және емдеуді қажет етеді. Тәжірибелік жағдайларда, депрессия жиі диагностикаланбайды және науқастар адекватты ем қабылдамайды [4]. Бұл клиникалық көріністерінің қиындығымен және кейбір дәрігерлердің депрессия көріністерін инсульттан кейін науқастардағы "қалыпты” реакция деп есептеуімен байланысты [5,6].

Зерттеу мақсаты. Церебральді инсульт өткерген науқастарда депрессиялық бұзылыстарды анықтау және «Сертралин» препаратымен емдеу шаралары.

Материалдар және әдістер. Кездейсоқ таңдау әдісімен ишемиялық инсультті өткерген 42 науқас тексерілді, оның ішінде 33 жастан 78 жасқа дейінгі 22 әйел және 20 ер азамат. Зерттеуде Ресейлік ұлттық денсаулық сақтау институтының инсультты анықтау шкаласы, Бартел индексі, нейровизуализация әдістері (КТ, бас миының МРТ -сы, МР- ангиография) Гамильтонның депрессия шкаласы, Спилберг — Ханин шкаласы, Бек анкетасы, Оргогоз шкаласы қолданылды. Зерттеуден терең деменциямен, декомпенсациялық соматикалық аурулары бар науқастар алынып тасталынды. Инсультті өткерген науқастарда депрессиялық бұзылыстарды анықтағаннан кейін депрессияға қарсы препарат «Сертралин» 50-100 мг тәуліктік дозада тағайындалды. Емдеу ұзақтығы 2 айды қүрады. Бұл препаратты таңдау «Сертралиннің» нейрондарда серотониннің (5 НТ) қайтымды ұсталуының күшті арнайы ингибиторы екендігіне байланысты. Бақылау тобын аналогиялық жас аралығындағы, седативті препаратты 2 ай көлемінде қабылдаған, инсульттан кейінгі депрессиясы анықталған, ишемиялық инсультті рген 30 науқас күрады.

Нәтижелері. Алынған мәліметтер талдауы инсульттан кейінгі депрессия жиі орта жастағы адамдарда 71 % дамығандығын көрсетті, ал жоғары жастарда 48 % . Жоғары жастағы науқастарда депрессия аурудың кеш мерзімінде жиі дамыды (78 % науқастарда). Ми инсультінің орналасуымен (оң жартышарлық, сол жартышарлық) неврологиялық жетіспеушіліктің айқындылық дәрежесі арасындағы маңызды тәуелділік сараптамасы анықталмады. Науқастардың күнделікті өмір сүру белсенділігі деңгейімен неврологиялық жетіспеушілік арасындағы тікелей байланыс бақыланды. Депрессия Бартел индексі 70 тен төмен болған науқастарда дамыды. Осы жағдайда инсульттан кейінгі депрессия әйелдерге қарағанда ерлерде жиі дамыды (32% және 68%). Когнитивті функциялары сақталған науқастарда инсульттан кейінгі депрессия басынан өткерген ауруларға реакция ретінде дамыды (реактивті депрессия). Когнитивті функциялары төмендеген жағдайда депрессия органикалық көрініс берді. Депрессивті бұзылыстарға әсер ететін маңызды факторларға сөйлеу бұзылыстары, мүгедектену, халықтан алшақтау, жұмысынан айырылу болып табылады Инсульттан айығуға мотивация деңгейі және Гамильтон шкаласы бойынша қосынды балл үлкендігі арасындағы тікелей тәуелділік белгіленді, рангті корреляция коефиценті - 0,681 қүрады. Алынған мәліметтер инсульттан кейінгі депрессивті бұзылыстар, жоғалған функциялардың қалпына келуіне жасалатын мотивация деңгейінің төмендеуімен қосарланып, науқастарда реабилитация процесінің қиындағанын көрсетеді. Психопатологиялық көріністер ерекшелігімен келесі түрлері ажыратылды: мұңды - 19 %, үрейлі-31 %, апатикалық науқастар - 43% . Ауырлық дәрежесіне байланысты: үлкен инсульттан кейінгі депрессия - 7% , кіші - 82 %. «Сертралинмен» емдеу нәтижесінде салыстырмалы төмен дәрежелі көріністері бар 12 науқаста дәріні қабылдаудың 1 - ші аптасында жағдайының жақсаруы байқалды. Олардың тәбеті жақсарып, үрей азайды, олар жақсы қарым-қатынаста араласатын болды. «Сертралинмен» емнен 1 ай өткеннен кейін тағы 14 науқастың жағдайы жақсарды, «Сертралинмен» емдеудің 2 айының соңында негізігі топтың барлығында жағдайының жақсаруы байқалды. Айқын депрессивті көріністері байқалған науқастарда да симптомдарының төмендеуі байқалды, үрей сезімі азайды, ұйқысы жақсарды. Айтып кететін мәселе, негізгі топ науқастарында инсульт болжамының жақсаруы , өлімге ұшырау қаупінің төмендеуі анықталды, науқастардың реабилитация процесінің айқын жақсаруы, ауруханада емделу ұзақтығының қысқаруы, неврологиялық жетіспеушіліктің қалпына келу процесінің жылдамдауы, науқастардың өмір сүру сапасының жақсаруы байқалды. Препарат кәрі жастағы топ науқастарда да жақсы нәтиже берді, емдеу процесі кезінде жағымсыз әсерлер байқалмады. Реабилитация процесінің қиындауымен, өмір сүру сапасының айқын нашарлауы бар бақылау тобындағы науқастарда депрессивті бұзылыстардың азаюы байқалмады.

Қорытынды. Инсульттан кейінгі депрессия церебральді инсульттардың жиі кездесетін асқынуы болып табылады, оның дамуына психосоциальді факторлар және органикалық бұзылыстар қатысады. Инсульттан кейінгі депрессияны уақтылы анықтау, антидепрессанттармен адекватты емдік шаралар жасау, ми инсультін өткерген науқастарда реабилитациялық шараларды күшейтуге, науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік жасайды. «Сертралин» препараты ұзақ қолдану кезінде жақсы көтере алатыны эффективті депрессияға қарсы қолданылатын дәрі болып табылады және инсульттан кейінгі әртүрлі айқындылық дәрежелі депрессиялық бұзылыстары бар науқастарды емдеу үшін ұсынылуы мүмкін.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. М.А. Савина, Е.А. Петрова, И.А. Серпуховитина. Клиника постинсультных депрессий. - М.: Медицина, 2007. - 248 с.
  2. В.А. Концевой, А.В. Медведев. Депрессия и инсульт. - М.: Медицина, 2001. - 372 с.
  3. В.В. Ковальчук, А.А. Скоромец, М.Л. Высоцкая. Постинсультная депрессия. Распространенность, диагностика и лечение // Журнал «Невр. и псих.им. Корсакова». - №34. - 2006. - С. 27-31.
  4. Е.А.Петрова, В.И. Скварцова, В.А. Конуева. Влияние постинсульной депрессии на восстановление нарушенных функций. Тезисы докладов II Россий. межд. конгресса «Цереброваскулярная патология и инсульт». - 2007. - С. 127-129.
  5. И.В. Ужегова, Т.И. Ларикова, А.Н. Луканин. Аффективные расстройства после инсульта: возможности терапии. - СПб.: 2001. - 97 с.
  6. Л.Н. Дроздова, Е.Г.Шанина, О.В. Мазаева. Депрессивные расстройства и их коррекция у пациентов, перенесших инсульт. -М.: Медицина, 2004. - 121 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.