Жұмыста 20-69 жас мөлшерДегі ер азаматтарға - 133, эйелдерге - 93 беломыртқа бағанасының Дегенеративті аурулары бар 226 науқастарды емдеудің нәтижелері ұсынылған. Сонымен қатар, беломыртқа бағанасы зақымдалуымен 189 (84%) науқастарға дискінің жарығын интерламинарлық алып тастау жүргізілді, 37 (16%) артқы немесе артқы - бүйірлі жолдары арқылы кіру декомпрессивті - тұрақтандыратын немесе кіші инвазивтік операциялар орындалды. Операциялық жарақат дискінің жарығын алған кезде сүйек - буындарының құрылымын және байлам аппаратын зақымдай отырып, омыртқаның сегментарлық тұрақсыздығына пайда болу мүмкіндігін туғызады. Омыртқада артық салмақ кезінде, сондай - ақ, омыртқааралық дискілердің кіші жарақаттанушылыққа әкелетін байлам аппараты әлсіз кезінде омыртқа - қозғалтқыш сегментінде тұрақсыздық синдромы қалыптасуы пайда болады. Омыртқааралық дискілердің қайталанатын жарығын алып тастау және ұсақ тетікті никелид титаннан тірек элементтерді ауыстыру омыртқа - қозғалтқыш сегментінде тұрақсыздық синдромын жоюы мүмкін, ал қазіргі заманғы конструкцияларды қолдануы жоғалтқан функцияларды тез қалпына келтіруге әсер ететін науқастарға ерте белсендіруге мүмкіндік береді.
Кіріспе. Дегенеративті аурулар кезінде омыртқаның ауруы және оны хирургиялық емдеуде нейрохирургтар мен вертебрологтардың назарын аударады. Осы патологияны емдеуде невропатологтар мен нейрохирургтардың жалпы көзқарастарының бірыңғай түсінушіліктері жоқ. ДДҰ мәліметтері бойынша (2003 ж.) омыртқаның остеохондрозбен ауыратын 30 - 87% - ға дейін көбінесе 3060 жастағы еңбекке қабілетті тұрғындар. Дегенеративті - дистрофикалық процестер, анықталмаған этиологиясы бар сколиоздар жалпы омыртқаның ауруларынан [5,6,9] - 7,7 - ден 42% - ға дейін күрайды. Операциялық емдеуге мұқтаж болған остеохондрозы бар науқастар контингенті 17-19% - ға дейін жетті (Н.Г.Фомичев, 2004). Бірақ, емдеудің қиындығы клиникалық көрсеткіштері омыртқа каналы қүрылымның компрессиясымен ғана емес, сондай - ақ, зақымдалған тұрақсыз омыртқа - қозғалтқыш сегментінің (ОҚС) дамуына себепші болды (Н.Г. Фомичев, 2004). Дегенеративті зақымдалған омыртқаны емдеуде жаңа технологияларды [1,2,3,4,7,8] клиникалық практикаға енгізгенде ілгерілік байқалды.
Жүмыстың мақсаты. Дегенеративті аурулар кезінде омыртқаның омыртқа - қозғалыс сегментінің тұрақсыз синдромының қалыптасу және оны хирургиялық емдеу себептерін зерттеу.
Материалдар және әдістер. Біз 20-69 жас мөлшердегі ер азаматтарға - 133, әйелдерге - 93 беломыртқа бағанасының дегенеративті аурулары бар 226 науқастарға хирургиялық емдеу талдауын жүргіздік. Сонымен қатар, бел омыртқа бағанасы зақымдалуымен 189 (84%) науқастарға дискінің жарығын интерламинарлық алып тастау жүргізілді, 37 (16%) артқы немесе артқы - бүйірлі жолдары арқылы кіру декомпрессивті - тұрақтандыратын немесе кіші инвазивтік операциялар орындалды. Патологиялық процесс көбінесе ОҚС белдік және сегізкөздік деңгейде байқалады: L3-4, L4-5 және L5-S1. Остеохондроз және спондилолистез кезінде ОҚС аса әлсіз жері L4-5 және L5-S1 деңгейде анықталды. Сонымен, омыртқаның белдік - сегізкөздік деңгейде аса жиі кездесетін ОҚС зақымдалу көрсетілген бөліктердің әлсіздігін дегенеративті - дистрофикалық процесстердің әсерінен көрсетеді. ОҚС тұрақсыздығы омыртқаның дискі мен байламдарына сыртқы механикалық ықпалының әсерлерінен болады. Остеохондроз, шағын жарақаттанушылық, қатты тоңу кезінде операциялық жарақат факторы басым болады. Сонымен, тұрақсыздық механикалық артық салмаққа байланысты ауыру пайда болған жағдайда ғана клиникалық синдромы болады. Дегенеративті - дистрофикалық зақымданулар кезінде ОҚС тұрақсыздық синдромы омыртқа - қозғалысы сегментінде көлемнің ұлғаюы және байланысқан қозғалыстардың бұзушылық патологиялық жылдамдығымен байқалды. Беломыртқа бөлігінде декомпрессивті - тұрақтандыратын операцияларға дискінің жарығын, дискінің қалдықтарын алуды, НИТЕК жүйесінің (Новосібір) Plif пайдалануымен ұсақ тетікті никелид титаннан жасалған кейджбен денеаралық тұрақтандыруды және ішкі транспедикулярлы бекітуді (ІТБ) енгізді.
Кіші инвазивтік операциялық араласулардың арасында біз пайдаландық: дискінің жарығын трансфораминальды алып тастауды және Synthes (Швейцария) фирмасының Pangea жүйесімен бір жақты ІТБ Synthes фирмасының T-Pal денеаралық спондилодезді кейджбен алып тастау; Wolf (Германия) фирмасының жабдықтарын және аспаптарын қолдануымен дискінің жарығын эндоскопиялық трансфораминальды алып тастау. Науқастарға клиникалық - неврологиялық тексеру, екі проекцияда омыртқаның рентгенография, функционалдық суреттер, компьютерлік томография, магниттік - резонансты томография, миелография жүргізілді.
Нәтижелер және оларды талқылау. Дегенеративті - дистрофикалық зақымданулар кезінде омыртқа - қозғалысының сегментінде тұрақсыздық синдромы қалыптасудың негізінде алдыңғы және артқы тірек комплекстерінің бөлек зақымдалуы, сондай - ақ, олардың байланысуы бар. Түрлеріне байланысты ОҚС тұрақсыздық синдромының даму механизміне талдау жүргізілді. Сонымен қатар, артық салмақ, сондай - ақ, байлам аппараты нашарлаған кезде омыртқалардың листезімен болған тұрақсыздықты белгіледік. Біз ең аз жарақаттық тәсілдерін қолдандық, дискінің үнемдеу кюретажбен интерламинэктомияны және қарапайым әдістеме бойынша дискінің жарығын алып тастауды, сондай - ақ, омыртқааралық дискінің жарығын алып тастаумен ламинэктомияны, транспедикулярлы бекітумен кейджін орнатуды жүргіздік. Алыс кезеңде емдеудің жақсы нәтижелері 156 (69%), қанағаттанарлық 41 (18%) және қанағаттанарлықсыз 29 (13%) науқастарда болды. Беломыртқа бағанасының дегенеративтік зақымдалуымен науқастарды емдеу алыс нәтижелерінің нашарлауы дискінің жарығы, тігіс - байланысқан эпидурит, антеро - және ретролистездің дамуымен омыртқаның үдемелі дегенеративті зақымдалуының қайталануымен айқындалған бастапқы неврологиялық бұзушылықтармен байланысты болды. Дискінің жарығы қайталануы, спондилолистез және сколиоз омыртқаның сегментарлық тұрақсыздығы дамуына себепші болып табылады. Осы жағдайларда қайта операциялар декомпрессиялық нервілік қүрылымдарына ғана емес, сонымен қатар, омыртқаның тұрақтандыруына бағытталуы тиіс. Омыртқаның сегментарлық тұрақсыздық кезінде біз ІТБ декомпрессиялық - тұрақтандыратын операциялар және Plif жүйесін пайдалануымен ұсақ тетікті никелид титаннан жасалған кейджбен денеаралық тұрақтандыруды қолдандық. Барлық жағдайда жақсы нәтиже алынды, себебі, тұрақтандыратын конструкцияларды қолдануы омыртқа - қозғалыс сегментінде дүрыс анатомиялық арақатынасты бүрынғы қалпына келтіреді, зақымдалған сегментте түрақсыздықты жояды.
Қорытынды: Операциялық жарақат дискінің жарығын алған кезде сүйек - буындарының күрылымын және байлам аппаратын зақымдай отырып, омыртқаның сегментарлық түрақсыздығына пайда болу мүмкіндігін туғызады. Омыртқада артық салмақ кезінде, сондай - ақ, омыртқааралық дискілердің кіші жарақаттанушылыққа әкелетін байлам аппараты әлсіз кезінде омыртқа - қозғалтқыш сегментінде түрақсыздық синдромы қалыптасуы пайда болады. Омыртқааралық дискілердің қайталанатын жарығын алып тастау және үсақ тетікті никелид титаннан тірек элементтерді ауыстыру омыртқа - қозғалтқыш сегментінде түрақсыздық синдромын жоюы мүмкін, ал қазіргі заманғы конструкцияларды қолдануы жоғалтқан функцияларды тез қалпына келтіруге әсер ететін науқастарға ерте белсендіруге мүмкіндік береді.
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
- Бисюков Д.А. Декомпрессия и металлоспондилодез в хирургии дегенеративных заболеваний в пояснично-крестцовом отделе /Д.А. Бисюков., М.Ф. Дуров., А.М. Стасюк //Научн. -практ.конф. SICOT: Тез.докл. -СПб.: 2002. - С. 20-21.
- Ветрилэ С.Т. Показания и особенности выбора тактики хирургического лечения поясничного остеохондроза с использованием транспедикулярных фиксаторов /С.Т. Ветрилэ, В.В. Швец, А.И. Крупаткин //Хирургия позвоночника. - 2004. - №4. - С. 40-46.
- Глухих Д.Л., Боголовский А.Г., Матвеев А.Н., Колесник О.А. Сравнительный анализ поясничной дискэктомии передним и задним доступом в системе хирургического лечения поясничного остеохондроза // Материалы Российской научно-практической конференции. Под ред. В.И. Шевцова. - Курган: РНЦ "ВТО", 2005. - С.68-70.
- Гринь А.А., Никитин С.С., Куренков А.Л., Басков А.В. Микрохирургическое лечение дегенеративных заболеваний позвоночника: аспекты предоперационной диагностики, прогнозирования исхода и эффективности хирургического вмешательства // Материалы VII Международного симпозиума "Новые технологии в нейрохирургии". - СПб.: Человек и здоровье, 2004. - 2004. - С. 83.
- Макиров С.К. Структурно-функциональные нарушения при остеохондрозе пояснично-крестцового отдела позвоночника . дис…д-р. мед наук - М., 2006. - 179 с.
- Сороковиков В.А. Нестабильность позвоночно-двигательного сегмента. Материалы VII съезда травматологов-ортопедов России. - Новосибирск: 2002. -Т.1. -С.110-111.
- Симонович А.Е. Хирургическое лечение дегенеративных поражений поясничного отдела позвоночника // Дис…д-ра мед. наук, Новосибирск: 2005. - 238 с.
- Чертков А.К. Эндопротезирование поясничных дисков в нейрохирургии. - М.: ООО "Издательство "Медицинское информационное агентство", 2011. - 160 с.
- Фомичев Н.Г., Садовой М.А., Удалова И.Г. Вертебрологическая заболеваемость с временной утратой трудоспособности у работников крупного промышленного предприятия //Травматология и ортопедия России. -1994. - №3. - С. 53-55.