Зерттеу мақсаты дәрілермен бірге, депрессияға қарсы (элицея) препаратын қолдану оң нәтижеге жетудегі негізгі жолдардың бірі болып табылады. Науқастарды емдеу кезінде психоэмоцинальды ерекшеліктерін ескере отырып депрессияға қарсы дәрілерді қолдану арқылы реабилитациялық шараларды жоспарлау керек.
Өзектілігі: Созылмалы ауру сезімдер синдромына дорсалгия жатады Әлеуметтік медицинаның өзекті мәселелірінің бірі - созылмалы ауру сезімдері. Дамыған елдердің халқының 30 пайызға жуығы арқа аймағындағы созылмалы ауыру симптомдарымен сырқаттанады. Қазақстанда да еңбекке қабілетті адамдадың 45 пайызы осы ауырумен ауырады. Дорсалгиялардың негізгі этиологиялық факторлары мен потогенезі осы уақытқа дейін белгісіз болып қалады. Омыртқа остехондрозы омыртқа аралық дегенеративті процесс, дамуында омырқа аралық буындары мен сіңірлерінің зақымдануымен көрініс береді. Бірақ омыртқа аралық дегенеративті бұзылымдар ауыру сезімінің алғы шарғыларының бірі болса да, негізгі себебі бола апмайды. Бел сегізкөз аймағындағы ауырумен дүние жүзіндгі адамдардың 80 пайызы науқастанады. 13 пайызға дейін ауыру сезімдері екі аптаға дейін созылса, 20 пайызында созылмалы үрдіске ұласады. Бұл ауыру сезімдерінің негізгі себептерінің бірі-омыртқа остеохондрозы. Омыртқа остехондрозына байланысты туындайтын ауыру сезімдері науқастың өмір сүру сапасын төмендетеді. Әдебиетте көрсетілген анықтамаларға сүйенсек, анаукастардың жартысына жуығында нейровизуалдық (МРТ,КТ,R-гр) өзгерітердің басымдығына қарамастан, ауыру сезідері аз болған. Әдебиеттерде механикалық факторларға байланысты дорсопатиялардың қалыптасу механизмдері сипатталады. Сонымен қатар ауырудың пайда болуына бірнеше факторлар бірге әсер етеді. Ауыру сезімдері невропатогенді, психогенді және ноцицептивтивті болып бөлінеді. Ноциптивті ауыру сезімдері негізінен сезгіш рецепторлардың тітіркенуіне байланысты дамыса, созылмалы ауыру сезімдерінің дамуына негізгі себептердің бірі ретінде патогензіне байданысты емнің дүрыс жүргізімеуі себеп болады. Созылмалы ауыру сезімдері тек қана ауыруды басатын дәрілермен емделмейді.
Сол себепті де созылмалы дорсопатиялар науқастардың психологиялық және социалды дезадаптациясына әкеліп соғады.
Мақсаты: Созылмалы дорсалгия орта жастағы адамдардың арасында жиі кездеседі, соған байланысты олардың еңбек істеу қабілеті төмдейді. Бұл жағдайда науқастар психологиялық дезадаптацияға,эмоциональды дистреске ұшырайды. Осы жағдай ел экономикасына елеулі шығын келтіреді. Осыған байланысты қазіргі кездегі денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Зерттеу мақсаты арқа аймағындағы ауыру сезімдерін емдеу кезінде строидты емес қабынуға қарсы дәрілермен бірге, науқастардың эмоционалды жағдайын қалыптастыру маңызды роль атқарады.Арқа аймаңындағы ауыру сезімдері өмір сүру сапасын төмендетумен қатар науқастың бар назары өзінің ауруына ауады. Сондықтан науқаста көңіл күйінің төмендеуімен бірге, қауіп сезімі басым болады. Осы жағдай ауыру сезідерінің созылмалы түріне әкеліп соғуына мүмкіндік туғызады.
Депрессияға қарсы (элицея) препараты қолданылады. Негізгі қызметі серотонинді қайта алу арқылы депрессяға қарсы қолданылады. Осы препаратты қолдану емдеу барысында оң нәтижеге жетудегі негізгі жолдардың бірі болып табылады.
Тексеру әдістері: Зертеу кезінде 57 науқастың (21ер адам 36 әйел орташа жас шамасы 43,3±1,5 жас) арқа аймағындағы созылмалы ауыру сезімдерімен тексеруден өткен. Оның компрессиялық радикулопатиямен 19 науқас (5 ер, 14 әйел), рефлекстік ауыру сезімдерімен 38 науқас оның (13 ер адам 25 әйел). Ауыру сезімдерін зерттеу үшін (ВАШ) көрнекті аналогтық шкала мен Мак Гильдің сұрақнамасы қолданылған. Депрессияны анықтау үшін Гамильтон шкаласы, жеке бас ерекшеліктерін анықтау үшін көп факторлы бекітілген тәсілерді қолдандық. Көрнекті аналогтық шкала бойынша екі топтағы науқастардың ауыру сезімдерінің айырмашылығы аз болған. Рефлекторлы ауыру сезімдеріне жататын науқастардың көзге көрінетін неврологиялық өзгерістердің болмағанына қарамастан түбіршектік компрессиялық радикулопатия
тобындағылармен салыстырғанда ауыру сезімдерінің бірдей шамада күшейгенін көрсеткен және бұл зерттеулер ішінде Мак Гильдің сұрақнамасы бойынша қортындысы шынайы нәтиже көрсеткен (p<0,05). Рефлекторлы ауыру сезімі синдромы тобындағы науқастар ауыру сезімдерінің айқын және ауыр түрде сипаттаған . Рефлекторлы ауыру сезімі синдромы тобындағы науқастар әлсіз, бірақ та эмоционалды көтерілу мен жеке бас ерекшеліктеріне байланысты дүрыс баға бере білген (p<0,05).
Нәтижесі: Емдеу нәтижелерінде қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен қатар депрессияға қарсы препаратты қолданғанда ауыру сезімдерінің аз уақытта регреске ұшырауына септігін тигізеді. Ауыру сезімдерінің дамуына жүйке жүйесінің психофизиологиялық жағдайы көп жағдайда әсерін тигізеді. Алынған нәтиже рефлексті вертеброневрологиялық синдроммен ауыратын науқастарда түбіршектік компрессиялық радикулопатиямен ауыратын науқастармен салыстрғанда психологиялық факторлардың ауыру сезімдерінің айқындығына және ортаға бейімделу қабілетінің өзгеруіне әсер ететіндігін дәлелдейді .
Қорытынды. Бұл науқастарда ауыру сезімдері патофизиологиялық өзгеістері әсерінен басталса, оның ары қарай өрбуіне науқастың психофизиологиялық ерекшеліктері әсер етеді. Сондықтан науқастарды емдеу кезінде психоэмоцинальды ерекшеліктерін ескере отырып депрессияға қарсы дәрілерді қолдану арқылы реабилитациялық шараларды жоспарлау керек.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Данилов А.Б., Данилов А.Б. Боль: патогенез и лечение // Российский журнал боли. - 2010. - № 2. - С. 35-39.
- Шостак Н.А., Клименко А.А., Правдюк Н.Г. Боль в спине - некоторые аспекты диагностики и лечения. / / Шостак Н.А., Клименко А.А., Правдюк Н.Г. / РМЖ. - 2006. -№ 2 (14). - С. 87-89.
- Богачева Л.А. Боль в спине: клиника, патогенез, принципы ведения, принципы ведения (опыт работы амбулаторного отделения боли в спине). // Л.А. Богачева., Е.П. Снеткова / Боль. - 2005. - №4. - С. 26-30.
- Денисова И.Н. Клинические рекомендации + фармакологический справочник // Под ред. /И.Н. Денисова, Ю.Л. Шевченко. // М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. - 1184 с.