Созылмалы бас ми қан айналымының бұзылымдарына байланысты науқастардың когнитивті қызметтері шектелген, соған байланысты өмір сүру сапасы төменДейДі. МиДың созылмалы ишемиясымен сырқаттанған когнитивті бұзылыстары бар науқастарға Фенотропил Дәрісінің терапиялық көмегі мен өмір сүру сапасын жақсартуДағы әсерін бағалау.
Кіріспе: Мидың созылмалы ишемиялық ауруы (МСИА) — церебральды патологияның ерекше бір түрі болып, бас миының баяу үдейтін қан айналымы бұзылыстарымен бірге көптеген дефектілер және де қызметінің бұзылыстарымен көрінетін патологиялық үрдіс.
Аурулардың Халықаралық Жіктемесінің 10- қарауына сәйкес «Дисциркуляторлы энцефалопатия» терминінің орнына «Мидің созылмалы ишемиялық ауруы» терминіні қолданылады.
Статистика бойынша Батыс Европа мен Японияда церебральды патологиядан өлім қауіпі төмендеп, белсенді өмір сүру қабілеті артып, халық саны жылдан жылға көбейсе, Қазақстан мен ТМД елдерінде бұл көрсеткіштер керісінше дамыған. [4] 2013 жылғы статистика бойынша Қазақстан Республикасында церебральды патология бойынша 100 мың адам ішінде 287,2 -і мүгедектікке ұшыраса, ал 3,2 пайызы өлімге әкеліп соғады.
Қауіп қатер факторларын реттеуге келетін және реттеуге келмейтін деп екі топқа бөлеміз. Реттеуге кемейтін факторларға жасы, жынысы, тұқым қуалайтын аурулары жатады. Мысалы: церебральды инсульт немесе энцефалопатия әке - шешесінде болса, балаларында ми - қан тамыр ауруларына әкелу қауіпі жоғарлайды. Бұл факторларды жоққа шығару мүмкін емес, бірақ олар қан тамыр патологиясын болжауға, аурудың әрі қарай дамуын алдың алуға мүмкіншілік береді . Мидің созылмалы ишемиялық аурунының дамуына негізгі реттуге келетін факторлар болып атеросклероз және гипертониялық ауру жатады, ал қант диабеті, темекі шегу, ішімдік қабылдау, физикалық жүктеменің жеткіліксіздігі, рационды емес тамақтану атеросклероздің дамуына және науқастың жағдайын қиындататын себептерге жатады.[5]
Осымен қатар: окклюзивті атеросклероздық стеноздар; тромб пен эмболиялар; омыртқа артерияларының травматикалық зақымдалуы; омыртқа мен мойын бұлшықеттерінің патологиясы кезіндегі экстравазальды компрессия; артериялардың әр дайым немесе периодты түрде өткізгіштігінің бұзылысы мен деформациясы; қанның гемореологиялық өзгерістері (гематокриттің жоғарлауы, қанның қоюлануы, тромбоциттердің агрегациясы мен адгезиясы); бас миының созлмалы инфекциясы; невроздар мен ұзақ уақыт эмоциональды күйзелістердің болуы;
Мидың созылмалы ишемиясында орын алатын негізгі патогенетикалық механизм ол - ми қан айналым жүйесінің жеткіліксіздігі мен уақытша немесе эпизодты түрде мидің тұрақты дисциркулясиясының пайда болуы. Нәтижеде қан тамыр қабырғаларында патологиялық өзгерістер пайда болып, ми қан айналымының ауторегуляциясы бұзылады. Бұл патологиялық үрдістерге нейрогенді регуляцияның бұзылысы мен церебральды гемодинамиканың жүйелі бұзылыстары да өз ықпалын тигізеді. Осы процесстерден кейін ми қан айналым жүйесінде қанның ұю қаситеті өзгеріске ұшырап, атеросклероздық түймедақтар дамуы үдейе түседі. Қан тамырлардың кеңістігі тарылып, мида гипоксия дамиды. [4]
Клиникалық көрінісі: Мидің созылмалы ишемиялық ауруы тұрақты неврологиялық дефецит, эмоциональды - тұлғалық және когнитивті бұзылыстар мен көрініс береді. «Қантамырлы когнитивті бұзылыстар » терминін 1994 жылы атақты ангионевролог В. Хачински ұсынған. Мидің созылмалы ишемиясы кезіндегі дамитын когнитивті бұзылыстар ұсақ церебральды қан тамырларының зақымдануынан кейін пайда болады. Олардың 3 клиникалық сатысы бар:
- сатысы: маңдай - қыртысасты мінездемелі когнитивті бұзылыстар. Оларға: назар қою бұзылыстары, танып білу белсенділігінің төмендеуі, кәсіптік - әлеуметтік жағдайының өзгерісіз болуына байланыссыз есте сақтау қабілетінің бұзылыстары жатады. Науқастар күнделікті жүмысын атқарып, өзін өзі күте алады.
- сатысы: науқастардың когнитивті бұзылыстары едәуір өзгеріске ұшырайды, кәсіптік адаптация жағынан есте сақтау қабілеті төмендеп, назар аудару мен психикалық үрдістердің баяулануы (брадифрения), бақылау және жоспарлау қасиетінің шектелуі болады. Эмоциональды - тұлғалық бұзылыстар ретінде эмоциональды лабильділік, депрессия пайда болады. Науқас кәсіптік жұмыстарын атқара алмайды, бірақ өзін өзі күте алады.
ІІІ- сатысы: науқастардың когнитивті бұзылыстары күрт шектелген, өзін өзі сынауы төмендеп, қыртысты және қыртысасты деменция пайда болады. Эмоциональды - тұлғалық бұзылыстар ретінде апатико-абулиялық синдром, тежеуленген болады. Науқастар өзін өзі күте алмайды, әр қашан бақылануды талап етеді.
Мақсаты: Мидың созылмалы ишемиялық ауруы (МСИА) — церебральды патологияның ерекше бір түрі болып, бас миының баяу үдейтін қан айналымы бұзылыстарымен бірге көптеген дефектілер және де қызметінің
бұзылыстарымен көрінетін патологиялық үрдіс. Мидың созылмалы ишемиясы кезіндегі когнитивті бұзылыстарды сапалы емдеу үшін дәрілік ем ретінде ноотропты препараттардың жаңа ұрпағы феноторпил ұсынған. Фенотропил-ноотропты дәрі - есте сақтау қабілетін жақсартады, гипоксияға мен токсиндерге қарсы қолданылады. [1,3] Сіреспеге қарсы қолданылып, науқастардың көңіл күйін жақсарады.Сол себпті Фенотропил дәрісінің терапиялық көмегі мен өмір сүру сапасын жақсартудағы әсерін ескере отырып МСИА кезінде клиникалық ребилитациясын жоспарлаудың маңызы зор.[2]
Материал мен зерттеу әдістері:
Мидің созылмалы ишемиясы кезіндегі когнитивті бұзылыстар бар науқастарға зерттеу жүргізіліп, фенотропил препаратының емдік сапасы зерттелді.
Негізгі топқа 68 науқас: 33 әйел, 35 ер кісілер алынған. Бұл науқастар вазоактивті препараттар мен седативті препараттар, транквилизаторлардың аз мөлшері мен вегетативті жүйке жүйесіне әсер ететін препараттарды қосымша қолданды.
Фенотропил препаратын күнінен 1 таблеткадан (100 мг) \ екі рет тамақтың алдында 30 күн қабылдады. Тәуілікті мөлшері 200мг болып есептелінді. Емдеу жоспарын бастаудан бұрын науқастардың клиникалық көріністері мен жалпы физикалық жағдайы бағаланды. Фенотропил қабыдаған науқастар емдеу жоспарының 3ші- күнінде шағымдарының азайғанын, маңдай- сына аймағында ауру сезімінің басылғанын айтты. Лурия тесті бойынша науқастардың жағдайы жақсарғанын көрсетті. Бірінші аптаның соңында қозғалыс координациясы жақсарып вестибулярлы бұзылыстардың көрінісі төмендеді.
Науқастардың 85 пайызында фенотропил препаратын қолданғанан соң ұйқысы тұрақтанып, депрессивті аффективті ұстамалары азайған. Науқастардың жағдайы тұрақтанды.
Когнитивті бұзылыстарды анықтау үшін ақпаратты тесттер алынды: вербальды ассоциация тесті, сандарды қайталау, «10 сөз» тесті, сүреттерді тани білу тесті, реципрокты координацияға сынама жасау тесттері қолданды. 15 күнен кейін тесттің бақылауында жетістіктер болды. Сойлеу қабілетінің жақсаруы: емдеу жоспарынан бұрын — 10,48±0,67 балл; 15 күнен кейін — 12,37±0,70 балл; емнің соңында — 14,83±0,99 баллды қүрды. Фенотропил препаратынан соң «10 сөз»тесті, сүреттерді тани білу тесті, сандарды қайталау тесттерінің көрсеткіші жақсарды. Фенотропил науқастардың есте сақтау, назар аудару, сөйлеу қабілетін жақсартты.
Зерттеу нәтижесі:
Мидің созылмалы ишемиясы кезіндегі когнитивті бұзылыстарға фенотропил препаратының қолданған кезде емнің клиникалық сапасы жақсарды, осы ауруының неврологиялық көріністерінің регрессіне алып келді. Фенотропил науқастардың есте сақтау, назар аудару, сөйлеу қабілетін жақсартты. Науқаствардың өмір сүру сапасы жақсарган.
Түжырым:
Зерттеу нәтижесі фенотропил препаратының психиканы тұрақтандыруда ноотропты және когнитивті функциясын жақсатуда оң нәтиже көрсетті Сондықтан фенотропил препаратын созылмалы бас ми қан айналымың бұзылымдары кезінде қолдану науқастардың өзін-өзі қамтамасыз ету қабілетінің ұзақ уақыт сақталуына көмегін тигізеді де клиникалық тәжірибеде кең көлмде қолдануға мүмкіндік тигізеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Берлянд А.С., Ахапкина В. И. Результаты фармакокинетических исследований ноотропного препарата Фенотропил. // XI Российский национальный конгресс «Человек и лекарство». Тезисы докладов. - М.: 19-23 апреля 2004. - С. 87.
- Волошин В. М., Ахапкина В. И. Эффективность малых доз Фенотропила в общесоматической практике. // XI Российский национальный конгресс «Человек и лекарство». Тезисы докладов. - М.: 19-23 апреля 2004. - С. 112.
- Густое А. В., Смирнов А. А., Коршунова Ю. А., Андриянова Е. В. Фенотропил в лечении дисциркуляторной энцефалопатии. // Журнал неврологии и психиатрии им. С. С. Корсакова. - 2006. - С. 28-39.
- Захаров В.В., Яхно Н.Н. Когнитивные расстройства в пожилом и старческом возрасте. // Методическое пособие для врачей. - М.: 2005. - 71 с.
- Камчатнов П.Р. Дисциркуляторная энцефалопатия - некоторые вопросы клиники и терапии. //Русский медицинский журнал. - 2004. - Т.12. - №24. - С. 1414-1417.