ҚР білім саласын 12 жылДық оқуға көшіру, өмір бойы білім алуды адам мұқтажДығына айналдыратын жүйе құру, ҚР БҒМ-нің қазіргі ең көкейтесті мәселесі. Мәселені шешуДің көптеген жолдары ұсынылуДа. МақалаДа жалпылама мақсатты іс-әрекет оқу және тәрбие жұмыстарындағы алатын орынын анықтау және іс-әрекетті оқу және тәрбие жұмыстарында пайдалану үшін, оның параметрлерін есептеу жолдары мамандар назарына ұсыну.
КСРО-да жиырмасыншы ғасырдың 70-жылдары іске асырылған жаппай орта білім реформасы, ҚР білім саласында элиталық орта білім мекемелері мен ЖОО мекемелерінің жаппайлық сипат алуы білім мен оқытушы- мұғалім беделін төмендетуге алып келгені белгілі. Ал информациялық технологиялар мен кеңістіктің жаппай қолданысқа ие болуы жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне айтарлықтай нұсқан келтіріп отыр.
Ел болашағы қоғамның әрбір ұрпағының қандай болып қалыптасатындығына, яғни білім саласының қалай дамитындығына, тікелей байланысты. Қазіргі кезде қазақстандық қоғам осыны анық түсінді де, білім саласын реформалауға бет алды. Оның мысалы - ҚР білім саласын 12 жылдық оқуға көшіру мәселесінің қойылуы. Ал 2014 жылғы, Мәңгілік Ел идеологиясына негізделген Жолдау аталған мәселенің іске асырылуын жаңа салаға бағыттады деп толық сеніммен айтуға болады [1].
Мәңгілік Ел - өмір бойы білім алу кÿзыреттіліri қалыптасқан адамдар өмір сүретін ел. Сондықтан, өмір бойы білім алуды адам мұқтаждығына айналдыратын жүйе қүру - ҚР БҒМ-нің қазіргі ең көкейтесті мәселесі.
Ұсынылып отырған мақаланың мақсаты - мақсатты іс- әрекеттің жалпылама алгоритмін оқу-тәрбие жүмыстарында пайдалану үшін оның параметрлерін есептеу жолдарын мамандар назарына ұсыну.
Шындығында, адам дүниеге келгеннен бастап қоршаған ортамен қарым-қатынаста болады. Қарым-қатынас арқылы ол өзін және өзінің өзгеруі арқылы қоршаған ортаны өзгертеді.
Әдетте адам мен қоршаған ортаның қарым-қатынасы диалог, яғни бір-біріне кезектесе отырып әсер ету арқылы іске асырылады. Мәселен, қоршаған ортаның адамға әсері оның дүниетанымының жүйелілігін бұзып, адамды жүйелілікті қалпына келтіру үшін іс-әрекет жасауға мәжбүрлейді.
Қоршаған орта жасаған әсерге жауап іс-әрекетті мақсатты іс- әрекеттің жалпылама алгоритмін (МІЖА) пайдалану арқылы жоспарлаудың өмір бойы білім алуды адам мұқтаждығына айналдырудағы артықшылықтары көп. Әрине, жоспарлаудың қаншалықты нәтижелі болатындығы адамның білімділік қорына, алгоритмнің адам үшін қаншалықты қүнд^і екендігіне, адамның МІЖА-ні орындау қажеттілігінің, мүмкіндігінің және мүдделілігінің бар немесе жоқ екендігіне, бар болса, олардың өзара үйлесімділіктерінің қандай екендігіне байланысты.
Осыған байланысты, МІЖА-ны орындау қажеттілігі, мүмкіндігі және мүдделілігі арасындағы үйлесімділік ахуалдарына байланысты, алгоритмнің орындалу нәтижесінің сипаттамаларын қарастыралық (кесте - 1):
Кесте 1 - алгоритмнің орындалу нәтижесінің сипаттамалары
Рет N |
Қажеттілік (x1) |
Қабілеттілік (x2) |
Мүдделілік (x3) |
Салдары |
1 |
+ |
МІЖА іске асырылмайды |
||
2 |
+ |
МІЖА іске асырылмайды немесе формальді түрде, қанағаттану сезімінсіз, іске асырылады. |
||
3 |
- |
- |
+ |
МІЖА іске асырылмайды. Арман күйінде қалады. |
4 |
X1 < X2 |
X2 >X1 |
- |
Адам МІЖА-ға енжар қарайды. |
5 |
X1 = X2 |
X2 =X1 |
- |
Адам МІЖА-ға енжар қарайды. |
6 |
x1 > x2 |
X2 <X1 |
Адам МІЖА-ға енжар қарайды. Алайда оны іске асырады. |
|
7 |
X1 < X3 |
- |
X3> X1 |
Адам МІЖА-ға мұқтаж. Оны үйренгісі келеді. |
8 |
X1 = X3 |
- |
X3 = X1 |
Адам МІЖА-ға мұқтаж. Оны үйренгісі келеді. |
9 |
X1 > X3 |
X3<X1 |
Адам МІЖА-ға мұқтаж. Оны үйренгісі келеді. Қоршаған орта мұқтаждықты жоғарылатуға тырысады. |
|
10 |
X2 < X3 |
X3> X2 |
Адам МІЖА-ны орындауға тырысады. Алайда қоршаған орта мұны болдырмауға тырысады. |
11 |
x2 = x3 |
x3= x2 |
Адам МІЖА-ның орындалу деңгейін сақтауға тырысады. Алайда қоршаған орта мүны болдырмауға тырысады. |
|
12 |
x2 > x3 |
x3< x2 |
Адам МІЖА-ның орындалу деңгейін төмендетуге, қоршаған орта МІЖА-ны орындатпауға тырысады. |
|
13 |
x1 < x2 |
x2 < x3 |
x3> x1 |
Адам қабілеттілікті жоғарыла-уға, ал қоршаған орта төмендетуге тырысады. Арала-ындағы қарама-қайшылық конф- иктіге, тіпті антогонизмге, алып келуі мүмкін. |
14 |
x1 < x2 |
x2 = x3 |
x3> x1 |
Адам қабілеттілікті осы деңгейде сақтауға, ал қоршаған орта төменетуге тырысады. Арала-рындағы қарама- қайшылық конфликтіге, түсініспеушілікке алып келуі мүмкін. |
15 |
x1 < x2 |
x2 > x3 |
x3< x2 |
Адам да, қоршаған орта да қабі- леттілікті төмендетуге тырысады. Араларында әріптестік орнауы мүмкін. |
16 |
x1 = x3 |
x2 < x3 |
x3> x1 |
Адам мен қоршаған орта арасын-дағы сәйкессіздік түсініспеуші-лікке алып келуі мүмкін. |
17 |
x1 = x3 |
x2 = x3 |
x3 = x1 |
Ең идеалды жағдай. Адам мен қоршаған орта арасында толық әріптестік орнайды. |
18 |
x1 = x3 |
x2 > x3 |
x3< x2 |
Адам мен қоршаған орта арасын-дағы сәйкессіздік түсініспеуші-лікке алып келуі мүмкін. |
19 |
x1 > x2 |
x2 < x3 |
x3> x2 |
Адам да, қоршаған орта да қабі- леттілікті жоғарылатуға тырыса-ды. Араларында әріптестік ахуал орнауы мүмкін. |
20 |
x1 > x2 |
x2 = x3 |
x3<x1 |
Адам мен қоршаған орта арасын-дағы сәйкессіздік түсініспеуші-лікке алып келуі мүмкін. |
21 |
x1 > x2 |
x2 > x3 |
x3<x1 |
Адам мен қоршаған орта арасын-дағы қарама-қайшылық конфлик-тіге, түсініспеушілікке алып келуі мүмкін. |
22 |
x1 < x3 |
x2 > x1 |
x3< x2 |
Қоршаған орта қажеттілікті төмендету арқылы қабілеттілікті төмендетуге тырысады. Адам бүған қарсы емес. |
23 |
x1 < x3 |
x2 > x1 |
x3= x2 |
Қоршаған орта қажеттілікті төмендетуге тырысады. Адам мен қоршаған орта арасындағы сәйкессіздік түсініспеушілікке алып келуі мүмкін. |
24 |
x1 = x3 |
x2 > x1 |
x3< x2 |
Қоршаған орта қажеттілікті төмендету арқылы қабілеттілікті төмендетуге тырысады. Адам бүған қарсы емес. |
25 |
x1 = x3 |
x2 < x1 |
x3> x2 |
Қоршаған орта қажеттілікті төмендету арқылы қабілеттілікті сақтауға тырысады. Адам бүған қарсы емес. |
26 |
x1 > x3 |
x2 < x1 |
x3= x2 |
Қоршаған орта қажеттілікті төмендету арқылы қабілеттілікті төмендетуге тырысады. Адам бүған қарсы емес. |
27 |
x1 > x3 |
x2 < x1 |
x3> x2 |
Қоршаған орта қажеттілікті төмендету арқылы қабілеттілікті жоғарылатуға тырысады. Адам бүған қарсы емес. |
Келтірілген ахуалдар адамның мінез-қүлқының себептерін сипаттайды. Мәселен, қажеттілік қабілеттіліктен айтарлықтай артық болғанда, адам қауіпсіздік мәселесіне басымдық береді. Мүдделілік қажеттіліктен кем болса, қоршаған ортаның ерекшелігіне бейімделуге, ал артық болса, қоршаған ортаны өзінің жеке-даралық ерекшеліктеріне бейімдеуге тырысады. Параметрлер өзара жақын болғанда ғана, адам қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруге үмтылады.
Сондықтан, мәселен, шәкірттің неліктен осындай мінез- қүлық көрсеткенін білу немесе адамның мінез-қүлқын тәрбиелеуде сәйкес ахуал қалыптастыру үшін келтірілген қажеттілік, қабілеттілік, мүдделілік параметрлерінің мәндерін есептей алу өте маңызды [2].
МІЖА-ны l шәкірт орындайтын болсын және l-шәкірттің білімділік қоры r(l), (l=1, 2, …, k), ал і-операциянының қүндылығы v(i), (і=1, 2, …, n) болсын.
Білімділік қоры мен операция қүндылығы шәкірттер мен операцияларды реттеп, олардың қарым-қатынастағы орындарын анықтайды. Сонымен бірге, шәкірт пен операция арақатынасы мүмкіндік, қызығушылық және қажеттілік көрсеткіштерін де анықтауға мүмкіндік береді.
l-шәкірттің өзінің r(l) білімділік қорынан і-операцияны (і=1, 2, …, n) дүрыс орындау үшін бөле алатын үлесі, і-операцияны l-шәкірттің дүрыс орындау мүмкіндігі деп аталынып, х1(l,i) түрінде белгіленеді,
Жүйе, мысалы, шәкірттің жеке ерекшелiктерi, яғни оның мүмкіндіктері мен қызығушылықтары белгiлi болғанда, шәкірттің білімділік қоры, ал операцияларды қүндылығы бойынша реттеуге мүмкіндік жасайды.
Әрине, операцияны мөлшерлік бағалау арқылы алынған мүмкіндік пен қызығушылық, қажеттілік, жеке-жеке алып қарағанда, адам мен іс-әрекет арасындағы байланыстарды сипаттай алмайды. Кең ауқымды сипаттамалар осы мүмкіндіктердің және қызығушылықтардың өзара байланыстары арқылы алынады. Мұндай кең ауқымды байланыстар мысалы ретiнде, іс-әрекет операцияларының үйлесімділік шамасын келтiруге болады.
1с-әрекеттің үйлесімділік шамасы - оның операцияларының орындалу мүмкіндіктері, қызығушылықтары, қажеттіліктері бойынша бiр тектес болу дәрежесі. Егер операциялардың орындалу мүмкіндіктері, қызығушы-лықтары, қажеттіліктері өзара жақын болса, іс-әрекеттің жақсы үйлескендігі. Ал, егер бір операцияның мүмкіндігі, қызығушылығы, қажеттілігі, басқа операциялардың орындалу мүмкіндіктерінен, қызығушылықтарынан, қажеттіліктерінен анағұрлым жоғары болса, онда іс- әрекеттің үйлескендік дәрежесінің төмен болғаны.
Қазіргі ғылымда шама мәндерінің бір-бірінен ауытқу мөлшерінің шамасы ретінде дисперсия мәні қабылданған. Бұл жағдай, іс-әрекеттің операцияларының үйлесімділік шамасын төмендегіше анықтауға мүмкіндік жасайды:
Бұл жүйелердегі b1, b2, b3 коэффициенттері, сәйкесінше, қүзіреттілік тереңдігі, күзіреттілік ауқымы және қүзіреттілік көлемі деп аталады. Ал (2) өрнектегі x1+x2 -күзіреттілік тереңдігі, X1X2 - қүзіреттілік ауқымы, (x1+x2)x3 - дүниетаным ауқымы, X2X3 - мінез-күлық ауқымы, X1X3 - білімділік ауқымы деп аталады. Бұл тұжырымдардан келесі ұғымдар алынады.
Адамның білімділік қоры - мүддеге сай игерілген әлеуметтік тәжірибе. Мінез-күлық - мүддеге сай сұраныс. Дүниетаным - әлеуметтік тәжірибе мен сұраныстың мүддеге сай қүрылымы. Қүзіреттілік - жалпыланған қабілет, сұраныс және мүдде.
Сонымен, МІЖА-ны орындау мүмкіндігі, қызығушылығы және қажеттілігі шамалары белгілі болған жағдайда МІЖА- ны орындау қабілеттілігін, қажеттілгін, мүдделілігін, МІЖА- ны орындау күзіреттілігін есептеуге болады. Керісінше, МІЖА-ны орындау күзіреттілігі берілген жағдайда МІЖА-ны орындау мүмкіндігі, қызығушылығы және қажеттілігі шамаларын есептеуге мүмкіндік бар.
Олай болса, МІЖА-ны оку-тәрбие жүмысында пайдалану бұл үдерісті толық компьютерлендіруге көшуге және оқу мекемесін тәрбие мекемесіне айналдыруға жағдай жасайды. МІЖА-ны орындау мүмкіндігі есептей білу ғана қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Н.Назарбаев. «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы. 17.01.2014.
- Әмірбекұлы А. Оқу процесін оптимальді-әдістемелік басқару негіздері. - Шымкент: Қ. А.Яссауи атындағы ХҚТУ, 1999. -140 б.