Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сенсопатиялар: норма немесе патология

Мақалада клиникалық психиатрия тұрғысынан сенсопатиялардың емшілік тәжірибемен айналысатындарда құрылу механизмдері және сау адамдарда иллюзорлы және галлюцинаторлы феномендердің пайда болуы туралы әдебиеттерден шолу жасалынды. Қоғамдық сана аясында бұл көріністерге мистикалық құрамсыз оңтайлы қатынастың пайда болу жолындағы заманауи тендецияларға талдау берілді.

Соңғы кезде психиатрияның қарқынды дамуы оның медицина саласы ретінде бірқатар концептуальды жағдайларының қайта қаралуын талап етеді. Соның ішінде заманауи әлеуметтік маңызды мәселелер - психопатологиялық феномендерді ғылыми жіктеу және қалыпты жағдай мен патологияның ара жігін нық ажырату. Осыдан бұрынғы кез психиатрларының көзқарасы бойынша психикалық бұзылыстардың діни және аккультті - мистикалық мазмұнды эпидемиясы болып қаралған жағдайларды қазіргі кезде жеке және жалпы санаға әсер ететін ортақ тенденцияларды тек жоғары диагностикалық қауіптілікпен зерттеу бұл жағдайға адекватты қарым- қатынастың тууына әкеледі. Заманауи әлеуметтік жағдай ерекшеліктеріне арналған көптеген еңбек авторлары мистика, діни сенімдерге (оның ішінде дәстүрлі және бұрын болмаған) қызығушылықтың қайта жаңғыруын айтады [1,2]. Бұл бір жағынан “экзистенциалды вакуум” теориясына сәйкес, қоғам санасында рационалды және иррационалды ойдың кезектесіп отыратындығын көрсетеді. [3].

Қазіргі заман діни ізденісінің айрықша белгісі бір діни ұстаным негізінде басқа діни сенім элементтерінің кездесуі, яғни синкретикалық сенімнің болуы. Бұл сенім негізінде адам рухани қажеттілікпен қатар, күнделікті тұрмыстық мәселелерді шешу жолдарын іздейді. Ғылыми және діни тұрғыда практикалық психологтар мен науқастар арасында әртүрлі дүниетанымдық сәйкессіздік кедергі туғызады. Американдық ғалымдар зерттеуі бойынша зерттеуге алынған психологтардың жартысы өздерін атеистке жатқызса, 43% психолог тәжіриебелі санаға танылмаған тылсым әлем - трансценденттілікке сенеді [4]. Жалпы популяциядан американдықтардың 1-5% өздерін атеист немесе әлем танылмайды деп ойлайтын агностиктерге жатқызады. Ал, психиатриялық стационардағы науқастарды зерттеуде діни сенім, діни тәжірибе олардың өмірінде маңызды орын алатындығын көрсеткен [5]. Психиатрлар мен науқастардың ой жігінің осылайша ажырауын A.Bergin және JJensen психикалық денсаулық зертеушілерінің білім және практикада діни сенімге бағынатын қоғамның рационалды діннен тыс ортаға қарай икемденіп ауысуы, яғни секулярлы шекараға өтуінен деп түсіндіреді [6]. Барлық зерттеуге қатысқан психологтар бір ауыздан діни танымдық оқуларға қатыспаған [7]. Дегенмен респонденттердің 72% өзінің клиникалық практикасында діни, мистикалық, рухани өрлеу кедергілеріне тап болған.

Сонымен қатар психиатрия мен діни көзқарастың сәйкессіздігі психиатрлардың біріншілік онтологиялық ойлау - әлем жаратылысының биологиялық болмысы тұрғысынан пайымдауынан деуге болады. D.Lukoff және де басқа да авторлар “бастапқы биологизм” салдарынан замануи психиатрия жеке тұлға мен қоршаған орта арасындағы дәлелді мәліметтерге сүйенгісі келмейді [8]. Сонымен әртүрлі культуральды факторлар мен психопатологиялық феномендердің өзара байланысының зерттелуі, қалыпты немесе патологиялық жағдайдың шекарасын анық нақтылауға себебін тигізері сөзсіз.

Болмыстың культуральды концепциясы IAl-Issa ойы бойынша галлюцинаторлы бұзылыстардың дамуына міндетті түрде әсер етеді. Сол себепті осындай жағдайлардың диагностикасында тұрақы галлюцинация дамуының себебімен қатар сол қоғамдағы әлеуметтік рұқсат етілген мағына аясын қарастыру керек [9]. Батыс елдерінің шындық нұсқасы тылсым күшті жоққа шығаратын каузальдылыққа негізделген ғылыми және материальды өлшемдерге негізделген. Рациональды ой тұрғысынан галлюцинация қоршаған ортамен адекватты қарым- қатынасқа теріс әсер етеді. Ал, батыс елдерінен тыс мәдениетте шындық пен қиял арасының шекарасы онша анық емес. Мәселен олар иллюзорлы және галлюцинаторлы жағдайлары шындық әлем ретінде көреді. Бұл жағдайда галлюцинациялар күнделікті жағдайдан ерекше шындық әлемнің артқы жағындағы жасырын болмысты көрсетеді. Сонымен қатар галлюцинаторлы көріністерді көрген жағдай қорқынышсыз өзгелерге айтылып, бұл бір дәреже ретінде мадаққа бөленеді [10]. Галлюцинаторлы ойларды зерттеуге оларды үйрену тәсілдерімен қатар олардың пайда болу тәжірибесінде әлеуметтік және қоршаған орта факторларының әсері бар. Кейбір культуральды факторлар (тұрмыстық мінез-құлық стеореотиптері, діни сеніммен байланысты дәстүрлер) әлеуметтік бақыланатын жағдайда тұлғаның сезіну жүйесін құрады. Осыған байланысты галлюцинаторлы феномендердің психикалық бұзылысы бар адамдармен қатар, сау адамдарда да пайда болуы мүмкін. Галлюцинациялардың психикалық және неврологиялық бұзылыстармен шектелмеуі және жалпы популяциядағы 1025% тұлғада галлюцинациялардың өмірде бір рет болсын кездесуі P.Slade и R.Bentall зерттеулерінде көрсетілген [9]. Ағылшын колледжінің оқушылары арасында жүргізілген зерттеу бойынша сұралғандардың 37-39% өз ойларының қатты дыбысталуын естісе, 5% “дауыстармен” сөйлескен [11]. Анонимді сауалнама әдісімен Б.Н.Пивень 297 студенттің психикалық жағдайын бақылау кезінде ешқашан қандайда бір дәрігерге бармаған, өз жағдайын жақсы сезінетін 181 адамды белгілеген. Осы зерттелген адамның 30%-да өмірінде бір рет психосенсорлы және галлюцинация тәрізді бұзылыстар бақыланған екен [12]. Келтірілген мәліметтер галлюцинация жайлы теория бұл жағдайдың тек психикалық науқастармен қатар галлюцинаторлы эпизодтардың сау адамдарда да кездесуіне мысал бола алады. Бұрын галлюцинация жайлы теория және оны практикалық зерттеу олардың биологиялық және психологиялық негізіне сүйенсе, ендігі кезде мәдени және әлеуметтік факторлар есепке алынуы тиіс [9,13]. Соңғы кезде мәдени процесстердің ерекшелігін ескере отырып,емшілердегі сенсопатиялардың құрылуы, даму механизмдері және сипаты зерттелген. Емшілер діни- мистикалық және ғылымға параллель ойлардың тасымалдаушысы болғандықтан зерттеу нысаны ретінде таңдалған. қатысқан респонденттер бұрын психиатрда болмаған (бұған дәлел психоневрологиялық диспансерден алынған анықтама).

Бұл зерттеуде сұхбаттық және құрылымдық психопатологиялық сараптау әдістері қолданылған. Соңғысының негізіне М.И.Рыбальскийдің сенсопатия диагностикасына арналған қабылдау бұзылысының қолайландырылған жүйесі кіреді [14]. Өзгерген қабылдау феномендерін сипаттауға ерекше мән берілетін сана және ойлау бұзылыстарының негізгі 11 көрсеткіші әртүрлі модальды сенсопатия көрінісін айқындауға көмектескен. Зерттеуге ішінде 58 әйел адам бар (орташа жасы 41,9±9,9) 100 емші экстрасенс қатыстырылған. Нәтижесінде 98 респондентте емшілік дағдыларды үйрену және тактильды диагностиканы үйрену барысында иеленген кинестетикалық модальды сенсопатиялар анықталған. Көру модальды сенсопатиялар (КМС) 22 ер адам арасынан (34,9%) 67 емшіде, есту модальды сенсопатиялар (ЕМС) зерттелген 37 адам, соның ішінде 10 ер адам арасында (27,0%) байқалған. “Энергия ағымы ” секілді бүкіл дене бойымен саусақ ұштарынан вибрация және ауру сезімі салқын, жылу түрінде диагностикалық және емдік манипуляциялар нәтижесінде кинестетикалық сенсопатиялар пайда болады. Ал кейбір жағдайда (10 бақыланған жағдайда) кинестетикалық модальды сенсопатиялар байқалғанмен олар белгілі рецепторлармен байланыссыз, белгісіз анализаторлармен көрінген. Ішкі мүшелердегі тактильді сезімдер висцеральді галлюцинация тәрізді болса, интерецептивті қабылдау псевдогаллюцинаторлы ойларға ұқсас келеді. 32 респондентте тактильді сенсопатиялар күмәнсіз өзгермеген анық сана көрінісінде пайда болған. Емшілердің айтуы бойынша диагностикалау іс-шарасы сырқы ерекше кедергілерсіз, назардың ерекше арнайылығы және сананың тарылуы жағдайында болады. Кинестетикалық сезім интенсивтілігі назардың шоғырлануында жоғарылайды. Тактильді сенсопатиялардың жасандылық сезімі 6 респондентте байқалған. Бұл емшілер диагностика алдында “ортақ энергоақпараттық алаңға” сұраныс жіберіп, белгілі бір сезіну түрінде науқас денсаулығы туралы хабар алған. КМС пайда болуы үшін сана жағдайы маңызды орын алған. Мәселен, көпшілік жағдайда (49 адам - 77,8%) тарылған сана негізінде пайда болған. Сананың осылайша тарылу дәрежесі өз сезімдерін бір арнаға бағыттау үшін алдын-ала дайындық,ерікке толы жігер және “қоршаған оратадан ажырауды” қажет етеді. Респонденттер бұл жағдайды “транс” деп атаған. Және де науқастардың ішкі мүшелерін көру мен психотехникалық әдістерді қолдану нәтижесінде сана өзгерісінің байланысын емшілер өз жұмысын бастар алдында медитация күйінен шыққан соң көретінін айтқан. КМС мазмұны белгіленген 3 тематикалық топ ішінде сан алуандығымен көрінген. 33 респондентте (топшаның 52,4%) КМС мазмұны емшілік тематикадан сызылып тасталған. Емшілердің көпшілігі (54,3% - 18 адам) науқастардың ішкі мүшелерін көзбен көреміз десе, қалған 15 респондент (45,5%) “ішкі көзбен” көретіндігін айтқан. Көпшілік жағдайда ішкі мүшелерді көру (75,8%) қоршаған кеңістікпен, нақты обьектпен байланысы жоқ болса, обьективті кеңістікпен және қоршаған ортамен байланысты жағдай 6 адамда (18,2%) байқалған галлюцинаторлы ойлардың түрі мен шынайылығы да әртүрлі болған. Мәселен 10 респондентте (30,3%) адам организмінің ішкі мүшелерінің көрінісі анатомия кітаптарындағыдай шынайы болған. Осы топтың қалған емшілері (23 адам - 69,7%) болса ішкі мүшелері жалпақ, түссіз кейде күлгін түске боялғандай көрінген. Осы топ емшілерінің 4-де (12,1%) алдын-ала өзін осындай ойға бағыттағандай жасандылық сезімі болған. Емшілердегі көру модальдылығымен сенсопатиялар емдеу және диагностикадан тыс кезде фантастикалық және діни сипатта болса, осындай емшілік тәжірибеден тыс ойлар 30 шақты респондентте байқалған. ЕМС (осы топтың 17 адам - 45,9%) респонденттерінің өзгермеген сана жағдайында байқалса, арнайы психотехникалық әдістерді қолданудан кейін тарылған сана жағдайында (20 адам - 54,1%) байқалған. КМС-ға қарағанда ЕМС-лар (p<0,01) көбінесе тарылған сана жағдайымен байланысты. ЕМС-ы бар репонденттер кинестетикалық және көру сенсопатиялары бар емшілер сияқты обьективті шындықты бағалауда ешқандай кедергісіз қалыпты қабылдаған. Осы топта тактильді және көру сенсопатиялары бар емшілерге қарағанда сандырақ, символикалық ойлау және ойлаудың байымдылығы түрінде формальды бұзылыстар кездескен. ЕМС-ларды сипаттауда оларға тән байланыстылық пен шарттылық, оны кинестетикалық және көру модальдылығымен сенсопатиялардан бөліп көрсетеді. Мәселен 5 респонденттегі (13,5%) аудиальды сенсопатиялар емшілік тәжіриебеге байланысты пайда болған. Арнайы сұраныс және “ортақ ақпарат алаңымен” оймен хабарласу арқылы 32,4% жағдай (12 адам); емдік диагностикалық бақылаудан тыс, сұраныссыз 20 жағдайда (54,1%) ЕМС-лар пайда болған. Тек 5 зерттелушіде (13,5%) аудиальды сенсопатиялар науқас туралы мәліметпен жойылып отырған. Қалған жағдайда аудиальды сенсопатиялар діни фантастикалық (54,1% - 19 адам); 35,1% - 13 бақылауда тұрмыстық сипатта болған. Зерттелген емшілердің бір бөлігі (44 адам) проскопия (болашақтағы оқиғаларды көру қабілетін), ретроскопия (бұрынғы оқиғаларды көру) және сезімдік қабылдауға қол жетімсіз кездегі - осы кездегі оқиғаларды көру қабілеті бар екенін алға тартқан. Бұл қабілет 21 респондентте (КМС бар адамның 33,3%) және аудиальды сенсопатиялары бар (ЕМС бар адамның 62,2%) 23 емшіде байқалған. Соңғы топшадағы болашақты болжау және өткенді айту “контактерлік” феноменімен, яғни респондент “ортақ энергия арнасынан”, мұғалім, кейде жаратушы иеден ақпарат сұрап, оны оларға берілген естілетін ой ретінде алып отырған.Респонденттердің анамнезін зерттеу барысында 37 адамда емшілік тәжірибе басталмастан бұрын пайда болған қабылдау бұзылыстары біртекті емес иллюзорлы бұзылыстар, жалған және шынайы галлюцинациялар, психикалық автоматизм, дене схемасының бұзылысы түріндегі психосенсорлы бұзылыстар,деперсонализация және дереализация түрінде көрінген. Сенсопатиялардың пайда болуы жастық ерекшеліктер мен экзогенді психогенді факторларға (14 адамда,37,8%) байланыссыз болса, қалған респонденттерде соматикалық ауру, орталык жүйке жүйесінің (ОЖЖ) органикалық зақымдануы нәтижесінде аффектогенді түрде дамыған. Бұрынғы эмоциональды уайым ойларды емшілер өзіндік көріпкелділік қасиеттің дамуына себепкер ретінде позитивті қабылдайтындығы емшілер анамнезіндегі көріпкелділікті жетілдіру алдында есту және көру модальдылығымен сенсопатиялардың пайда болуына әсер ететіні белгілі болған. Көру модальдылығымен сенсопатиялары бар зерттелушілердің анамнезінде қабылдау бұзылыстары (p<0.01) тек тактильді сенсопатиялары барларға (55,6% және 27,0%) қарағанда жиірек кездескен. Осындай заңдылық аудиальды сенсопатияларда кездеседі (p<0.05) Зерттелген респонденттердің ішінде 59 адамда (ауыр соматикалық аурулар, интоксикация, бас жарақаты және ОЖЖ-нің органикалық аурулары) секілді экзогенді заңдылықтар байқалған. Анамнезіндегі осындай жағдайлар КМС-дың дамуында маңызды орын алмайды. Ал, зерттелген 26 жағдайда (44,1%) анамнезінде жоғардағы жағдайлардың болуы кезінде экзогенді зияндылық әсер етпеген жағдайларға қарағанда (11 адам-26.5%) аудиальды сенсопатиялар жиірек байқалған (p<0.05). Бұл ерекшеліктер “бас ми жарақаттары және ОЖЖ-нің органикалық зақымдануы” факторымен тікелей байланысты. Емшілерден белгілі болған өзгерген қабылдау феномендерімен дифференциалды диагностикалау барысында есту, көру, тактильді сенсопатиялар негізгі псевдогаллюцинацияның критерийлеріне сәйкес келмегендіктен, оларды бұл топқа жатқызуға негіз жоқ. Дегенмен аудиальды сенсопатияларға көпшілік жағдайларда псевдогаллюцинациялар сипаты тән болған. Зерттеуге қатысқан респонденттер психикалық дені сау болғандықтан, оларда “патологиялық емес” (психогенді) галлюцинациялардың пайда болуы туралы сұрақ туған. Емшілердің дүниетанымының қалыптасуында ойлары, уайымдарының аффективті қанықтығы маңызды орын алады. Нақты әлеуметтік көріністе парасенсорлы тәжіриебенің шынайылығы өзін-өзі жетілдіру емшілік курстарда және тәжіриебелі мамандармен байланыс арқылы қатая түседі. Гиляровскийдің ойы бойынша “ұзақ уақыт санада басымдықпен көрінетін діни мазмұнды,психогенді галлюцинациялар кейіннен олардың көрініс беруіне әкеледі” [16]. Осындай идеогенді негізделген психогенді галлюцинацияларды E.Dupre елестету галлюцинациялары деп атады [14]. Зерттелушілерде галлюцинацияның мазмұны емшілердің дүниетанымдық позициясына сәйкес келеді және бақылаудың 90,0% иррационалды көзқарастың пайда болуы қабылдау бұзылысының пайда болу уақытына сәйкес келген. Емшілердегі сенсопатиялар адамдарды емдеумен байланысы болмаған жағдайда да олардың дүниетаным концепциясына сәйкес және діни мистикалық, фантастикалық сипатта болған. Психогенді галлюцинацияларды сипаттаудағы В.А.Гиляровскийдің анықтамасы “вынесенными во вне образами представлений, имеющих для них особую значимость” деп сипатталады [16]. Кейбір авторлар психогенді галлюцинациялар және өзгелермен көндірілген галлюцинациялар ұқсастығын сипаттайды [15, 17]. Көпшілік жағдайда (тактильді сенсопатиялар 93,0%, КМС - 74,6%, ЕМС - 51,4%) галлюцинаторлы ойлардың пайда болуы емшілердің биоэнерготерапия, психотехникалық әдістерді үйрену секілді сенсопатиялардың суггестивті әсерден пайда болуы гипотезсы туралы ойлауға толық негіз бар. Психикалық науқастарға сендірілген галлюцинациялық бейнелермен әртүрлі сенсопатиялардың мазмұны бірдей болуы емшілердегі галлюцинациялардың полиморфизміне сай келеді. Зерттелген галлюцинаторлық феномендердің әртүрлілігі пайда болуына субьекттің интеллектуалды қабілетінің белсенділігі сендірілген сенсопатиялардың пайда болуына эсер етеді [14]. Айтып кететін жай барлық зерттелушілер тактильді диагностика әдістерін үйренген. Осы оқу барысында оларға әртүрлі ойлардың актуализациясы және кейіннен емшілік дағдыларды жетілдіру үшін қолданылатын аутосуггестия әдістері үйретілген. Емшілермен топтық жұмыс олардың көнгіштігін жоғарылата түскен. Оған қосымша бір мұғалімнен тәлім алған емшілерде анық концепция және ұқсас дүниетанымдық көзқарас негізінде ұқсас галлюцинациялық бейнелер байқалған. Бір ұйымда жұмыс істеген (мысалы, емдеу-диагностикалық орталықта) биоэнерготерапевттер бір әдебиетті оқып, бір емдеу және диагностика әдістерін үйреніп, бір-бірімен ой толғап, талқылап, үнемі индуцирлену арқылы иррационалды сендіру сенсопатия аясының кеңеюіне әкелген. Емшілердегі КМС біртекті обьективті шындық және шынайы емес, жалған көркемділік “ішкі таныммен” қабылданып, сезім аясынан тыс экстрапроекцияға ие болған. Сонымен қатар осы сипаттар сендірілген галлюцинацияларға тән деген ойды Ю.И.Смоленцев сипаттаған [18]. Көзі ашық жағдайда сендірілген бейнелер науқаспен анық белсенділікпен байланыспайтындығын осы автор айтып кеткен. Осы жағдаймен респонденттердегі сезімдердің “жасандылығы” түсіндірілген. Сонымен психотехникалық әдістерді қолдану сенсориализацияның механизмдерінің дамуына үлесін қосады [15]. Суггестия және аутосуггестия практикалық емшілердегі сенсопатиялардың дамуына эсер етеді. Бұл ұйғарым аудиальды сенсопатияларға қарағанда тактильді жэне көру анализаторларының өзгерген қабылдау бұзылыстарына байланысты. Тактильді диагностика жэне “ішкі көру” эдісін үйрену емшілік практиканың негізі. Аудиальды феномендер негізінде байланыс - емшілердің ойы бойынша “жоғары дэрежелі шеберлік” ЕМС-лардың психотехникалық эдістерден басқа макро- жэне микроэлеуметтік факторларға байланысы емшілік практиканы рациональды тұрғыда қарайды. Осыған дэлел зерттеулерден кейін белгілі болғандай ЕМС-лардың пайда болуына органикалық өзгерістер эсер етеді. Қабылдаудың аудиальды бұзылыстарының феноменологиялық сараптамасы психикалық науқастардың псевдогаллюцинацияларына ұқсас. Сонымен емшілердегі ЕМС-дың генезі қабылдау бұзылыстарының кинестетикалық жэне көру сенсопатияларынан күрделірек. Емшілердегі сенсопатиялар олардың тэжіриебесінің маңызды бөлігі. Олардың анамнезіндегі қабылдау бұзылыстарының жиілігі зерттеу барысындағы есту жэне көру сенсопатияларын 2 түрлі қорытындылауға болады. Біріншіден байқалған жоғардағы қоршаған орта және суггестивті әсер қабылдау бұзылыстарының мазмұнына әсер етеді. Зерттеу барысында алынған экспериментальды мәліметтер осындай динамиканың байқалуына дәлел бола алады [19, 20]. Екіншіден КМС және ЕМС бар практикалық емшілердің ішінде анамнезінде сенсопатиялары бар емшілердің көбеюі өзге факторлармен қатар, қабылдау бұзылыстарының бар болуы оларда мистикалық, паронормальды көріністерге қызығушылық туғызып, соңында емшілік тәжіриебе, көріпкелділікке,контактерлікке әкеледі. Шындықты рациональды бағалайтын классикалық психиатрия тұрғысынан бұл тәжіриебе патология көрінісі ретінде баяндалып,қабылдаудың өзгерген феномені ретінде қалыпқа келтіретін іс-әрекетті қажет етеді. Дегенмен батыс елдерінде қазіргі кезде бұл көзқарасқа салыстырмалы ой пайда болған. Мәселен M.Romme и S.Escher, психатриядан тыс, көптеген адамдар дауыстарды естісе де,олармен бірге позитивті өмір сүріп, оларды тәжіриебе ретінде қолданатын адамдар бар екендігін айтады. Бұл адамдамдарды психикалық науқас деп бағалау - оларға беретін көмек емес [21]. Тұлғаның өзінің галлюцинацияларын түсіндіру кезіндегі механизмдерді сараптау барысында сенсопатияларды интерпретациялаудың 2 категориясы бөлініп алынған. Олардың ойы бойынша позитивті қорытындыға (галлюциналардың бар екендігін ескере отырып,адекватты әлеуметтік қызметі, асиммиляциясы, жалғасуы) осындай қатынасқа қауіпті қөзқарасты зерттеушілердің (Jung C., Roberts J., Assadgioli R., Atkinson J. және т.б.) еңбектері арқылы тараған ақпаратты, батыс қоғамында жайлаған қарым-қатынасты жеңу жатады. Галлюцинациялардың психологиялық тұрғыдан пайда болу үлгісіне: 1) дауыстар, есту және көру елестетушіліктерін ессіздіктен шығады деп есептейтін психодинамикалық үлгі; 2) өз назарын терең эмоциональды және физикалық жарақаттарды (инцест, жыныстық зорлау, киднеппинг және т.б) ығыстыруға бағытталған ассоциативтік теория; 3) дауыс және көру елестетушіліктеріне позитивті дамытушы функция және рухани даму элементі ретінде қарап, қорқыныштан арылтатын мистицизм; 4) галлюцинацияларды оң бағалайтын парапсихологиялық интерпретация. Осы үлгілермен жүретін адамдар өздерін дауыстар мен көрулерді басқаруды үйреніп, өздерінің сезімдерінің диапазонын кеңейтіп ерекше қабілет пайда болады деп ойлау керек.

Сыртқы, тұлға аралық сенсопатиялардан тыс негізделген “психологиялық емес” үлгілерге: 1) биологиялық психиатрия концепциясы; 2) спиритикалық концепция; 3) діни концепция жатады. Жалпы айтқанда айтылған позициялар оң және теріс нәтижелерге әкелуі мүмкін. Әрине әлеуметтік ортаның дауыстармен бірге өмір сүруді, өнімді қарым-қатынасты қолдамауы тұлға үшін диссимуляция,изоляция,үрейдің ұлғая түсуіне әкелетін жағымсыз жағдай. Бұл жағымсыз көзқарасқа адамдардың дауыстарды зомбилендірү және психотронды қару ретінде гипнотикалық әсер үшін қолданады деген ойы мысал бола алады. Зерттелген өзгерген қабылдаудың бұзылыстары феномендерінің ерекшелігі емшілердің өткерген немесе ағымдағы психикалық бұзылыстарына қатысы бар деп тұжырымдауға мүмкіндік бермейді. Дегенмен респонттердің тәжірибесінің парапсихологиялық, мистикалық, діни интерпретацияланған үлгілері жалпылай жағымды нәтижелерге әкелген. Олар дауыстар мен көрулерді басқару арқылы өздерінің шығармашылық өрлеуі үшін қолданған. Осылайша анамнезінде психотикалық бұзылыстары бар респонденттер үшін емшілік тәжірибе реабилитациялық фактор ретінде болады.

Тұжырымдар

  1. Классикалық психиатрия тұрғысынан тәжірибе алушы емшілердегі сенсопатиялар емдік - диагностикалық манипуляциялармен байланысты және одан тыс галлюцинаторлы, кинестетикалық, көру, есту модальдылығымен иллюзорлы ойларды қамтитын біртекті емес психопатологиялық феномендер тобын құрайды.
  2. Емдік-диагностикалық шаралармен,пайда болуы және психопатологиялық құрылымына байланысты тактильді және көру сенсопатиялары сендірілген (аффектогенді, гетеро- немесе аутосуггестивті галлюцинацилар), басым ойдың құрылуы мен стереотиптерді бекітуге назар аударатын (парапсихологиялық, діни және мистикалық концепциялар) және емшілік курстарында белгілі психотехникалық әдістердің тәжірибелік оқытылу түрінде жіктеледі.
  3. Көру әсіресе есту модальдылығымен галлюцинаторлы феномендер көптеген жағдайда психикалық науқастардың псевдогаллюцинацияларына ұқсас. Биоэнергоақпараттық терапия әдістерін үйренбестен бұрын қабылдау бұзылыстары бар емшілердегі есту және көру модальдылығымен сенсопатиялардың пайда болу мүмкіндігі жоғары.
  4. Емшілердің анамнезіндегі ОЖЖ-нің органикалық зақымдануы оларда аудиальды сенсопатиялардың пайда болуын жоғарылатады.
  5. Соңғы 5-7 жылда жалпы қоғамдық ойда түбегейлі өзгерістерге байланысты галлюцинациялық ойлар экстрасенсорлық тәжірибенің ажыратылмас бөлігі ретінде танылды. Материалды дүниетанымдық көзқарастан ажырап, батыс елдерінен тыс мәдени танымдардың енуі бұл түбегейлі өзгерістің мысалы болады.
  6. Қазіргі кезде емшілік қасиет өзіне тән компоненттермен әлеуметтік сұранысы бар белсенділік түрі болып табылады. Көп жағдайда емшілік индивидуальды дәрежеде галлюцинаторлы ойлармен селбесіп өмір сүру арқылы шығармашылық дамуға жағдай жасайды. Бұл шындық әр тұлғаның құндылығының құрылымында психиатрия стратегиясының психопатологиялық феномендердің әлеуметтік тұрғыда қайта қаралуын талап етеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Кондратьев Ф.В. Социально -культуральный фон России конца 20 века и его феноменологическое отражение // Социальная и клиническая психиатрия. - №2.- С. 135-139.
  2. Кондратьев Ф.В. Роль тоталитарных сект как нового патогенного фактора // Материалы XII съезда психиатров России. - М.: 1995. - С. 77-78.
  3. Глушак А., Наумова Н. //Релігія і церква в контексті реалій сьогодення. - Киïв: 1995. - С.8-9.
  4. Ragan C., Malony H., Beit-Hallahmi B. Psychologists and religion: Professional factors and personal belief // Rev. Religious Res. - 1980. - N21. - P. 208-217.
  5. Kroll J., Sheehan W. Religious beliefs and practice among 52 psychiatric inpatients in Minnesota // Amer. Journal of Psychiatry. - 1989.- №146. - P. 67-72.
  6. Bergin A., Jensen J. Religiosity of psychotherapists: a national survey // Psychotherapy. - 1990. - №27. - P. 3-7.
  7. Shafranske E., Malony H. Clinical psychologists' religious and spiritual orientations and their practice of psychotherapy // Psychotherapy. - 1990. - №27 Clinical psychologists' religious and spiritual orientations and their practice Ofpsychotherapy - P. 72-78.
  8. Lukoff D., Lu F., Turner R. Toward a more culturally sensitive DSM-IV // Journal of Nervous and Mental Disease. - 1992. - Vol.180. - №11. - P. 673-682.
  9. Al-Issa I. The illusion of reality or the reality of illusion. Hallucinations and culture // British Journal of Psychiatry.- 1995.- №166. - P. 368-373.
  10. Bentall R.P. The illusion of reality: a review and integration of psychological research on hallucinations // Psychological Bulletin. - 1990.- №107. - P. 82-95.
  11. Barret T.R.. Etheridge J.B. Verbal hallucinations in Normals I: People who hear voices // Applied Cognitive Psychology. - 1992.- №6.- P.379-387.
  12. Пивень Б.Н. Религия и церковь в контексте реалий // Журн. невропатологии и психиатрии им. Корсакова. - 1980. - №11. - С.1674-1679. 7. Полтавець В. Киев,1995.- С.60
  13. Березин Ф.Б., Соколова Е.Д. // Четвертый Всероссийский съезд невропатологов и психиатров: Тез. докл. - М., 1980. - Т.1. - C. 455458.
  14. Рыбальский М.И. Галлюцинаторные феномены и компьютерная диагностика. - М.: “Медицина”, 1992.- С. 160-165.
  15. Рыбальский М.И. Иллюзии, галлюцинации, псевдогаллюцинации. - М.: “Медицина”. - 1989. - 368 с.
  16. Гиляровский В.А. Учение о галлюцинациях. . - Послесл.А.Н.Голика - 2-е изд. - М.: Бином. Лаборатория знаний, 2003. - С.174-195.
  17. Старшенбаум Г.В. Психопатологический анализ образных переживаний, внушенных в гипнозе // Вопросы социальной и клинической психоневрологии. - М., 1976. - C.113-122.
  18. Смоленцев Ю.И. // Проблемы моделирования психической деятельности. - Новосибирск, 1968. - Вып. 2. - C.348-350.
  19. Barber T.X., Calverley D.S. Physiological effect of “hypnotic suggestions” // Journal of Abnormal and Social Psychology. - 1964. - №63. - P.13-20.
  20. Young H.F., Bentall R.P., Slade P.D. The role of brief instructions and suggestibility in the elicitation of auditory and visual hallucinations in normal and psychiatric subjects. // Journal of Nervous and Mental Disease. - 1987. - №175.- P.41-48.
  21. Romme M., Escher S. // Accepting Voices. Mind Publications / Ed. by M.Romme and S.Escher.- London: Granta House. - 1993. - P. 11-27.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.