Жалпы трахеостомиялық түтікті қою арқылы науқастарды арнайы апппарарттың көмегімен дем алдыруды ұзартудың маңыздылығы қай тұрғыдан болсын барынша дәлелденіп, практикалық тұрғыдан кеңінен қолданыс тапқан үрдіс екендігі белгілі. Кейінгі уақыттары бұл әдісті пайдалану тек қана хирургия, нейрохирургия саласында ғана емес, терапия саласында жиі кездесуде. Біршама ізденуші ғалымдардың еңбектерінде бұл әдістің тиімділігі тыныс алу жолдарының асқынған және ауыр түрлеріне ұшыраған науқастарды емдеуге қатысты атап көрсетілген.
Зерттеу нәтижесі: Осы айтылған мәселелерді ескере отырып, біз кейінгі екі жыл ішіндегі, яғни, 2013-2014 жылдардағы анестезиология және реанимация бөлімшесінде жасалынған трахеостомиялық түтік қоюдың динамикалық өзгерістеріне анализ жасауды жөн көрдік (кесте 1).
Кесте 1- Трахеостомиялық түтікшелеудің 2013-2014 жылдардағы жалпы саны мен салалық деңгейі
Саласы |
2013 |
2014 |
||
Саны |
% |
Саны |
% |
|
Нейрохирургия |
18 |
48,6 |
17 |
31,4 |
Хирургия |
11 |
29,7 |
14 |
25,9 |
Травматология |
3 |
8,2 |
8 |
14,8 |
Токсикология |
4 |
10,8 |
9 |
16,6 |
Терапия |
1 |
2,7 |
6 |
11,3 |
Барлығы |
37 |
100 |
54 |
100 |
Жоғары кестеде беріліп отырғандай, 2013 жылы жасалынған барлық 37 трахеостомиялық түтік қоюдың басым бөлігі (48,6 %) нейрохирургия саласы бойынша ем қабылдаған науқастарға тиесілі болса, ал одан кейінгі орында (29,7%) хирургия, токсикология (10,8%), травматология (8,2%) бөлімшелеріне тиесілі науқастар болды. Ал терапия бөлімшесіне қарасты науқастарға қойылған трахеостомиялық түтікшелеу саны бұл жылы бар жоғы екі науқаспен шектелген болатын.
Ары қарайғы сараптау нәтижесі 2014 жылы нейрохирургиялық науқастарға қойылған трахеостомиялық түтікшелеу санының 17 (31,4%) болып, өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріске ұшырамағандығын көрсетті. Хирургиялық салаға қатысты науқастар саны 11- ден 14-ке дейін артып, 25,9% деңгейге ие болды (сурет 1).
Сонымен қатар, травматология және токсикология саласына қатысты трахеостомиялық түтікшелеу деңгейі 14,8% және 16,6%-ке дейін артқандығы байқалды.
Ал терапия саласы науқастарға қойылған трахеостомиялық түтікшелеу саны 1-ден 6-ға дейін, 2,7 %-ден 11,3% -ге дейін артқандығын көрсетті.
Қорыта келгенде, ағымды және өткен жылдағы трахеостомиялық түтік қою манипулияцияның әр салаға қатысты орындалау барысын сараптау өткен жылдардағы қарағанда біршама өзгерістерге ұшырағандығын көрсетті. Атап айтқанда, бұл өзгерістің ауытқуы терапия саласына қатысты болғандығы байқалды.
Бұл тұста ұзақ уақыт созылған аппаратпен дем алдыру процедурасының тыныс жолдарының созылмалы дертіне ұшыраған науқастарды емдеу мақсатында қолданылғанын және де бұл процедураның барлық жағдайда оң нәтиже бергендігін атап өткен жөн деп есептейміз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Виленский B.C. Неотложные состояния в невропатологии. - Ленинград: 1986. - С.148.
- Кемпбелл С. Анестезия, реанимация и интенсивная терапия. - М.: 2000. - 264 с.
- Bouma GJ, Muizelaar JP: Cerebral blood flow in severe clinical head injury // New Horizons 3. -1995. - Р. 384-394.