Аталған мақалада Алматы қаласындағы репродуктивті жастағы әйелдер мен жасөспірімдер арасында йод жетіспеушілік деңгейін сауалнама алу, йодтың экскрециясы арқылы және тұз үлгілерін сараптау арқылы анықтау нәтижелері көрсетілген.
Өзектілігі. Йод жетіспеушілігін жою адам ақылының кеш дамуына әкелетін ең негізгі себеп болғандықтан, қоғамдық денсаулық сақтау мен нутрициология салаларының алға қойған шарттарының маңыздысы болып табылады. Өте аз мөлшердегі (шамамен күніне 100-150мкг) йод адам ағзасына қажетті мөлшерді қамтамасыз ететініне қарамастан, зоб, ұрықтың өлі туылуы, түсіктер, ми дамуының дефектілері, кретинизм, спастикалық әлсіздіктер, физикалық және ақылдың дисфункциясы сияқты патологияларды біріктіретін йод жетіспеушілік қалыптар мен бұзылыстар дүние жүзінің көптеген елдерінде маңызды шешілмеген медико-әлеуметтік мәселе болып отыр [1,2].
Ертеректе тек жекеленген Азия, Африка және Оңтүстік Американың таулы аймақтарында кездесетін йод жетіспеушілік мәселесі, қазіргі таңда, белгілі болғандай көптеген географиялық зоналарда орналасқан елді мекенге де қатерін туғызып отыр. Миллиардтан аса адам йодқа мұқтаж аймақтарда өмір сүріп жатыр.
Йод тапшылығының ең таралған көрінісі зоб болып саналады. Бірақ та, заман талабына сай йод жетіспеушілігі әсерінен туындайтын организмнің өсуі мен дамуын тежейтін бірқатар аурулар белгілі болып отыр.
Қазіргі таңда зоб дамушы елдерде жиі кездеседі, бірақ та Еуропаның да бірқатар елдерінде зобтың эндемиялық таралуы тіркелген. Осылайша, F.Delange, R. Gutekunst мәліметтері бойынша Болгарияда зобтың кездесу жиілігі 16-дан 61%-ға дейін, Польшада 25,4-тен 50,9%-ға дейін. Ал Хорватияда 26-дан 32%-ға дейін, Германияда йод жетіспеушілік аурулар өзінің көрсеткішін сақтап, 10 миллионнан астам неміске қауіп төндіріп отыр.[3,4] Қазақстанда топырақта, суда және тамақ өнімдерінде йодтың жетіспеушілігі мемлекетіміздің жартысында тіркелген, ал эндемиялық зобтың ошағы 14 облыстың 11-де кездеседі. [5,6]
2003 жылдың 14 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Йод жетіспеушілік аурулардың алдын алу» туралы заңға қол қойды. Аталған заңда «Қазақстан Республикасының шекарасында өндірілетін тағамдық және табындық тұз міндетті түрде йодталу қажет» делінген, ал 01.07.2011жылдан бастап Қазақстан Республкасы Кедендік одаққа кіруіне байланысты, ішкі нарықта міндетті йодтау туралы заң қабылданбаған Ресей мен Беларус елінен келетін йодталмаған тұз өнімдері пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты, ҚР тұрғындары сапалы йодталған тұзды тұтынуын мезгіл сайын тексеріп отыру қажет.
Йод жетіспеушілік жағдайларына репродуктивті жастағы әйелдер мен жасөспірімдер сияқты ұлт болашағына маңызды сезімтал топтар жиі шалдығады. Соңғы бірнеше жылда ұлттық деңгейде йод тапшылығы туралы зерттеулер жүргізілмегендіктен, жалпы Қазақстан мен әсіресе эндемиялық аймақ болып саналатын Алматы қаласы үшін өзекті де әлеуметтік маңызды микронутриентті зерттеу аса үлкен қызығушылық туғызып отыр.
Жұмыстың мақсаты:
Қала тұрғындарының айрықша топтарының йод жетіспеушілігі жайында ақпараттану деңгейі мен репродуктивті жастағы әйелдердің йодпен қамтамасыз етілуін анықтау.
Аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер іске асырылды:
- Алматы қаласы бойынша репродуктивті жастағы әйелдер мен жасөспірімдердің йод тапшылығы мен алдын алу жолдары туралы ақпараттану деңгейін анықтау;
- Фертильді жастағы әйелдер арасында йод жетіспеушілік жағдайлардың таралуын йодтың уринарлы экскрециясы арқылы анықтау;
- Зерттеуге алынған үй қожалықтарында қолданылатын тұз үлгілерін лабораториялық жағдайда йодпен қамтамасыз етілу деңгейін анықтау.
Зерттеу әдістері:
Зерттеу жұмысына арналған мәліметтер 2011 жылдың көктем, күз айларында Алматы қаласында жинақталды. Зерттеу нысандары ретінде 15-49 жасқа дейінгі репродуктивті жастағы әйелдер мен 11-17 жастағы аталған қалада соңғы бес жыл тұрғылықты өмір сүріп жатқан мектеп оқушылары таңдалып алынды. Бұл жастағы қала тұрғындары созылмалы йод жеткіліксіздігін эпидемиологиялық зерттеуге ең тиімді әрі ыңғайлы топ болып саналады.
Йод жетіспеушілік мәселесі, оның асқынулары мен алдын алу жолдары жайында қаланың репродуктивті жастағы әйелдері мен жасөспірімдердің ақпараттануын популяциялық деңгейде бағалау үшін репродуктивті жастағы әйелдерге 30 сұрақтан, ал жасөспірімдерге 27 сұрақтан құралған сауалнамаға жауап алынды.
Йод деңгейін анықтау мақсатымен зәр үлгілері репродуктивті жастағы 151 әйелден жинақталды. Бірақ зерттеуге 148 биоматериал жарамды деп танылды. Йодурия сараптамасы церий-арсенитті әдіспен, Санделл-Кольтхофф реакциясына негізделіп, зертханалық PD-303 спектрофотометрінде жүргізілді.
Тұз үлгілеріндегі йод концентрациясын анықтау мақсатымен мектеп оқушыларын үйлерінен тамақ дайындауға немесе тұздыққа қосатын тұз үлгілерін (шамамен бір шай қасық) алып келуді сұрадық. Тұз үлгілерін эпидемиологиялық зерттеулерде қолданылатын, калий йодатының мөлшерін анықтау үшін жартылай сандық тамшылау әдісімен іске асырдық [.].
Алынған нәтижелер
Йод жетіспеушілігінің адам ағзасына кері әсерін тигізетінін білесіз бе?- деген сұраққа зерттеуге қатысқан респонденттердің 77,48±3,39% білетінін айтты, ал қалған 22,52±3,39% бұл жауапқа теріс жауап қайтарды. Олардың ішінде йод жетіспеушілігінің адам ағзасына кері әсер тигізетінін білмейтін 30-39 жас аралығындағы арнайы орта білімді және толық емес жоғары білімді әйелдер екені анықталды (Сурет 1).
Ал йод жетіспеушілігінің әсерінен болатын ағзада туындайтын бұзылыстарды сауалнама жүргізілген репродуктивті жастағы әйелдердің 81,46± 3,16 %-ы атай аламыз деп жауап берді. Олардың ішінде білімінің деңгейіне байланыссыз барлық респонденттер йод жетіспеушілігі зобқа әкелетінін баса жауап берді. Остеохондроз бен колит йод жетіспеушілігі себебінен туындамайтынын толық емес жоғары және жоғары білімді әйелдер нақты білетіні анықталды. Бірақ олардың ішінде 5,56±1.90 және сәйкесінше 9,76±2,09% пародонтозды, 38,89±2,30 және сәйкесінше 34,10±3,42% есте сақтаудың төмендеуін де йод жетіспеушілігі салдарына туындайды деп жауап берді (Сурет 2).
Ал жалпы репродуктивті жастағы әйелдердің әрбір төртіншісі балалардың ақыл есінің кеш дамуы йод жетіспеушіліктің себебінен екенін білді.
Сіздің пікіріңізше, ағзадағы созылмалы йод жетіспеушілігінің нәтижесінде туындаған бұзылыстарды тоқтатуға бола ма?- деген сұраққа сауалнамаға қатысқан жасөспірімдердің 61,18±3,95%-ы тоқтатуға болады деп жауап берсе, 38,16±3,94%-ы бұл сұраққа жауапты білмейтіні анықталды, тоқтатуға болмайды деген жауап қайтарған респонденттердің үлесі 0,66%-ды құрады. Яғни мектеп оқушылары арасында әлі де болса ағарту жұмыстарын жыл сайын өткізіп отыру қажет деген шешімге келдік (Сурет 3).
Алматы қаласының йод статусын йодтың уринарлы деңгейі алынған 148 репродуктивті жастағы әйелдердің 22,97%-нда бойынша анықталды. Зерттеу барысында зерттеуге йод жетіспеушілігі анықталды, олардың 70,05%-нда жеңіл
дәрежедегі йод жетіспеушілігі, 20,58%-нда орташа дәрежедегі йод жетіспеушілігі анықталды (Сурет 4).
дәрежедегі йод жетіспеушілігі, ал 8,82%-нда ауыр
Йод жетіспеушілікті анықтау үшін медиананың көрсеткіші және зәрдегі йод концентрациясының дәрежесі ескеріледі. Қазіргі таңда популяция деңгейінде ағзаның йодпен қамтамасыз етілуін йодтың зәрмен экскрециялану мөлшерін анықтау ең ақпаратты және көрнекті әдіс болып отыр.
Зерттеуге алынған Алматы қаласының 148 репродуктивті жастағы әйелдердің йодтың орташа уринарлы экскрециялану деңгейі мен медианасы 1 кестеде көрсетілген.
Аймақ |
n |
Медиана |
Орташа шама |
СтО |
Алматы |
148 |
171,9 |
205,1 |
150,5 |
Қазақстан |
1339 |
176,9 |
216,0 |
162,7 |
Кесте 1 - Репродуктивті жастағы әйелдердің йодтың орташа уринарлы экскрециялану деңгейі мен медианасы (мкг/л)
Биологиялық материал үлгілеріне жүргізілген сараптау Алматы қаласының репродуктивті жастағы әйелдерден жинақталған зәрдегі йод концентрациясының медианасы 171,9 мкг/л болғаны анықталды, бұл зерттеу барысында ауыр дәрежедегі йод жетіспеушіліктің анықталуына қарамастан ДДҰ критерийлері бойынша қалыпты мөлшерге жатады.
Зерттеуге алынған мектеп жасындағы жасөспірімдердің 125-і үйлерінде қолданатын ас тұзының үлгісін зерттеу барысында алынған нәтижелер 2 кестеде көрсетілген.
Осылайша, жүргізілген зерттеу бойынша Алматы қаласы үй қожалықтарынан жинақталған тұздағы йод деңгейі (ppm немесе мг/кг) 25,7±0,43мг/кг болды.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Зерттеу жұмысының нәтижесіне сүйене келе, келесідей тұжырымдар жасалды:
1. Зерттеуге алынған аймақтағы фертильді жастағы әйелдер арасында йод жетіспеушілік жағдайлардың таралуын йодтың уринарлы экскрециясы арқылы анықтау нәтижесі (23%), жүргізіліп жатқан бағдарламалардың тиімділігімен қатар, кемшілік тұстары бар екенін де аңғартады.
2. Йод жетіспеушілік жағдайларды толық алдын алу өнімі соңында тұз тұтынушыға асқа қолдану үшін жеткенде, ретінде тағамдық ас тұзын 1 кг-ға 40±15 мг массалық үлесте тұздағы йод деңгейі 25,7±0,43мг/кг-ды құрады, бұл өз калий йодатымен байытудың тиімділігі анықталды. кезегінде талаптарға сай келеді.
Осылайша, «өндіруші - нарық - тұтынушы» тізбегінің
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Пилат Т.Л., Шарманов Т.Ш., Абдуллабекова Р.М., Костенко В.В. Основные принципы фармаконутрициологии. - Астана-Алматы- Шымкент: 2001. - С. 63.
- Искужинова Б.М., Городецкая А.В., Василенко О.Г., Рахметова А.А. О проблемах йододефицитных расстройствах в г. Костанае. Актуальные вопросы эндокринологии// Сборник научных трудов. - Алматы: 2002.- С. 149-150.
- Iodine Status Worldwide. - WHO Database on Iodine Deficiency. - 2004. - 56 p.
- Iodine and health. - WHO/NUT/93.1. - 9 p.
- Шарманов Т., Тажибаев Ш., Цой И. О роли, дефиците важнейших микронутриентов. - Алматы: Раритет, 2009. - 368 с.
- World Health Organization. Nutrition. Micronutrients. // Available at: http//www.who.int/nutrition/topics/micronutrients/en/index.html. Accesed 26 February 2006.
- Sullivan KM, HoustonR, Gorstein J, Cervinskas J. Monitoring universal salt iodization programmes. - PAMM/MI/ICCIDD. - Atlanta, Ga, USA: Rollins School of Public Health of Emory University, 1995. - 101 р.