Бұл мақалада соланидин және оның қасиеттері, оның халық медицинасында қолданылу жолдары туралы баяндалған.
Тақырыптың өзектілігі: Жыл сайын жаңа жоғары әсерлі стероидты дәрілік заттарды шығару көбейіп келеді. Бұл препараттардың көбі әсер ету спектрі кең болғанымен, қолдану аумағы шектелген және қарсы көрсетілімдері бар. Сол үшін жаңа стероидты құрылымды препараттарды өсімдік шикізатынан алу өзекті мәселенің оң шешімі болып табылады және өте үлкен теориялық және практикалық маңызы бар. Соланидин препараттары айқын антифугальды, антихолинэстеразды және кардиотоникалық әсерлер көрсетеді.
Зерттеу нысаны стероидты алкалоид - соланидин картоп гликоалкалоидтарының агликоны - Solanum tuberosum. Жаңа фармакологиялық белсенді қосылыстар түзу мақсатымен соланидиннің құрылым модификациялау үлкен қызығушылық тудырып отыр. Осы уақытқа дейін соланидин алудың негізгі және арзан көзі ретінде картоп түйіндерін пайдаланған, оны дайындау да аса қиындық тудырмайды.
Жұмыстың мақсаты: Картоп өскінінен соланидинді бөлудің оңтайлы технологиясын таңдау және алынған фармакологиялық белсенді заттың стандартизациясын жүргізу
Кіріспе. Стероидты алкалоидтардың негізінде стероидты қосылыстар болады. Олардың гетероциклдарының құрамындағы азот атомы сілті қасиеттерін береді. Гликоалколоидтар көбінесе алқа тұқымдастарында, лалагүл тұқымдастарында табылған.
Агликонның құрамына байланысты 2 топқа бөлінеді:
- спиросолан алкалоидтар
- соланидан алколоидтар
Соңғы уақытта стероидты гликозидтерге деген қызығушылықтар артқан сайын түрлі бағытта зерттеулер жүргізілуде. Бір жағынан, табиғи қосылыстардың бұл тобы фармация саласында гормональды препараттардың синтезі үшін қолданылады. Екінші жағынан, тірі ағзаға кең спектрлі биологиялық әсеріне қарай стероидты гликозидтерге деген сұраныс жоғары. Берілген қосылыстың бірнеше қауіпті ісік түрлерінің өсін тежеуде, қандағы холестерин мөлшерін төмендетуде және жануарлардағы алмасу процестерін ынталандырушы қасиеттері, сондай-ақ фунгицидті, микробқа қарсы, вирусқа қарсы қасиеттері анықталған. Стероидты гликозидтер ревматизм, бронхиальды астма, гемолитикалық анемия және гемодиатезді емдеуде өте тиімді әсер көрсетеді.
Гликоалколоидтың ең көп таралған түрі - Картоп гликоалкалоиды соланин (генин — соланидин). Соланин көптеген емдік қасиетке ие. Тамырлар мен қантамырларды күшейтеді, ауру басатын, зәр айдаушы, қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, жара жазушы, спазмолитикалық әсерге ие және артериалды қысымның қалыпқа келуіне,адамдар мен жануарларда микоз тудырушы көптеген вирустар мен саңырауқұлақтардың таралмауына, алтын стафилакоктардың көбеюін тежеуге көмектеседі. Обыр ісігі, асқазан ойық жарасына, бауыр, жоғары тыныс алу жолдарының, туберкулез, диабет ауруларын емдеуде қабілетті. Ағзаға жасартқыш әсерге ие.
Алкалоид соланин картоп бөлігінің: гүлдерінде, жапырақтарында, сабағында, өскіндерінде және жемістерінде кездеседі. Алайда соланиннің картоп бөліктерінде кездесуі әртүрлі. Соланиннің көп бөлігі өскіндерінде, картоптың жасыл түйіндерінде, гүлдерінде кездеседі.
Зерттеу нысаны стероидты алкалоид - соланидин картоп гликоалкалоидтарының агликоны - Solanum tuberosum. Жаңа фармакологиялық белсенді қосылыстар түзу мақсатымен соланидиннің құрылым модификациялау үлкен қызығушылық тудырып отыр. Осы уақытқа дейін соланидин алудың негізгі және арзан көзі ретінде картоп түйіндерін пайдаланған, оны дайындау да аса қиындық тудырмайды.
Қорытынды. Халық медицинасында үнілетін болсақ картоп өскіні ерте бастан әртүлі емдік қасиеті болуынан кеңінен қолданылған. Себебі картоп өскіні құрамында соланидин фармакологиялық әсері өте жоғары. Картоп өскінінен соланидинді алу технологиясы қарапайым және экономикалық тұрғыдан тиімді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- Байзолданов Т. Суппозиторий на основе стероидного алкалоида-соланидина // Медико-социальные и психологические проблемы современности. - 2012. - № 42. - С. 343.
- Байзолданов Т., Балпанова Д.Т., Кожамжарова А.С. К возможности безотходного использования местного сырья // Вестник КазНМУ. - 2013. - № 5(3), - С. 43-44.
- Большешапова Н.И., Вильчинская М.В., Бурлов С.П. Вкусовые качества нематодоустойчивых сортов картофеля в иркутской области. // Научные исследования и разработки к внедрению в АПК. - Иркутск: ИрГСХА, 2013. - С. 12-15.
- Bushway R.J., Bureau J.L., McGann D.F. Alpha-chaconine and alpha-solanine content of potato peels and potato peel products. - 1983. - С. 84-86 .
- Усенова Г.К., Жанедилов А.У., Байзолданов Т.Б., Кожамжарова А.С. Изучение процесса выделения суммы гликоалколоидов-соланинов и соланидина из прорастающих клубней картофеля // III Всероссийская научная конференция студентов и аспирантов с международным участием «Молодая фармация - потенциал будущего». - СПб., 2013. - С. 209-210.