Мақалада адам ағзасындағы қант мөлшерін азайтуға арналған дәрілік бақбақтан жасалатын экстракт дайындау туралы мәліметтер қамтылып жүйелендірілген. Қант диабетімен аурушылдықтың алдын алу және емдеу мәселелері және дайындалатын экстракттың әсері зерттеледі.
Әлем бойынша 2010 жылғы жағдайға сәйкес шамамен 285 миллион адам қант диабетіне шалдыққан.Ал 2011 жылы 366 миллион адам тіркелген.Салыстыратын болсақ, 1985 жылы 30 миллион адам осы аурумен ауырған. 15 жылдан соң бұл сан 150 миллионнан асты. Ал қазіргі кезде қант диабетіне шалдыққан адамдардың саны әр 12-15 жыл сайын екі есеге көбеюде. Сондықтан, қант диабетімен күрес бір сәткеде төмендемеуі қажет. Әр түрлі өсімдік шикізатынан қант диабетімен аурудың алдын алу және емдеу мақсатында дайындалатынфитопрепараттар алу өзекті мәселе.
Қант диабеті— бұл қандақант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі - инсулин қолдану ұсынылады. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздыңзат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршігінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршігін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады.
Қант диабетін емдеудетабиғи шикізатты пайдалану тиімді және қолжетімді. Бірақ, біздің тауарайналымымызда табиғи негіздегі препараттарға қарағанда синтетикалық препараттар тауар қорының көп бөлігін құрайды. Олардың жанама әсерлері көп және бағасы жағынан қарапайым тұрғындарға қол жетімсіз болып келеді. Сол себепті, қант диабетімен аурушылдықтың алдын алуға арналған фитопрепаратты қолжетімді бағада тауарайналымына енгізу маңызды мәселенің бірі. Өсімдік шикізатынан фитопрепарат алу оңай және көп зерттелген әдістемемен жасалады. Фитопрепарат - өсімдік шикізатынан, яғни оның жер үсті бөліктерінен, жер асты бөліктеріненнемесе олардың экстрактынан алынатын дәрілік түр. Фитопрепараттар адамның иммунитетін көтеруге, сауықтыру мақсатында немесе қандай да бір аурудың алдын алу үшін халық медицинасында кеңінен қолданылады.
Фитопрепарат алу мақсатында бақбақ ерте заманнан-ақ қолданысқа ие болған. Бақбақ — күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда бақбақтың 59 түрі бар, оның 23-і сиреккездесетінэндемик өсімдіктерболыпсаналады. Еңкөптараған түрлері: дәрілікбақбақ (Taraxacumofficinalis L.), қызыл жемісті бақбақ (Taraxacumerythrospermum Andrs.), ақгүлді бақбақ (Taraxacumleucanthum Ledeb.), бессарабик бақбағы (Taraxacumbessarabicum Hand.-Mazz.), көксағызбақбағы. Оларшалғынды, көгалдыжерлерде, жолжиегінде, тау бөктерлерінде өседі. Еуропада, Жапонияда, Индияда және АҚШ-да мәдениеттендіріледі. Биіктігі 4 — 30 см-дей, сабағықуыс, жапырақсыз, тықыр, сүттішырындыболады.
Жапырақтарықауырсынпішіндес, жиегітегіс, тамырмойнынаайналашоғырланады.
Гүлдеріқосжынысты, сарытүсті, тостағаншадөңгеленіпсабақұшындаорналасады.
Сәуір — мамырайларындагүлдейді, мамыр — маусымдажемісбереді. Жемісі — дәнек, олжелментарайды. Бақбақтыңтамыры мен сабағыдәрілікмақсатқакеңінен қолданылады.
Бақбақтың жапырақтарында каротиноидтық заттар, С және В2 витаминдері бар. Жапырақтарынан және гүл сабақшаларынан қант ― инозит табылған. Тамырлары мен жапырақтарындағы сүтсияқты шырыш және ащы зат ― гликозид тараксацин бар. Тамырларында крахмалдың орнына, әсіресе күзде, 25% дейін инулин жиналады. Жапырақтарындағы ашқылтым дәмінен құтылу үшін жапырақтарды әбден ағарғанға дейін сабанмен бүркейді немесе жапырақтың кесінділерін 30 мин тұзды суда ұстайды, ашқылтым дәмі қайтқанда және қуырғанда кетеді. Тағамға, әсіресе көктем кезінде, маринадталған гүл сабақшаларын да пайдаланады, ал қуырған тамырларын кофе орнына ішеді. Емдік мақсатқа жапырақтары мен тамырларының сөлін тәбет ашатын,асқорытуды жақсартатын және қан
тазартатын дәрі ретінде пайдаланады. Бақбақтан дайындалған тағам бауырды жақсартады және зат алмасуды реттейді. Әр түрлі халықтың медицинасында тамыр мен құрғақ шөптің қайнатпасын асқазанның әр түрлі ауруларына, өт айдайтын,іш босататын, қақырық түсіретін дәрі ретінде, сондай-ақ май толық сіңбегенде қолданады.Атеросклерозды, анемияны емдеуге де болады.Тамырдан істелген ұнтақтар әр түрлі тері ауруларына және пигмент дақтарын кетіруге пайдаланады.Тамырында табылған бағалы полисахарид - инулин, адам ағзасындағы қант мөлшерін азайтатын қасиетке ие. Бақбақ шикізаты өте бағалы және Қазақстанның шикізат қоры бұл өсімдікке бай.Бақбақ шикізатын пайдалану мақсатында алдымен экстракт алу технологиясы жолға қойылады. Экстракттар- кептірілген өсімдік немесе жануар тектес шикізаттардан алынатын сұйық, қатты немесе қою консистенциялы концентрленген препараттар.Экстракция процессі деп қатты немесе сұйық заттардың қоспаларын таңдамалы еріткіштер, яғни экстрагент көмегімен бөлуді айтамыз. Біздің жұмысымызда экстракцияның қатты зат-сұйықтық жүйесіндегі түрі қолданылады. Яғни, дәрілік бақбақ тамырын ұсақтап оған қажетті экстрагентті (су, спирт, СО2 газы) қосу арқылы экстракт алу.
Кейбір жағдайларда экстракцияланатын материалдарды алын-ала өңдейді, мысалы ферменттерді әлсіздендіру, ұсақтау немесе майсыздандыру мақсатында өңделеді.Экстракттарды мацерация, перколяция немесе сәйкес келетін басқа валидирленген әдістермен қажет еріткіштерді қолдану арқылы алады.
Осылайша, бізтүрлі экстрагенттерді пайдалана отырып экстракция әдісі арқылы дәрілік бақбақ тамыры құрамындағы биологиялық белсенді зат инулинді анықтап, инулин жоғарғы мөлшерде анықталған экстракт көмегімен қант диабетіне қарсы фитопрепарат дайындау үшін зерттеулер жасауды алға мақсат етіп қойып отырмыз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- Куприянов А.Н., Хрусталева И.А., Манаков Ю.А., Адекенов С.М. Определитель сосудистых растений Каркаралинского национального парка - КРЭОО «Ирбис». - Кемерово, 2008. - 264 с.
- Яковлева Г.П., Блинова К.Ф. Энциклопедический словарь лекарственных растений и продуктов животного происхождения. - СПб.: СПХФА, 2002. - 189 c.
- Чуешов В.И. Промышленная технология лекарств. - Харков: НФАУ МТК-Книга, 2013. - 273 c.