Бұл мақалада интровагиналды дәрілік қалып түріндегі суппозиторийдің оптималды құрамын физико-химиялық және технологиялық зерттеулер жүргізу көмегімен құру нәтижелері көрсетілген.
Фармацевтикалық өндірісте өндірілетін дәрілік заттардың әсерінің төмендігі және көптеген дәрілік заттардың бағасының қымбат болуы жаңа дәрілік заттарды өндіруге деген қажеттілікті туындатады. Емнің дұрыс жүргізілуі дәрілік заттардың дұрыс таңдалуына ғана емес, оның енгізілу жолына да байланысты. Көптеген дәрігерлер интровагинальді жолмен енгізілетін дәрілік заттарға қолдау көрсетеді және оның келесідей жақсы жақтарын сипаттайды: жергілікті қабыну орталықтарына дәрілік заттардың жылдам сіңуі және әсерінің ұзақ сақталуы, зиянды әсерінің төмендеуі, бірнеше дәрілік заттарды қатар қолдануға болатындығы және т.б. [1].
Фармацевтикалық нарықтағы интровагинальді инфекцияларды емдеуге арналған дәрілік заттардың ассортиментін әдебиеттер көмегімен зерттеу арқылы біз осы бағыттағы қолданылатын дәрілік қалыптардың ішіндегі ең тиімдісі - суппозиторийлер екендігі анықталды. Олар қолдануға ыңғайлы, ауырсыну сезімін тудырмайды, шағын, құрамындағы әсер етуші заттары берілген дәрілік қалыпта өте аз мөлшерде ғана жанама әсер көрсетеді және көмекші заттарды дұрыс таңдаған жағдайда жоғары биотиімділік көрсетеді.
Суппозиторийлердің құрамын құру үшін негізгі және көмекші заттарды таңдап, олардың оптималдық құрамын құру қажет.
Синтетикалық дәрілік заттарды өндірудегі жетістіктерге қарамастан дәрілік өсімдіктерден жасалынған дәрілік заттарға қызығушылық жоғарылауда. Дәрілік өсімдіктер дәрілік заттарды алудың маңызды көзі болып қалуда. Дәрілік өсімдіктер жайлы жазбалардың ішінен ең көп қолданылатын дәрілік өсімдік шикізатын және оның ішінен көп кездесетін дәстүрлі үйлесімдегі және рецепттегі әсер ететін келесідегі құрамды құрдық: сүйелшөп шөбі, қырықбуын шөбі [2].
Суппозиторийлердің құрамын алу мақсатында негіздердің гидрофобты, липофильді және дифильді түрлері зерттелінді. Олар:
Какао майы - табиғи триглицеридтердің қоспасы, яғни глицериннің пальмитин, лаурин, стреарин және т.б. қышқылдарымен қосылған күрделі эфирі. Қышқылдық саны 2,25, йодтық саны 32-38. Какао майы температураның қысқа интервалында, яғни 30- З40С мөлдір сұйықтыққа айналады. Құрамында қанықпаған май қышқылдарының күрделі эфирлерінің жоғары мөлшерде (30%) болуына байланысты жылдам тотығады және бұл жағдайда ол ағарады.
Қатты аспаздық май А, В. Қатты май құрамы глицериннің табиғи негіздегі май қышқылдарымен этерификациясы немесе табиғи майларды қайта этерификациялау нәтижесінде алынған моно-, ди- и триглицеридтер қоспасынан тұрады. Сынғыш балауыз тәрізді ақ немесе ашық сары крем түсті, өзіне тән иісі бар масса. 50 °С температураға дейін субстанция түссіз немесе ашық сары түсті сұйықтыққа айналады.Тазартылған суда мүлдем ерімейді, этанолда аз ериді.
Желатинді-глицеринді негіз. Құрамы: Желатин - 1, су - 2, глицерин - 5 бөлік. Қою, шәрбәт тәрізді сұйықтық, иіссіз, гигроскопиялық қасиет көрсетеді.
Полиэтиленоксид 400. Түссіз немесе әлсіз сары түсті мөлдір тұтқыр өзіне тән иісі бар сұйықтық. Гигроскопиялық қасиетке ие. Тазартылған суда, ацетонда және 95 % этил спиртінде өте оңай ериді, диэтил эфирінде мүлдем ерімейді.
Ақ, сарығыш немесе сұр түсті балауыз тәрізді бөліктер, ұнтақ немесе тығыз масса. Тазартылған суда, 95 % этил спиртінде және хлороформда ериді, диэтил эфирінде мүлдем ерімейді.
Витепсол W-35 (Witepsol) ТШ 3-2004. Витепсол W-35 балқу температурасы 33,5-35,5°С табиғи тағамдық С12-С18 май қышқылдарының триглицеридтермен, аз мөлшерде осы қышқылдардың моно- және диглицеридтерінің қоспасы. Ақ немесе сарығыш ақ түсті балауыз тәрізді, сынғыш бөліктер, гранулалар немесе пластинкалар. Қыздырғанда сарығыш майлы тұтқырлығы төмен сұйықтыққа айналады. Өзіне тән иісі бар. Эфирде, хлороформда, бензолда, трихлорэтиленде және тағы басқа органикалық еріткіштерде ериді, суда мүлдем ерімейді
Сусыз ланолин. Қой жүнінің шайырынан алынады. Тұтқыр, қою, сары түсті, өзіне тән иісі бар май.
Суппозиторийлердің құрамындағы заттардың босап шығуын жеңілдетеді [3, 4].
Суппозиторийлердің оптимальды құрамын таңдау үшін 6 түрлі композициялар алынды. Композициялар ингредиенттерін құрастыруда келесі
фармацевтикалық факторлардың: негіз табиғаты мен мөлшері, суппозиторийлік масса біркелкілігі, толық деформациялану уақыты, балқу температурасы, суппозиторийлер өндірісінде қолданылатын технологиялық операциялар мен аппаратуралар әсерлері есепке алынды. Осы аталған факторлардың барлығы суппозиторий негіздерінен белсенді заттардың босап шығуы, сонымен қатар оның толықтығы мен сіңірлу жылдамдығына айтарлықтай әсер етеді [5].
Суппозиторий құрамына үлкен сүйелшөп және дала қырықбуыны СО2 қою экстракттарынан қоспасынан тұратын белсенді заттарды негізге оның балқытылған бір бөлігінде арасластырлған концентрат түрінде енгіздік. Суппозиторий модельдеріне активті ингредиенттердің суппозиторийлік массада біркелкі таралуын, суппозиторийлік масса біркелкілігін, механикалық беріктігін және физикалық үрдістерге олардың тұрақтылығын жақсарту үшін беттік активті зат - сусыз ланолин қосып, тәжірибе жүзінде осы заттардың аталған қасиеттерді қамтамасыз ете алатынын анықтадық.
Суппозиторийлерді өндіру әдістерінің ішінен қолданылып жүрген құю әдісі таңдап алынды, бұл әдіс қолдануға ыңғайлы және экономикалық тиімді.
Суппозиторийлерді дайындау үшін липофильді негіздерді жеке - како майы, қатты май, витепсол, сонымен қатар гидрофильді негіздер - глицерин және желатин, полиэтиленоксид (ПЭО) 400 және 1500 2:8 қатынаста қолданылды. Қолданылған негіздер модельдері №1 кестеде келтірілген.
Кесте 1 - Алынған негіз модельдері
Құрамындағы заттардың атауы |
Модельдер |
|||||
J |
II |
III |
IV |
V |
VI |
|
Үлкен сүйелшөп шөбінің қою экстракты |
0,15 |
0,15 |
0,15 |
0,15 |
0,15 |
0,15 |
Дала қырықбуынының қою экстракты |
0,05 |
0,05 |
0,05 |
0,05 |
0,05 |
0,05 |
Қатты май |
¯¯28 |
|||||
Витепсол |
¯¯28 |
|||||
Полиэтиленоксид-400 |
¯¯ŌД |
0,45 |
||||
Полиэтиленоксид-1500 |
¯¯23 |
2,35 |
||||
Сусыз ланолин |
¯¯ŌД |
|||||
Желатин |
1,15 |
|||||
Глицерин |
1,65 |
|||||
Какао майы |
¯¯28 |
|||||
¯¯Зō |
¯¯3ō |
¯¯3ō |
¯¯3ō |
¯¯3ō |
¯¯3,Ō |
Тәжірибе жүзінде 4 гидрофильді полиэтиленоксидтік негіздерде липофильді экстракттар концентраттарынан тұратын белсенді заттармен араластырғанда
гомогендеу кезінде суппозиторийлердің қабаттарға бөлінуі анықталды.
- модельде негіздерде сынауға алынған фармацевтикалық факторлар: белсенді заттардың суппозиторий массасында біркелкі таралуы қамтамасыз етілді, бірақ балқу температурасы 31,6°С болды. Бұл жағдай суппозиторийлерге қойылатын технологиялық талаптарға сай келмейді.
- модель суппозиторий массаларының біркелкілігіне
жасалған тест сынауларына сәйкес келмеді және структуралық-механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері төмен болды, сонымен қатар модельдің балқу температурасы төмен, яғни қойылатын талаптарға сай келмейді.
Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты және кестеде келтірілген деректерге байланысты 4,5,6 модельдеріндегі негіздер ары қарай зерттеуден алынып тасталды.
Суппозитоийлердің және олдарың негіздерінің балқу температурасын ашық капиллярлық әдіс бойынша ҚР МФ І, 1т. анықтадық. Суппозиторийлердің балқу температурасы 37°С аспайды.
Толық деформациялану уақытын ҚР МФ І, т. фармакопеялық әдіс бойынша анықтадық. Толық деформациялану уақыты 15 мин аспайды.
Кесте 2 - Модельдердің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін зерттеу нәтижелері
Модельдер |
Сапа параметрлері |
|||
Суппозиторийлер массасы |
Масса біркелкілігі |
Толық деформациялану уақыты, мин |
Балқу температурасы, °С |
|
¯3ō |
+ |
^6,2 |
35,1 |
|
¯¯2 |
¯3ō |
+ |
^^6,2 |
35,5 |
¯30 |
+ |
^^6∕7 |
35,6 |
|
~4 |
¯30 |
+ |
^^6∕7 |
35,6 |
“5 |
¯30 |
+ |
^^6,2 |
31,5 |
^6 |
¯30 |
- |
^6,2 |
31,6 |
Зерттеулерді ары қарай жалғастыру үшін 1,2,3 модельдер таңдап алынды.
Біздің зерттеуіміздің келесі сатысы, алынған суппозиторийлерге микробиологиялық және биофармацевтикалық зерттеулер жүргізу болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- Мусаева С. Э. Разработка некоторых вагинальных форм на основе сухого экстракта солодки с антигерпетическим действием// Проблемы фармацевтической науки и практики. 2013. - 173 с.
- Панкрушева Т.А., Зубова С.Н., Медведева О.А., Нестерова А.В., Козорез Ю.А. Суппозитории для лечения бактериального вагинита.//Вестник ВГУ. Серия: Химия. Биология. Фармация. 2004. -№ 2.- С. 249 - 253.
- Панкрушева Т.А., Автина Т.В., Покровский М.В., Медведева О.А. Исследования по разработке суппозиториев для лечения вагинального кандидоза// Научные ведомости Белгородского государственного университета. Серия: Медицина. Фармация. 2010. - Т. 22. - № 12-2. - С. 40-46.
- Ерофеева Л. Н. и др. Разработка и исследование суппозиториев// Университетская наука: теория, практика, инновации. - 2008. - 60 с.
- Маринина Т.Ф., Савченко Л.Н., Саенко А.Ю., Куль И.Я. Разработка состава, технология и анализ суппозиториев противовоспалительного действия// Кубанский научный медицинский вестник. 2010. - № 3-4. - С. 125-128.