Ақпараттық ізденіс нәтіжесіне сүйене отырып, төменде берілген мақалада қазақсатандағы жөтелге қарсы препараттардың әсері зерттелді. Соның ішінде табиғи шикізаттан алынатын дәрілік препараттар мен синтетикалық жолмен алынған препараттар теориялық түрде салыстырылды.
Жөтел - адамның қорғаныс қасиеті болып табылады, өздігінен жеке бір ауру емес, жұтқыншаққа немесе тыныс алу жолдарына бөгде зат түсіп кеткен жағдайда, шырышты қабаттың тітіркенгенен пайда болады. Сонымен қатар трахея, бронхтардың және жұтқыншақтың қабынуынан болады. Кейбір жағдайда тыныс алу ағзаларымен байланысы жоқ болуы мүмкін, сондықтан фармацевттер жөтелмен келген науқасқа кеңес бергенде мұқият болу маңызды.
Жөтелдің созылу ұзақтығына байланысты: жедел- өтпелі (3 аптаға дейін), жедел (3 тен 8 аптаға дейін), созылмалы (8 аптадан ары) жіктеледі. Көп жағдайда бронхит, ларингит аурулары дер кезінде емделмеген жағдайда жеделден созылмалыға өтуі мүмкін. Мысал ретінде бронхитті алайық. Бронхит — бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы немесе түтікшелердегі инфекция. Бронхит болғанда жөтелде шуыл болады, көбіне сілекей немесе қақырық түседі. Дәріханаға жөтелмен шағымданып келетін науқастардың 30% жуығы бронхитпен ауыратын адамдар. Қазақстанда статистикалық мәліметтерде бронхитпен ауыратын адамдардың аурушаңдық көрсеткіші 2010 жылы 100 мың халық санына - 313,5 және 2011 жылы - 321,0. 2010 жылғы мәліметтер салыстырғанда 2011жыл азғана төмендегенін байқауға болады. Бірақ 2011 жылы ОҚО ересек адамдар, жасөспірім және балалар арасында аурушаңдық көрсеткіші жоғарлады.ОҚО халықы арасында аурушаңдық көрсеткіші 100000 тұрғынға санағанда 668,2 жағдай кездеседі, республика көрсеткішінен екі есе жоғары (321,0), балалар - 772,0 және жасөспірім арасында - 760,3. Екінші орында Ақтөбе облысы (399,8) және үшінші орында Алматы облысы (396,1). Жасөспірімдер арасында 15-17 жас Алматы облысы екінші орында болса (732,3), ал Жамбыл облысы үшінші (608,5). Балалар арасында 014 жас Кызылорда облысы (499,8), сосын Жамбыл облысы (360,4). Жалпы жөтелмен байланысты аурулармен жиі аурытандар балалар және қарттар болып табылады. Емделу жолдары бірі дәрілермен емделу болып табылады.
Жөтел кезінде қолданылатын дәрілер: жөтел түрлеріне қарай, алыну көздері бойынша, шығарылу қалыптары бойынша жіктеледі. Түрлері бойынша құрғақ және ылғалды . Құрғақ жөтел - қақырық түзілмейді (ларингит, құрғақ плеврит, шылым шегушінің жөтелі және кейбір аурулардың бастапқы сатысында). Ылғалды жөтел – қақырық бөлінетін (жедел респераторлық аурулар, созылмалы бронхит, пневмония, туберкулез, бронхоэкстатикалық аурулар) .
Алыну көздері бойынша табиғи және синтетикалық болып бөлінеді. Табиғи шикізаттар 80% өсімдік қолданылады. Синтетикалық түрге қақырықты сұйылтатын ацетилцистеин атап айтсақ болады.
Дәрілік қалып түрінде алуан түрі бар, жақпа май ретінде сыртқа қолданылатын, сорғыш таблетка ретінде , инъекция , шәрбат , ерітінді және таблетка ретінде кең қолданыста.
Осы түрлеріне байланысты Қазақстан Республикасының нарығындағы препараттарға маркетингтік талдаулар жүргізілді.
1-кесте - Қазақстан нарығында құрғақ жөтел кезінде қолданылатын препараттар
Халықаралық патенттелмеген атауы |
Саудалық атауы |
Фармакологиялық қасиеті |
Тағайындалуы мүмкін |
||
Жүктілік |
Балаларға |
Қартта рға |
|||
эфедрин гидрохлорид +глауцин гидробромид |
Бронхолит ин сироп |
Жөтел орталығын тежейді, бронхоантисептика лық әсер көрсетеді |
I-ші триместрде болмайды |
3-жастан асқан |
Дәріге рдің кеңесі мен |
Бутамират |
Антитус,Б утамир, Синекод(ш әрбат ересектерг е, ерітінді- балаларға ) |
Жөтел орталығының қозуын төмендетеді,шыры шты қабатты тітіркендіреді, бронхты кеңітеді, қақырық түсіретін және қабынуға қарсы әсер көрсетеді |
I-ші триместрде болмайды |
2 айдан асқан |
+ |
Преноксдиазин |
Либексин |
Тыныс алу жолдары шырышты қабатының перефериялық сезімтал рецепторларының қозуын төмендетеді және жөтел орталығының белсендігін төмендетеді. |
+ |
6 жастан асқан |
+ |
Гвайфенезин+ дигидрогенцитрат бутамират |
Стоптусси н, Туссин Плюс |
Перефериялық рецепторларды жергілікті жансыздандыру арқылы бронхолитикалық және жөтелге қарсы әсер көрсетеді. Гвайфенезин қақырық түсіретін әсері бар. |
I-ші триместрде болмайды, II-III триместрде өте қажет болғанда |
3 жастан асқан |
Айыры қша сақтық пен қолдан у керек |
Жолжелкен шөбінің және мальва гүлінің экстракты |
Гербион жолжелке н шәрбаты |
Шәрбаттың құрамындағы шырыш тыныс алу жолдарына қорғаныс қабатын түзіп, жөтел орталығын қоздыратын заттарға бөгет жасайды. |
+ |
2-кесте - Қазақстан нарығында ылғалды жөтел кезінде қолданылатын муколитикалық және қақырық түсіретін препараттар
Халықаралық патенттелмеген атауы |
Саудалық атауы |
Фармакологиялық қасиеті |
Тағайындалуы мүмкін |
||
Жүктілік |
балаларға |
қарттарға |
|||
Амброксол |
Амбробене, Амбро, Лазолван,Амброксол, Амбросан, Амбролан, Мукасол,Секразол, Флавамед , Халиксол |
Өзгерген бронхөкпе секрециясын қалыпқа түсіреді,қақырықты ң тұтқырлығын азайтып,оның реалогиялық көрсеткіштерін жақсартады және қақырықты бронхтардан шығарылуын жақсартады. Сурфактант түзілуін және шығарылуын көтермелейді. |
I триместрінде |
+ |
+ |
Ацетилцистеин |
Флуимуцил, N-АЦ- ратиофарм, АЦЦ |
Мукополисахаридті к тізбектер арасындағы дисульфидтік байланысты үзеді және ДНҚ (іріңді қақырықта) деполимеризациял аушы әсер етеді.Осы механизмдердің арқасында қақырықтың тұтқырлығы азаяды. |
I триместрінде болмайды, II – III триместрінде дәрігердің қадағалауымен |
+ |
+ |
Бромгексин |
Бромгексин(Химфарм, БЗМП, ФК Здоровье, Биосинтез және т.б.) Бромгесин Берлин- Хеми,Бромгексин Гриндекс |
Бронхиальдық жүйеде секреторлық және секромоторлық әсерлерді жандандырады. Эндогенді сурфактанттың түзілуіне,бронхөкпе сөлінісінің реалогиялық қасиеттерін, тыныс алу жолдарымен қақырықтың эпителия арқылы жылжуын және бөлінуін жақсартады. |
I триместрінде болмайды |
+ |
+ |
Карбоцистеин |
Флюдитек, Флуифорт |
Шырышты қабықтан шырыш бөлінуін азайтып және оны сұйылтады. |
Қолдануға болмайды |
2 жастан асқан |
Айырықша сақтықпен қолдану керек |
Гвайфенезин |
Туссин |
Сілекейдің бөлінуін және трахей мен бронхтың цилиарды эпителий белсенділігін арттырады. Асқынған ауру кезінде қолданылады. |
Дәрігердің кеңесімен |
2 жастан асқан |
+ |
Эрдостеин |
Эрдомед |
Қақырықты сұйылтады, эпителидің секреторлы қызметін жақсартады және мукоцилиарды тасмалдаушыларды ң белсендіреді. |
+ |
3 жастан асқан |
+ |
- - кесте - Қазақстан нарығында өсімдік шикізатынан жасалған мукалитикалық және қақырық түсіретін рецептсіз босатылатын дәрілер
Халықаралық патенттелмеген атауы |
Саудалық атауы |
Тағайындалуы мүмкін |
||
Жүктілік |
балалар |
картта р |
||
Стоптуссин Фито |
Тасшөп, жебіршөп және жолжелкен сығындысы |
1 триместрінде болмайды |
6-айдан асқан |
|
Линкас шәрбат |
Адхатоды тамырлы,Мия тамыры, Бұрыш, Жұпарлы шегіргүл,Иссопа дәрілік,үлкен Калган , кең жапырақты Корди, дәрілік Алтей, кәдімгі Зизифус, гүлді Оносма сығындысы |
+ |
6 айдан асқан |
+ |
Бронхипрет шәрбат және ерітінді |
Тасшөп шөбі және шырмауық сығындысы |
Дәрігердің кеңесімен |
6 жастан асқан |
+ |
Пертуссин шәрбат |
Жебіршөп және жұпаргүл сығындысы |
Дерігердің кеңесімен |
6 айдан асқан |
+ |
Гербион наурызгүл шәрбаты |
Тасшөп шөбі және наурызгүл тамыры сығындысы және ментол |
І триместрінде болмайды |
2 жастан асқан |
+ |
Беллс шәрбат |
Дәрілік райхан,Алқа, лонга Куркумасы, Мия тамыры,Адоты васика,дәрілік Зімбір тамыры,кәдімгі Кардамон сығындысы |
Дерігердің кеңесімен |
3 жастан асқан |
|
Доктор Тайсс Бронхосепт ішке қабылдауға арналған ерітінді |
Анис майы және тасшөп сығындысы |
18 жастан асқан |
Дәріге рдің кеңесі мен |
|
Геделикс,Гриппостад Травяной, Проспан, Гедерин,Гелисал, Гербион шырмауық шәрбаты. |
Жапырақты шырмауытың сығындысы |
+ |
+ |
+ |
Доктор мом |
Көке марал райхан, мия тамыры, узынды Куркума, дәрілік Зімбір, Адатоды виски,үнді Алқасы, Аңдыз, кубеба Бұрышы, Терминалия ,барбадоскілік Алое сығындысы |
Дерігердің кеңесімен |
3 жастан асқан |
Дәріге рдің кеңесі мен |
Жөтелге қарсы таблеткалар |
Ланцетті термопсис шөбі және натрий гидрокарбонат |
Дәрігердің кеңесімен |
12 жастан асқан |
+ |
Алтей шәрбаты, Алтейка |
Алтей тамыры |
Дәрігердің кеңесімен |
3 жастан асқан |
Дәріге рдің кеңесі мен |
Трависил шәрбат |
Тамырлы Адота, ұзын Бұрыш , дәрілік Зімбір, дәрілік Иссопа, жүректәрізді Тиноспора, кәдімгі Адота, Мия тамыры, Жұпарды шегіргүл,қытайлық Коричника сығындысы, жұпарлы мускат+аммоний хлориді. |
+ |
3 жастан асқан |
Дәріге рдің кеңесі мен |
Аңдыз шәрбат |
Итмұрын жемісі, аңдыз тамырсабағы және тамыры,аскорбин қышқылы |
Дәрігердің кеңесімен |
Дәрігердің кеңесімен |
- |
Мия тамыры шәрбат |
Мия тамыры сығындысы |
+ |
+ |
Дәріге рдің кеңесі мен |
Мукалтин таблеткасы |
Мукалтин |
+ |
+ |
+ |
Бронхикум шәрбат және элексир |
Наурызгүл және тасшөп сығындысы, элексирде- тасшөп сұйытылған |
3 жастан асқан |
Дәріге рдің кеңесі мен |
|
Кука шәрбат |
Көке марал райхан, мия тамыры, ұзын Бұрыш, тамырлы Адота, кәдімгі галгант, жайлаулық Жалбыз |
+ |
+ |
+ |
4-кесте Қазақстан нарығында жөтелді женілдетуге,ауыз қуысында қолдануға арналған дәрілік заттар
Халықаралық патенттелмеген атауы |
Құрамы |
Линкас лор |
Тамырлы Адхатод,Жалаң мия,Ұзын бұрыш,Хош иісті шегіргүл, Дәрілік сайсағыз,Үлкен қалған экстракты |
Трависил |
Адатода васика жапырағы,Ұзын Бұрыш, дәрілік Зімбір,Жалаң мия,дәрілік Эблика жемісі, Куркума лонга тамыр сабағы, Акация Катаху қабығы, қарапайым Фенхель ұрығы,Райхан шөбі, Терминалия жемісі, үлкен Калган тамыр сабағы,Хекверити жапырағы, Ментол |
Лор про |
Ара балы, итмұрын құрғақ сығындысы,таңқурай жемісі, аскорбин қышқылы |
Доктор Тайсс шатыраш сығындысымен |
Шатыраш қою сығындысы, шатыраш майы, аскорбин қышқылы |
Доктор МОМ |
Жалаң мия тамыры құрғақ сығындысы,дәрілік Зімбір тамыр сабағының құрғақ сығындысы, дәрілік эмблика жемсінің құрғақ сығындысы. |
Кофол |
Кәдімгі Зімбір, Куркума лонгота,Терминалия Балерика, Жалаң мия,ментол |
Бронхикум С |
Тасшөп сығындысы |
5 – кесте Қазақстан нарығында жөтел кезінде сыртқа қолданылатын заттар
Халықаралық патенттелмеген атауы |
Құрамы |
Терафлю Бро сыртқа қолданылатын жақпа май |
Беруандық бальзам,розомарин, эвкалипт,камфор майлары |
Пульмекс Бэби |
Беруандық бальзам,розомарин, эвкалипт малары |
Доктор Тайсс эвкалипт |
Камфора ,эвкалипт және қарағай қылқанынан алынған майлар |
Доктор МОМ колд Раб |
Мускат,скипидар,эвкалипт майы, тимол,камфора, ментол |
АджиКолд, Суприма Плюс,Беллс |
Тимол,ментол,камфора,терпентин майы,эвкалипт |
Трпависил, Кофол |
Тимол,ментол, камфора,терпентин майы,эвкалипт , мускат жаңғағы |
Линкас Бальзам |
Эвкалипт майы,қалампыр,терпинтин, ментол , камфора |
Бальзам Золотая Звезда(бальзам, карандаш, жақпа май сыртқа қолданылатын) |
Эвкалипт майы, қалампыр,жалбыз , ментол, камфора майы |
Құрғақ жөтелге қарсы препараттардың ішінде 90% синтетикалық, 10% табиғи өсімдік шикізатынан алынған белсенді зат қолданылады (1-кесте). Ылғалды жөтелге қарсы препараттардың ішінде 24% синтетикалық , 74% табиғи өсімдік шикізатынан алынған белсенді зат қолданылады (2-3-кесте). Ескере кететін жағдай тек белсенді заты арқылы пайыз шығарылды, себебі бір «амброксолдың» өзінде саудалық бірнеше атауы бар. Жөтелді жеңілдетуге арналған ішке және сыртқа қолданылатын 100% табиғи өсімдік шикізатынан алынған белсенді зат қолданылады (4-5-кесте). Инъекция ретінде амброксол қолданылады (Амбробене,амбро-саудалық атауы)
Қазақсатандағы жөтелге қарсы препараттардың әсері зерттей келе табиғи шикізаттан алынатын дәрілік препараттар қауіпсіз және әсері жоғары болғандықтан сұраныс жоғары екендігін анықтадық. Сондықтан табиғи өсімдік шикізаты негізінде жөтелге қарсы дәрілік қалыптың құрамы мен технологиясын құрастыру бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілуде.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- Березняков И. Г. Механизмы возникновения кашля // Новости медицины и фармации. - 2005. - № 20-22 (180182). - С. 3-7.
- Острые респираторные заболевания у детей: лечение и профилактика / Научно-практическая программа Союза педиатров России. — М.: Международный фонд охраны здоровья матери и ребенка, 2002.
- Runkel F. Giessen Mechanist der Wirkung // Pharmazeutische Zeitung 150. - 2005. - 75 с.
- Геппе Н.А., Снегоцкая М.Н. Вопросы дифференциальной диагностики и терапии кашля у детей // Consilium Medicum, приложение «Педиатрия». — 2006. — № 2. — С. 19-22.
- Практическая пульмонология детского возраста // Справочник под редакцией В.К. Таточенко. — М., 2008.
- Национальная программа «Бронхиальная астма у детей. Стратегия лечения и профилактика». — М., 2009.
- Чучалин А.Г., Абросимов В.Н. Кашель. Руководство для врачей. — Рязань, 2002. — 104 с.