Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Фитофармакологияның дамуы

Қандайда болсын дамушы елдің экономикалық тұрақтылығы мен тәуелсіздігі оның жеке фармацевтикалық өнеркәсібінің дамуымен тығыз байланысты. Қазіргі таңда Қазақстандағы отандық дәрілік заттардың үлесі шамамен 15%-ды құрайды және фармацевтикалық өнімдердің көлемінің өсуі: импорт субстанциясы және олардан дәрілік заттарды дайындау есебінен жүргізіліп жатыр. ДДСҰ-ның болжамы бойынша дәрілік терапиядағы фитопрепараттар үлесі алдағы 10 жылдықта: фитопрепараттар 60% және синтетикалық препараттар 40% құрайды.

Ғылыми - техникалық прогресс синтетикалық дәрілік заттар өндірісінің өсуіне ықпал жасаса, ал жанама әсерінің жиілігі шиеленісті дамуда. ДДСҰ- ның ақпараты бойынша жер шарындағы халықтың 12%-ы аллергиядан зардап шегеді екен. Жағымсыз жанама әсерлерінің салдарынан АҚШ-та 5-8,8 миллионға дейің, Францияда 1,3 миллион науқастар аурухана төсегіне таңылады. Бұның барлығы жасанды синтетикалық дәрілік заттардан адам ағзасына туыстас табиғи өсімдік дәрілеріне көшу керектігін көрсетеді. Әлемдік фармпрепарат нарығындағы өсімдік тектес дәрілік заттардың үлесі көрсетілген: Жапонияда өсімдік препараттарының сатылымы 15 есе өскен, АҚШ-та жазылған рецепт құрамында өсімдік препараттары бар, Қытайда өсімдік препараттарының сатылымы жылына 2,5 млрд. долларды құрайды. Қазақстанда дәріханаларда сатылатын дәрілік заттардың 80%-ы импорт тауарлары болып есепетеледі, соның ішінде өсімдік препараттары да қарастырылады.

Қазақстан флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын, түймедақ, мия, түйежантақ, кәдімгі адыраспан, дәрілік сәлбен, қалақай сияқты дәрілік өсімдіктерге өте бай. Бұлардан жасалатын препараттардың тиімділікке айналғаны белгілі. \Соның нәтижесінде бұл күнде  фитотерапия айтарлықтай дамып отыр. Жергілікті дәрілік өсімдіктер шикізатынан дайындалатын арзан да қолайлы емдік дәрілерді ұсынатын фармацевтикалық зауыттар ашылуда. Қызылордада Мия тамырын өңдейтін зауыт, Атырауда дәрі-дәрмек шығаратын жаңа өндірістің құрылысы басталды. Зауытта жылына 800 миллион таблетка, 300 миллион капсула мен 78 миллион ампула түріндегі дәрі, 3 миллион қораптағы жақпа май, 12 миллион пластикалық құтыдағы ерітінді секілді 50-ден астам фармацевтикалық өнім түрлерін шығару көзделіп отыр. Бұл зауыттың құрылысы Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының екінші бесжылдық стратегиясын іске асыруда және әлемнің бәсекеге қабылетті 30 елінің қатарына кіруі үшін жасалынған маңызды қадам.

Зерттеу ақпараты және әдістері

Елбасының Қазақстан халықтарына жолдауында халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етуіне аса назар аударды, сонымен қатар елімізге келетін медициналық препараттардың қатаң бақылауымен және олардың сапасын, құндылығын қадағалап және де инвестицияның белсенді түрде жұмыс жүргізіп, еліміздегі отандық фармацевтикалық

фабрикалардың өсуі керектігін ескерді. Отандық фармацевтикалық және медициналық өндірістің жақын болашақтағы міндеті: фитопрепараттарды өндіру техникасында жаңа ғылыми әдістерді енгізу болып табылады. Еліміздегі отандық дәрілік препараттар: фармакологиялық, клиникаға дейінгі, клиникалық тәжірибелерден өтіп, қолдануға рұқсаты бар және ҚР-ның Мемлекеттік реестріне тіркелгені қуантады.

Арглабин

ФӘ: ісікке қарсы д.з. Өкпе ісігі, сүт бездері, еркек жыныс мүшелерінің ісігінде, гепатоцеллюлярлы бауыр обырында қолданылады.

Шығарылу түрі - Сублимациялық ұнтақ түрінДе, флаконда.

Калиор

ФӘ: пародонтитте, жатыр мойын эрозиясында, гайморитте, жедел отитте қолданады . Шығарылу түрі - Қырмызы гүлі қосылған жақпа май.

Карипаин

ФӘ: жұмсақ тін іріңдеуінде және бір қатар жараларда қолданады. Шығарылу түрі - Қырмызы гүлі қосылған жақпа май.

Шипалы май

ФӨ: пародонтитте, жатыр мойын эрозиясында, гайморитте, жедел отитте қолданады . Шығарылу түрі - Қырмызы гүлі қосылған жақпа май.

Қызыл май

ФӘ: иммуномодулятор, емдік-профилактикалық зат. Шығарылу түрі - Көптеген өсімдік дәрілерінен жасалатын - май.

Қызыл майдың

көптүрлілігі

ФӘ: гинекологиялық ауруларда, бауыр және тыныс алу мүшелері ауруларында, күйік және үсік кезінде қолданады.

Шығарылу түрі - Олеогель, суппозиторилер, бал фито қоспасы, шырын.

Гамма-плант

ФӘ: жедел және созылмалы буын ауруларында, ағзаның иммундық жүйесін қайта қалпына келтіру үшін қолданады .

Шығарылу түрі -Жас картоп түйнегінен жасалынады.

Салсоколин

ФӘ: гепатопротектор. Гепатитте, созылмалы тассыз холецеститте, өт шығару жолдарының дискинезисында қолданады.

Шығарылу түрі - Сораң шөбінен биологиялық белсенді қоспа түрінде жасалынатын таблеткалар.

Тагансорбент

ФӘ: гастроэнтероколитте және энтероколитте қолданылады.

Шығарылу түрі - Таган жерді мекенінен алынған тазартылған құрғақталған

балшықтан алынған ұнтақтар. (Шығыс Қазақстан облысы)

Пантокрин

ФӘ: зат алмасу бұзылысында және жыныс мүшелерінің функциясының стимулизациясында қолданады .

Шығарылу түрі - Марал сүйегінен жасалатын спирт экстрактысы.

Карафил

ФӘ: гинекологиялық ауруларда, қабынуларда, үсік алуда, күйік, жараларда қолданады. Шығарылу түрі - Түрлі фармакопеялық өсімдік дәрілерінің қоспасынан жасалатын экстракты, жақпа май.

Алхидин

ФӘ: иммуномодулятор, гастропротектор. Асқазан-ішек жолдары ауруларында, жараларда, үсікте қолданылады, жануарларға тәжірибе кезінде ісік регрессиясын шақырады.

Шығарылу түрі - Түйе тікендерінен жасалатын таблеткалар, жақпа май, сироп, тұнба , балауыздар.

Алхимин

ФӘ: қабынуға қарсы әсерге ие, жануарларға тәжірибе кезінде ісік регрессиясын шақырады.

Шығарылу түрі - Тянъ-Шань бөктерінде өсетін қызғылт тұқымдас гүлдерден алынған: жақпа май, ұнтақ, шырын және тұнба.

Биалм

ФӘ: жараны өңдеуші д.з. Буын ауруларында, күйікте, ара, маса шаққанда қолданады. Шығарылу түрі - Қарапайым қарағай терпеноид шайырынан ерекше технологиямен жасалатын, жақпа майы.

Рамон

ФӘ: қабынуға қарсы д.з

Шығарылу түрі - Тянь-Шань шалфейінің тамырынан жасалған, 2%-ды жақпа майы.

Гаухар

ФӘ: қабынуға қарсы д.з Шығарылу түрі - Түйе жантақтан жасалған тұнба.

 

АВС

ФӘ: радиопротектор.

Шығарылу түрі - Шырғанақтан ерекше технологиямен жасалады.

Тополин

ФӘ: бактерицидтерге қарсы және ісікке қарсы д.з.

Шығарылу түрі - Бальзамды флавоноидтар, терек бүршіктерінен жасалған жақпа майы және тұнба.

Рувимин

ФӘ: иммуномодуляциялы және қабынуға қарсы д.з.

Қорытынды

Фармацевтикалық өнімдердің елімізге әкелуін шектеу және өндіріс күшін арттыру мақсатында «ҚР- да фармацевтикалық және медициналық өндірістің дамуының Мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді және де «Халыққа денсаулық» бағдарламасына орай Қазақстанда фармацевтикалық кәсіпорындардың өсуін келер 10 жылдықта 5 % -дан 35%-ға дейін өсуді жоспарлап отыр.

Зерттеуді талдау және қорытынды:

ҚР-да негізгі басымдық Ұлттық дәрілік саясатта болған және бола береді:

  • заңды базаны толықтыру, құрастыру және жаңаландыру;
  • негізгі (өмірілік -маңызды) ДЗ-ды жинау;
  • олардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын бақылайтын Мемлекеттік бақылауды іске асыру;
  • фармацевтикалық нарықты және ДЗ-ды рациональды қолдануын қадағалау;
  • жаңа, қауіпсіз, тиімді, сапалы және шынайы отандық ДЗ-ды зерттеу, фармацевтикалық өнеркәсіпті ашудағы фармакологиялық ғылыми зерттеулерді жүргізуді дамыту;
  • фитопрепараттарды жаңа технология тәсілдерімен өндіру;
  • отандық фармацевтикалық өндірістердің және ҚР-да ғылыми фармакологиялық ассоциациялардың жүргізілуінің дамуы;
  • ДЗ-тар туралы ақпараттық базаның кеңеюі (мониторинг, қауіпсіздік және т.б).

Осындай мақсатта, еліміздегі отандық ғалымдар: жаңа, шынайы, экспорттаушы дәрілік заттарды өндіріп, олардың фармакологиялық әсерін, түрлі патологиялық емдеуделерде қолдану аясын кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктерді ашуда.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. 1 Кукенов М.К., Рахимов К.Д., Аверина В.Ю. Лекарственные растения Казахстана и их использование. - 1-е изд. - Алматы: Жания-Полиграф, 1996. - 341 с.
  2. Рахимов К.Д. Фармакологическое изучение природных соединений Казахстана. - 1-е изд. - Алматы: Жания- Полиграф, 1999. - 270 с.
  3. Рахимов К.Д., Сикымбаева Л.М., Темиргалиева Э.М. Фитофармакология және фитотерапия негіздері . - 1-е изд. - Алматы: Нурай Принт Сервис, 2010. - 356 с.
  4. 4 Азембаев А.А., Тегисбаев Н.Е., Кусниева А.Е. Лекарственные растения Казахстана, применяемые в восточной академической медицине. - 1-е изд. - Алматы: Жания-Полиграф, 2010. - 174 с.
  5. Парманқұлова Т.Н. Қазақша-латынша медициналық сөздік. - 1-е изд. - Алматы.: ARNA-B, 2012. - 150 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.