Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қантты диабетпен ауыратын балалардың тіс жақ жүйесінің жағдайы және стоматологиялық көмек көрсету ерекшеліктері

Қант диабет (ҚД) балаларда көп кездесетін эндокринді ақау болып табылады. Алынған мәліметтер негізгі ауру мен стоматологиялық патологиялардың өзара қатынастылығын және берілген топтағы балалар үшін алдын алу шараларын жүргізу қажеттілігін растайды.

Кіріспе. Қант диабет (ҚД) балаларда көп кездесетін эндокринді ақау болып табылады.Қазіргі кезде қант диабетінің «жасаруы» байқалуда. Соның ішінде 3-6 және 11-12 жас аралығында кездесу жиілігі жоғары.Балалардағы қант диабеті – 1 типтеги қант диабеті [1].

Ғылыми тұрғыда қазірге дейін қант диабетінің себебі белгісіз, алайда, оның түп негізі- тұқымқуалаушылық, вирусты инфекциялар және иммунологиялық бұзылыстар.

Егер бұл балалық шақта, соның ішінде ерте балалық шақта кездессе, латентті (жасырын) кезі өте қысқа болады - ол кезде ата-анасы баланың бұрынғысынан көп мөлшерде су ішетінін, түнде кіші дәретін ұстамайтынын байқайды. Қант (тұз секілді) суды осмотикалық өзіне тартады, сол себепті кіші дәрет көбейеді. Вирус ұйқы безін зақымдағандықтан инсулин аз мөлшерде бөлінеді, ол аз бөлінгендіктен глюкоза ағзада дұрыс игерілмейді. Парадокс: қанда гюкоза көп, ал жасуша ашығады, бала арықтап, әлсіз, ұйқышыл болады. Оның тәбеті өзгерді - бір кезде тағамды көп қабылдаса, бір кезде тағамнан бас тартады. Қант диабетінің бұл этапта басқа балалар ауруларын ұқсас симптомдары байқалмайды - температура, жөтел, бөртпелер т.б. Ата- анасы ойланып тапқанша баланың ағзасындағы соңғы қорғаныш күші тоқтайды. Содан кейін жүрегі айну, құсу, ішінің ауруы, тыныс алуы бұзылады — бұл кезде жасырын кезеңі тоқтайды да, баланың жағдайы жедел төмендейді. Осы кезде балаға жедел жәрдем көмегі болмаған жағдайда өліп кетуі мүмкін.

Есте сақтаңыз, аш қарынға глюкозанаң қалыпты жағдайдағы мөлшері 3,3-5,5 ммоль/л. Егер қанда 10 ммоль/л- ден жоғары болса, бүйректе глюкозаның реабсорбциясы дұрыс орындалмағандықтан, қант зәрдің құрамында пайда болады. Т.К.

Остроменцканың [2, 4] айтуы бойынша ауыр дәрежедегі парадонт аурулары 85% қант диабетімен ауыратын балаларда кездеседі. Оның құрылымы қабыну процесстерімен сипатталады: созылмалы гингивит және созылмалы пародонтиттің әр түрлі формасы. Ең жиі кездесетін катаральды гингивит (63%), созылмалы пародонтит (22%), және олардың өз ерекшеліктері бар.

Көп жағдайда қант диабетінің нақтамасын, пародонтиттің алғашқы кезеңін стоматолог дәрігер анқытайды. Қант диабетінде өзгерістер көз ұясы түбіне қарағанда пародонт тіндерінде көрінеді. Қарама-қайшы байланыс: бет-жақ аймағындағы іріңді – қабыну процесстері қант диабетнің ағымын тездетеді.

Қант диабеті балаларда ауыр түрде өтеді, оның жеңіл формасы мен ремиссия кезеңі аз кездеседі. Диабетке майда қан тамырлардың зақымдалуы тән: артериола, венула, капиллярлар (микроангиопатиялар). Қант диабеті кезіндегі микроциркуляторлы қан тамырларының зақымдалуы баланың әр түрлі жаста салдануына алып келуі мүмкін. Қант диабетімен ауыратын науқастарда маргинальды паронттың патологиясы, яғни пародонт тіндерінің дистрофиялық өзгерісі жергілікті спецификалық микроангиопатияны шақырады [3].

Бұл кезде пародонтта жедел қабыну процессі ашық геперемияланған, ісінген, тиіп кеткенде және шұқып тексергенде қанайды. Негізгі аурудың ұзақ болуы, бірінші кезекте трофикасы мен қан тоқтайының бұзылуына алып келеді: қызыл иек көкшіл-қызыл түсті кейде, гиперемия болмайды, ісіну байқалады, емізікшелері және барлық қызыл иек жиегі борпылдақ, қызыл иек қалтасынан грануляция, іріңді және геморрагиялық бөлінді бөлінген. Жақтың бүйір аймағында біліктәрізді «колбатәрізді» қызылиектің үлкеюі;осы патологиялық процесске ,сәйкесінше, төменгі және жоғарғы жақ ұшырайды. Клиникалық жағдайының жасы болуына қарамастан, қант диабеті кезінде маргинальды пародонттың ерекшеліктерінің бірі- терең 4-5 мм қалтаның болуы. Орташа тереңдіктегі қызыл иек қалталарында тістер қозғалғыш; ауыр формасында айқын көрінген және пародонт деструкциясының дәрежесіне сәйкес келмейді. Тістер араласып, өз остерінен айналады.

Балалардың парадонтындағы патологиялық процесстер 10-14 жас аралығында тіркеледі. Қант диабетімен ауыратын науқастарда пародонт тіндерінің аурынан басқа, 74 % жағдайда шырышты қабықтың және ерінің қызыл каймасының, 85 % - тілдің өзгеруі байқалады. Көпшілігінде ауыз қуысының шырышты қабығыны, сілекейі көпіршіктенген, тұтқыр, стоматологиялық айнаға «жабысқақ» болып келеді [4].

Тілдің шырышты қабығының өзгеруі көп жағдайда жіпт әрізді және саңырауқұлақ тәрізді жіпшелердің гиперкератозымен көрінеді. Сонымен қатар, тіл қақпен жабылған және тілдің арқасында қызғылт нүкте тәрізді гиперемияланған саңырауқұлақ тәрізді жіпшелерге толған. Жиі тілдің қатпарлануы және мөлшерінің ұлғаюы байқалады, қатпарлануы жіп тәрізді жіпшелерінің гиперкератозына немесе десквамациясына сәйкес.Тіл тігінен және көлденең жүлгелермен ойылған. Қант диабетімен ауыратын науқастарда «географиялық» тіл сау балаларға қарағанда жиі кездеседі.Жіп тәрізді жіпшелердің десквамациясы диффузды және ошақты болып келеді. Бұл жағдайда тілдің беті тегіс, жылтыр, құрғақ немесе дымқыл; «лакталған» тіл бозылт қызыл түстен қою қызғылт түске дейін болады.Тілдің бүйір бетінде тістердің ізі байқалады. Сонымен қатар, қант диабетімен ауыратын науқастарда, еріннің қызыл каймасының өзгерістері кездеседі.Шырышты қабық пен еріннің қызыл каймасының айқын құрғауы жырық, ауыздық, қабыршақтармен қатар жүреді және еріннің қызыл каймасында, соның ішінде Клейн шекарасында айқын гиперемия байқалады.

Еріннің зақымдалуы ауыз бұрышының баздануымен, қабыршақтар мен жырықтардың түзілуімен қатар жүреді (ангулярлы хейлиттің көрінісіне тән). Қант диабетінің декомпенсация сатысында еріндері өзгереді. Балаларда қант диабетінің компенсация сатысында ауыз қуысының, тілдің, еріннің шырышты қабатының құрғақтығы жоғалады; көбінде ангулярлы хейлит жоғалады. Тілде өзгерістер көп байқалмайды, тұрақты әрі декомпенсация және компенсация сатысында сақталады.

Балаларда ерін мен тілдің өзгеруі мен зақымдалуын қант диабетінің «кіші симптомына» жатқызады, яғни трофиканың бұзылуы, тіндердің гипоксиясы, кандидозды зақымдалумен сипатталады [5].

Уақытша тістем кезіндегі қант диабетінің пародонтты зақымдауы дәрігер үшін маңызды болып келеді; ол кезде қан құрамындағы қант мөлшерін анықтап қана қоймай, глюкозаға толеранттылығын анықтау қажет.

Қант диабетімен ауыратын науқастарда парестезия дамиды және ауыз қуысында дәм өзгереді. Қант диабеті кезіндегі шырышты қабықтың парестезиясы құрақтықпен қатар дамиды. Парестезияның клиникалық көрінісі жүйке жүйесінің, асқазан- ішек жолдарының т.б. аурулармен сәйкес келеді. Диабет кезінде шырышты қабықта ашу сезімі, дененің басқа аймақтарындағы терісінде қышыну сезімдері болады. Науқаста тәттіге, ащыға және аз мөлшерде қышқылға сезімталдығы төмендейді. Дәм сезудің бұзылуы функциональды сипатта болады және жүргізілген емнен кейін қайта қалпына келеді.

Ауыз қуысының саңырауқұлақты аурулары стоматологтарға белгілі, глоссадиниямен шағымданған 23 науқаста ашытқы тәрізді санырауқұлақ табылған, оның 15-де қант диабетінің субклиникалық формасы бар [5].

Қант диабетімен ауыратын балаларда, ауыз қуысының шырышты қабатында алтын стафилакокк, Candida тобындағы сағырауқұлақтарының көбейюімен дисбактериоз анықталады. Көптеген авторлар 100% жағдайда шырышты қабықта кандидоз тапқан [4].

Бұл патологияның рентгенологиялық симптомдары да айқын сипатқа ие: пародонты сау балаларда сүйек тінінің зақымдалуының бастапқы белгілері анықталады: альвеолааралық қалқанның кортикальді пластинкасының көмескіленуі: тіс мойыны аймағында периодонтальді саңылаудың кеңеюі, тісаралық қалқан шыңының остеопорозы. Балалар орта және ауыр дәрижедегі пародонтитінде сүйек тінінің деструкциясы қантты диабетпен ауыратын ересек адамдыкы сияқты терең болады: альвеоларалық сүйек қалқанының вертикальді резорбциясы, бұлдырлық, резорбция жиектерінің «желінуі», тіс ұшына дейінгі терең сүйек қалталарының болуы, «тостаған тәрізді» және «кратертәрізді», «воронкатәрізді» резорбция, қалған альвеоларалық қалқанның айқындалған остеопорозы. Клиникалық және рентгенологиялық көріністерінің сәйкес болмауы. Рентгенологиялық зерттеуде альвеолярлық өсіндідегі деструктивті үрдістер клиникалық көріністерімен салыстырғанда терең болады.

Вакуум-сынама қантты диабетпен ауыратын балалардағы пародонт тіндерінің ауруларын анықтаудың диагностикалық тесті. Қантты диабеттің түрі ауырлаған сайын қызыл иектегі вакуумды гематома жай сорылады. Кулаженко бойынша капиллярлардың тұрақтылығын анықтау қантты диабетпен ауыратын науқастарда сау адамдармен салыстырғанда қабынудың айқындығын көрсетеді.

Кальций және фосфордың құрамы өзгереді: ауыз қуысы сұйықтығындағы кальций деңгейі көтеріледі (1,55 (0,02ммоль/л сау адамдарда) және фосфордың төмендеуі (3,09 (0,05 ммоль/л)қантты диабетпен ауыратындарда; 4,36 (0,08ммоль/л) сау адамдарда. Солайша кальций/фосфор қатынасы ұлғайады. Сонымен қатар кальцийдің сілекейдегі деңгейі қалыпты болуы мүмкін.

Емдеу ерекшелігі. ҚД емдеу эндокринологпен жүргізіледі, диетотерапия тағайындалады, инсулиндітерапия, емдік дене шынықтыру, симптоматикалық ем [1, 6].

Қантты диабетті науқастарды емдеу жайында мәліметтер аздың қасы. Тиімді емдеу жолдары іздестірілу үстінде. Бір топ авторлары комплексті емде уролександы қолдану арқылы ағымын жеңілдетуге қол жеткізбекші болса, келесілері тінішілік оксигенотерапияны, үшінші топ авторлары пародонт тіндеріндегі микроциркуляцияны жақсарту үшін саусақтық массажды ұсынады.

Көптеген авторлар пародонт тіндерін кешенді емдеуде инсулин препараттарын қолданады. Тіс шөгінділерін алғаннан және қызыл иекті өңдеген соң электрофорезге 40 ЕД анодта 3-5 мА - 15-20 минут (№ 10-20). Үш үрдістен кейін қызыл иек ісінуі басылып, қызыл иек қалтасынан ірің бөлінуі азайып, қызыл иек қанауы және күйдіру сезімі басылады. 7 үрдістен кейін қызыл иек қалтасы

мүлде жоғалып, 1-2 дәрижелі тіс қозғалғыштығы төмендеген. Дәстүрлі әдіспен емделген бақылау тобындағы науқастардан алынған нәтижелермен салыстырғанда өзгерістер тек 7,10,15 тәуліктен кейін болды. Пародонт ауруларының алдын алу, пародонтит ағымының асқынбауы мақсатында ауыз қуысының гигиенасын сақтау қажеттілігін атап өтеді.

Сонымен, қантты диабетті науқастардың пародонтитін емдеудің тиімділігі аз, себебі негізінен жергілікті консервативті емдеу әдістері қолданылады. Мұндай науқастарға негізгі ауруы шақырған асқынуларға байланысты хирургиялық ем қарсы көрсетілген, сондықтан, кешенді ем қарсы көрсетілген.

Қантты диабетпен ауыратын науқастардағы пародонтитті емдеу жөніндегі әдебиеттерді зерттеу көптеген авторлардың бұл патологияны кешенді спецификалық емдеуге өз үлесін қоспай эндокринологтар тағайындаған спецификалық ем әдістерін рациональді терапияға жатқызады.

Қантты диабетпен ауыратын балалардың пародонтитін жергілікті және жалпы спецификалық емдеудің өңделеген әдісі жоқ, сондықтан рациональді терапия жүйесін әздестіру қажеттілігі туындауда [7].

Қорытынды.

  • Алынған мәліметтер негізгі ауру мен стоматологиялық патологиялардың өзара қатынастылығын және берілген топтағы балалар үшін алдын алу шараларын жүргізу қажеттілігін растайды.
  • Қ.Д ауыратын балалардың ауыз қуысы жұмсақ және қатты тіндерінің жағдайы негізгі аурудың ауырлық дәрижесіне байланысты.
  • Ауыз қуысындағы негізгі көріністері негізінен пародонт тіндерінде көрінеді: ортаауырлықтағы қабыну- 85% Қ.Д компенсирленген формалы балаларда, ауыр - 40% декомпенсирленген формалы. Бақылау тобындағы балаларда көбіне жеңіл қабыну(85%).

Пародонт тіндерінің қабыну ауырлығы ауыз қуысы гигиенасына тура пропорциональді: Қ.Д декомпенсирленген формасындағы OHI-S гигиена индексі – 2, 44; компенсирленген формалы – 1,7 құрайды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Склярова О.И. I типті қантты диабетті балалардың ауыз қуысы жағдайын кешенді бағалау: Автореф. ... дис. мед. ғыл. канд. – М., 2009.
  2. Остроменцкая Т.К. Қантты диабетпен ауыратын балалар пародонтының зақымдалуы : автореф. ... дис. мед. ғыл. канд. - М., 1987. - 22 б.
  3. Бойченко Т.Е. Балалар ауыз қуысының жалпы соматикалық аурулар кезіндегі өзгерісі. - М.: 1982. – 36 б.
  4. Дедов И. Эндокринді жүйе ағзаларының аурулары: дәрігерлер үшін нұсқау. М.: Медицина, 2000. - 568 б.
  5. Виноградова Т.Ф., Максимова О.П., Мельниченко Э.М. Балалар ауыз қуысы шырышты қабаты мен пародонт тіндерінің аурулары. М.: Медицина, 1983. - 75-85 б.
  6. Боровский Е.В., Машкиллейсон А.Л. Ауыз қуысы және еріннің шырышты қабатының аурулары. - М.: Медпресс, 2001. - 147-155 б.
  7. Удовицкая Е.В. Жалпы соматикалық ауруларда балалар ауыз қуысындағы өзгерістер: Оқу құралы. - М.: ЦИУВ, 1982. - 33 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.