Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қызылиек қабынуын емдеуде табиғи құрамдас препаратты қолдану

Пародонт ауруларына кешенді емдеу кезінде қолданылған «Асыл Арман» бальзамын бағалау. «Асыл Арман» бальзамы: қабынуға қарсы, антибактериалды, аналгетиқалық және регенерацияны белсендіретін әсері бар кең спектрлі фитокомплекс. Қызылиек қабынуларын кешенді емдеу іс шараларында қызыл иек байламы және қызыл иек массажы ретінде 7-10 күндік курспен қолдануға ұсынылады.

Зерттеудің өзектілігі.

Қандай да бір аурудың дамуында қомақты орынды организмнің резистенттілігі,яғни зақымдаушы агентке қарсы тұру қасиеті маңызды рөл ойнайды. Организмнің реактивтілігі тұқымқуалаушылықтан басқа қоршаған орта жағдайына, әлеуметтік факторларға, басынан өткізген және қазіргі кездегі аурулары мен жағдайына байланысты. Қабыну - бұл ағзаның әр түрлі сыртқы және ішкі зақымдағыш факторлардың әсеріне жауап ретінде пайда болатын күрделі жалпы биологиялық реакция.

Соңғы жылдары көптеген синтетикалық препараттар біздің ағзамызбен үйлеспейтіндігіне көп көңіл бөлінуде. Медицинада қолданылатын кейбір препаратардың жанама әсерлері біздің денсаулығымызға кері әсерлерін тигізеді. Бүгінгі күні ұзақ ғасырлар бойы халық медицинасында қолданыста жүрген емдік шөптер мен табиғи минералдардың денсаулыққа тигізер оң әсерлерін растайтын көптеген ғылыми зерттеулер бар. Стоматологиялық аруларды емдеуде дәрігер- стоматологтарға жаңа препараттарды ұсыну үшін осы дәрілердің құрамындағы заттардың қасиеттерін зерттеу қажет.сонымен қатар препараттардың қол жетімділігі, үй жағдайында қолдануға қолайлылығы және ұзақ қолдануға болатындығы қарастырылады. [ 1 ] .Осы топқа «Асыл Арман» бальзамы да жатады [4] .Құрамы: ара балауызы 10%, эфир майы 1% , күнбағыс майы 60%, зәйтүн майы 20%, қылшықты панацерия шөбі 5% , түйе жапырақ тамыры 4%. Ара балауызы өте күрделі, үш жүзге жуық органикалық және минералды заттардан тұратын қоспа.Түйе жапырақ тамырыилулинге, минералды заттарға(селен, цинк, марганец,темір, калий,магний,хром, фосфор,кальций, мыс тұздарына),майлы қышқылдарға (олеин,стеарин, палмитин,линоль) эфир майларына, флавоноидтарға,протеинге өте бай.Панацерияныңфармакологиялық қасиеті қан тамырларын кеңейтеді, тыныштандыратын әсер береді, ауыру сезімін басады.Зәйтүн майындаолеин және линолен қышқылдары, А,Д,Е,К витаминдері бар. Қабынуға қарсы әсері бар. Эфир майыиммунитет жоғарылатады, қабынуға қарсы, бактерацидттік әсері бар. [3]

«Асыл Арман» бальзамы:баспа мен тонзилитте антибактериальді қасиеті зерттелген, бадамша бездін іріңді қабынудағы өңезді тазалап, ісінуді басады, иммунитетті жоғарылатады. Терапиялық стоматологияда осы бальзамның қасиеттері зерттелмегендіктен біз қызылиек қабынуында аталған бальзамды зерттеп көрдік.

Зерттеу мақсаты. Қызыл иек қабынуын кешенді емдеуінде емдік шөптер экстрактары мен табиғи минералдарға бай «Асыл Арман» бальзамының клиникалық тиімділігін зерттеу.

Зерттеудің әдістері мен материалдары. Клиникалық зерттеулер ҚазҰМУ-дың терапиялық стоматология пропедевтикасы модулінде өткізілді.

  • Зерттеуге жалпы соматикалық ауруы жоқ жүкті әйелдер алынды.
  • Науқастардың ауыз қуысына толық санация жүргізілді.
  • РМА индексі және Мюллеман бойынша қызыл иек қанағыштығы анықталды.
  1. клиникалық жағдай. Науқас 25 жаста. Шағымы: қызылиегінің ісінгеніне, ауыздан жағымсыз иістің шығуына және тісін тазалаған кезде өздігінен қанағыштығына шағымданады. Anamnesis vitae: қызылиек ауруын жүктілікпен байланыстырылады.Қарап тексергенде қызылиек қатты домбыққан және алқызыл түстенген, беті тегіс , жылтыр, бүртіктерінің, көлемі үлкейген. Сипап басып тексергенде: қызылиек қатты ауырады. Шұқып тексеру: маргинальды қызыл иек тез қанағыш. Диагноз: Қызылиектің жедел катаралды қабынуы.1- сурет
  2. клиникалық жағдай. Науқас: 35 жаста. Шағымы:

қызылиегінің, көбінесе, тісін тазалағанда, ас шайнағада аздап ауыратынына және қанайтынына шағымданады. Кейде аузынан нашар иіс шығып, әртүрлі дәм сезедİ.Апатпеśİś vitaе: жоғарыда айтылған белгілер күз- көктем айларында байқалады. Уақыт өте келе байқамай кеткен.Қарап тексергенде: қызылиек аздап домбығып, көкшіл-қызыл түстенген, қызылиек бүртіктерінің көлемі үлкейген. Сипап тексергенде: қызылиек ауырады.Шұқып тексергенде: қызылиектің қанағыштығы байқалады.

Қызылиек жиегінің қалыңдауына байланысты кейде жалған пародонталдық қалталар бар сияқты көрінеді. Диагноз: Қызылиектің созылмалы катаралды қабынуы. 2-сурет клиникалық жағдай. Науқас 36 жаста. Шағымы: Қызылиегінің қатты қанағыштығына, тағам шайнағанда сыздап ауыратынына, эстетикалық ыңғайсыздыққа, ауызынан жағымсыз иіс шығатынына, қызыл иек бүртігінің домбыққандығына шағымданады. Анамнез vitae: қызыл иек бүртіктерінің ісінгендігі жүктілік кезеңмен байланыстырады. Қарап тексергенде қызылиек жиегі қатты қалыңдаған, тістер-аралық бүртіктердің көлемі әртүрлі дәрежеде домбыға ұлғайған, әртүрлі деңгейде өскен бүртіктер тістер сауытын кейде толық жауып, тістеу қыры мен шайнау беттеріне дейін жеткен. Шұқып тексергенде: Қызылиектің қанағыштығы байқалады. Диагноз: Қызылиектің өсе қабынуы. 3-сурет

Емдеу жоспары:

а) этиотропты терапия: микробтық тоғаны жою, оның тіс бетіне жиналуына жол бермеу,қызылиек үсті,асты тіс тастарын алу және тіс бетін мұқият жылтыратып тазалау,
арнайы тіс қақтарының индикаторы арқылы ауыз қуысының гигиенасын коррекциялау және бақылау, тіс қатарын толықтай сауықтандыру,окклюзиялық жарақаттарды таңдамалы егеу арқылы жою

б) патогентикалық терапия:қан тамырларына (микроциркуляторлы) әсер етіп,зат алмасу үрдісін жақсарту, қан тамыр тіндерінің өткізгіштігін жақсарту
Жұмыс істеу реттілігі:

  • Аппликациялық жансыздандыру.
  • Скейлер көмегімен қызылиек үсті және асты тіс тастарын
    алу.
  • Тістің бетін циркон пастасымен жылтырату.
  • Қызылиекті 3%сутегінің асқын тотығымен өңдеу.
  • Құлақ маңындағы сілекей бездерін мақта анжымен
    оқшаулау.
  • Қызылиекті кептіру және «Асыл Арман» бальзамынан 20
    минут бойы аппликация жасау.

Ақыл кеңес:

  • Үйде науқас өздігінен қызылиегіне бальзаммен массаж
    жасайды.

Зерттеудің нәтижесі. Зерттеудің нәтижесі бойынша науқастар үшінші күннен бастап қанағыштығы тоқтағандығының, ауру сезімінің басылғандығын айтады. Объективті қарап тексергенде қызыл иек бүртіктерінің көлемінің кішірейгендігін және тығыздалғандығын байқаймыз. Ауыздан жағымсыз иістің шығуы жойылады. Емнің нәтижелігін РМА индексі нәтижесі арқылы бағаланды.

Зерттеудің қортындысы:

Қорытындылай келгенде қызылиек қабынуларында синтетикалық медикаментозды дәрі-дәрмектерден басқа табиғи құрамдас дәрі дәрмектердің емдік әсерінің жоғары екендігін анықтадық. Қызылиек қабынуының әр түрлі формасын «Асыл Арман» бальзамын қолданып емдегенде позитивті көріністерін байқадық. Қабыну индексі интенсивтілігінің төмендеуі , препараттың емдік профилактикалық қасиетінің жоғары екендігін көрсетеді. Осының барлығы дәрігер-стоматолог тәжірибесінде қызылиек қабынуларын кешенді емдеу іс-шараларында қолдануға ұсынылады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Сапаева Н.Г. Кунанбаева Т.С.Кумарбаева А.Т. «Изучение антимикробных свойств Малавита» // Проблемы стоматологии. - 2010. №1-2. - С. 47- 66.
  2. А. П. Горкин Лекарственные растения.// Биология. Современная иллюстрированная энциклопедия . - М.: Росмэн, 2010. - С. 320322 .
  3. АСЫЛ АРМАН КАЗАХСТАН // Наше здоровье от нашей природы URL: http://asyl-arman.satu.kz
  4. Сапаев Н.Г.Кумарбаева А.Т. Отечественные препараты при лечении патологии пародонта // DENTIST ҚАЗАҚСТАН . - 2008. - №7. С. 48-49.
  5. Кунанбаева Т.С., Кумарбаева А.Т. Применение новых отечественных препаратов «Фитолек» - при лечении стоматологических заболеваний // Стоматология мәселері. - 2009. - № 3-4. - С. 41-42.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.