Зерттелген 65 науқас салыстырмалы сипаттамалары бойынша екі топқа бөлінді: негізгі I топ - 34 науқас дәріге төзімді туберкулез микобактериясы (ТМБ) бөлушілер, II топ- 31 науқас дәріге сезімтал ТМБ бөлушілер).Зерттеу өткізген науқастар арасында 75,0% мультирезистентті туберкулез тіркелді, клиникалық формалары бойынша өкпенің инфильтративті туберкулезінің үлесі жоғары - 56,3 %, ТМБ бөлу қарқындылығы айқын (++,+++) -38,0% микроскопиялық, ал- 34,0% себу әдіспен).
Алғы сөз: дәріге төзімді туберкулез, туберкулез микобактериясын (ТМБ) бөлушілер,жасөспірім, микроскопиялық, себу әдісі.
Өзектілігі: Соңғы жылдары дәріге тұрақты туберкулез дүние жүзінде жыл сайын көбеюде, жыл сайын анықталатын 9 миллион науқастар арасында дәріге тұрақтылық 5% құрайды, барлық туберкулезбен ауыратын науқастардың ішінде дәріге тұрақтылық 25-30% анықталады (1,2,3)
Зерттеу мақсаты: Қазіргі кезендегі көп дәріге төзімді туберкулездің ерекшеліктерін анықтау.
Материалдар және әдістері: Қазақстан Республикасының Ұлттық туберкулез мәселелері орталығының балалар бөлімшесіндегі 66 науқастың сырқатнамасына сараптама жүргізілді. Бұл сараптама 2008-2011 жылдар аралығын құрайды (сурет 1).
Барлық науқастар салыстырмалы сипаттамалары бойынша екі топқа бөлінді: негізгі I топ - 34 науқас дәріге төзімді туберкулез микобактериясы (ТМБ) бөлушілер, II топ- 31 науқас дәріге сезімтал ТМБ бөлушілер (2 кесте)
Кесте 2 - Науқастарды жасына және жынысына сәйкес топтастыру
Топтар |
Науқастар саны |
Жынысы |
Жасы |
||
ер |
әйел |
15-16 |
17-18 |
||
ДТТ |
34 (100%) |
11 (32,4%) |
23 (67,6%) |
6 (17,6%) |
28 (82,3%) |
ДСТ |
31 (100%) |
14 (45,1%) |
17 (54,8%) |
8 (25,8%) |
23 ( 74,1%) |
Барлығы |
65 (100%) |
25 (38,4%) |
40 (61,5%) |
14 (21,5%) |
51 (78,4%) |
Кестеде көрсетілгендей, екі топтағы зертелген науқастардың басым бөлігі әйелдер (67,6% және 54,8%). Екі топтағы науқастардың жартысынан көбі 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер құрайды. Екі топтағы науқастардың туберкулездің құрылымдық түріне және клиникалық-рентгенологиялық көріністеріне қарай зерттелген топтар бірдей болды. Науқастарды клиникалық түрлеріне сәйкес топтастырдық.
Екі топта да өкпенің инфильтративті туберкулезінің үлесі жоғары болды, I топта - 56,3 %, ал II топта- 69,0% дейін құрады.
Зертелген топты ТМБ бөлу қарқындылығы бойынша салыстырдық (сурет 3).
Микроскопиялық әдісімен I топта аса айқын емес (ТМБ +) - 12,5 %, ал II топта -бұл науқастар 41,4% дейін анықталған. ТМБ бөлу қарқындылығы жоғарырақ (ТМБ++) I топта - 18,7 %, II топта -41,4% дейін құрады. Айқын (ТМБ +++) бөлүшілер I топта жиі кездесті - 68,8%, ал II топта сирек анықталды - 1,8%. Науқастардың себу әдісімен анықталған ТМБ нәтижесін сараптадық.Себу әдісімен I топта аса айқын емес (ТМБ +) – 12,5 %, ал II топта – бұл науқастар басым болды – 62,1% дейін анықталған. ТМБ бөлу қарқындылығы жоғарырақ (ТМБ++) I топта - 15,6 %, II топта – 27,6% дейін құрады. Айқын (ТМБ +++) бөлүшілер I
Оның ішінде Н-62,1%, R-52,4%, E-33,1%, S-60,5% дейін тұрақтылық құрады. Сонымен қатар резервті препараттарға топта жиі кездесті – 71,9%, ал II топта сирек анықталды - 10,3%.
Туберкулезге қарсы дәрілерге резистенттілігі.
- топтағы науқастар арасында монорезистенттілік 2 (6,25%), полирезистенттілік у 6 (18,7%),
мультирезистенттілік 24 (75,0%) науқаста дамыған. 1 топтағы науқастардың туберкулезге қарсы дәрілерге резистенттілігі талқылап қарағанда науқастар арасында басым бөлігі негізгі дәрігерлерге тұрақтылық дамытқанын байқауға болады.
тұрақтылық дамығанын байқауға болады, яғни Cm-8,2%, Of- 6,4%, Eto-16,4% .
Жоғарыда көрсетілген науқастар арасында қалдық өзгерістер аз мөлшерде I топта - 21,9%, орташа - 56,2%, айқын -21,9% болса, II топта - 51,8%, орташа - 41,3%, айқын -6,9% байқалған.
Қорытынды:
Өткізген зерттеуді нәтижеле келіп КДТТБ науқастар арасында 75,0% мультирезистентті туберкулез тіркелді, жоғарғы көрсеткішті 65.6% әйелдер, 83,6% 16-18 жастағы жасөспірімдер құрайтыны анықталған.Клиникалық тұрлеріне тоқталса өкпенің инфильтративті туберкулезінің үлесі жоғары болды - 56,3 %, науқастар арасында ТМБ бөлу қарқындылығы айқын (++,+++) болды (38,0% микроскопиялық, 34,0% себу әдіспен).
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Ерохин В.В., Земскова З.С. Современные представления о туберкулезном воспалении // Пробл. туб. – 2003. - № 3. – С. 11-21.
- Исмаилов Ш.Ш., Турсынбаева А.С., Аденов М.М. Эпидемиологическая оценка больных туберкулезом с лекарственной устойчивостью, зарегистрированных в национальном регистре Республики Казахстан за 2003-2006 гг.// Фтизиопульмология.- 2007. - №2 (12). – С. 14-17.
- Сахелашвили М.И..,Балита Т.М.,Структура и течение химиорезистентного течения туберкулеза у детей и подростков. // Туберкулез и болезни легких. – 2010. - №8. – С. 46.