Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жақ –бет аймағының жиі кездесетін ісік ауруларының сәулелік диагностикасы

Жақ-бет аймағының қатерсіз және қатерлі ісіктерін анықтауда сәулелік зерттеу әдісін таңдау, сәулелік белгілерін анықтау және ажырату диагностикасын жасау біршама қиындықтар туғызады. Мақалада жиі кездесетін ісіктердің сәулелік зерттеу әдістері, сәулелік белгілері берілген.

Ісік ауруларынан жақ бет аймағында одонтогенді және одонтогенді емес киста, қатерсіз және қатерлі ісік кездеседі. Ісіктерді анықтауда рентгенологиялық зерттеу әдістері - интра және экстраоралды рентгенография, контрасты заттарды қолданып өткізілетін зерттеулер - сиалография, гайморография, цистография, сызықтық, панорамды және компьютерлік томография, магниттік резонанстық томография, ультрадыбыстық және радионуклидті зерттеулер жасалады. Жақ-бет аймағы жұмсақ тіндерінің қатерлі және қатерсіз ісіктерінің орналасқан орны, пішіні, өлшемі, шеттері, құрылымын анықтауда ультрадыбыстық зерттеу өте мәліметті.Жақ-бет аймағы ісіктерінің радионуклидті зерттеуі арқылы біріншілік ісіктік түзілісті, орналасқан орнының анатомиялық-топографиялық ерекшеліктерін нақтылау, метастаздарды, рецидив- қайталауды анықтау және ем нәтижесін бақылау мүмкін. Одонтогенді фолликулярлы киста.

Фолликулярлы киста - тісті құраушы эпителийдің даму ақауы болып, жиі 20-30 жаста, жоғарғы жақта кездеседі, дәнекер тінді жұқа қабықтан және қуыс ішінде тұнық, сары түсті сұйық болады. Фолликулярлы кистада ауру сезімі болмайды,тістің жарып шығуының кешеуілдеуі аурудың белгісі болуы мүмкін. Киста асқынып іріңдегенде ауру сезімі болады. Рентгенограммада- сүйекте дөңгелек немесе сопақша пішіндегі, өлшемі 2 см-ге дейін, шеті анық, тегіс немесе кедір-бұдырлы, тіс түбірімен байланысы жоқ деструкциялық ошақ анықталады. Киста ішінде 1-2 тістің конфигурациясы анықталса, ол тістер тіс қатарында болмайды және кистаның экспансивті өсуінен қатардағы басқа тістердің ығысуы байқалады. Жақ сүйегінің сыртқы тығыз қабығы жұқарады, сүйектің кернеуленуінен беттің деформациясы болуы мүмкін. Төменгі жақ бұрышында орналасқан кистаны амелобластомамен ажырату диагностикасын жасау қажет.

Одонтогенді радикулярлы киста.

Радикулярлы киста- метаплазияланған эпителий жасушасының пролиферациясынан келіп шығады. Балада 712 жаста, төменгі жақтың азу тістері аймағында, ересектерде жоғарғы жақтың алдыңғы бөлімінде жиі кездеседі, өлшемі 1,5- 2 см, сыртқы қабығы фиброзды, ішкі шеті эпителиалды, қуыс ішінде холестеринге бай сұйықтық болады. Рентгенограммада сүйек ішінде дөңгелек немесе сопақша пішінді, шеті тегіс, анық деструкциялық ошақ түрінде көрінеді. Киста шетінде склерозданған орын доға түрінде және тіс түбірінің ұшы қуысқа еніп тұрады. Киста көлемі ұлғайса сүйектің тығыз қабаты ығысып, жақ сүйегі деформацияланады, беттің ассиметриялық бұзылысы, қатарда орналасқан басқа тістер түбірінің ығысуы анықталады. Көлемі үлкен киста жоғарғы жақ қойнауына, мұрын қуысы түбіне өтуі мүмкін, анықтау мақсатында панорамды рентгенограмма және компьютерлік томограмма жасау қажет.

Одонтогенді емес киста.

Жоғарғы жақтың шар тәріздес кистасы- рентгенограммада жоғарғы жақ күрек және сүйір (ит) тіс арасында орналасып, тіс аралық қалқаға жайылады, шеті тегіс, анық, сүйектің ошақты деструкциясы түрінде анықталады.

Солитарлы киста- жарақат нәтижесінде болған остеонекроздық үрдіс және гематомадан келіп шығады, рентгенограммада тіс түбірі ұшында пішінсіз, шеті тегіс, анық деструкциялық ошақ, сүйектің қатты қабаты жұқарған, бұзылмаған.

Мұрын-таңдай өзегі кистасы- сүйек ішінде қалған эмбрионалды эпителийден дамиды, рентгенограммада дөңгелек немесе сопақша пішінде, шеті тегіс, анық сиреген сүйек тінінен пайда болған ошақ түрінде, қатты таңдайдың алдыңғы бөлігі орталық күрек тістер түбірінің ұшынан жоғарыда орналасады.

Қатерсіз одонтогенді ісіктердің сәулелік диагностикасы. Одонтома- тістің әр түрлі тіндерінен (эмаль, дентин, цемент, фиброзды тін, ұлпа) тұратын қатерсіз ісігі. Жиі 20- жасқа дейін кездесіп, баланың тіс шығуының кешігуіне шағымданып рентгенологиялық зерттеуден өткенде анықталады. Құрамды және күрделі одонтома түріне бөлінеді. Құрамды түрі жоғарғы жақта, құрылымында тістің барлық тіндері, ал күрделі түрі жиі төменгі жақта, құрылымында тістің толық қалыптаспаған тіндері және жұмсақ тіндер кездеседі. Рентгенограммада пішінсіз, қою, анық көптеген кальцификатталған ошақтар түрінде, шеткісі толқындалған ашық жолақ түрде анықталады. Одонтомалар баяу өседі, жақ сүйегі тығыз қабатын жұқартып, бұзады.

Амелобластома (адамантинома)- одонтогенді эпителийден, өсуі инвазивті түрде, жиі 40-50 жаста, төменгі жақта, азу тістер аймағында орналасады. Рентгенограммада жиі поликистозды (көп камералы) түзіліс, «сабын көпіршігіне» ұқсас, дөңгелек, сопақша пішінді, бір бірінен сүйектік қалқамен ажыратылған сүйектің деструкциялық ошағы анықталады. Өсуі баяу, төменгі жақтың деформациясына алып келеді. Ісік аймағында тістің ығысуы, түбірдің сорылып кетуі және ісікте бір немесе бірнеше шықпай қалған тістер кездеседі. Сирек жағдайда ісік қатерлігі өтуі мүмкін. Ол кезде ісік шеті анық емес, тегіс емес, араларындағы сүйектік қалқалар жоқ болып жақ сүйегінің сынуына алып келеді.

Цементома-тіс түбірімен тығыз байланысты цемент тәрізді тіннен тұратын қатерсіз ісік. Түрлері: қатерсіз цементобластома, цементтеуші фиброма, периапикалды цементті дисплазия, гигант пішінді цементома.

Қатерсіз цементобластома- төменгі кіші, үлкен азу тістер аймағында, 25- жасқа дейін кездеседі. Рентгенограммада тіс түбірінде дөңгелек пішінді, әркелкі, шеті анық түзіліс түрінде анықталады. Периодонталды қуыс көрінбейді.

Цементтеуші фиброма- орта жаста, кіші және үлкен азу тістер деңгейінде, дөңгелек пішінді, шеті анық, орташа қоюлықтағы, біркелкі көлеңке түрде анықталады.

Периапикалды цементті дисплазия- жиі орта жастағы әйелдерде, төменгі күрек тістер аймағында орналасады. Рентгенограммада тіс түбірімен байланысқан әркелкі ошақты көлеңке және уақыт өтуімен ошақтар бір бірімен қосылып ісік көлемі ұлғаяды. Тісті жұлған кезде жиі түбір сынады.

Гигант пішінді цементома- орта жастағы әйелдерде, бір жанұяның бірнеше мүшесінде кездесуі мүмкін. Рентгенограммада дөңгелек пішіндегі, қою, бірнеше ошақты көлеңкелер және өлшемі өте ұлғайған кезде жақтың деформациясы байқалады.

Одонтогенді емес қатерсіз ісіктер.

Остеома- жетілген сүйек тінінен өсетін қатерсіз ісік болып, құрылымдық ерекшелігіне байланысты жинақы, кеуекті

және аралас түрге ажыратылады. Жиі төменгі жақ тіл бетінде, мұрын қойнаулары айналасы, маңдай және торлы сүйекте орналасады. Рентгенограммада сүйекте бір немесе бірнеше дөңгелек пішіндегі, жалпақ табанды немесе жіңішке аяқшалы, шеті тегіс, анық көрінетін көлеңке анықталады. Остеокластома- жиі төменгі жақта, 20-30 жаста, баяу өсетін ісік. Рентгенологиялық көрінісінің ерекшелігіне байланысты торлы- ұяшық тәрізді, кистозды (қуысты) және литикалық түрге бөлінеді. Торлы- ұяшық тәрізді түрінде деструкциялық ошақта бір- бірінен жіңішке қалқалармен ажыралған көп санды қуыстар анықталады.

Қуысты (кистозды) түрінде рентгенограммада дөңгелек немесе сопақша пішінді, шеті анық, тегіс қуысты көлеңке көрінеді.

Литикалық түрінде сүйектің шеткерісінде шеті анық, құрылымы және қоюлығы әр келкі ошақты деструкция болады.

Ісіктің өсуіне байланысты сүйек тығыз қабаты жұқарып, ығысуы анықталады. Тығыз қабаттың үзілісі ісіктің қатерлі түрге айналғанын білдіреді. Остеокластома жақ сүйегінің деформациясына, тіс түбірінің сорылуы, ығысуы және қимылдауына, мұрын қойнаулары, көзге, мұрынға жайылып өсіп беттің деформациялануына алып келеді.

Остеокластоманы кератокиста, амелобластома, миксома, сүйек ішіндегі гемангиома және остеогенді саркомамен ажырату диагностикасын жасау қажет.

Гемангиома- сүйек ішіндегі және жақ сүйегі айналасындағы жұмсақ тіндер қан тамырынан келіп шығады, жиі әйелдерде, қыздарда, 10-20 жас аралығында кездеседі. Сүйек айналасындағы жұмсақ тіндердің гемангиомасының рентген суретінде сүйек шетінде қысым әсерінен табақша тәріздес дефекттің және диаметрі 5-6 мм-лік флеболиттер, ангиолиттердің болуымен сипатталады.

Жақ сүйегі ішіндегі гемангиома рентгенограммада шеті анық немесе анық емес кисталық қуыс, әр түрлі пішіндегі, өлшемдегі көп санды сүйектің ошақты деструкциясы түрінде анықталады («сабынды көпіршік» көрінісі). Жақ сүйегі тығыз қабығы ісік көлемінің ұлғаюына байланысты алдымен ығысады, соңынан жұқарады және жақ сүйегінің деформациясына алып келеді.

Хондрома- шеміршек тінді қатерсіз ісік, жиі жоғарғы жақтың алдыңғы бөлігінде орналасады, өсуі баяу, тістің ығысуы байқалады. Сүйекте орналасуына байланысты: энхондрома-сүйек ішінде және экхондрома- сүйек сыртындағы түрлерге ажыратылады. Рентгенограммада энхондрома дөңгелек пішінді, шеті анық ошақты деструкция, ал экхондрома сүйек тығыз қабатының шеткері дефектісі түрінде анықталады. Қатерлі хондросаркома ісігіне айналуы мүмкін.

Остеохондрома- жоғарғы жақ қойнауы қабырғасы және төменгі жақ айшық тәрізді өсіндіде орналасатын қатерсіз ісік. Рентген суретте шеті анық, кеуекті түзіліс, сүйек өлшемінің ұлғаюы және деформациясы анықталады. Жиі самай- төменгі жақ буыны қызметі бұзылады.

Остеоид- остеома- остеоид және жетілмеген сүйек тінді, қан тамырлы қатерсіз ісік. Сүйектің тығыз қабатында өлшемі 1,0 см-ге дейін, шеті анық деструкциялық ошақ, ал остеобластома-өлшемі 1,0 см-ден үлкен сүйектің кеуекті бөлімінде орналасқан деструкциялық ошақ түрінде анықталады.

Қатерлі ісіктердің сәулелік диагностикасы.

Жақ бет аймағында қатерлі ісіктерден- шырышты қабат эпителиалды ісігі - рак және дәнекер тінді ісігі саркомалар (остеогенді, хондросаркома, ретикулосаркома) жиі кездеседі. Жақ сүйегінің ісіктік бұзылыстары екіншілік, яғни ауыз шырышты қабаты ісігінің сүйекке өтуі нәтижесінен, ал метастаздар сүт безі, қалқанша безі, қуық асты безі және бүйректің қатерлі ісіктерінде болады.

Жоғарғы жақ қойнауы шырышты қабат рагы- ортопантомограммада, бүйір бағыттағы панорамды рентгенограммада, қиғаш бағыттағы ауыз ішілік және ауыздан тыс рентгенограммада, КТ-сканда, МР- томограммада анықталады. Рентгенограммада жұмсақ тінде, таңдай, самай асты шұңқырына жайылған қойнаудағы ісіктің көлеңкесі және сүйектің деструкциясы болады.

Альвеоляр өсінді және қатты таңдай шырышты қабаты рагы - ерте кезеңінде альвеоляр өсінді шеткері аймағында шеті анық емес деструкциялық ошақ пайда болады. Деструкция үрдісі тереңдеп, тіс аралық қалқа бұзылысынан тіс бөлектеніп көрінеді. Үрдіс мұрын қуысы, жоғарғы жақ қойнауына жайылса, қойнау түбі сүйегі тығыз қабаты анық көрінбейді. Екіншілік қабыну болса рентгенограммада қойнаудың толық, біркелкі көлеңкеленуі анықталады.

Остеогенді саркома- жиі төменгі жақта кездеседі. Рентгенологиялық көрінісіне байланысты остеосклеротикалық (остеобластық), остеолитикалық (остеокластық) және аралас түрлері анықталады. Бастапқы кезеңде рентген суретте сүйекте пішінсіз, шеті анық емес деструкция ошағы пайда болады. Жайылуы нәтижесінде сүйектің тығыз қабаты бұзылады, сүйек пердесі ажыратылады, сызықша тәрізді периостоздық белгі көрінеді. Остеобластық саркомада пішінсіз, бірімен-бірі қабаттасып ретсіз орналасқан және тығыздалған ошақтар анықталады.

Остеолитикалық түрінде сүйек тінінде деструкциялық ошақ, ал аралас түрінде деструкция және тығыздалған орындар байқалады. Сүйек пердесінде ине тәрізді, “маңдайша” тәрізді периостоз анықталады.

Хондросаркома- жиі жоғарғы жақта, 20-60 жас аралығында, ерлерде кездеседі. Рентгенологиялық зерттеуде сүйекте шеті кедір-бұдыр, анық емес деструкциялық ошақтар және шеткерісінде әктенулер болады. Сүйек тығыз қабатына өткенде ине тәрізді периостоз, жұмсақ тінге жайылып ісіктің жұмсақ тіндік компоненті анықталады.

Ретикулосаркома- жиі ерлерде, 20-40 жаста, жоғарғы жақ қойнауы қабырғасында, төменгі жақ дене тұсында кездеседі. Рентгенограммада шеті анық емес деструкциялық ошақтар және остеосклероздық орындардың болуынан сүйектің көлеңкесі ара ұясына ұқсайды. Сүйек пердесінде ине тәріздес периостоз анықталады. Ретикулосаркома лимфа арқылы мойын лимфа түйіндеріне, қан арқылы өкпе және омыртқаға метастаз береді.

Жақ сүйектері метастаздық ісіктері- жиі төменгі жақтың азу тістері деңгейінде, шеті анық немесе анық емес деструкциялық ошақтар анықталады.

Миеломды ауру- жиі 50-60 жаста кездесетін қан түзу мүшелері ісігі, солитарлы және жайылған түрі ажыратылады. Солитарлы түрі жиі төменгі жақта, рентгенологиялық зерттеуде кистаға ұқсас. Миеломды ауруға күмән туғанда бас, жамбас, қабырға, бұғана, омыртқа сүйектерінің рентгенограммасын алу қажет. Осы аталған сүйектерде өлшемі 1-3 см-лік дөңгелек пішіндегі бірнеше деструктивтік ошақтарды анықтау мүмкін.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Васильев А.Ю. «Лучевая диагностика в стоматологии». - М.: ГЭОТАР - медиа, 2010. - 288с.
  2. Велбери Ричард, Даггал Монти С, под редакцией Николаевой Т.А., Фоминой Д.А., «Детская стоматология». - ГЭОТАР - медиа, 2014.
  3. Лучевая диагностика в стоматологии, Васильев А.Ю., Воробьев Ю.И., Серова Н.С. и др. DJVU. - 2008. - 176 с.
  4. Лучевая диагностика, учебник Т1, под редакцией Г.Е.Труфанова. - 2011.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.