Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Емханадағы мейірбикелік көмек сапасын әлеуметтік бағалау

Мейірбикелік қызметті бағалау, медициналық ғылым мен технологияның заманауи деңгейіне, пациенттерге көрсетілетін көмектің қажеттіліктері мен күтілімдерінің сәйестігін айқындайтын медициналық-экономикалық көрсеткіштердің жиынтығы ретінде қарастырылатын, медициналық көмек сапасының маңызды аспектілерінің бірі болып табылады.

Мейірбикелік көмек сапасы - денсаулық сақтау жүйесінің кешенді параметрлерінің талдау нәтижелерін сипаттайтын, ұйымның ресурстық мүмкіндіктерін анықтайтын, басқару тиімділігін, функционалды қасиеттерін, жұмысының нәтижелерін бағалайтын халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасының маңызды аспектісі [1].

Мейірбикелік көмек сапасын бақылау процедурасы - мейірбикелік қызметтің дамуындағы жаңа бағыт болып отыр. Оны бақылау міндеті бас мейірбикеге жүктелген. Бұл іс-әрекетті мейірбикелік қызметтің басшылары түрлі мейірбикелік мамандықтар бойынша мейірбикелік көмектің сапасын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі, бақылау және бағалау әдістері, эксперттік шешімдер болғанда ғана тиімді іске асыра алады [2].

Зерттеу мақсаты: қала емханаларындағы мейірбикелердің еңбек сапасын бағалау жүйесін зерттеу.

Алматы қаласы емханаларының учаскелік дәрігерлері, учаскелік мейірбикелері және бас мейірбикелері арасында сауалнама жүргізілді. Барлығы 73 сауалнама, соның ішінде 21 - учаскелік дәрігерлерге, 24 - учаскелік мейірбикелерге, 18 - бас мейірбикелерге жүргізілді. Сауалнама жүргізгендердің 93% - әйелдер, 7% - ер адамдар. Әйел респонденттрердің санының көптігі денсаулық сақтау саласының құрылымымен, емханалардағы ОБМП мен учаскелік дәрігерлер арасында ер-мамандардың аздығымен түсіндіріледі.

Респонденттердің көпшілігінің (56%) жұмыс өтілі 5-15 жыл, жоғары категориялы мамандардың жалпы көлемі - 10%, соның ішінде бірінші категориялы -13% және екінші категориялы - 6% құрайды.

Учаскелік дәрігерлер мен учаскелік мейірбикелерге сауалнама жүргізу нәтижесі, орта буынды медициналық персонал (ОБМП) емдеу-диагностикалық үрдісте белсенді және тең құқылы қатысушы екендігін көрсетті. ОБМП жұмысы емдеу, қайта қалпына келтіру, пациенттің сауығу тиімділігіне (мейірбикелердің 77%) тікелей әсер етеді. Медициналық мейірбикелер мейірбикелік көмек сапасын басқару жүйесінің, олардың жұмысының тиімділігін бақылаудың тиімді әдістерін дайындаудың (67%) қажеттілігін көрсетіп отыр.

Орта медициналық персоналдың көзқарасы бойынша, мейірбикелік көмек сапасын қамтамасыз етуде қажетті ресурстармен қамтамасыз ету, кадрлармен қамтамасыз етудің толықтығы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету ең алдыңғы қатарлы шаралар болып табылады.

Мейірбикелік көмек сапасын бағалау - белгілі-бір шараларды сатылы түрде орындауды, яғни мейірбикелік көмек сапасының критерийлерін негіздеуді, сараптаманы ұйымдастыру ретін анықтауды, сарапшыларды мейірбикелер персоналының арасынан дайындауды талап етеді.

Мейірбикелік персоналдың көзқарасы бойынша, олардың жұмысын жоспарлау мен реттеуді - мейірбикелік іс пен мейірбикелік көмек сапасын сараптауда құзіретті мамандар жүргізуі қажет. Жауап бергендердің көпшілігі мейірбикелік көмек сапасын мейірбике (50%) және бас мейірбике (30%) жүргізу керек деп санайды. Іс жүзінде бақылау нәтижелерін тіркеу үшін арнайы құжаттар (эксперттік карта) қолданылуы керек (62%).

Дәрігерлер персоналы медициналық көмек сапасын қамтамасыз етуде орта медициналық персоналдың рөлінің екінші сатыда тұрғандығын айтады (респонденттердің 60%). Дәрігерлердің тек 10% ғана мейірбикелердің өз бетімен шешім қабылдай алатындығын, ал респонденттердің 13% мейірбикелерді жеке субъектілер ретінде қарастырмайды. Бірақ респонденттердің көп бөлігі (73%), мейірбикелерді белгілі-бір медициналық көмек түрін (шұғыл жәрдем) көрсетуде жеке субъект ретінде шешім қабылдай алатындығын айтады.

Дәрігер персоналының көп бөлігі (77%) мейірбикелік көмек сапасына сараптама жүргізуді қолдаса, жауап бергендердің қалған бөлігі (дәрігерлердің 13%) оның қажеттілігін керек етпейді. Мұндай әкімшілік шарасын бас мейірбике, аға мейірбике (33%) және тек 10% жағдайда ғана мейірбикелер өзі-өзін бақылау жүргізуі тиіс деп санайды.

Мейірбикелік көмек сапасын сараптаудың негізгі әдістеріне, респонденттердің жауабы бойынша (респонденттердің 50%) бұрыннан келе жатқан медициналық құжаттарды (дәрігердің тағайындау парақтары ) талдау болып табылады.

Мейірбикелік көмек сапасын сараптау - оны жүргізу кезінде сараптаушылар сараптау карталарын қолданғанда және оның нәтижелері бойынша тиімді басқару шешімдері қабылданғанда нәтижелі болады. Тәжірибе жүзінде бақылау нәтижелерін тіркеу құжаттарының (сараптау карталары) қажеттігін дәрігерлердің тек 27% ғана қолдап отыр. Осы сараптау тобы мейірбикелік көмек сапасына сараптауды кім, қандай әдістермен және қандай құралдармен жүргізу туралы анық ойлары болмаса да, осындай процендура қажет екеніне күмәні жоқ.

Сапаны бақылау жүргізу үшін, біз мейірбикелік көмек сапасын сипаттайтын критерийлер дайындадық. Мейірбикелік істің 12 бағытын бағалау ұсынылды. Дәрігерлер мен мейірбикелер мейірбикелік персоналдық жұмысын ұсынылған критерийлер бойынша 5 баллдық жүйемен бағалады және бөліп бағалау әдісі бойынша жұмыс түрлерінің маңыздылығын анықтады.

Сарапшы ретінде дәрігерлер мен мейірбикелер мейірбикелердің жұмысын біз ұсынған критерийлер жүйесі бойынша бағалағанда, көзқарастары тек маңызды көрсеткішті анықтауда ғана келіспеді. Дәрігерлердің көзқарасы бойынша «теориялық және тәжірибелік дайындық деңгейі» бірінші орында болса, ал мейірбикелер үшін «дәрігерлердің тағайындауларын өз уақытында орындау» маңызды болып отыр. Алынған нәтижелерден көріп отырғанымыздай, мейірбикелік іс саласында болып жатқан қайта құруларға қарамастан, мейірбикелер өздерін емдеу үрдісінде тең құқылы қатысушы ретінде емес, әлі де болса дәрігерлердің тағайындауларын орындаушы ретінде көреді.

Дәрігерлер мен мейірбикелердің көзқарасы ОБМП жұмысының келесі бағыттарының маңыздылығын анықтауда бір ойға келісті: пациенттерді зерттеуге дайындау стадарттарын сақтау; емдеу үрдісін өз уақытында дәрілік және таңу заттарымен қамтамасыз ету; медициналық құжаттарды өз уақытында дұрыс толтыру; пациенттің қанағаттануы; медициналық этика мен деонтологияны сақтау; ішкі тәптіп ережелерін сақтау.

Көріп отырғанымыздай, ұсынылған көрсеткіштер медициналық көмек көрсетудің негізі болып табылады және бөлім меңгерушілері тарапынан бақылау мен талдауға алынуы керек.

Мейірбикелік қызметтің басшыларымен мейірбикелік көмек сапасының көрсеткіштерін бөліп бағалауда бірқатар көрсеткіштерге дұрыс баға берілмегендігі көрініп тұр, мысалы төмендегілер: емдеу үрдісін өз уақытында дәрілік және таңу заттарымен қамтамасыз ету; пациенттің қанағаттануы; пациенттерде асқынулардың болмауы; теориялық және тәжірибелік дайындық деңгейі.

Сауалнама жүргізілген мейірбикелік ұжым басшыларында МКС-қа арнайы дайындалған сарапшылар сараптама жүргізу қажеттігі туралы біріңғай көзқарас жоқ (сауалнама жүргізілген мейірбикелік ұжым басшыларының 23%). Қалған басшылардың көпшілігі сараптаманы бас және аға мейірбикелер еш дайындықсыз жүргізе алатындығына күмәні жоқ және жауап беріп отырғандардың аз бөлігі МКС- қа тек аға мейірбике жүргізуі тиіс деп санайды. Бірақ респонденттердің 63% мейірбикелік ұжым басшыларына МКС-ты тақырыптық жетілдіру циклдары қажет екендігін айтады.

Мейірбикелік көмек сапасына бақылау жүргізудегі ұйымдастыру жұмыстары тексеру жоспарын құрастырумен шектеледі. Сауалнама жүргізгендердің 93% бақылауды күн сайын, ал 7% - ай сайын жүргізеді. Респонденттердің көпшілігі дәрігерлік тексерулер, мейірбикелерден жауап алу және медициналық құжаттарды талдауды пайдаланса, кейбір жағдайларда паценттер мен олардың туыстарымен сұхбат жүргізіледі.

Сауалнама жүргізілген мейірбикелік қызметтің басшыларының 77% көзқарасы бойынша, МКС-қа бақылау жүргізуде, мейірбикелік стандарттар сапаны бақылау жүйесінің міндетті элементі болып табылады. Басқару буыны өкілдерінің көзқарасы бойынша (77%) мейірбикелік құжаттар мейірбикелер көрсететін көмек сапасы туралы анық ақпарат береді, бірақ медициналық ұйымдардағы бүгінгі таңдағы қолданылып жүрген құжаттар толық жетілмеген, толықтыруларды қажет етеді.

МКС-қа жүргізілген бақылау нәтижелері қажетті құжаттардың жоқтығына байланысты тіркелмейді.

Респонденттердің 43% МКС бақылау нәтижелерін тіркейтін құжаттар қажет деп санаса, 30% респонденттер қажет емес деп санайды. Ал респонденттердің 20% нәтижелерді тіркейтін құжаттарды пайдаланатындығын айтады.

Мейірбикелік ұжымдардың басшылары (78%) басқарудың заманауй ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастыруға қатысуға дайын екендігін айтады.

Мейірбикелік ұжым басшыларының МКС басқарудағы құзіреттілігі - сапа көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған шешімдердің тиімділігімен анықталады.

Респонденттердің көзқарасы бойынша МКС-ты жақсартудағы жүргізіліп отырған шаралардың тиімділігі бойынша алатын орны: 1-ші кезекте – мәселелерді мейірбикелер Кеңесінде талдау (86%); 2-ші кезекте – қабылданған басқару шешімдерінің нәтижелелері бойынша көрсетілген мейірбикелік көмектің ақаулары мен бұзылыстарына қайта талдау жүргізу (40%); 3-ші кезекте – мейірбикелік көмек стандарттарын дайындау және оны енгізу (28%); 4-ші кезекте – медициналық құжаттарды жетілдіру (10%).

Сауалнама жүргізілген мейірбикелік персоналдың басшыларының 67% жүргізілген шаралар тиімді деген болса, 33% бұл шаралар барлық уақытта тиімділік бермейді деп есептейді. Басқару шешімдері тиімді болмаған жағдайда респонденттердің 67% басқа шешімдер қабылдайды, бірақ шаралар 14% жағдайда қайталанады. Осыған қарағанда, мейірбикелік қызмет басшылары тиімді басқару шешімдерін қабылдауда білімдерін жетілдіру қажеттігі туып отыр.

Қорытындылай келе, учаскелік дәрігерлер мен учаскелік мейірбикелерге жүргізілген зерттеу нәтижелері, орта буынды медициналық персонал емдеу-диагностикалық үрдісте белсенді және тең құқылы қатысушы екендігін көрсетті. орта буынды медициналық персонал жұмысы емдеу, қайта қалпына келтіру, пациенттің сауығу тиімділігіне (мейірбикелердің 77%) тікелей әсер етеді. Медициналық мейірбикелер мейірбикелік көмек сапасын басқару жүйесінің, олардың жұмысының тиімділігін бақылаудың тиімді әдістерін дайындаудың (67%) қажеттілігін көрсетіп отыр.

Сонымен қатар, орта медициналық персоналдың көзқарасы бойынша, мейірбикелік көмек сапасын қамтамасыз етуде заманауй медициналық қондырғылар және аспаптармен қамтамасыз ету (86,4%), денсаулық сақтау саласында заңдылықты құжаттардың талаптарының сақталуы (38,2%), , материалдық-техникалық қамтамасыз ету (52,2%), медициналық көмек көрсету деңгейін көтеру (19,4%), медициналық қызметкерлердің квалификациясын жоғарылату (18,8%) ең алдыңғы қатарлы шаралар болып табылады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Жихарева Н.А. Изменение функциональных обязанностей врача и медицинской сестры как инструмент повышения качества медицинской помощи // Молодые ученые – здравоохранению региона: Материалы 66-й научно-практической конференции студентов и молодых специалистов СГМУ. – Саратов: СГМУ, 2005. - C. 198-199.
  2. Азизова Б.Г. Социологическое изучение отношения руководителей здравоохранения к проблемам управления качеством медицинской помощи. // Проблемы социальной гигиены, здравоохранения и истории медицины. – 2008. - № 2. – C. 38-40.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.