Алматы облысының екі ауданындағы ауыл тұрғындарының ішетін және шарушылыққа пайдаланатын судың орталықтандырылуы, адам денсаулығына зиян тудырмайтыны, көптеген нысандарды, әкімшілік арындарына қауіпсіз іс шараларды жүргізуге қолайылық тудырады.
Ұзақ уақыттан бері Алматы облысының ауыл тұрғындарын сумен қамту өзекті мәселе болып келеді. Бұл сумен қамту жүйесінің нашар техникалық жағдайымен және беткей су көздерінің ластануымен байланысты.
Алматы облысының ауыл тұрғындары шаруашылық – ауыз су ретінде жер асты және беткейлі суларды пайдаланады. Ауылды жерлерде орталықтандарылған сумен қамту ұйымдарында экономикалық қиындықтар кездеседі, олар көптеген ауылды жерлерде халықтың аз және бытырап орналасуынан, сонымен қатарауылшаруашылық еңбектің түрлеріне байланысты. Облыста80,2%ауыл тұрғындары тұрады, олардың 65,5% ғана орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Орталықтандырылған сумен қамтудың негізгі көздері беткейлі су қоймалар(11,6%),88,4% жер асты су бөгеттері болып табылады. Облыс территориясындағы ауыл тұрғындарын су жүргізетін сумен қамтамасыз етілуі біркелкі ұйымдастырылмаған.
Сонымен қатар зерттеу кезінде жыл сайын 4,5%-дан 6,6%-ға дейін су жүргізетін құбырлар жұмысқа жарамсыз екені анықталды, яғни бұл ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету дәрежесін төмендетеді.
Орталықтандырылмаған сумен қамту су көздерін қолданатын ауыл тұрғындары облыс бойынша 230000 астам адамды (18,3%) құрайды.
Алматы облысы бойынша беткей сукөздерін ластаушылар минералды және органикалық ерігіш, жуылатын заттар, өнеркәсіп мекемелері мен елді мекендер территориясындағы жаңбыр сулары. 20102013 жж. санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері нормативтен ауытқыған суқұбырының су сынамасының орташа саны 0,8% және 1,4%
Санитарлық-химиялық көрсеткіші бойынша берілетін ауыз суы сапасының сай болмауы судың құрамындағы темір мен қатты тұздардың жоғарылауына байланысты. Елді мекендердің құрамында су құбырының суында хлорорганикалық қосылыстардың рұқсат етілген концентрациядан жоғарлағаны анықталды. Бірақ микробиологиялық көрсеткіш бойынша облыста қалыпсыз су сынамаларының пайыздық төмендеу бағыты байқалады, 2010 жылы -12,2%дан2013жылы - 0,5%-ғадейін төмендеген. Зерттелінетін ауылдардағы ауыз су көзі жерасты пластаралық су көздері болып табылады. Қарасай ауданының тұрғындары үшін ауыз суды дайындау хлорлап залалсыздандыру арқылы жүзеге асырады. Суды дайындауда ескі әдістің кемшілігі ауыз суында қалдық хлордың болуы және хлорлы көмірсутектердің түзілуі, бұлардың көбісі канцерогенді заттардың категориясына жатады. Құрамында жоғары коли-фагтар және энтеробактериялар, сонымен қатар нитраттар мен аммиактардыңбірлік сынамаларды қоспағанда ауыз судың сапасы қанағаттанарлық.
Ауыз су сапасын тексеру Шамалған өзеніне жақын су тоғандарынан, сонымен қатар өзен арнасынан алынды. Ауыз судың сапасы жер асты су тоғандарынан анықталды: • артскважина1 (Аксай көш,Алгабас ауылы)
- артскважина 2 (Жамбыл көш, Шамалған ауылы)
- артскважина3 (Үшқоңыр ауылы)
- артскважина4 (Үшқоңыр ауылы)
Судың химиялық құрамы лабораториялық анализден басқа, суды рН бойынша экспресс-анализ, қышқылдандыру-қалпына келтіру потенциалы, электрөткізгіш және температура бойынша жүзеге асырылды.
Шамалған өзені сипаттамасы бойынша гидрокарбонатты су класына, кальций тобына жатады. Өзеннің суында оттегілік режим қанағаттанарлық. Еріген оттегінің құрамы 8,73-тен 10,8 мг/л дейін тербеледі. Анализ бойыншабиогенді элементтер құрамы аз және рұқсат етілген нормадан асып кетпейтінін көрсетті:
•аммонилы азоты-0,00 - 0,18 мг/л •нитриты азот-0,00 4- 0,019 мг/л •нитраты азот-0,50 -2,65 мг/л •минералды фосфор-0,000 - 0,020 мг/л
Үлкенмассивтегі экспериментальды және эпидемиологиялық мәліметтерге сәйкес ластанған судағы заттар тұрғындар денсаулығына әсер ететіндігі байқалады. Сондықтан денсаулық жағдайында қолайсыз қозғалыстарды су факторына байланысты алдын алуға бағытталған шаралар жүйесінде маңызды орынды сумен қамтуды гигиеналық негіздеу алады. Осыған байланысты Шамалған өзенінің суынан мұнай заттарының бар екендігі анықталды, бұл су Қарасай ауданының кейбір ауылдарында ауыз сумен қамту ретінде пайдаланылады. Сондықтан судың сапасын бақылауда Шамалған өзенінің арнасынан алты жерден, Үшқоңыр ауылынан жоғары және төмен орналасқан(екі нүкте) және Үшқоңыр ауылының айналасына(төрт нүкте) жүргізілді. Мұнай өнімдерінің концентрациясы0,0014- 0,11 мг/л байқалды,ШРЕК 0,5 мг/л. Мұнай өнімдерінің шайып кетуін бағалау және Шамалған өзенінің атмосфералық ластағыш заттардың төмен түсуіне байланысты тест жүргізілді.Шамалған өзенінің суында бір ретті жоғары мөлшерде мұнай өнімдерінің болуы, бұл күндері және бұрынырақ тұнбалардың түсуі және көшенің өзенге және жолдың бір бөлігін су шайған орындары болған. Ауданда кең түрде ирригационды жүйе дамыған, көпсанды каналдарменжәне далаларды суғару үшін арықтармен, ағаштарды отырғызу және тұрғындардың жеке үй жайлық телімдерімен көрсетілген. Суғару тек вегетационды кезеңде яғни, өсімдіктердің өсу кезеңдерінде(сәуірден қазанға дейін) жүзеге асырылады.суғаратын сулар су сақтайтын жерлерден, өзен, бассейн, терең скважиналардан келеді. Бұл жерде жоғарыда өзен туралы жазылған проблемалар қайталанады.
Ауданның территориясына құрылыс салғанда судың ағуынан су өзінің сапасын жоғалтады. Ұқсас себептер: каналдардың бітелуімен, суландырудың қоқыстармен, тұрмыстық қалдықтарменжәнекөшенің, жолдың, тұрғын, ауылшаруашылық және өндірістік аудан территориясының ластануы.
Суландырғыштар мен каналдар, жүргінші жолының бөлігіне көбіне параллель салынған немесе тротуарларға, сонымен қатар тұнбалар түскендегі жер беті суларының арықтарын салудың ролін атқарады, осыған байланысты екі қызмет атқарады: ирригационды және су бұрғыш.
Беткей суларға әсер ету дәрежесі тұрғын мекендерге айқын әсер етеді. Сондықтан, ластанған су ашық жерлерде , ары қарай топырақты ластап, жерге сіңіп зиянды тұнбалардың қосылыстары топыраққа және жерге сіңеді.
Ауыз судың денсаулыққа қауыптілігі, ластанған суды пайдаланғанда жедел және созылмалы инфекциялардың дамуымен анықталады. Жедел аурулар- ішек инфекциялары(жедел ішек инфекциясы, Флекснер дизентериясы, вирусты гепатит «А») микробиологиялық көрсеткіштері гигиеналық нормаларға сәйкес келмейтін суды ішкенде пайда болады. Жоғарыда көрсетілгендей, соңғы жылдары зерттелетін ауылдарда тұрғындардың аурушаңдылығы көбейген, әсіресе гепатит А және ЖІИ.2011-2012жж ауыл тұрғындарының ішек инфекциясының аурушаңдылығы және микробиологиялық көрсеткіші бойынша судың сапасына жүргізілген сараптаманы көрсетті, тікелей күшті байланыс және сандық тәуелділік,сызықты регрессияны бар екендігін, ауыз суының сынама пайызының арасында,энтеробактерия және коли-фагтар мөлшерін, бір жағынанжіті ішек инфекциясының дәрежесімен, екінші жағынан ВГА көрсетті. Құрамында коли-фагтар мен энтеробактериялардың болуы, ауыз су сынамасының1,0% жоғарылауы жедел ішек инфекцияларының дәрежесінің100 мың халыққа 20,934,8 жағдайға, ВГА 4,7-5,2 жағдайға көтерілуіне әкеледі. Ауыз суын және жер беті сумен қамту көздерін бағалау сапасына байланысты жүргізілген зерттеулер судың микробды және мұнай өнімдерімен ластануының өсу тенденциясын көрсетті.
Алматы облысының екі ауданындағы ауыл тұрғындарының ішетін және шарушылыққа пайдаланатын судың орталықтандырылуы, адам денсаулығына зиян тудырмайтыны, көптеген нысандарды, әкімшілік арындарына қауіпсіз іс шаралардыжүргізуге қолайылық тудырады.
Список литературы
- Сакиев К.З. Гигиеническая оценка качества воды р.Иртыш и его влияния на состояние здоровья населения: автореф.…канд. мед. наук.- Караганда: 2005. - 19 с.
- Новиков Ю.В., Тулакин А.В., Сайфутдинов М.М. Региональные проблемы гигиенической безопасности водопользования населения //Окружающая среда и здоровье населения: материалы международной конференции. - М.: 2002. - С. 98-104.
- Рахманин Ю.А. Питьевая вода – глобальная проблема 21-го века //Вода и устойчивое развитие. - 2007. - №1(23). - С.1215.