Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қалалық автокөлік жүргізушілерінің денсаулық жағдайына өндірістік факторлардың қосарланған әсерін гигиеналық бағалау

Қазақстан қалаларының ішінде ең экологиялық лас қалалардың қатарына Алматы жатады. Оның географиялық орналасуы және әртүрлі типтегі автотранспорттармен қамтылғандығы осыған себеп болып отыр. Алматы үш жағынан таулармен қоршалып орналасқандықтан метеорологиялық жағынан өте қолайсыз, сондықтан атмосфералық ауаның өзін-өзі табиғи тазартуына кедергі келтіріп тұр.

Соңғы жылдары жолаушылар автотранспорттарының жүргізушілерінде кәсіптік аурулар өсуінің тенденциясы көрінді, олардың еңбегі тұрақты төзімділік пен зейіннің концентрациясын қажет ететін, үлкен жүйке - эмоционалды күшпен байланысты болып тұр. Сонымен қатар автобус жүргізушілеріне қолайсыз өндірістік микроклимат (температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы), шу, инфрадыбыс және ультрадыбыст, діріл, химиялық заттардың (көміртегі тотығы, көмірсутек, азот тотығы және т.б.) булары мен әртүрлі газдар тәрізді зиянды өндірістік факторлар әсер етеді.*1+

Қазіргі кездегі автокөлік орындарындағы ең қолайсыз факторлардың бірі шу болып табылады. Шудың негізгі көзі болып қозғалтқыш желдеткіштері, суыту жүйесі, қозғалтқыш бөлім, кузовтар болып табылады.Жалпы шу денгейіне қосымша тіркеме және қозғалыс ортаындағы шу қосылады. Қала автокөлік жургізушілеріне шудың әсері екі есе жүктеме тигізеді. Шу есту мүшесіне, орталық жүйке жүйесіне, жүрек-қантамыр жүйесіне және т.б организм функциялары мен жүйелеріне кері әсер етеді.

Көптеген зерттеулердің нәтижесінде өндірістік және тұрмыстық шудың адам организміне кері әсерлерінің бар екені анықталды.Олар жүрек-қантамыр,асқазан-ішек жолдары жүйке жүйесінің аурулары ұйқы бұзылыстары, еңбек қабілетігінің төмендеуіне алып келеді.Шудың әсерлерінен еңбек жағдайы 40% дейін төмендегені анықталған. Шудың қолайсыз әсері энергетикалық тығыздығына, дыбыс ақпаратының ерекшелігіне байланысты. Неғұрлым дыбыстың даусы қатты, тербеліс жиілігі жоғары және ақпарат бірқалыпты болса, соғұрлым әсері жоғары болады. Жарты сағат бойы автокөлік қозғалтқышының бірқалыпты шуымен салыстырғанда терезенің жанынан өткен трамвай шуы жүйке жүйесіне әлде қайда аз әсер етеді. 70% жүйке аурулары,невроздар шудан пайда болатыны дәлелденген. Америкалық ғалым Кнудсене айтқандай шу ол тұман мен түтін тәріздес біртіндеп өлтіруші деп салыстырған.Қазіргі кезде үлкен қалаларда уақыт шыңы кезінде шудың деңгейі 120-130дБ жетеді. Осы кезде шудың зиянды әсерінен пайда болған ауруларды «шу ауруы» деп атайды. Ол жүйке жүйелердің,жүрек қантамыр жүйелердің, есту функцияларының бұзылысымен жүреді. Шудың жүйелі әсер етуінен нейроциркуляторлы синдром туындайды. Ол бас ауыруымен, тершеңдік, қозғыштық, жүрек аймағындағы ауру сезімі және жағымсыз сезім, ұйқысыздықпен сиппаталады.

Зерттеулер нәтижесінде қазіргі заманғы автобустардағы шу деңгейі 71 ДБА, максималды энергиялық октавасы ортагеометриялық жиілікпен 31.5-125Гц. Әдебиеттер көрсеткішінен шу автобус ішінде әртүрлі жағдайларда 49-дан 92 дБА аралығында өзгереді(эквивалент деңгейі 72-77дБА).[2]

Біздің зерттеулер бойынша шудың деңгейі автобустардың ескіруінен және жылдамдық артқан сайын жоғарлайды.Сонымен қатар жоғарда көрсетілген шу деңгейлері есту қаблетінің төмендеуіне,жүрек - қантамыр, эндокринді, орталық және вегетативті жүйке жүйелеріне әсер етеді. Автобус жүргізушілерінің көбісінде ауысымнан кейін уақытша естудің бұзылыстары байқалған және жасы 50 және 50-ден асқан кәсіптік өтілі ұзақ жүргізушілерде тұрақты өзгерістер байқалған. 100% табалдырықтың жоғарылауы сөйлеу қабілетінің және дыбыс дифференсиалына әсерін тигізетіні анықталған. Шудың өзі де жүргізуші денсаулығына және жұмыс қабілеттігінің төмендеуіне алып келетіні мәлім. 80 ДБА шу ми қыртысында тежелу үрдістер дамиды, қыртыстың сенсомоторлық аймағында невротизация түріндегі әсерлер береді, ал 90 ДБА шуда операторларда 2 сағ кейін көру-қимылдау реакцияларының күрт жоғарылауы, анықтап білу, есте сақтау функциялары төмендеуі болады. Егер шудың әсерімен жұмыс орындалса, жүргізушіде жүйкелік- эмоционалдық жүктеменің пайда болуы және шумен шақырылатын нейроциркуляционды синдромдар, айқын клиникалық көріністермен (жүректегі ауыру сезімін төмендететін, гипертоникалық реакциялар тұрақтылығы) анықталады. Шу мен жүйкелік - эмоционалды жүктеменің байланысқан кезіндегі организмде өзгерістер, яғни жүрек-қантамыр жүйесіндегі тұрақты өзгерістер болады.

Жүргізуші жұмысында жергілікті (қол саусақтарының және табан), жалпы діріл әсері барлық денеге толқынмен таралып әсер етеді.

Діріл ауруының дамуы бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін табылады. Осыған байланысты шағымдар: қол саусақтарының ұюы, қол және аяқта ауру сезімі көбінесе түнгі уақытта мазалайды, жиі саусақтары тырысып, аяқ ұштарының тоңуы және қол мен аяқтың ауру сезімін сезбейді. Аурудың айқын формасында жүйке жүйесінің және вестибулярлы аппараттың (бас айналу, бастың үнемі ауруы) бұзылыстары болады. Зерттеулер бойынша жүргізушілердің жұмыс орнындағы діріл кең жолақты кездейсоқ үрдіс. Діріл деңгейінің максималды көрсеткіші 1ден 125 жиіліктегі Гц, негізінен 2-8 Гц құрайды. Қалалық автобустардағы дірілдің вертикалды деңгейі 135 дБ дейін барады.

Дірілдің деңгейі жүктиегіш көліктерде- 108-122 дБ, жеңіл көліктерде- 100-118 дб, автобустарда- 105 дБ құрайды.Соңғы кездерде қалалық автокөліктер кабиналарындағы қолайсыз физикалық факторлар яғни шу, діріл, инфрадыбыс және ультрадыбыс әсерлері негізгі өзекті мәселе болып отыр. Тәжірибе бойынша, бұрынғы нормативтік құжаттарды қайтадан қарап. өңдеу керек.

Көлік жол медицинасының күрделі мәселелерінің бірі болып көлік кабинасының ықшам климатын нормалау болып табылады. өйткені ол организмге бірнеше факторлардың (температура, ылғалдылық, ауаның қозғалыс жылдамдығы және т.б.)бірлескен әсерін, сонымен қатар жылдың әр мезгілінде организмнің әр түрлі реакцияларын, киімнің термиялық қарсылығын, еңбектің ауырлығы мен жүктемелілігін есепке алуды қажет етеді.

Кабинаның гермитизациялау және желдету жүйесі жүргізушіні шаңның әсерінен қорғау керек. Шаңның концентрациясы мен құрамы, жолдың сапалы төсеміне, метеорологиялық факторларға, қозғалысың интинсивтілігіне байланысты.

Ш.А. Бобоходжаев пен М.Д. Назарованың мәліметтері бойынша ыстық климат жағдайында автобус жүргізушілерінің еңбегі олардың жұмыс орнындағы ықшамклиматы көбінесе сыртқы метеорологиялық жағдайға байланысты және жұмыс уақытының 60% ШРЕД көрсеткішінен асады, әсіресе жүргізушілердің жұмыс орнындағы ауа температурасының тұрақсыздығынан. *3+

Кабина ауасының токсинді заттармен ластануының негізгі көздері болып қозғалтқыш мотор, картер, корбюратор, бензобак, жол бойының ауасы, жүк және жолаушылар болып табылады. Негізгі ластаушы көліктің қозғалтқыш моторынан шығатын газдар және кабинаға жол бойының зонасынан түсетін газдар.

Сонғы жылдары қалалардың ауасын ластаушы көзі автокөлік екені белгілі. Жұмыс зонасының ауасында көміртегі тотығының, азотың қостотығының ШРЕК-ы 3-6 есе жоғарлауы байқалады. Сонымен қатар жүргізушінің дем алу зонасының ластануын шектеу мәселесі маңызды болып табылады.

Токсинді заттардың аздаған концентрацисы өндірістік ортаның басқа факторлары мен қосарланған әсері жүргізушінің организміне теріс әсерін тигізіп қана қоймай, жол жүру қауіпсіздігіне әсерін тигізеді.

Осылаша Алматы қаласының қоғамдық автокөлік жүргізушілеріне көптеген қолайсыз өндірістік факторлар әсер етеді (ықшамклимат, шу, діріл және т.б.). Осыған байланысты жүргізушілердің еңбек жағдайын гигиеналық бағалау - өзекті ғылыми мәселе болып табылады.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. К.К.Тогузбаева, А.К. Сайлыбекова, А.П. Ким - Проблемы гигиены труда и состояния здоровья водителей городского автотранспорта. - Здоровье и болезнь. - 2007. - №4.
  2. О.В. Глушко, Н.В. Клюев «Труд и здоровье водителя автомобиля». - М.: 1982. - 160 с.
  3. Бобоходжаев Ш.А., Назарова М.Д., Физиолого-гигиеническая характеристика водителей современных автобусов в Таджикской ССР //Гигиена труда и профзаболевания. - 1991. - №9. - С. 18-21.
  • Жыл: 2014
  • Қала: Алматы
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.