Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қалқанша безі ауруларының алдын алуының заманауи аспектілері

Қалқанша кезде ағзадағы йод тапшылық еліміздің көп бөлігіндегі орын алып отыр. Қалқанша безі гормондарының монопрепараттарын, сонымен қоса олардың бейорганикалық йодпен үйлестірілген және кешендендірілген түрлері сияқты медикаментоздық заттарды қолдануға негізделген емдеу тәсілі белгілі. Белгілі әдістің негізгі кемшілігі қалқанша безі тиреоидтық гормондарының синтезінің басылуында, нәтижесінде емделуші адам алмастырылған гормонотерапиядан тәуелді болады және дәрісіз өмір сүре алмайды.

Йодқа тәуелді аурулардың алдын алу үшін көптеген елдерде йодталған тұз өндіріледі. Көптеген негіздемелерге қарағанда, тұз және тағам өнімдерін йодтау арқылы йодтапшылық мәселесін шешу мүмкін емес. Йодталған ауыз суды қолдану адам ағзасын йодпен қамтамасыз балама әдісі болып табылады.

Қалқанша кезде ағзадағы йод тапшылық еліміздің көп бөлігіндегі орын алып отыр. Йод жетіспеушілік ірі тау-кен металлургиялық өндірістік-ластанған кешендерінің өнеркәсіп орындары, «Байқоңыр» ғарыш айлағы, Семей полигоны орналасқан аймақтарда айрықша байқалады. Минералдық және химиялық тыңайтқыштардың жалпылама қолданылуы, автомобиль сандарының екпінді өсуі және т.б. - осының бәрі адам денсаулығына әсер етуші жағымсыз факторлардың себебі болуда *1+ Клиникалық зерттеулер йод адам өміріндегі өмірлік маңызды функцияларды орындайтын, қалқанша безі гормондарының негізін құрайтынын көрсетті. Йод жетіспеушілікпен байланысты гормондық бұзылулардың көбі сыртқа байқалмайтын түрге ие, сондықтан ағзадағы йод жетіспеушілік «жабық аштық» деген атауға ие болды [2].

Гормондар қызметінің бұзылуы адамның жүйке жүйесі, ми, жыныстық және сүт бездерінің қызметінің бұзылуына әкеледі. Ең алдымен, балалар зардап шегеді: олар ақыл-ой және дене бітімінің дамуы артта қалады, оларға мектепте оқу мен жаңа білімді қабылдау қиынға соғады *3+.

Қалқанша безі гормондарының монопрепараттарын, трийодтиронин, тироксин, сонымен қоса олардың бейорганикалық йодпен үйлестірілген және кешендендірілген түрлері (йодтирокс, тиреотом, тиреокомб) сияқты медикаментоздық заттарды қолдануға негізделген емдеу тәсілі белгілі (Стандарт РФ Қалқанша безі ауруларын йодтирокс, тиреотом, тиреокомб қолдану негізінде емдеу, РАМН, 2013). Бұл дәрілік заттар қалқанша безі гормондарының жетіспеушілігінің орнын толтырады және өмір бойы қабылданады. Қалқанша безінің мұндай емдеу тәсілі «Алмастырылған гормонотерапия (АГТ)» атына ие болды [4].

Белгілі әдістің негізгі кемшілігі қалқанша безі тиреоидтық гормондарының синтезінің басылуында, нәтижесінде емделуші адам алмастырылған гормонотерапиядан тәуелді болады және дәрісіз өмір сүре алмайды. АГТ-нің басқа жанама әсерлерінен синтетикалық гормондарға аллергиялық реакция тууын, жүрек соғысы мен жүйке жүйесінің бұзылуларын атап өту керек *5+.

Йодқа тәуелді аурулардың алдын алу үшін көптеген елдерде 1 т тұзға 40г мөлшерінде йодты калий немесе калий йодитін қосу жолымен алынатын йодталған тұз өндіріледі.

Калий йодаты (КЮЗ) органикалық заттар коспасында күшті тотықтырғыш болып табылады, сондықтан оны тағам ретіндепайдалану орынсыз. Ол органикалық заттармен қайтымсыз тотығу мен химиялық қасиеттері белгісіз заттар түзілетін химиялық модификацияға әкелуі мүмкін. Калий йодатының күшті тотықтырғыш қасиеті ферментативті жүйені зақымдайды және супероксидті радикалдың пайда болуын туғызады *6+. Соңғысы жоғары концентрацияда ағзада тотығу-тотықсыздану үрдістерін тотығу реакцияларының күшеюі жағына қарай бұра алады. Бұл асқынтотық пен синтез процесстерінің қайтымсыз өзгерістеріне әкеледі. Нәтижесінде қажетті заттар қайтымсыз тез жұмсалады.

Йодталған тұздарды қолданудың бірнеше кешіліктері бар, оның ішінде:

біріншіден, адам ағзасы үшін артық зиян, ал кейбір ауруларға тұз мүлдем қарсы көрсетілген;

екіншіден, йод тұз құрамында тұрақсыз химиялық қосылыс түрінде болады, оның көп мөлшері сақтау мерзімінде шығындалады;

үшіншіден, йодтың химиялық қосылысы қанға түсуі үшін адам ағзасы қосымша жұмыс жасауы қажет *7+.

Тағамдарды йодтауға дәстүрлі йодитттер мен йодаттармен салыстырғанда «Йодказеин» және йодқұрамдас ашытқыларды қолдану дұрыс болып табылады. Бірақ бұл соңғы өнім өндірісі технологиясын өзгешеліктер енгізеді. Берілген йодқұрамдас қосылыстардың барлық артықшылықтарына қарамастан, олармен суды немесе сусындарды йодтауға болмайды [8].

Тағы бір маңызды жағдай йодказеинді қолдану туралы ойландырады. Американдық ғалым психиатр Нил Барнард, өзінің емделуші адамдарын бақылай отырып, жаңа тағамдық тәуелділік түрін анықтады – ол ірімшікке әуестілік. Әрбәр ірімшік құрамында ерекше белок – казеин бар екен. Ол асқорыту үрдісінде адамға морфий сияқты әсер ететін заттарды түзе ыдырайды. Егер адам ұзақ уақыт бойы казеинқұрамдас өнімдерді қолданса (бұл жағдайда ірімшік), зардабы бар әуестілік пайда болады. Бұл сұрақ бойынша Америкада қазір шулы соттық процесстер жүріп жатыр *9+.

Сонымен қоса, нашарсіңірілетін казеин ағзада тамырлар, буындарда «қақ» түрінде жиналады, ол гипертония, артрит, аллергия және қантамырларында басқа атеросклеротикалық өзгерістер туғызады (ТИРОНЕТ- сайт). Француз ғалымы Пьер Роланның пікірі осындай.

Жоғарыда айтылған негіздемелерге қарағанда, тұз және тағам өнімдерін йодтау арқылы йодтапшылық мәселесін шешу мүмкін емес.

Алдын алу шараларын өткізетін халықаралық практикасы дәлелдегендей, адам ағзасы қандай да бір концентірленген әсерге әкеледі.

Су мен йод адам ағзасында барлық өмірлік маңызды процесстерге қатысатыны белгілі және йодтың шығындалуы ағзаға түсетін күштен тәуелді.

Суды йодтау йодталған өнімдердің сенімді және арзан өндіріс технологиясының болмауынан кең қолданыс таппады.

Бүгінгі таңда мұндай технология бар. Академик В.Н.Мельниченконың зерттемесі бойынша биологиялық белсенді йод иондармен байытылған табиғи минералды су негізіндегі өнім алынады *10+.

Украинада ИЦ «Биотрон» НАН ғалымдары, «Ярк-Киев» концерні мен НПК «Йодис» қызметкерлерімен ТУУ 14326060,003-98 немесе ТУУ 15,9-30631018-007:2005 «Йодис-концентрат» алынды. Ол құдықтан алынған минералды суды 10-80 мг/дм3 концентрациясына, яғни қаныққанға дейін биологиялық белсенді йодпен байыту негізінде дайындалады *11+

«Йодис-концентраты» ауыз су және емдік ауыз су, алкогольсіз және әлсіз алкогольді сусындар, нан өнімдері, ет және сүт өнімдері және адам ағзасындағы йод жетуспеушілікпен байланысты аурулардың алдын алуға арналған тағам өнімдері өндірісінде пайдалануға ұсынылады. Берілген концентрат өзінің табиғатына, жоғары биологиялық белсенділігі мен тұрақтылығына байланысты адам ағзасының йодпен аса қанықтыруға қабілетсіз *12+.

Йодталған ауыз суды қолдану адам ағзасын йодпен қамтамасыз балама әдісі болып табылады. Бұл әдістің басқа йодталған өнімдерді қолдану әдістерінен артықшылығы бар, мысалы, йодталған тұзбен ыстық тағам дайындалу барысында 60% йод жоғалады *13+. Көптеген адамдардың денсаулық жағдайына байласнысты ас тұзын пайдалану шектеледі, соған сәйкес оны күнделікті рационнан шығарады. Ағзаны ауру кезінде йодпен қамтамасыздандыру аса маңызды.

 

Список литературы

  1. Фадеев В.В. Патогенетическая терапия эутиреоидного зоба. // Consilium Medicum. - 2002. – V. 4(10). - P. 516-520.
  2. Дедов И.И. Профилактика и лечение йододефицитных заболеваний в группах повышенного риска. – М.: 2004. – 250 с.
  3. Будневский А.В., Грекова Т.И., Бурлачук В.Т. Алгоритмы профилактики и лечения йододефицитных заболеваний // Гипотиреоз и нетиреоидные заболевания. – М.: 2003. – С.129-133.
  4. Брызгалина С.М., Шимотюк Е.М., Айкона Т.П., Кашина Е.П. Тиреоидный статус при сочетанном действии техногенных и природных факторов // Материалы 3–го Всероссийского тиреоидологического конгресса. – М.: 2004. – С. 98-100.
  5. Попова В.А., Кожин А.А., Вербицкий Е.В. Особенности патологии щитовидной железы у детей промышленно – развитого города // Материалы 3–го Всероссийского тиреоидологического конгресса. – М.: 2004. – С. 240 – 241.
  6. Helzel B., Mano M. A revien of iodine deficiency during fetal development//G Nutr – 1989. -#2. – P.145-152.
  7. Delange F., Burgi H., Еуропа елдерінің тұрғындарындағы йод жетіспеушілік және оның зардаптары// Научный журнал ВОЗ. -1994.
  8. Барышева Е.С., Сизова Е.В., Нотова С.В. и др Макро-и микро элементный статус рабочих, страдающих заболеваниями щитовидной железы // Вестник ОГУ приложение Биоэлементология. – 2005. - №2. – С.16-20.
  9. Трошина Е., Соловьева С., Федак И. Дефицит йода: влияние на щитовидную железу и интеллект школьников // Фармация. – 2008. - №9. – С.24-27.
  10. Семенова Н.Б., Манчук В.Т. Характер интеллектуального дефекта при тяжелом йодном дефиците // Журнал неврологии и психиатрии. – 2007. - №4. – С. 59-63.
  11. Э.П.Касаткина, Д.Е. Шилин, Г.В. Ибрагимова и др. // Анализ современных рекомендаций и критериев ВОЗ по оценке йод-дефицитных состояний / Пробл. эндокринол. - 1997. -Т. 43. -№4. - С. 3-6.
  12. Рустембекова С.А., Барабошкина Т.А. Микроэлементный баланс и дисфункция щитовидной железы // Материалы Всеросс. научной конференции «Актуальные проблемы экологии и природопользования». - М.: 2004. - С. 15-17.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.