Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Фосфорға сезімталдығына байланысты жануарлардың қан ерітіндісінің хемилюминесценттік көрсеткіштерінің өзгеруі

Өндірістік химиялық токсиканттарды (фосфорды) және кейбір дәрілік препараттарды (индометацинді, изониазидті) қанға енгізгенге дейінгі және одан кейінгі, сондай-ақ көрсетілген ксенобиотиктерді ағзаға енгізгенге дейін және енгізгеннен кейін ағзаның жеке дара сезімталдығын анықтауға болады.

Ксенобиотиктермен әсерлесуден бұрынғы және кейінгі қандағы хемилюминесценттік көрсеткіштердің өзгерісі және оларға ағзаның резистенттілік коэффициенті бойынша ағзаның келесі топтарын бөлуге болады: «төзімді», «сезімталды» және «жоғары сезімталды».

Бүгінгі күні адам организміне көптеген өндірістік химиялық заттардың және дәрі-дәрмектердің әсері күннен күнге кең тарап бара жатыр. Олардың организмге уытты немесе жанама әсерлерінен дерттік өзгерістер пайда болатыны көпшілікке белгілі. Бұл ксенобиотиктердің әсерлерінен дерттердің даму мүмкіншіліктері организмнің даралық сезімталдығына байланысты болады *1+. Мәселен, уытты заттарға организмнің даралық сезімталдығы оның фенотипіне байланысты болатыны дәлелденген. Фенотипіне байланысты улы заттардың әсерінен дерттердің дамуы әр түрлі деңгейде болады [2,3].

Жұмыстың мақсаты: Фосфорға сезімталдығына байланысты жануарлардың қан ерітіндісінің хемилюминесценттік көрсеткіштерін бағалау.

Зерттелген топтар және зерттеу әдістері. Фосфорға даралық сезімталдығын анықтау үшін хемилюминесценттік әдіс қолданылды.

Бұл әдісті жасау үшін алдын-ала 1%-ды сары фосфордың сулы қалқымасы жасалынды (майлы ерітіндісі жарамайды). Бүл үшін 1,0 г сары фосфорды 99 мл дистиляцияланған суға ерітіп, оны 10 минөт бойы 22 кГц ультрадыбыспен әсерлендірілді. Ультрадыбысты алу үшін қуаты 400вт УЗДН-1 аспап қолданылды. Зерттеуге алынған адамдардың саусағынан және тәжірибелік жануарлардың құйрығынан 0,2 мл қан алып, оны теңдей екіге бөліп, 0,9 мл- ден физиологиялық ерітінді қосылды. Оның бір бөлігіне 0,01 мл 10-6м сары фосфордың сулы қалқымасын, ал екінші бөлігіне 0,01 мл физиологиялық ерітінді қосылды. Бұл екі сынаққа алынған ерітінділер 30 минөт бойы t=370C термостатта ұсталды. Алынған қанның өз бетінше шұғыла шашыратылуы анықталды. Артынан 3%-0,5 мл сутегінің асқын тотығын қосып, қанның әсерленген хемилюминесценттік қасиетін ХЛМЦ- 01 аспабында 5 минөт бойы зерттегеннен кейін, оның әлсіз шұғыла шашыратуының жалпы қосындысы және асқын тотық радикалдарының түзілу жылдамдығы анықталды.

Интакты егеуқұйрықтардың фосфорға сезімталдығын анықтау үшін хемилюминесценттік әдісі қолданылды. Жануарлардың қанын фосформен әсер етуі арқылы хемилюминесценттік көрсеткіштерді зерттеп, олардың фосфорға сезімталдығы анықталды.

Сары фосформен жіті уыттануды алу үшін ғылыми деректерде кездесетін мәліметтерді ескере отырып [4], егеуқұйрықтардың 10 мг/кг дене массасына есептелінген сары фосфордың сулы қалқымасы тәжірибелік жануарларға өңеш арқылы енгізілді. Тәжірибеге салмағы 170-230г 100 ақ егеуқұйрықтар қолданылды.

Бақылау нәтижесінде ғылыми тәжірибенің 5-7-ші күндерінде 8 жануар өлді, ал тәжірибенің 7-15-ші күндер аралығында тағы да 8 егеуқұйрық өлді, 10 егеуқұйрықтың жалпы күйі нашарлау болып, олар тәжірибенің 13-16-шы күндері өлді. Ал қалған 74 егеуқұйрықтың жалпы жағдайлары тәжірибенің 20-шы тәулігінен бастап дұрыстала бастады.

Жоғарыда көрсетілген ғылыми тәжірибенің 7-ші тәулігіне дейінгі өлген жануарларды фосфорға «өте сезімтал» тобына, ал тәжірибенің 20-шы тәулігіне дейін өлген жануарларды «сезімтал» топқа, 20-шы тәуліктен соң жалпы күйі дұрысталған жануарлар фосфорға «төзімді» топтың қатарына енгізілді.

Зерттеу нәтижелері. Егеуқұйрықтардың фосфорға сезімталдығын анықтау үшін хемилюминесценттік әдіс қолданылды. Тәжірибеге 100 ақ егеуқұйрық пайдаланылды. Алынған деректер 1-ші кестеде келтірілген.

Жануарлардың қан ерітіндісінің хемилюминесценттік көрсеткішін фосфор ерітіндісін қосқанға дейін және оны қосқаннан кейін анықтағанда тәжірибе жасалынған егеуқұйрықтар үш топқа бөлінді. Бірінші тобында фосфор қосқанға дейін өз бетінше шұғыла шашырату, әсерленген шұғыла шашырату және асқын тотық радикалдарының түзілу жылдамдығы барлық жануарлардың орташа көрсеткіштерінен өзгеріссіз болды (1-ші кесте). Бұл топтағы жануарлардың қанына фосфор ерітіндісін қосқаннан кейін зерттелінген хемилюминесценттік көрсеткіштер өзгеріске ұшырамай бастапқы күйінде сақталды. Фосфорға төзімділік көрсеткішті анықтағанда ол барлық жануарлардың орташа көрсеткішінен 47,7%-ға жоғары болды. Осыдан бұл топтағы жануарлар фосфорға «төзімді» жануарларға жатқызылды. Олар барлық тәжірибе өткізілген жануарлардың 74 %-ын құрады.

Екінші тобындағы жануарлардың фосфор қосқанға дейінгі хемилюминесценттік көрсеткіштерін жалпы топтың көрсеткішімен салыстырғанда өз бетінше шұғыла шашырату өзгеріссіз, әсерленген шұғыла шашырату – 23,3%-ға, асқын тотық радикалдарының түзілу жылдамдығы – 22,6%-ға шамалы түрде жоғары болды. Қан ерітіндісіне фосфор қосқаннан кейін бұл көрсеткіштер өздерінің болмыстық көрсеткіштерінен 49,1%-ға, 43,6%-ға, 43,2%-ға сәйкес көтерілді. Фосфорға төзімділік көрсеткіші жалпы топтың көрсеткішіндей шамада сақталды. Сол себепті бұл топтағы жануарлар фосфорға «сезімтал» жануарларға жатқызылды. Бұл жануарлар барлық жануарлардың 18%-ын құрады.

Үшінші тобындағы жануарлардың қанының фосфор қосқанға дейінгі хемилюминесценттік көрсеткіштерін жалпы топтың көрсеткіштерімен салыс-тырғанда өз бетінше шұғыла шашырату – 62,6%-ға, әсерленген шұғыла шашырату – 70,8%-ға, асқын тотық радикалдарының түзілу жылдамдығы – 69,5%-ға дәйекті түрде жоғары болды. Қан ерітіндісіне фосфор қосқаннан кейін бұл көрсеткіштер 3,96 есеге, 3,8 есеге, 3,81 есеге сәйкес қатты артып кетті. Фосфорға төзімділік көрсеткіш жалпы топтың көрсеткішіне қарағанда 2,59 есе кем болды. Осыдан бұл жануарлар фосфорға «өте сезімтал» топқа жатқызылды. Олар барлық жануарлардың 8%-ын құрады (1-ші кесте).

Сайып келгенде, фосфорға «төзімді» тобының жануарлар қанында өз бетінше және әсерленген хемилюминеценция, асқын тотық радикалдарының түзілу жылдамдығы фосфор қосқанға дейін және фосфор қосқаннан кейін айтарлықтай өзгеріске ұшырамады. Фосфорға төзімділік көрсеткіш өте жоғары болды.

Кесте 1 - Фосфорға сезімталдығына байланысты жануарлардың қан ерітіндіснің хемилюминесценттік көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Топтар

жалпы

n=100

төзімді

n=74

сезімтал

n=18

өте сезімтал

n=8

Өз бетінше шұғыла

шашырату (кв/сек)

1

2

2,3±0,16

3,4±0,23**

1,90±0,18*

1,99±0,09

2,75±0,13*

4,1±0,21**

3,74±0,18*

14,8±0,74**

Әсерленген шұғыла

шашыратудың жалпы

қосындысы (103кв)

1

2

22,3±0,89

33,0±1,6**

19,4±0,97*

19,3±0,96

27,5±1,3*

39,5±1,98**

38,1±0,74*

144,8±7,2**

АТРТЖ

(кв/сек)

1

2

74,7±2,9

109,6±5,1*

65±1,6*

64,7±3,2

91,6±2,7*

131,2±6,6**

126,6±4,8*

482,4±24,1**

ФТК (шб)

0,67±0,04

0,99±0,05*

0,68±0,03

0,26±0,01*

АТРТЖ-асқын тотық радикалдарының түзілу жылдамдығы; ФТК- фосфорға төзімділік көрсеткіш;*р<0,05-жалпы топпен салыстырғандағы нақты көрсеткіш;** р< 0,05-болмыстық көрсеткішпен салыстырғандағы нақты көрсеткіш; 1-болмыстық қөрсеткіш; 2- фосформен әсер еткеннен кейінгі көрсеткіш Фосфорға «сезімтал» жануарлар тобының қанында бұл көрсеткіштер фосфор қосқанға дейін 19%-24%-ға, фосфор қосқаннан кейін 43-49%%-ға ғана көтерілді.

«Өте сезімтал» топтың қанында өз бетінше шұғыла шашырату, әсерленген шұғыла шашырату, асқын тотық радикалдарының түзілу жылдамдығы фосфор қосқанға дейін 22,6-23,3%%-ға, фосфор қосқаннан кейін 220- 296%%-ға қатты көтерілді. Фосфорға төзімділік көрсеткіш бұл топтағы жануарларда 2,6 есеге кеміді.

Сонымен, дені сау жануарлардың қан ерітіндісінің хемилюминесценттік қасиеттері организмнің фосфорға сезімталдығына байланысты әр түрлі деңгейде өзгерді, ең аз ауытқулар «төзімді» тобында орын алса, ең үлкен ауытқулар «өте сезімтал» тобында болды.

Алынған мәліметтер қан ерітіндісінің хемилюминесценттік қасиетінің әр түрлі деңгейде болатынын және фосформен әсерленген хемилюминесценцияның өзгеруі фосфорға сезімталдығына байланысты екенін көрсетті (1-сурет).

Қорытынды.

1. Өндірістік химиялық заттарға (фосфорға) жағымсыз әсерлерін қанға (in vitro жағдайында) бұл заттардың белгілі мөлшерін қосып қанның хемилюминесценттік көрсеткіштерін анықтау арқылы бұл заттарға организмнің даралық сезімталдығын алдын- ала аңғаруға болады.

2. In vitro жағдайларында ксенобиотиктерді қосқанға дейін және одан соң қанның хемилюминесценттік көрсеткіштерінің айырмашылықтарын және оларға төзімділік көрсеткішін анықтау арқылы ксенбиотиктерге организмнің даралық сезімталдығын «төзімді», «сезімтал», «өте сезімтал» деп 3 топқа ажыратуға болады.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. А.С. 392507. Кемеревский государственный университет. Способ определения профессиональной пригодности лиц для работы в условиях с повышенной вредностью // Лавряшин Б.В., Голенда И.Л. и соавт., опубл. 30.04.88, Бюлл.№16-2с: ил.
  2. Лавшина И.П., Гуляева Н.В. Зависимость влияния острого стресса на латерализацию продуктов перекисного окисления липидов в мозге от типологических особенностей поведения крыс // Бюлл. экс. биол. и медицины.-1991. - №6. - С.568-569.
  3. Әділбекова Д.А. Фосфорға сезімталдығына байланысты фосфор қосылыстарымен созылмалы уыттанған сырқаттардың қанындағы липидтердің еркін радикалды асқын тотығы үрдістерінің жағдайы // «Білім, ғылым және өндірістің өзекті мәселелері-2008», Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясының еңбектер жинағы, том ІІ. – Шымкент: 2008. - C.168-172.
  4. Алдын-ала патент №2006/0639.1 «Способ определения индивидуальной восприимчивости организма к желтому фосфору»/ Әділбекова Д.А., Орманов Н.Ж. 25.09.2008 жылы ҚР өнер табыстардың мемлекеттік тізімінде тіркелді.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.