Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мектептегі бастауыш сынып парталарын гигиеналы қ бағалау

Оқушы партасына қойылатын талаптардың дұрыс сақталмауының нәтижесінен балаларда дене кейіпінің еңкіштігі ұлғаяды, оның ассиметриясы дамиды, дене мүсінінің бұлшық еттеріне түсетін жүктеме көбейіп, ауырлық орталығы ауысып, дене тұлғасының тұрақсыздығына әкеліп соғады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Оқу тәрбие мекемелерін қажетті жиһаздармен қамтамасыз етудің және оны тиімді пайдаланудың өсіп келе жатқан балалардың денсаулығын сақтауда, барлық оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін жоғарлатуда маңызы жоғары.

Негізгі талаптардың біріне оқу столы мен орындықтардың баланың бой ұзындығы мен дене пропорциясына міндетті түрде сәйкес келуі жатады.

Бұл талаптардың сақталуы балалардың дене бітімі дамуының үйлесімді болуына, дене тұлғасының дұрыс қалыптасуына, қызмет қабілетінің ұзақ уақыт жоғары болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар, көз анализаторы мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстарының профилактикалық шаралары ретінде де өте маңызды рөл атқарады. Бұндай талаптар сақталмағанда, жұмыс істеу жағдайының қолайсыздығы арта түседі: дене кейіпінің еңкіштігі ұлғаяды, оның ассиметриясы дамиды, дене мүсінінің бұлшық еттеріне түсетін жүктеме көбейіп, дене тұлғасының тұрақсыздығына әкеліп соғады, балалар сабақта тыныш отыра алмай, артық қимыл- қозғалыстары көбейеді. Оқушының дене бітімінің дамуы мен ақыл-ой қызмет қабілетінің дұрыс қалыптасуы үшін сабақта отырғандағы дене тұлғасының дұрыстығы қажет.

Еліміздегі қазіргі мектептерде көптеген парталардың түрлері пайдаланылады. Ертеден келе жатқан Ф.Ф. Эрисман партасы іспетті орындығы бірге орнатылған екі орынды парталар көбінесе бастауыш сыныптарда қолданылады. Ол парталар «мектеп парталары» деген мемлекеттік стандартқа орта шамамен алған балалардың дене көрсеткіштеріне байланысты өлшемде жасалады.

Парта үстелінің беті еденге сәл көлбеулеу жасалады. Бұл оқушылардың кітап оқып, жазу жазғанда көздерінің талмай дұрыс жұмыс істеуіне қолайлы. Үстелдің ұзындығы 110-130 см, ені 63-70 см, үстел бетінің сыртқы шеті еденнен 52-79 см биікте болады, дифференциясы 20,5-32 см. Партаның дифференциясы деп үстелдің оқушы жақ жиегінің биіктігі мен парта отырғышының арасындағы аралықты айтады. Партаның дифференциясы оқушы отырғанда денесін тік ұстап, үстелге білектерін қойып отыруға ыңғайлы болуы тиіс, гигиеналық талапта көрсетілген мөлшерден аспау және аз болмау керек. Егер партаның дифференциясы дұрыс сақталмаса, оқушының омыртқа сүйектері қисаяды, дифференция биік болғанда оң жақ сколиоз, дифференция аласа болғанда сол жақ сколиоз пайда болады.

Оқушының дұрыс отыруын қамтамасыз ететін парта столы мен орындықтың басты 3 көрсеткіші бар. Ол жоғарыда жазылған парта дифференциясы мен арқалық және орындық дистанциялары. Парта орындықтарының арқалық дистанциясы столдың оқушы жақ шетінен орындықтың арқалығына дейінгі аралық. Бұл оқушының көкірек қуысының тереңдігіне байланысты. Оқушы партада отырғанда оның көкірегі мен парта үстелінің шетінде 3-5 см арқалық болуы керек. Отырғыштың аралық дистанциясы аз болғанда оқушының кеудесі столдың шетіне тіреліп, кеуде сүйегі ішіне қисайып өседі де, көкірек қуысындағы тіршілікке маңызы зор жүрек, қолқа тамыры, жоғарғы және төменгі қуыс веналары іспетті үлкен қан тамырларының, өкпе, бауыр, бронхылардың қызметіне, олардың дұрыс өсіп жетілуіне зиян келтіреді. Ал арқалық дистанция артық болғанда оқушы жазуды еңкейіп жазады да, омыртқа сүйектері қисық өседі және көздің қызметіне қолайсыз болып, жақыннан көру дамиды. Парта орындықтарының дистанциясы деп парта үстелінің оқушы жақ шеті мен орындықтың алдыңғы шетінің арасындағы аралықты айтады. Ол 3 түрлі болады: НӨЛДІК, ОҢ және ТЕРІС ДИСТАНЦИЯ. Егер столдың шеті мен орындықтың алдыңғы шеті бір деңгейде болса, орындық дистанция нөлдік, арасында аралық болса - оң, отырғыштың шеті үстелдің астына кіріп тұрса - теріс дистанция болады. Қазіргі гигиеналық талаптар бойынша оқушылардың дұрыс отыруына 4-5 см теріс дистанция қолайлы. Парта қақпағының ішкі жағына оның өлшемі көрсетіледі.

Оқушы партасына қойылатын талаптар орындалған жағдайда оқушылардың денесі қисаймай дұрыс өсіп, яғни оқушылардың дұрыс өсіп жетілуіне қолайлы жағдай жасалынады.

Жүргізілген зерттеу жұмысының мақсаты - Алматы қаласы мектептерінің бастауыш сынып парталарына (оқушы столы мен орындық) қойылатын санитарлық талаптарды анықтап, гигиеналық баға беру.

Белгіленген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

Оқу столына қойылатын негізгі өлшемдерді анықтау. Орындықтарға қойылатын өлшемдерді анықтау. Парталардың ара-қашықтығын анықтау. Парталарға гигиеналық баға беру.

Материалдар мен зерттеу тәсілдері

Негізгі зерттеу материалдары ретінде мектептің бастауыш сынып парталары алынды, яғни оқушы столдары мен оқушы орындықтары.

Зерттеу тәсілдері бойынша №149 және №171 жалпы білім беретін мектептері таңдап алынды. Сол мектептердегі бастауыш сыныптардың оқушы столдары мен оқушы орындықтары өлшегіш ленталармен өлшенді. Арнайы мемлекеттік стандартқа сәйкес, мектеп партасының негізгі өлшемдері алынды. Парталар арасындағы қашықтық өлшегіш лентамен анықталды. Алынған нәтижелер арнайы стандартен салыстырылып, гигиеналық баға берілді.

Алынған нәтижелер және оларды талдау

Біз Алатау ауданына жататын №149 және №171 жалпы білім беретін мектебінде зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Осы екі мектептің парталарын, яғни оқушы столдары мен оқушы орындықтарының арнайы өлшемдерін алдық. Бұл екі мектепте де столы мен орындығы бөлек екі орынды парталар үш қатар бойында қойылған.

№149 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сыныбының оқу парталарының өлшемдері анықталды: партаның алдыңғы қырының биіктігі 67см, партаның артқы қырының биіктігі 67см, парта бетінің жазық бөлігінің кеңдігі 44,5 см, парта қуысының кеңдігі 20см, қуыстың биіктігі 47см, қуыстың артқы қыры мен орындықтың алдыңғы қырының ара қашықтығы 14см, орындық биіктігі 42см, орындықтың арқалығына дейінгі тереңдік 39см, орындықтың кеңдігі 28см, орындықтың арқалығының еденге дейінгі биіктігі 60см, орындық арқалығының биіктігі 15см, арқалықтың дистанциясы 36см, дифференция 31см.

Екі орынды столдардың қатарларының аралығы негізінен 60см, ал зерттеу жүргізген мектепте 80см; столдар қатары мен сыртқы қабырғаның аралығы 50-70см; столдар қатары мен ішкі қабырғаның (немесе сол қабырғада орналасқан шкафтардың ) аралығы 50-70см; ең артқы столдан қабырғаға дейін, қарсысындағы сынып тақтасына дейінгі аралық негізінен 70см, зерттеу жүргізген мектепте 73см; бірінші партадан,оқу тақтасына дейін 2,4-2,2м-ден кем болмауы керек, зерттеу жүргізген мектепте 2м.

№ 171 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сыныбының оқу парталарының өлшемдері анықталды: партаның алдыңғы қырының биіктігі 70см, партаның артқы қырының биіктігі 70см, парта бетінің жазық бөлігінің кеңдігі 50см, парта қуысының кеңдігі 20см, қуыстың биіктігі 44см, қуыстың артқы қыры мен орындықтың алдыңғы қырының ара қашықтығы 15см, орындық биіктігі 42см, орындықтың арқалығына дейінгі тереңдік 37см,орындықтың кеңдігі 33м, орындықтың арқалығының еденге дейінгі биіктігі 60см, орындық арқалығының биіктігі 14,5см, арқалықтың дистанциясы 31см, дифференция 27см. Екі орынды столдардың қатарларының аралығы негізінен 60см, ал зерттеу жүргізген мектепте 75,5см; столдар қатары мен сыртқы қабырғаның аралығы 50-70см; столдар қатары мен ішкі қабырғаның (немесе сол қабырғада орналасқан шкафтардың ) аралығы 50-70см; ең артқы столдан қабырғаға дейін, қарсысындағы сынып тақтасына дейінгі аралық негізінен 70см, зерттеу жүргізген мектепте 75см; бірінші партадан,оқу тақтасына дейін 2,4-2,2м-ден кем болмауы керек, зерттеу жүргізген мектепте 2,5м. Зерттеу бастауыш сынып оқушыларының арасынан бірінші және үшінші сынып оқушыларының арасынан алынды.

Қазіргі кездегі парталар мен бұрынғы стандартқа сәйкес парталардан көптеген айырмашылықтары бар. Мысалға бұрынғы парталар жылжымайтын болған, столы мен орныдығы бірге болған. Ал қазіргі столдар мен орындықтар жеке, бөлек, яғни бірікпеген, ашып-жабылатын қақпағы жоқ, стол бетінде ешқандай еңістік жоқ, беті тегіс, арнайы сөмке қоятын орындары жоқ, бірақ бір жұқа қаңылтырдан жасалған ілгіші бар, оның өзі әлсіз, тез сынғыш, ал кейбір сыныптардағы парталарда сөмке ілетін ілгіші де қарастырылмаған. Стол мен орындықтың жеке болуы, бастауыш сынып балалары үшін тиімсіз, бала орындықты қалай жылжытқысы келсе де өзі біледі, мұғалімнің үнемі қадағалап отыруы да мүмкін емес. Сыныптағы парталардың өлшемі бірдей, номенклатура бойынша оқушыларға арналған столдар мен орындықтардың топқа бөлінуі бойынша оқушылардың бойына байланысты жеке топ парталары жоқ. Бір сыныптың өзінде бой өлшемін жүргізгенде, бой ұзындығы 130 см.-ден 145 см.-ге дейінгі балалар кездесті. Ал стандарт бойынша 130 см-ге дейінгі балаларға А тобының, 130-145 см-ге дейінгі балаларға арналған парталар Б тобына жатады. Сондықтан бір сыныпта A және Б тобына жататын парталар қарастырылуы қажет.

Жоғарыдағы айтылып кеткен мәліметтер нәтижесі келесі тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:

Бастауыш сынып оқушыларының оқу парталары бірікпеген, столдары мен орындықтары жеке.

Оқу столының беті тегіс, ешқандай еңістік жоқ, бұл баланың оқу және жазу кезінде дене кейпін еңкіш ұстауына алып келеді.

Оқу столдарында ашып-жабылатын қақпағы жоқ, оқушы орнынан тұрған сайын орындықты жылжытуға тура келеді, сондықтан стол мен орындық арасындағы арнайы қашықтық үнемі дұрыс сақталмайды.

Оқушы партасына қойылатын талаптардың дұрыс сақталмауының нәтижесі балаларда дене кейіпінің еңкіштігі ұлғаяды, оның ассиметриясы дамиды, дене мүсінінің бұлшық еттеріне түсетін жүктеме көбейіп, ауырлық орталығы ауысып, дене тұлғасының тұрақсыздығына әкеліп соғады, балалар сабақта тыныш отыра алмай, артық қимыл-қозғалыстары көбейеді, бұл баланың сабаққа деген зейінін төмендетеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Неменко Б. A., Оспанова Г. К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. - Алматы: 2002. - 344 б.
  2. Неменко Б. A., Оспанова Г. К. Гигиена детей и подростков. - Алматы: 2007. - 411 с.
  3. Кардашенко В. Н., Кондакова-Варламова Л. П., Прохорова М. В., Стромская Е. П., Степанова З. Ф. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков. - М.: 1983. - 264 с.
  4. «Санитарно-эпидемиологические требования к объектам воспитания и образования детей и подростков» № исх: 1684 от: 30.12.2011.
  5. Кардашенко В. Н., Стромская Е. П., Кондакова-Варламова Л. П., Прохорова М. В.,Дьячкова Н.Г. Гигиена детей и подростков: Учебник. под ред. В.Н.Кардашенко.-2-е изд., перераб. и доп. - М.: Медицина,1988. - 512 с.
  6. Гигиена детей и подростков: руководство к практическим занятиям: учебное пособие / под ред. проф.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.