Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бүйректің эндоваскулярлы денервациясы әдісімен резистентті артериальдігипертензиясы бар науқастарды емдеу

Рефрактерлі артериальді гипертензиясы бар науқастарға бүйрек артериясының екіжақты денервациясы жүргізілді. Араласудан кейін САҚ және ДАҚ шынайы төмендеуі орташа алғанда 20±9 мм сб.б. және 11±5 мм сб.б. құрады. Екі айдан кейін қайта қарау кезінде САҚ және ДАҚ 132±4 және 84±5 мм сб.б. құрады. Бүйрек артериясының денервациясы – көпкомпонентті терапияға рефрактерлі эссенциальді АГ бар науқастарды емдеу кезінде нәтижелі әдіс болып табылады.

Қауымдастың зерттеу мәліметтері бойынша, ересек түрғындардың едәуір көп бөлігі артериальдық қысымның (АҚ) жоғары сандарымен ауырады [1], ол жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА), миокард инфаркты (МИ), созылмалы жүрек жетіспеушілігі (ЖСЖ), инсульттің және олардың жағымсыз нәтижелерінің даму қауіпінің тәуелсіз факторлары болып табылады [2]. Резистенті немесе рефрактерлі артериальді гипертензия (АГ) нашар қадағаланатын артериялдық қысымның бірден-бір себебі болып табылады. Артериалдық қысымды қадағау жетіспеушіліктерінің предикторлары ол - егде жас (75 жастан жоғары), сол қарынша гипертрофиясы (СҚГ), семіру (дене салмағының индексі 30 кг/м жоғары), соңғы АҚ жоғары болуы (систолалық АҚ 160 мм сб.б. жоғары), креатинин 1,5 мг/дл жоғары созылмалы бүйрек жетіспеушілігі (СБЖ), қант диабеті, сонымен қатар ALLHAT зерттеу қорытындылары бойынша, негроидты нәсілдерге және әйелдер жынысына тиістілік [3,4].

Қазіргі уақытта зманауи нәтижелігі жоғары, үзақ әсер ететін қүрамдастырылған терапия кестелерінің қол жетімді болуына қарамастан, науқастардың едәуір бөлігіне рефрактерлік АГ констатациялауға тура келеді. РМОАГ/ВНОК [5], Артериальді гипертензия бойынша Европалық қоғам/Европалық кардиологтар қоғамы (ESH/ESC), сонымен қатар Америкалық кардиологтар коллегиясы (АСС) және Американлық жүрек ассоциациясы (AHA) нүсқауларына сәйкес рефрактерлік артериалдық гипертонияны [6,7] ішінде біреуі - диуретик болатын үш түрлі гипотензивті дәрілермен емдегенге қарамастан АҚ мақсатталған деңгейінің жоғарлауы деп түсінеді.

Рефрактерлік эссенциальді артериальді гипертензияның даму патогенезінің негізінде симпатикалық нерв жүйесінің белсенділігінде жатыр. Ал, бүйрек артериаларының адвентициясының қуысында орналасқан нервтік өрімімен көрінетін бүйректің қуатты иннервациясы келесі гипотензивті әсер ретінде шамадан тыс иннервацияны жоюға арналған аймақ ретінде бүйрек артериаларын көруге көмектеседі.

Резистентті АГ аурулардың патогенетикалық механизмдеріне дәрілік емес әсер ету әдістерінің дамуын ынталандырады. Қазіргі уақытта резистентті артериальді гипертонияның перспективті емдеу әдісі бүйрек артериасының симпатикалық өрімінің катетерлік аблациясы немесе 2007 жылы алғаш рет адамда жүргізілген бүйректік денервация болып табылады [8,9].

Қазіргі кезде бүйректің эндоваскулярлы денервациясының нәтижелігі және қауіпсіздігі барлық елде белсенді түрде зерттелуде. Қазіргі уақытта Symplicity HTN-1,2 зерттеулері аяқталды; HTN-3 және Duration of Renal Sympathetic Activation and Hypertension зерттеулері жүргізіліп жатыр [10]. Жүргізілген зерттеулерде резистентті АГ кезінде АҚ- ң төмендеуінде нәтижелік, сонымен қатар оның қауіпсізділігі көрсетілді. Symplicity HTN-1 мәліметтері бойынша бүйрек денервациясынан кейін САҚ деңгейі 140 мм сб.б. 39% науқастарда төмендеді, 160 мм сб.б. - 82% операцияланған науқастарда төмендеген. Шараның нәтижелігі жоғары кезінде асқынулар жағдайдың тек шамалы ғана мөлшерін алып және сәтті жазылумен өтті.

Ресейде бүл шара 2011 жылы алғаш рет орындалып, жүргізілген 5 операция туралы мәліметтер басылып шықты [9,10]. Бір айдан кейін бақылау кезінде шарадан тұрақты нәтиже сақталынып тұрды, ешқандай жанама әсерлер және асқынулар анықталмады.

Сонымен, зерттеу мақсаты резистентті артериальді гипертензияны емдеуде радиожиілікті қолдану мүмкіндігін зерттеу болып табылды.

К⅛ралдар мен әдістер. Рефрактерлік артериальді гипертензиясы бар 5 науқасты зерттеу (4еркек және 1 әйел), орташа алағанда 48±6 жастарды құрады, Алматы қ. Қалалық кардиологиялық орталықта жүргізілді. 2005 жылы бір науқас жедел ми қан айналым бүзылысын өткерді және қант диабеті 2 типімен үш жыл шамасында емделіп жатыр. Науқастар тобында САҚ және ДАҚ соңғы сандары 174±12 және 93±7 мм сб.б. құрады.

Зерттеуге енген науқастарға жалпы клиникалық, лабораторлы және құралдық зерттеу әдістері (электрокардиография, эхокардиография) жүргізілді. Барлық науқастарға төрт компонентті гипотензивті терапия тағайындалды, оның ішінде диуретик, максимальді терапевтік мөлшерлерде β - бөгемелер тобынан дәрілер, АПФ ингибиторлар немесе ангиотензиндік рецепторлардың антагонисті және орталыққа әсер ететін дәрілер болды.

Топтың ішінен алып тастау критерилерінің бірі қант диабеті 1 тип, жедел тәждік синдромы немесе тұрақсыз стенокардиясы, сонымен қатар жүректің қақпақшалық аппаратының гемодинамикалық маңызды зақымдалуы бар және кардиостимулятор имплантацияланған, сондай-ақ бүйрек жетіспеушілігі бар науқастар (ШФЖ (СКФ)<45 мл/мин).

Бүйрек артериясының денервациясы, аортография операциясы Алматы қаласының денсаулық сақтау Басқармасының 85-жылдық білім беруіне арналған мастер-класс шеңберінде жүргізілді. Операция рентгеноперациялық жағдайда, трансфеморальді жолмен жасалынды. Барлық науқастарға басқарылатын абляциялық электродтың көмегі арқылы сол және оң бүйрек артериясының дистальді үштен бөлігінен қуысқа дейін ер адамдарда спираль бойынша 8 нүктеге және әйелдерде спираль бойынша 5 нүктеге радиожиілікті абляция жүргізілді. Шараның орташа үзақтығы 67±9 минутты қүрды.

Клиникалық, лабораторлық және құралдық зерттеу әдістерінің негізінде бүйрек артерисыныңденервациясы операциясының нәтижелігі және көтере алушылық қабілеттілігі бағаланды. Операцияның нәтижелігін стационарлық жағдайда 7 күндей және екі айдан кейін амбулаторлық жағдайда (науқастарға АҚ және бүрек қызметінің мониторингі, ЭхоКГ жүргізілді) бағаланды. Көтере алушылық операциядан кейінгі ерте және кеш кезеңдерде асқынулардың болуымен бағаланды.

Нәтижелері. Операциядан кейінгі кезеңде науқастар операцияға дейін қабылдаған сол гипотензивті дәрілерді қабылдады. Араласудан кейін 5 күннен кейін САҚ және ДАҚ жиынтығы орташа алғанда 20±9 мм сб.б. және 11±5 мм сб.б. дейін төмендеді. Соған сәйкесінше 154±3және 88±2 мм сб.б. құрады. Операциялық кезеңде асқынулар анықталмады.

Стационардан шығарылғаннан кейін артериальдық қысымды оптимальді сандарда ұстап тұру мақсатында төрт науқас гипотензивті терапия түрінде диуретик (индапамид 1,5 мг/тәу) және АПФ ингибиторын (периндоприл 5 мг/тәу) қабылдады. Бір науқасқа терапияға қосымша бисопролол 5 мг/тәу тағайындалды, өйткені екі дәрімен АҚ деңгейі мақсатты деңгейге жетпеді. Екі айдан кейін, қайта қарау кезінде араласудың гипотензивті нәтижесі сақталынып тұрды: САҚ және ДАҚ жиынтығы 132±4және 84±5 мм сб.б. құрады. Сонымен қатар қант диабеті бар науқастың гликемия деңгейі 11,6±2,1-ден 7,1±1,1 ммоль/л дейін сәйкесінше төмендегені тұралы да айтып кеткен жөн. Бақылау уақыты кезінде науқастарда қан сарысуындағы креатинин деңгейі және шұмақтар фильтрациясының жылдамдығының көрсеткіштері қалыпты сандардан аспады. Жүрек қан тамыр жүйесі жағынан асқыну жағдайлары тіркелмеді.

Қорытынды: рефрактерлі артериальді гипертензиясы бар науқастарды жүргізу заманауи кардиологияда барынша актуальді проблемаларының бірі болып табылады. Бұндай науқастарды емдеуде дәрілік емес технологияны құрып және жетілдіру үлкен қызығушылықты тудыртады. Ренальді денервация — рефрактерлі артериальді гипертензиясы бар науқастардың комплекстік емдеу әдісі болып табылады. Бұл әдістің нәтижелігі рефрактерлік артериальді гипертензияның генезінде бүйректің симпатикалық нервтердің рөлін дәлелдейді, ал шараның қауіпсіздігі осы науқастар тобында табысты қолдануға үміт береді. Біздің зерттеуде бүйректің катетерлік симпатикалық денервациясы науқастарда гипотензивті нәтижеге алып келді, жанама әсерлері болмады. Осыған орай, бүйрек артериясының денервациясы - көпкомпонентті терапияға рефрактерлі эссенциальді артериальді гипертензиясы бар науқастарды емдеуде нәтижелі әдіс болып саналады.

 

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ

  1. Kearney P.M., Whelton M., Reynolds K. et al. Global burden of hypertension: analysis of worldwide data // Lancet. - 2005. Vol. 365. - P. 217-233.
  2. Guidelines for the management of arterial hypertension. The Task Force for the Management of Arterial Hypertension of the European Society of Hypertension (ESH) and of the European Society of Cardiology (ESC) // Eur. Heart J. - 2007. - Vol. 28. P. 1462-1536.
  3. Козловская И.Л., Булкина О.С., Карпов Ю.А. Лечение резистентной АГ: новые перспективы. - РМЖ № 25. - 2012. - С.1238.
  4. Оганов Р.Г., Тимофеева Т.Н., Колтунов И.Е. и др. Эпидемиология артериальнойгипертонии в России. Результаты федерального мониторинга 2003-2010 гг. // Кардиоваск. Терапия и профилактика. - 2011. - Т. 10(1). - С. 8-12.
  5. Российское медицинское общество по артериальной гипертонии (РМОАГ)/Всероссийское научное общество кардиологов (ВНОК). Диагностика и лечение артериальной гипертензии. Российские рекомендации (четвертый пересмотр) // Системные гипертензии. - 2010. - № 3. - С. 5-26.
  6. The 7th report of the Joint National Committee on prevention, detection, evaluation, and treatment of high blood pressure // JAMA. - 2003. - Vol. 289. - P. 2560-2572.
  7. Calhoun D.A., Jones D., Textor S. et al. Resistant hypertension: diagnosis, evaluation, and treatment. A scientific statement from the American Heart Association Professional Education Committee of the Council for High Blood Pressure Research // Hypertension. - 2008. - Vol. 51. - P. 1403.
  8. Acelajado M.C., Pisoni R., Dudenbostel T. et al. Refractory hypertension: definition, prevalence, and patient characteristics // J. Clin. Hypertens. (Greenwich). -2012. - Vol. 14(1). - P. 7-12.
  9. Schmieder R.E., Redon J., Grassi G. et al. ESH Position Paper: renal denervation - an interventional therapy of resistant hypertension // J. Hypertens. - 2012. - Vol. 30(5).
  10. Данилов Н.М., Матчин Ю.Г., Чазова И.Е. Эндоваскулярная радиочастотная денервация почечных артерий - инновационный метод лечения рефрактерной артериальной гипертонии. Первый опыт в России // Ангиол. и сосуд. хирургия. - 2012. - № 18(1). - С. 51-56.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.