Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Университеттің тәрбие және әлеуметтік қызметіндегі студенттердің өзін - өзі басқаруының рөлі

«Мы ставим великие цели во благо нашего народа, и поэтому я призываю все политические партии, общественные объединения, всех Казахстанцев активно участвовать в работе по достижению главной цели Стратегии-2050! Особо обращаюсь к нашей молодежи. Эта Стратегия - для вас. Вам участвовать в её реализации и вам пожинать плоды её успеха. Включайтесь в работу, каждый на своём рабочем месте. Не будьте равнодушными. Создавайте судьбу страны вместе со всем народом!» - (2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан)

Мақсаты:Университеттегі Студенттердің өзін-өзі басқару қызметін жүйелендіру және жетілдіру.

Міндеттері:

  • студенттерді Университеттегі басқару, бақылау және бағалау қызметтеріне әлеуметтік серіктес ретінде тарту;
  • студенттер мен Университет әкімшілігі, оқытушы- профессорлар қурамы арасындағы өзара байланысты жетілдіру;
  • студенттердің білім, ғылым және тәрбие жумыстарындағы бастамаларына қолдау көрсетуді, жағдай жасауды нығайту және мотивациялау;
  • студенттердің өзін-өзі басқаруының абыройы мен беделін көтеру;
  • студенттік уйымдардың менеджментін жетілдіру;
  • студенттердің өзін-өзі басқаруына мониторинг жасау;
  • патриоттық тәрбие және азаматтық белсенділікті қалыптастыру мақсатында әртүрлі іс-шараларды уйымдастыруда, студенттердің жауапкершілігін арттыру;
  • студенттердің әлеуметтік жағдайы мен әлеуетін дамыту;
  • студенттердің тәрбиелік деңгейін көтеру және тулға ретінде қалыптастыру мақсатында

Университеттегі кураторлық қызметті дамыту.

Кіріспе: Жастарды тәрбиелеу және оларды әлеуметтік қолдау мәселесі қоғам үшін әр уақытта өзекті. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарының алдында турған маңызды мәселелердің бірі - жастардың бойына рухани және адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, әлеуметтік әлеуетін дамытуға ерекше жағдай жасау.[1,2]

Астана медицина университетіндегі тәрбие жумысы және әлеуметтік қызмет- жас буынның кәсіби білім алуына, өзін-өзі дамытуына, жетілдіруіне, қоғамдағы белсенді әлеуметтік бейімделу қабілеттілігін арттыруға, қазіргі замандағы қажеттіліктер мен қундылықтар жүйесіне, әлемдік және отандық мәдениеттің дәстүрлеріне бағытталған тулғаның үйлесімді дамуы және қалыптасуы үшін жағдай жасауға бағытталған қызмет. Тәрбие жумысы және әлеуметтік қызмет- білім алушылардың және профессорлар мен оқытушылар қурамының қоғамдық істерінде білім беру, ғылыми-зерттеу және уйымдастыру-басқару процестерімен интеграцияланған түрде жүзеге асырылады. Ең бастысы бул - студент жастарға кәсіби білім беруге, дамытуға, дүрыс тәлім-тәрбие беруге және әлеуметтік қорғауға бағытталған. [3,6]

Студент жастар – өз заманымен қатар қадам басатын, қоғамның алға басушы күші, олардың ішінен әртүрлі салада қызмет ететін тұлғалар қалыптасады. Тұлғаның қалыптасуына, азаматтық позицияның қалыптасуына Университеттегі Студенттердің өзін- өзі басқару органының рөлі өте маңызды. Себебіжаңа әлеуметтік-экономикалық ортадақызмет атқаратын мамандарды тәрбиелеудің, олардың қоғамдағы әлеуметтік жағдайын қалыптастырудың және даму заңдылықтарын айқындау ортасының табалдырығы. Студенттердің өзін-өзі басқаруы, жастардың қоғамдық бíрлестíктерí, еріктілер үйымы – бұл әлеуметтік серіктестер немесе әлеуметтік әріптестер. Яғни мақсаты мен міндеті айқындалған, өз қүндылықтарын айқындай білетін орта. Бұл Университеттің басқару жүйесіне өз әсерін тигізетін, басқару жүйесінің нәтижесі мен стратегиялық дамуына септігін тигізетін орта. [4,5]

Материалдар және әдістер: «Астана медицина университеті» АҚ тәрбие жүмысын және әлеуметтік қызметін үйымдастыруға жауапты бөлімдердің бірі - Жастар ісі жөніндегі деканат. Жастар ісі жөніндегі деканат (бұдан әрі – Деканат) – Университеттегі Студенттердің өзін-өзі басқару органдарымен тығыз жұмыс істейтін, кураторлық қызметпен қамтамасыз ететін, университеттік, қалалық, республикалық, халықаралық деңгейлердегі іс-шаралардың үйымдастырылуына жауап беретін бөлімдердің бірі. Деканат екі процесс бойынша қызмет атқарады: Тәрбие және әлеуметтік. Екі процесс бойынша нормативтік құжаттар дайындалған.[3]

Сондай-ақ еліміздің нормативтік-қүқықтық және нормативтік-регламенттеуші құжаттарында студент жастардың тәрбиесі мен әлеуметтік жағдайы – Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдауында, Қазақстан Республикасыныңзаңнамаларында және т.б.

мемлекеттік бағдарламаларда қарастырылуда. Қазақстан Республикасының Конституциясында тәрбие жүмысына тікелей байланысты негізгі міндеттер (12, 27, 28, 29, 30-баптары) көрсетілген. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы», «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», «Неке және отбасы туралы», «Отбасы түріндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы», «Темекі шегудің алдын- алу және шектеу туралы» және т.б. заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлығында жастарға қатысты бағыттар бекітілген. Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамгершілік қүндылықтар негізінде, тұлғаның кәсіби өсуі мен дамуы, қалыптастасуы үшін жағдай жасау; баланы тәрбиелеуге, білім алуына, жан- жақты дамуына, ана тілін, мәдениеті, ұлттық салт- дәстүрлерін сақтауға, әлем мәдениетінің жетістіктерін меңгеруге, ақпараттандыру және денсаулығын нығайту, бала қүқығын дамыту. Еліміздің салиқалы саясатының аясында Қазақстан Республикасы этномәдениетінің түжырымдамасы, мемлекеттік жастар саясатының түжырымдамасы, мемлекеттің кешенді жоспарында жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және т.б. бағыттары дайындалды. Негізгі мақсат: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, сауатты, жауапты, өз жүмысын жақсы білетін, жан-жақты, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, қоғамда бейімделуге қабілетті білікті маман, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, азаматтарды, еліміздің нағыз патриоттарын дайындау. Концепцияның міндеттері:

  • өскелең ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңыздылығы мен келешегі бар екендігін қоғамның түсінуіне көмектесу;
  • тәрбиелеу міндетін жүзеге асыру бойынша интеллектуалды, үйымдастырушы-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдістемелік және т.б. ресурстарды топтау;
  • әртүрлі әлеуметтік топтарда өзара әрекетті басқара білетін және ұйым қызметінде жетекші рөлді ала отырып, жауапты шешім қабылдай алатын жастардан ерікті тұлға бола білу талабын қалыптастыру үшін ашық ақпараттық, білім беру, іс- әрекеттік және коммуникативтік әлеуметтік орта қалыптастыру;
  • жастардың рухани, интеллектуалды өмірі, өзінің денсаулығы мен жарқын өмірі үшін әлеуметтік құзіреттілігі мен жауапкершілігін арттыруды үйымдастыру жағдайын жасау;
  • жастардың қоршаған ортаға, қоғамға және табиғатқа деген позитивті көзқарасын қалыптастыруға көмектесетін әлеуметтік- педагогикалық жағдай жасау;

тұлғаның кәсіби және жан-жақты қалыптасуы үшін жағдай жасау, өз білімін өмір бойы жетілдіруге деген қажеттілігін қалыптастыру. [2,5,7]

Жоғарыда аталған құжаттардың негізінде, Астана медицина университетінде жастар тәрбиесі бойынша арнайы бағдарлама мен түжырымдама, сондай-ақ нормативтік-нұсқаулық құжаттардың негізінде, Университеттің Студенттер кеңесі, жастар қоғамдық бíрлестíктерí, кураторлық қызмет және еріктілер үйымыныңжүмысы жөніндегі арнайы ережелер дайындалды.

Нәтижелер: «Астана медицина университеті» АҚ студенттердің өзін-өзі басқару жүмысы бойынша жоғары орган - Университеттің Студенттер Кеңесі (әрі қарай - Кеңес). Кеңес қызметі - студент жастардың өте маңызды мәселелерін шешуге және әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған.

(«Астана медицина университеті» АҚ Басқармасының 2011 жылғы 15 қарашадағы шешімімен (№31 хаттама) бекітілген Университеттің Студенттер Кеңесі туралы ереже ПЛ-МУА-01-11). Студенттердің өзін-өзі басқару органы ретінде, басқа жоғары оқу орындарында аналогі жоқ «АРУ» қыздар Лигасы жастар қоғамдық бірлестігі - оқу, ғылыми, әлеуметтік, спорттық-сауықтыру және т.б. маңызды мәселелерді дамыту мақсатында қүрылды. «АРУ» қыздар Лигасы әртүрлі қызықты іс-шаралар үйымдастырады, сонымен қатар «Ару» журналын баспадан шығарып, Қазақстан Республикасының 50 жоғары оқу орнына, Астана қаласының 100 оқу мекемесіне таратады. Сондай-ақ, «Жекпе-жек күрес» студенттік клубы, UTV студенттік интернет-теледидары, Медик- студенттер қауымдастығы, Спорттық медицина клубы жүмысын жүргізуде.

Студенттердің өзін-өзі басқару органының әлеуметтік маңызды қызметтерінің бірі - Волонтерлік қызмет немесе еріктілер үйымы («Астана медицина университеті» АҚ Басқармасының 2012 жылғы 30 қарашадағы шешімімен (№41 хаттама) бекітілген Волонтерлік қызмет туралы ереже ПЛ-МУА-09-12) –

бул ерікті түрде орындалатын, еңбекақы төленбейтін, мерзімсіз, әлеуметтік-маңызды қызметтің бірі. Волонтерлік қызмет - Университет қызметкерлеріне және білім алушыларға саламатты өмір салтын насихаттап, гуманистік және патриоттық тәлім- тәрбие беретін қызмет. Қазіргі таңдаАстана медицина университетінде «Жастар жылуы», «Мерси» және «Валериано» еріктілер уйымы жумыс істеуде.

Студенттердің өзін-өзі басқару органының негізгі бастауыш ужымы бул - академиялық топ. Топ ішінде студенттердің тулғалық потенциалы қалыптасады. Осы академиялық топпен тығыз жумыс атқаратын - топ кураторлары, яғни академиялық топ кураторлары. Қазіргі таңда, «Астана медицина университеті» АҚ академиялық топтарында 56 куратор жумыс істейді, әрбір топ бойынша кураторлық журнал жүргізілуде, әлеуметтік желіде mirkuratora@mail.ru. атты кураторлар әлемі қурылды. Кураторлықжумыс 1,4-курстардың студенттеріменжүргізіледі.

Академиялықтоптыңжалпы саны - 328. Университет кураторлары академиялық топтармен бірге жылына 800-ден астам іс-шараға қатысады. Академиялық топ кураторларының жумысы - Студенттердің өзін-өзі басқару жумысының бастамасы. Себебі, тәлім-тәрбие және әлеуметтік қызметті академиялық топ кураторлары студенттермен бірге жүргізеді.

«Астана медицина университеті» АҚ студенттері әртүрлі іс-шараларға белсене қатысады. Атап айтсак, «Еңбекке тәрбиелеу» бойынша - студенттер Университет аумағын, Астана қаласының белгіленген аймақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру жумыстарына белсене қатысады;

«Қуқық бузушылықтың алдын-алу шаралары» - білім алушылардың жауапкершіліктерін қарастыру бойынша Университетте Тәртіптік Кеңес жумыс істейді. Тәртіптік Кеңестің арнайы ережесі дайындалған. Тәртіптік Кеңес қурамында білім алушылармен тікелей жумыс істейтін қурылымдық бөлімдер мен Университеттің Студенттер Кеңесінің өкілдері бар. Сондай-ақ, қуқық бузушылықтың алдын-алу, күресу, жазаға тарту және сот жүйесінің жумысы, прокуратора жүйесінің жумысы жөнінде көрнекі түрде конференциялар және т.б. шаралар уйымдастырылды;

«Діни экстремизмнің алдын-алу шаралары» - «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылғы 19 қарашадағы селекторлық отырысының шешіміне сәйкес «АстМУ» АҚ-та Ректордың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №482-н/қ буйрығымен Тәрбие ісі жөніндегі (діни) Кеңес қурылды. Сонымен қатар, Астана қаласындағы мешіт имамдарының, Орыс Православ шіркеуі қызметкерлерінің, теологтардың және

Экстремизммен күрес жөніндегі басқармасы, Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің қатысуымен дінге қатысты әртүрлі тақырыптарда конференциялар, жиындар уйымдастырылды;

«Мәдени іс-шаралар», Студенттер үшін жылына 135- тен астам іс-шара уйымдастырылады. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының улттық және төл мерекелеріне арналған іс-шаралар («8-Наурыз», «Наурыз мейрамы», «Астана қаласының күні», «Туңғыш Президент күні», «Конституция күні», «Тәуелсіздік күні» және т.б.), «Біз таланттарды іздейміз», «Көңілді тапқырлар клубы», Саламатты өмір салтын сақтау бойынша: «Темекі тартудың зияны» акциясы, флеш-мобтар және т.б.

«Спорттық іс-шаралар», студенттер арасында әртүрлі спорт түрлерінен жарыстар уйымдастырылады. Атап айтсақ, «Джиу-джитсу», «Самбо», «Дзюдо», «Қазақша» күрес, шахмат, армрестлинг және т.б. спорт түрлерінен. Сонымен қатар, Қазақстан спорт медицинасында туңғыш рет «СПОРТ және МЕДИЦИНА» журналы жарияланды. Журналдың басты мақсаты - спортқа қызығушылық танытатын барлық қазақстандықтарға және осы сала бойынша жумыс жүргізетін мамандарға арналған ақпарат беру. Студенттердің өзін-өзі басқару органы жылына 2 рет қараша және мамыр айларында «Донор Күні» акциясын уйымдастырады.

«Әлеуметтік көмек», Әлеуметтік-дәрменсіз топтарға жататын (ата-анасыныңқамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектері) студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру ережесін және мөлшерін, көздерін, түрлерін бекіту туралы» Қаулысы). Әлеуметтік-дәрменсіз топтарға жататын студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі, ал әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасынан шыққан 500-ден астам студент тегін жол жүру билеттерімен оқу жылы бойы қамтылған. Сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер Университет жатақханасында тегін тұрады, оларға Университет тарапынан жылына 1 рет киім-кешек алу үшін материалдық көмек көрсетіледі, ай сайын тегін жол жүру билеттерімен қамтамасыз етіледі және университет асханасында тегін тамақтандырылады. [3,5]

Жоғарыда аталған іс-шаралар, «Астана медицина университеті» АҚ ұйымдастырылған тәрбие ісі және әлеуметтік қызмет студенттердің өзін-өзі басқару органдарына, жалпы студенттер қауымына қолдау көрсетіп, оларды кәсіби дамытуға, жетілдіруге және жігерлендіруге өз септігін тигізеді.

Қорытынды және талқылау: Университеттегі студенттердің өзін-өзі басқару жумысының рөлі өте маңызды. Университеттегі барлық жумыс студенттерге бағытталған. Себебі, студенттер қауымы Университеттің әлеуметтік серіктесі, ең басты тутынушы. Сондықтан:

  1. Студенттердің өзін-өзі басқару жумысын дамыту;
  2. Студенттердің өзін-өзі басқару органын ынталандыру;
  3. ¥йымдастыру мәселелері бойынша Студенттердің өзін-өзі басқару органына қолдау көрсету;
  4. Студенттердің өзін-өзі басқару жумысын жүйелендіру;
  5. Студенттердің өзін-өзі басқаруы арқылы көшбасшылық потенциалды жүзеге асыру.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Назарбаев Н.А. «Казахстанский путь – 2050: единая цель, единые интересы, единое будущее». Послание Президента страны народу Казахстана // Казахстанская правда// 14.01.2014г.
  2. Концепция воспитания в системе непрерывного образовании Республики Казахстан//http://www.edu.gov.kz/ru/poisk/
  3. Социальный отчет АО «Медицинский университет Астана»: ориентация на удовлетворенность заинтересованных сторон// Астана: 2013.
  4. Абдрашитова Т.А., Оспанова Я.Н. – Передовой опыт по патриотическому воспитанию граждан. – Методическое пособие. – Астана: Издательство ТОО «Агроиздат», 2009. – 236 с.
  5. Айдарбеков З. Казахстанская молодежь: стратегии, ценности, ориентиры. – Алматы: 2008. – С.13.
  6. Платова, Е. Э. Воспитание студентов в современных условиях: проблемы и пути их решения./Е. Э. Платова, Ф. Ю. Сафин, В. В. Фортунатов. — СПб.: ГУАП, 2006. – 112 с.
  7. Соколовская, О.В. Формирование коллектива группы как главная цель студенческого самоуправления / О.В. Соколовская // Педагогика высшей и средней специальной школы: Межвузовский сборник. Вып. 2. - Минск: Изд-во «Университетское», 1988. – С.20.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.