Өзектілігі. Бұл мақалаДа заманауи қатты Дәрілік қалыптарДың түрлері және оларДың өнДірісі туралы жазылған. Қатты Дәрілік қалыптар фармацевтика нарығынДа кең таралған Дәрілік қалып түрі болғанДықтан оларДың өнДірісін жетілДіру бүгінгі таңДа маңызДы болып табылады.
Қатты дәрілік қалыптар - қатты қасиетінің арқасында көлемі мен геометриялық формасы тұрақты болып табылатын дәрілік қалып түрі. Дәрілік қалыптардың қатты формасы қолданылуы мен сақтау ерекшелігі ыңғайлы, кең таралған дәрілік қалып.
Қатты дәрілік қалыптарға брикеттер, гранулалар, драже, капсулалар, қарындаштар, микрокапсулалар, ұнтақтар, пеллеттер, жинақтар, таблеткалар жатады [1].
Драже - қосымша заттардың микробөлшектеріне қантты шәрбаттарды қоса отырып, дәрілік затты қабаттармен жағып дайындалатын дозаланған қатты дәрілік қалып түрі.
Брикет - дәрілік затқа немесе ұсақталған дәрілік өсімдік шикізатына (немесе әртүрлі өсімдік шикізаттарының жинағына) қосымша заттар қоспай престеліп дайындалатын, ерітінді, тұндырма (тұндырмаға арналған брикет) және қайнатпа (қайнатпаға арналған брикет) дайындауға арналған дозаланған қатты дәрілік қалып.
Карамель - ауыз қуысында қолдануға арналған, құрамында жоғары мөлшерде қант болатын қатты дәрілік қалып түрі. Гомеопатиялық карамель құрамында гомеопатиялық дәрілік заттар болады.
Имплантат - денеге тері астына енгізуге арналған стерильді қатты дәрілік қалып, депо. Имплантаттарға имплант- таблеткалар, депо таблеткалар, тері асты капсулалары, имплант өзектер жатады.
Микрокапсулалар - полимерден немесе басқа материалдан жасалған жұқа қабықтан тұратын, шар тәрізді немесе басқадай пішінді, көлемі 1-ден 2000 мкм аралығында болатын, қатты немесе сұйық дәрілік заттардан жасалған капсулалар. Микрокапсулалар басқа дәрілік формалардың (капсула, ұнтақтар, жақпа майлар, таблеткалар мен эмульсиялардың) ақырғы өніміне кіреді.
Таблеткалар - қосымша заттар қосылып немесе қосымша заттарсыз, бір немесе бірнеше дәрілік заттардан тұратын, ұнтақтар мен гранулаларды престеу арқылы алынатын дозаланған қатты дәрілік қалып түрі.
Өз кезегінде таблеткаларды келесі белгілері бойнша жіктеуге болады:
- дайындау әдісіне байланысты;
- жабынның бар-жоғына байланысты;
- дәрілік заттың дозасына байланысты;
- қолдану аясы мен тәсіліне байланысты және т.б [2-3].
Дайындалу әдісіне баланысты таблеткалар екі түрге бөлінеді: пресстелген таблеткалар және тритурацияланған таблеткалар. Тритурацияланған таблеткалар дегеніміз ылғалданған массаны ысқылап жағу арқылы арнайы қалыпқа келтіре отырып, кептіріп дайындалатын таблеткалар. Престелген таблеткалардан айырмашылығы тритурацияланған таблеткалар қысымға ұшырамай дайындалады: таблетка бөлшектері кептіру кезінде аутогезия арқылы бірігеді, сондықтан олар престелген таблеткаларға қарағанда беріктігі төмен болып келеді. Тритурацияланған таблеткалар қысымды қолдану мүмкін болмаған немесе қысым қолдануға болмайтын жағдайда жасалады. Мысалы, дәрілік зат мөлшері аз, ал қосымша заттарды көп салуға болмайтын жағдайда да тритурацияланған таблетка жасауға болады. Сонымен қатар, дәрілік затқа қысым кері әсерін тигізетін жағдайда тритурацияланған таблетка жасауға болады. Мысалы, нитроглицерин таблеткасын дайындауда қысымды қолданса жарылыс болуы мүмкін. Тритурацияланған таблеткалар борпылдақ, берік емес болып келеді, сондықтан сұйықта жақсы ериді, бұл инъекцияға және көз тамшыларына арналған таблеткалар өндірісінде қолайлы болып табылады.
Таблеткалардың жабынына байланысты қапталған немесе қапталмаған болып бөлінеді, олардың құрамында арнайы көмекші заттар болуы мүмкін немесе дәрілік зат қажет жерде белгілі бір жылдамдықпен бөлінуі үшін арнайы технологиямен алынуы мүмкін.
Қабықпен қапталған таблеткалар - табиғи немесе синтетикалық болып табылатын көмекші заттармен бір немесе бірнеше қабат қапталады. Қабықтың құрамы мен қаптау тәсіліне байланысты: түйіршіктелген, үлбірлі, престелген; еритін ортасына байланысты: асқазанда еритін (гастросолябильді) және ішекте еритін (энтеросолябильді) болып бөлінеді.
Ішекте еритін таблеткалар асқазан сөліне тұрақты, ал ішек сөлінде жақсы еритін болып келеді. Мұндай таблеткаларды асқазан сөліне тұрақты жабынмен қаптау арқылы немесе алдын- ала асқазан сөліне тұрақты жабынмен қапталған гранулалар мен бөлшектерді престеу арқылы немесе дәрілік зат пен асқазан сөліне тұрақты толықтырғыштарды қосып престеу арқылы дайындайды.
Үлбірмен қапталған таблеткалар дегеніміз массасы таблетка массасының 10%-нан аз болып келетін жұқа үлбірмен қапталған таблеткалар. Олар суда еритін және ерімейтін болып бөлінеді.
Босап шығуы өзгертілген таблеткалар - дәрілік заттың арнайы босап шығу жылдамдығы мен босап шығу орнын басқара алатын, ерекше технология арқылы дайындалған немесе арнайы көмекші зат қосылған қапталған немесе қапталмаған таблеткалар. Оларды дәрілік зат басқарыла отырып бөлінетін, баяу бөлінетін және біртіндеп бөлінетін деп жіктеуге болады.
Ретард таблеткалар - қордан дәрілік зат ұзартылған әсермен бөлінетін таблеткалар. Олар негізінен биополимерлі матрицамен қоршалған (негіз) дәрілік заты бар микрогранулалар болып келеді.
Рапид ретард таблеткалар - екіфазалы бөлінетін таблеткалар, олар тез бөлінетін және ұзартылған әсермен бөлінетін микрогранулалар қоспасынан тұрады.
Қолдану аясы мен қолдану тәсіліне байланысты оромукозальді, буккальді,соруға арналған таблеткалар, шайнайтын, сублингвальді, вагинальді, импланттайтын, еритін, гомеопатиялық, тамшыға арналған таблеткалар, пастаға арналған таблеткалар, ерітіндіге арналған таблеткалар және балаларға қолдануға арналған таблеткалар деп бөлінеді .
Таблеткалар кең таралған және перспективті дәрілік қалып түрі болып табылады. Қазіргі уақытта таблеткалар дайын дәрілік қалып түрлерінің жалпы көлемінің 90%-ға жуығын қамтиды*4+. Бұл көрсеткіш таблеткаларды ң басқа дәрілік қалып формаларынан айтарлықтай артықшылығын көрсетеді.
Таблеткалардың медико-фармацевтикалық тұрғыдан, өндірістік және тасымалдау тұрғысынан артықшылығын қарастыруға болады. Медико-фармацевтикалық мақсатта қолдануға ыңғайлы болуы, дозалау дәлдігі, таблетканың еріген жерінде ағзаға сіңген мөлшерін реттеу мүмкіндігі, дәрілік заттарды үйлестіру мүмкіндігі, жағымсыз дәмін, иісін түзету мүмкіндігі, престелген түрінде дәрілік заттың тұрақтылығын жоғарылату мүмкіндігі жатады. Өндірістік артықшылықтарына өндірісті толық механизациялау және автоматтандыру мүмкіндігі, жоғары өнімділігі мен қауіпсіздігі, гигиеналық тазалығы, өндірістің сериялы және массалы түрде көптігін жатқызуға болады. Тасымалдау тұрғысынан артықшылықтарына таблеткалардың көлемінің кішкентай болуы, қолайсыз әсерлерге тұрақты болуы, тасымалдауға, сақтауға және босатуға ыңғайлы болуы, жарамдылық мерзімінің ұзақ болуы жатады.
Алайда таблеткалардың кемшіліктері де бар *2+. Таблеткалар сақтау барысында себілгіштігін жоғалтып, қатайып кетуі мүмкін немесе керісінше ұнтақталып қалуы мүмкін; таблетка қабылдағанда әсер етуші затпен қатар ағзаға кері әсерін тигізуі мүмкін көмекші заттар түседі (мысалы тальк шырышты қабықты тітіркендіреді); кейбір дәрілік заттар еріген жерінде жоғары концентрациялы ерітінді түзеді, ол ол шырышты қабатты қатты тітіркендіруі мүмкін; таблеткаларды науқас ес-түссіз жатқанда немесе құсу кезінде қабылдай алмайды, кейбір науқастар, әсіресе балалар, таблетканы жұта алмайды.
Ал енді дәрілік препараттарды дайындау процесіне келетін болсақ, дәрілік препараттарды дайындау технологиялық процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Барлық дәрілік қалыптар үшін бірінші кезең дайындық жұмыстар кезеңі болып табылады: өндіріс бөлмесін, көмекші материалдарды, құрал-жабдықтар мен қаттау материалдарын, дәрілік зат пен көмекші заттарды дайындау жұмыстары. Дайындық кезеңінен кейін, дәрілік қалып ерекшелігіне байланысты технологиялық процесс стадиялары басталады. Әрбір кезеңнен кейін сапасын тексеру жүргізіледі. Технологиялық процесс дәрілік препаратты қаттау және сапасын тексерумен аяқталады.
Қатты дәрілік қалыптар өндірісінің процесін төрт негізгі кезеңге бөлуге болады:
- ұнтақтар дайындау кезеңі;
- дәрілік қалып массасын алу кезеңі;
- дайын дәрілік қалып алу кезеңі;
- қаттау және орау кезеңі *5+.
Қатты дәрілік қалыптардың ішінен таблеткалар өндірісіне тоқталсақ, ол таблетка жасауға арналған массаны дайындаумен басталады.
Таблетка жасауға арналған массаны дайындау сатылары:
- ингредиенттерді араластыру және ылғалдандыру;
- ылғалды түйіршіктерді кептіру;
- құрғақ грануляция;
- опалау.
Массаның алыну процесі араластырғыш-грануляторда жүреді, содан кейін автоматты түрде ылғалды түйіршіктер жинағышқа түседі. Ылғалды түйіршіктер кептіргішке түседі, ол жерде белгілі бір уақыт аралығында, араластыра отырып, 3-4% ылғалдылық қалғанша кептіреді. Кептірілген түйіршіктерді қолмен кептіргіштен алып «Құрғақ түйіршіктеу» стадиясына жібереді. Кептірілген түйіршіктерді ұсақтап, «Опалау» стадиясына жібереді, мұнда құрғақ ұсақталған түйіршіктерді опалайтын қоспасымен араластырып, опалайды.
Содан кейін, гранулят массасын мастер тексеріп, келесі стадияға массасын жазып жібереді. Гранулятты жақсы жабылатын ыдыста, жарық пен ылғалдан қорғалған жерде сақтайды.
Қажет жағдайда, материал бөлшектерің өлшемін кішірейту үшін ұнтақтауға немесе ұсақтауға болады. Фармацевтикалық технологияда ұсақтау процесі ұнтақтар, жинақтар, себілгіштер және кейбір процестерде - экстракциялауда, ерітуде, грануляциялауда қолданылады.
Ұнтақтаудың қажеттілігі:
- заттың құрылымдық элементтері арасындағы арақашықтықты жақындату;
- заттың беттік көлемін ұлғайту;
- бірқатар қасиеттерін, соның ішінде физика-химиялық қасиеттерін өзгерту. ұнтақталған заттар тез ериді, ағзада биохимиялық процестерге тез түседі.
Ұнтақтауды қолмен жүргізген жағдайда, қаншалықты ұнтақтау қажеттілігін анықтап алған жөн.
Келесі кезең таблеткалау және шаңынан тазарту болып табылады *6+. Қазіргі кезде таблетка алу процесінің үш түрлі технологиялық схемасы бар: ылғалды грануляция (құрғақ ұнтақтарды араластыру, ылғалдау, түйіршіктеу, кептіру, сырғанақ тудыратын заттармен араластыру); престеумен жүретін түйіршіктеу (құрғақ ұнтақтарды араластыру, жинақтау, елеу, араластыру) және компонент құрамын тура престеу (араластыру таблеткалау) *2+.
Таблеткалар өндірісінде, негізінен, құрғақ заттарды байланыстырғыш, негізінен жоғары молекулалы болып келетін ерітінділермен араластыру арқылы жүретін ылғалды грануляция кең қолданылады. Көп жағдайда түйіршіктейтін агенттер байланыстырғыш функциясымен қатар, қопсытқыш рөлін атқарады.
Ылғалдау, кептіру және құрғақ түйіршіктеу сатылары болмағандықтан тура престеу процесі бірқатар артықшылықтарымен ерекшеленеді:
- тұрақсыз дәрілік заттарға ылғал әсері тимейді;
- бұл әдіс үлкен өндіріс алаңын қажет етпейді;
- құрал-жабдықтар, қуат көзі мен жұмысшы қолын көп қажет етпейді.
Тура престеу арқылы алынған таблеткалар ылғалды түйіршіктеу әдісімен жасалған таблеткаларға қарағанда микробтық ластануға аз ұшырайды. Тура престеу арқылы таблеткалау айтарлықтай өнімділікті және таблеткалардың сапасын жоғарылатады. Бірақ тура престеу әдісін өндіріске енгізу өндірістің жоғары мәденитін қажет етеді, шикізаттың сапасын қатаң тексеру қажет, оны тасымалдау мен сақталу жағдайларын, араластыру мен таблеткалау процесін қатаң бақылау қажет. Бұл әдісті қолдануға түйіршіктелмеген ұнтақтардың төмен реологиялық қасиеттері кедергі келтіреді.
Таблеткалау процесіне материалдарды дайындау кезінде танымал әдіс престей отырып түйіршіктеу, ол кезде ұнтақтар тығыздалып, ылғалсыз берік, өлшемдері біркелкі түйіршіктер дайындалады.
Престей отырып түйіршіктеудің тағы бір артықшылығы жоғары қысымды (1000-2000МПа дейін) қалыптастыру болып табылады, оның әсерінен аз престелетін қоспалар түйіршіктеледі.
Таблеткалау (престеу) матрицадағы затты төменгі және жоғарғы пуансон арқылы екіжақтан қысу арқылы жүреді. Таблеткалайтын машиналарда престеу матрица пресс-құрал арқылы жүреді.
таблеткалайтын машиналар таблеткалайтын машиналарда мен екі пуансоннан тұратын
Қазіргі кезде ротационды қолданылады. Ротационды таблеткалардың өнімділігін ұлғайту үшін матрицалық үстелге бекітілген көптеген матрицалар және пуансондар болады. Ротационды таблеткалайтын машиналарда қысым біртіндеп өседі, бұл таблеткалардың біркелкі престелуіне мүмкіндік береді.
Престеу процесінен кейін технолог таблетканың сыртқы түрі мен орташа салмағын тексереді. Беріктігі мен себілгіштігін лаборант тексереді.
Таблеткалар тегіс, біркелкі болуы керек. Таблеткалардың механикалық беріктігі қолданылған қысымға байланысты болады, сонымен қатар престеу кезінде қысым қалай көтерілгені де таблетка беріктігіне әсер етеді. Егер таблеткалайтын машинада қысым бірден көтерілсе қатаң жағдайдағы қысым болып есептеледі. Ол кезде пуансондар соққан кезде таблетканың беткейі қатты қызады, соның әсерінен балқып, цементтеліп қалуы мүмкін.
Егер қысым біртіндеп көтерілсе, ол прогрессивті қысым деп аталады. Прогрессивті қысым таблетка дайындауға қолайлы болып табылады, өйткені қысым таблеткаға ұзақ уақыт біртіндеп әсер етеді. Қысым неғұрлым ұзақ әсер етсе, таблеткадан ауа толықтай шығады, ол кейіннен таблетканың тұрақтылығының жоғары болуының кепілі. Сонымен қатар, таблетканың беткейі қатты қызбайды, ол таблетканың құрамындағы заттардың температура әсерінен бұзылмауына әсер етеді.
Пресс машиналарда таблеткаларды шаңынан тазарту және сортталу автоматты түрде престеу зонасынан шыға берісте жүреді.
Сапалы таблеткаларды полиэтилен жинағыштарда жинап, өлшейді. Әрбір жинағышқа препараттың аты, серия нөмірі, массасы, дайындалған күні мен дайындаған адамның аты-жөні жазылған жапсырма жабыстырылады.
Жарамсыз таблеткалар жеке қапқа салынып, өлшеніп, арнайы белгіленеді. Өндірістің шаңсорғыштағы шаңды да жинап алып, өлшеп, тапсырады. Жарамсыз таблеткалар мен шаңды мастер аға мастерге тапсырады; қалдықтар бекітілген тәртіп бойынша жойылады.
Таблеткаларды жақсы жабылған ыдыста, жарықтан қорғалған жерде сақтайды.
Дайын таблеткалар «қаттау мен орамдау» сатысына жіберіледі. Қорытынды. Жасалған талдаулар осы дәрілік қалыптардың өндірісі барынша автоматтандырылғанын анықтайды, ассортиментінің, сонымен қатар өндіріс көлемінің кеңейгендігін дәлелдейді. Болашақ фармацевтер үшін осы процестердің жүруін толық меңгеру оқу үрдісінде маңызды роль атқарады.
Сондықтан С.Ж. Асфендияров атындағы Қаз¥МУ-нің жанынан құрылған фармация мамандығы бойынша тәжірибелік дағдылар орталығында цехтық типтегі таблеткалар өнідірісін құрастыру үшін бірқатар ғылыми негіздемелер жасалуда.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Кондратьева Т.С., Иванова Л.А., Зеликсон Ю.И. Технология лекарственных форм // - М.: Медицина, 1991. - т.1. - 349 б.
- Чуешов В.И., Чернов Н.Е., Хохлова Л.М., Богуславская Л.И., Пашнев П.Д., Ляпунова О.А., Егоров И.А., Рыбачук Д.В., Гладух Е.В., Сайко И.В., Сиренко Г.Т., Шебанова С.Т. Промышленная технология лекарств // - Харков: изд-во НФАУ МТК-книга, 2002. - Т.2. - 716 б.
- Милованова Л.Н., Тарусова Н.М., Бабошина Е.В. Технология изготовления лекарственных форм // - Ростов-на-Дону: Медицина, 2002. - 448 б.
- Производство лекарств по GMP. Сборник статьей. - М.: Медицинский бизнес, 2005. - 344 б.
- Погорелов В.И. Фармацевтическая технология. - Ростов-на-Дону: Феникс, 2002. - 467 б.
- Красняк И.И., Михайлова Г.В., Чижова Е.Т. Фармацевтическая технология // Технология лекарственных форм. - М.: Академия, 2004. - 464 б.