Мейірбике көп тараған мамандықтардың бірі болуына қарамастан, бүгінгі күні, жер жүзі орта медперсоналмен қамтамасыз етілуден таршылық көріп отыр. Мейірбике ісіне қойылатын жаңа талаптарды қоғам сұранысында қанағаттандыру ең үлкен кәсіби әскердің өмір сүру деңгейіне қатысты аспектілерді зерделеп бағалау жүргізбей мүмкін емес.
Алматы қаласының бірқатар амбулаторлық-емханалық мекемелерінде жұмыс жасайтын мейірбикелерді зерттеу олардың еңбек әрекетіндегі бірқатар қиындықтармен қатар түрлі жанұялық-тұрмыстық проблемалармен, сонымен қатар өмірді қамтамасыз етудің маңызды сұрақтарымен соқтығысатынын көрсетті.
Бүгінгі таңда мейірбике көп тараған мамандықтардың бірі болуына қарамастан маман ресурсының жеткіліксіздігі - халықаралық проблема, жер жүзі орта медперсоналмен қамтамасыз етілуден таршылық көріп отыр. Жаңа экономикалық жағдайда сапалы медициналық көмектің сапасы мен деңгейіне деген қоғам сұранысын қанағаттандыру медициналық қызметкерлердің ең үлкен әскері - мейірбикелердің өмір сүру деңгейіне қатысты аспектілерді зерделеп бағалау жүргізбей мүмкін емес *1,2].
Алматы қаласының бірқатар амбулаторлық-емханалық мекемелерінде жұмыс жасайтын мейірбикелерді зерттеу олардың еңбек әрекетіндегі бірқатар қиындықтармен қатар түрлі жанұялық-тұрмыстық проблемалармен, сонымен қатар өмірді қамтамасыз етудің маңызды сұрақтарымен соқтығысатынын көрсетті.
Сондықтан олардың жанұялық өміріндегі қалыптасқан қарым- қатынастар, психологиялық жағдайлар, шиеленіс жағдайларының себептері, жанұямен бірге бос уақытын өткізу сияқты мәселелер социологиялық сұрау барысында қамтылды. Зерттеу жиынтығын құраған қалалық екі емханалық мекеме және №18 қалалық емхананың «Таугуль», «Дубок» филиалдарының мейірбике қызметіндегілерден тұратын 74 респондеттің 32,4%-ы - отбасын құрған және жанұяларымен бірге тұрады. Өз некелерін толығымен бақытты деп 59% респонденттер санайды, 28% - бақытты деуге болады деп шектелген, 1% - бақытты деп санамайды, ал 12% - бұл сұрақты жауапсыŕ қалдырған.
Жанұядағы шиеленіс жағдайларының жетекші себебі болып материалдық және тұрмыстағы қиындықтар (32,7%) аталған. Басқа себептері арасында жанұя мәселелерін шешуге бос уақыттың болмауы (14,5%), ата-аналардың килігуі және шиеленісті кедергілері (8,3%), интеллектуальды түрде қанағаттанбау (5,2%), антипатия, сүйіспеншіліктің болмауы (3,9%), қызғаншақтық (3,7%), денсаулықпен байланысты медициналық сипатты себептер, (3,1%), түнгі кезекшіліктер аталған (3,0%).
Мектепке қатысты мәселелер арасындағы өзекті мәселе - мектептердің материалдық-техникалық баŕасын жабдықтауда оқушылардың (яғни ата-аналардың) атсалысуы аталды (18%). Қызығып қатысатын мектеп үйірмелерінің сәйкес жағдаймен қамтамасыз етілмеуі, спортпен айналысу, балалардың эстетикалық даму проблемалары 15,6% сұралғандарды толғандырған.
Педагогтардың төмен біліктілігіне 12% шағымданған. Сонымен қатар маңызды мәселе болып мектептердің үйден айтарлық қашықтығы саналады (8,6%). Айтылған мәселе мектепке дейінгі көлік қатынастарының күрделілігімен асқынады (4,4%). Мектептердің педагогикалық мамандармен қамтылу толымсыздығы да балаларды оқытуда білім беру және білім сапасына тікелей әсер ететін жағымсыз фактор (4,8%).
Респонденттердің басым көпшілігі (81%) демалысты жанұяларымен үй жағдайында енжар өткізеді. 13,2% мейірбикелер жауабынша, мүмкіндігі болғанда, жанұямен белсенді түрде қала сыртына таŕа ауаға шығып демалуды қалайды.
Маманның денсаулығы, демалыс жағдайларына, жалпы алғанда, сәтті өмір сүру әрекеттеріне тұрғын және коммуналдық қамтамасыз етілуі, қоғамдағы материалдық тұрғыда сенімділігі маңызды әсер етеді.
Сұрау мәліметтері бойынша сұралғандардың 21%-ы өз пәтерлерінде тұрады екен. Үлесі жағынан бұл тұғырға пәтер немесе бөлмені жалға алатындар жақын (28%). Жатақханаларды паналағандар саны 23% құраса, коммуналдық пәтерлерде немесе шағын жанұяға арналған жатақханаларда тұратындар - 16% тең. Сұралғандардың 6% - таныстары мен туыстарында тұрып жұмыс жасап жүргендер, 6% болса өз жеке үйлерінде тұрады.
Медициналық қызметкерлердің реальды табыс көлемі олардың әлауқаты дәрежесін сипаттайды. Сұрау барысында мейірбикелерге айлық ақыларының деңгейін бағалау ұсынылып, келесі нәтижелер алынды: респонденттердің басым көпшілігі (68,7%) айлық көлемі жанұяның орташа өмір деңгейін қамтамасыз етуге жарамсыз деп есептейді, 1/3-не жуығы (31,3%) орташа өмір деңгейін қамтамасыз ете алады деп тоқталған.
Өмір сапасын арттыру бағытындағы ұсыныстар қатарында барлық мейірбикелер дерлік (94%) айлық ақыны жоғарылатуды, қалған 6,0% - айлық ақыға индексация жасауды атаған.
Жоғарыда келтірілген мейірбике персоналының әлеуметтік- материалдық өмір сапасына қатысты мәселелер оның өз сұраныстары мен мүмкіндіктері шегінде тұйықталмайды. Бұл мәселені шешуде, маманға қолдау көрсетуде мемлекет ролі - шешуші. Осы орайда, зерттеу негізінде алынған мәліметтер бойынша, мемлекет тарапынан құқықтық және әлеуметтік қорғауды толыққұнды тек 8,7% респонденттер сезінетінін, қалған 91,3% - көрсетілетін қолдау толыққұнды емес немесе ешбір қолдау сезінбейтіндіктерін анықтадық.
Маман көкейінде жүрген мемлекеттік деңгейдегі шешілмеген мәселелер: 92,7% - төменгі айлық ақыны, 43,6% - кәсіби- құқықтық қорғаусыздықты, 32,2% - зейнекерлікте қамқорсыз қалуды, 23,7% - шешілмеген тұрғын-тұрмыс мәселелерін, 23,1% демалыс пен емделуге жағдайдың жасалмағанын, 22,0% - қандай-да жеңілдіктердің жасалмауы.
Зерттеудегі осы көпқатарлы персонал еңбегін медицинаға арттырғанымен, қаншалықты ынталы немесе өз дәрежесінде орындап жүргендері беймәлім. Зертеу барысында жүргізілген көпфакторлы талдау негізінде мейірбикенің жұмысымен қанағаттану көрсеткішінің оған әсер ететін факторларға тәуелділігі сәйкестік коэффициенті (χ2) көмегімен анықталды.
Ең жоғарғы дәрежедегі мүмкіндікте (р<0,002) еңбекпен қанағаттанудың жоғарыда келтірілген нәтижелерді
аргументтейтін материалдық және моральдық аспектімен байланысы анықталды. 99%-дан жоғары (р<0,01) мүмкіндікте қанағаттану көрсеткішінің маңызды фактор - пациенттердің жағдайын жасауға мүмкіншіліктің жетіспеуі сияқты жанама түрде қажетті құрылғылармен, медикаменттермен, жалпы материалдық-техникалық базаны озық қамтамасыз ету, сол сияқты маман толықтығын, жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуын, еңбек бөлінісіндегі тәртіп сияқты мейірбике персоналының науқасқа жақындай түсуіне мүмкіндік беретін жағдайлармен байланысы дәлелденді.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерден ұғатыныз, мейірбике корпусы шұғылданатын кәсібіне енжар қарауға себеп бар. Персонал үшін өмір сүрудің және кәсіби еңбек етудің моральдық және материалдық қанағаттандырмауы медициналық көмек көрсетудің рационалдығын, маманның денсаулық сақтау практикасындағы тұғырын әлсіретеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Сапина З.Е., Фомушкина И.А. Управление качеством сестринской помощи // Учебное пособие. - М.: АНМИ, 2006. -151 с.
- Кауашев С.К. Вопросы управления и организации сестринского дела в подготовке медсестер-менеджеров // Ж.Мейірім-Милосердие, 2002. - №1. - С.30-31.