Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Студенттер арасында ас қорыту мүшелері ауруларының таралу сипаты

Бұл мақаладан біз студенттер арасында ас қорыту мүшелері ауруларының өскендігін және де осы аталмыш ауруына байланысты диспансерлік бақылаумен қамтылудың жыл сайын артқандығын байқаймыз. Студенттердің басым көпшілігі гастрит және дуоденит ауруларына байланысты диспансерлік бақылауға алынатындығын көруге болады.Сол себепті де біз оқу орындарында тамақтану тәртібі, оның жиілігі, реттілігі бойынша лекциялар оқу, ас қорыту мүшелері ауруларын дер кезінде анықтау мақсатында студенттерге жыл сайын уақытылы профилактикалық медициналық тексеру жүргізу сияқты шаралардың жүргізілуін ұсынамыз.

Клиникалық гастроэнтерологияның қазіргі таңдағы жағдайы өте маңызды болып отыр, себебі ас қорыту мүшелерінің ауруы біздің елімізде таралуы бойынша жүрек-қантамыр және онкологиялық аурулардан кейінгі орынды иеленеді екен *1]. Қазіргі таңда ас қорыту мүшелері аурулары өте көп ұшырасады, әсіресе жастар мен еңбекке қабілетті адамдардың арасында жиі кездеседі. Бұл дегеніміз тек медицинаға ғана тиесілі проблема емес, сондай-ақ әлеуметік маңызы зор мәселе болып табылады. Қазақстан аумағыда ас қорыту мүшелерінің ауруына шалдыққандардың саны бойынша көш басында Қызылорда облысы тұрса, Алматы облысы төртінші орынды иеленеді.Статистика мәліметтері бойыншаРеспубликада ас қорыту мүшелері ауруына шалдыққандардың жалпы саны 100 000 мың адамға шаққанда 2010 жылы 3626,2011 жылы 3632,2012жылы 3548,6-ны құраған,яғни айтарлықтай төмендеу байқалмайды.Ал аталған аурулармен 2012 жылы алғаш рет тіркелгендердің абсолюттік саны 595852-құрайды екен.Ас қорыту органдары ауруларының медициналық-әлеуметтік маңызының негізгі дәлелі - бұл патологиямен халықтың барлық жас топтарының (еңбекке жарамды жастағы тұлғалар, егде жастағылар мен қарт кісілер, балалар мен жасөспірімдер) зардап шегетіндігі болып табылады*1]. Жастар, әсіресе халықтың қорғалмаған анағұрлым осал тобы саналатын жоғары оқу орындары студенттері мен орта арнайы оқу орындарының оқушыларының денсаулығындағы жағымсыз беталыс ерекше алаңдаушылық тудырады. Студенттер мен оқушылардың өзіндік өмір жағдайы (шамадан тыс жүйкелік-психикалық салмақ, тұрақсыз және үйлесімсіз тамақтану, материалдық проблемалар, зиянды әдеттер, сессия кезіндегі стрестік жағдай т.б.) асқазан-ішек жолдары мен гепатобилиарлық жүйе ауруларының өршуіне себепші болып отыр.Қазіргі таңда гастроэнтеролог пен терапевт пациенттерінің қатарын балалар, жасөспірімдер және жастар құрайды*2].

Зерттеу маҚсаты:Біздің зерттеудің мақсаты студенттер арасында ас қорыту мүшелері ауруларының таралуын зерттеу негізінде ас қорыту мүшелері ауруының алдын алу бойынша шаралар ұсыну. Студенттер арасындағы ас қорыту мүшелері ауруларының таралуын зерттеу мақсатында, бізбен 2010-2012 жылдар аралығындағы Алматы қалалық студентер емханасының 12 нұсқадағы жылдық есеп мәліметтеріне талдау жасалынды.

Зерттеудің нәтижелері: Соңғы 3 жыл ағымындағы ас қорыту мүшелері ауруы бойынша алғашқы және жалпы аурушылдық,аурудың өсу қарқыны, студенттердің ас қорыту мүшелері ауруларының құрылымы және диспансерлік бақылауға алу көрсеткіштері анықталды.

2010-2012 жж. студенттердің ас қорыту мүшелерінің жалпы және алғашқы аурушылдық көрсеткішіне жүргізілген зерттеулер,

  1. жылы аталмыш аурушылдықтың 1000 адамға шаққанда 117,8 құрағанын көрсетеді. Ал, 2010 жылмен салыстырғанда
  2. - 2012 жылдары жалпы аурушылдық көрсеткіші айтарлықтай өскен (2011 жылы 147‰ құраса, сәйкесінше 2012 жылы 158,85‰ құраған). Алғашқы аурушылдық көрсеткіші де зерттеу кезеңдерінде 63,3-тен 72-ге дейін жоғарлаған (сурет 1).

Студенттер арасындағы ас қорыту мүшелері ауруының өсу қарқынын зерттегенімізде, 2010 жылдың көрсеткішіне қарағанда соңғы екі жыл ағымында яғни 2011-2012 жж. аурушылдықтың 309,2-ден 364,8- ге дейін өскендігін көреміз (сурет 2).

 

Студенттердің ас қорыту мүшелері ауруларының құрылымында бірінші орынды гастрит пен дуодениттер (76%), екінші орында холецистит, холангиттер - 13 %, үшінші орында асқазан және он екі елі ішек ойық жарасы (8%), төртінші орынды гастроэзофагеалды рефлякс пен ұйқы безі ауруы (сәйкесінше 12%) алған (сурет 3).

Жоғарыда келтірілген нәтижелерге сүйене келе бұл мақаладан біз студенттер арасында асқазан ішек жолдары ауруларының жылдан жылға артып келе жатқанын байқаймыз. Жалпы аурушаңдық 2010 жылмен салыстырғанда 2011 - 2012 жылдары айтарлықтай өскен (2011 жылы 147‰ құраса, сәйкесінше 2012 жылы 158,85‰ құраған). Диспансерлік есепке алу көрсеткіштері

Ас қорыту мүшелері ауруларына байланысты 2010 жылы 3354 студент диспансерлік бақылауға алынса, 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда диспансерлік тіркеумен қамту 7% артса, ал 2012 жылы бұл көрсеткіш 11,2 артқан.

2012 жылы 2011жылмен салыстырғанда 11,2% артқан,ал асқазан ішек жолдары ауруларының құрлымын зерттеу барысында гастрит пен дуоденит 76% -бен бірінші орынды алып отыр.Сол себептіде бұл мәселені шешу бойынша шаралар аймақтық дәрежеде ғана емес мемлекеттік деңгейде жүргізілуі керек.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Беляева Ю.Н. Некоторые эпидемиологические аспекты болезней органов пищеварения на региональном уровне // Материалы VII Международной (XVI Всероссийской) Пироговской научной медицинской конференции студентов и молодых учёных. - М.: 2012.
  2. Беляева Ю.Н. Современные тенденции заболеваемости болезнями органов пищеварения в Российской Федерации и на региональном уровне // Материалы 72-й научно-практической конференции студентов и молодых ученых с международным участием: «Молодые ученые - ŕдравоохранения». - Саратов: Иŕд-во СГМУ, 2011. - С. 79-83.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.