Бауырдың созылмалы диффузды ауруларының кеңінен таралуы бүгінгі күні бүкіл әлемдік маңызды медика-әлеуметтік мәселе болып отыр[1,2]. Қант диабеті, туберкулезбен науқастардағы, нашақорлар, маскүнемдердегі вирусты гепатиттердің ерекшеліктері әдебиеттерде жеткілікті деңгейде жарық көрсе, онкогематологиялық аурулармен науқастардағы вирусты гепатиттер тақырыбының өзектілігі әлі де азайған жоқ [3,4]. Бүл жүмыстың мақсаты гемобластоздармен науқастардағы вирусты гепатиттердің клиникалық және морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу болып табылды. Біз 126 гемобластоздармен науқастарды тексеріп, вирусты гепатиттер маркерлерінің таралуының жоғары деңгейін - 47,6% анықтадық. Соның ішінде трансфузионды гепатиттердің кездесу жиілігі - 34,9%, басым бөлігін (60%) вирусты гепатит В қүрады. Негізінен вирусты гепатиттердің симптомсыз және субклиникалық ағымы орын алды. Аутопсиялық материалдардың морфологиялық белгілері негізгі аурумен қатар, бауырдағы созылмалы үдерістің көріністерін дәлелдеді.
Гемобластоздар кез¡ндег¡ бауырдың зақымдалуы оны шақырған себептерге және клиника-морфологиялық көріністердің сипаты мен дәрежесіне баšланысты. Бауырдың зақымдануының негізгі себептері химиотерапияның токсикалық әсері, ісіктік инфильтрация, интоксикация, және инфекциялық асқынулар болып табылады *5+. Бул контигенттег¡ науқастарда вирусты гепатиттермен инфицирленудің жиілігі жоғары екені анықталған [6].
Мақсаты: Гемобластоздармен науқастардағы вирусты гепатиттердің клиникалық және морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Материалдар және әдістер: Алматы қаласының №7 ҚКА гематология бөлімінде бақылауда болған 126 гемобластоздармен 16 – 79 жас аралығындағы науқастар зерттеу тобын қурады. Оның ¡ш¡нде 48 науқас (39%) жедел леšкозбен, 39 (31%) - созылмалы миелопролиферативт¡ леšкоздармен және 38 (30%) - созылмалы лимфопролиферативт¡ леšкоздармен болды.
Гемобластоз диагнозы қанның жалпы анализінің, миелограмманың, кеміктің трепанобиопсиясының мәліметтеріне, қан және сүйек кемігінің ісіктік жасушаларының морфологиялық және цитохимиялық зерттеулеріне сүйене отырып ^šылды. Вирусты гепатиттер (ВГ) имуноферменттік анализ (ИФА), полимераздық т¡збект¡к реакция (ПТР) нәтижелеріне, бауырдың функционалды сынамаларына, құрсақ қуысының ағзаларының ультрадыбысты зерттеулер¡не және аутопсиялық материалдардың морфологиялық зерттеулерінің қорытындысын ескер¡п нег¡зделд¡.
Зерттеу нәтижелері және оларды талдау. Алынған мәліметтердің қорытындысы боšынша 60 науқаста (47,6%) ИФА әдісі боšынша вирусты гепатиттердің маркерлері анықталды, соның ¡ш¡нде жедел леšкоздармен науқастарда ВГ маркерлер¡ 50% (24), созылмалы миелопролиферативт¡ леšкоздармен науқастарда – 47,3% (19), ал созылмалы лимфопролиферативт¡ леšкоздар тобында - 46,1% (18) жаздаšда орын алды. Вирусты гепатит В (ВГВ) маркерлер¡ - 68,3%, вирусты гепатит С (ВГС) – 6,6%, микст гепатит (ВГВ + ВГС) маркерлер¡ - 6,6% және вирусты гепатит А (ВГА) маркерлері 1,6% жаздаšда анықталды.
Вирусты гепатит В репликация кезеңінің маркерлері 11(18,3%) науқаста, интеграция кезеңінің маркерлері 25(41,6%) науқаста, бұрын өткерген гепатитті бағалаитын маркерлер 26,6% (16 науқаста) жаздаšда тіркелді. Сонымен гепатит В 36(28,6%) науқаста орын алды.
Гепатит С ПТР әдісімен HCV РНҚ анықталуы негізінде Ķɔšылды. ИФА әдісі боšынша микст-гепатит маркерлері анықталған науқастардың ішінде 1 жаздаšда екі реттік ПТР негізінде HCV РНҚ ғана анықталды, яғни бул белсенд¡ С гепатит және В гепатиттің реконвалесценциясын дəлелдеšдİ. Сонымен С гепатит - 8,3% (5), ал микст-гепатит - 5% (3) жаздаšда анықталды.
Клиникалық көрінісінде сарғаямен өтетін түрі тек 10% науқаста ғана кездест¡. Ал қалған 90% науқастарда симптомсыз, субклиникалық (трансаминазалардың шект¡ жоғарылауы, виремиямен цитолиз белсендігінің арасында корреляцияның болмауы) орын алды.
Аутопсиялық материалдардың морфологиялық зерттеу¡нде бауырдың балкалық құрылысының бұзылысы 66,6% жаздаšда кездесті. Гидропиялық дистрофия барлық жаздаšда (100%), соның ішінде 25% - аšĶын - баллонды дистрофия, 30% - шекті және 45% - әлсіз дәрежесі анықталды. Маšлы дистрофия 77,7% орын алса, 66,6% жаздаšда қабыну-жасушалы инфильтрация табылды. Фиброз 44,4%, соның ішінде 22,2% ұсақ түйінді бауыр циррозы орын алды. Леšкозды инфильтрация 100% жаздаšда анықталды.
Сонымен гемобластоздармен науқастарда вирусты гепатиттермен инфицирленудің жиілігі жоғары - 47,6%.
Трансфузионды гепатиттердің кездесу жиілігі - 34,9%, басым бөлігін (60%) вирусты гепатит В құрады. Негізінен вирусты гепатиттердің симптомсыз және субклиникалық ағымы орын алды. Аутопсиялық материалдардың морфологиялық белг¡лер¡ негізгі аурумен қатар, бауырдағы созылмалы үдерістің көріністерін дəлелдеšдİ.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Абдурахманов Д.Т. Хроническая HBV-инфекция //Клиническая медицина, 2002. - №4.-С.2.
- Насонов Е.Л. Современные направления иммунологических исследованиš при хронических воспалительных и аутоиммунных заболеваниях человека //Терапевтическиš архив. 2001. - №8. - С. 43-46.
- Ш.Танащук Е.А. Хронические заболевания печени у больных, злоупотребляящих алкоголем и инфицированных вирусами гепатита.: Автореф. дис. . канд. мед. наук.- М.: 1999. - С. 22б.
- Петелина И.Ю. Клинико-диагностическое значение противопеченочных мембранных антител у больных хроническим вирусным гепатитом В при гемобластозах.: Автореф. дис. . канд. мед. наук.- М.: 2005. - 25 с.
- Nathwani R.A., Kaplowitz N. Drug hepatotoxicity // Clin. Liver Dis. 2006. 10: 207-217.
- Домникова Н.П. и др. Клинические особенности поражения печени у больных гемобластозами // Бяллетень СО РАМН, - 2008. № 6 (134).- Б. 41-46