Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сыбайлас жемқорлық дүние жүзінің барлық елдерінде теріс құбылыс ретінде таныс

Нағыз экономикалық гүлденуге сыбайлас жемқорлық құбылыстарын азайтқан мемлекеттер ғана қол жеткізетіні де белгілі. Себебі, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық салаларына: экономика, әлеуметтік сала, саясатқа әсерін тигізеді, ал осы құбылыстан туындайтын оның теріс салдары қоғамның ілгері әрі қарқынды дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нақты қауіп төндіреді.

Сыбайлас жемқорлық-бұл тек өз мүддесінде мемлекеттік функцияларды пайдалану, олар, әдетте, қоғамның, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келеді.

Ең бастысы -мемлекеттік қызмет көрсету сапасының төмендеуі, криминалды құрылымдар позициясының күшеюі, халықаралық лаңкестік және экстремизм секілді сыбайлас жемқорлықтың даусыз теріс салдарының орын алуы.

Сыбайлас жемқорлық ұғымын осы қылмыстың бір түрі ғана болып табылатын кәдімгі пара алу деп түсіну қате болар еді.

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық дегеніміз-бұл заңдарды айналып өту арқылы өз мүддесін де материалдық және заңдық артықшылықтарды алу, «өзінің» адамдары есебінен жеке мәселелерін шешу.

Нағыз экономикалық гүлденуге сыбайлас жемқорлық құбылыстарын азайтқан мемлекеттер ғана қол жеткізетіні де белгілі. Себебі, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық салаларына: экономика, әлеуметтік сала, саясатқа әсерін тигізеді, ал осы құбылыстан туындайтын оның теріс салдары қоғамның ілгері әрі қарқынды дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нақты қауіп төндіреді.

Сыбайлас жемқорлық-бұл тек өз мүддесінде мемлекеттік функцияларды пайдалану, олар, әдетте, қоғамның, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келеді. Ең бастысы – мемлекеттік қызмет көрсету сапасының төмендеуі, криминалды құрылымдар позициясының күшеюі, халықаралық лаңкестік және экстремизм секілді сыбайлас жемқорлықтың даусыз теріс салдарының орын алуы.

Сыбайлас жемқорлық ұғымын осы қылмыстың бір түрі ғана болып табылатын кәдімгі пара алу деп түсіну қате болар еді.

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық дегеніміз-бұл заңдарды айналып өту арқылы өз мүддесін де материалдық және заңдық артықшылықтарды алу, «өзінің» адамдары есебінен жеке мәселелерін шешу.

Сыбайлас жемқорлық мәселесі саяси құрылымы, экономикалық дамуының деңгейіне қарамастан барлық елдерге тән болғандықтан әлемдік деңгейдегі мәселеге айналды, ол нарықтық экономикалы демократиялық елдерде де орын алады.

Сыбайлас жемқорлық әрқашан да мемлекет модернизациялау сатысында болған кезеңінде жоғары болады. Қазақстан бүгінгі таңда жай модернизациялауды ғана емес, қоғамдық, мемлекеттік және экономикалық қалыптарының түпкілікті өзгеруін басынан кешіп жатыр. Қазақстандық қоғамда осы кезде болып жатқан қалыптасқан жас тәуелсіз мемлекеттің тұрақтануына тән процестер коррупциялық қылмыстарға қарсы тұруды күшейтуді қажетті және өзекті етеді. Дүниежүзілік тәжірибе сыбайлас жемқорлық өтпелі кезеңдегі елдердің шарасыз атрибуты екендігін көрсетеді.

Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады.

Сол себепті Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің жеті басымды бағыттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен тайсалмас және аяусыз күресті атады. Өйткені, сыбайлас жемқорлықты жеңу құқықтық мемлекетті құрудың жалпы мойындалған шарты болып табылады.

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін заңнамалық база құрылған. Атап айтқанда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекеттерінде тәртіпті күшейту, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту шаралары туралы» заңдар, сондай-ақ көлеңкелі экономика көлемін кішірейтуге, экономика саласында құқықбұзушылықтармен күреске бағытталған бірқатар бағдарламалар т.б. бар.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін сыбайлас жемқорлықтан туындайтын қауіптерден қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтың алдын алу, оны айқындау, жолын кесу, ашу, салдарын жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту арқылы мемлекеттік органдардың, лауазымды және мемлекеттік функцияларды атқаратын басқа және оларға теңестірілген тұлғалардың тиімді қызмет көрсетуіне, сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі принциптерін айқындауға, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтардың түрлерін, ол үшін жауапкершіліктің шарттарын орнатуға бағытталған.

Қазіргі кезде біздің республикада барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар заңға сәйкес өздерінің құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге міндетті.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы жалпыұлттық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының салық қызметі органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы жасалған. Ол жоғары тиімді салық қызметін құру ахуалын және перспективасын бағалауға негізделген. Стратегияның негізгі мақсаты – салық қызметі органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жүйесін жетілдіру.

Сыбайлас жемқорлық мәселесін шешу үшін екіжақты, яғни, азаматтар мен мемлекеттің қатысу қажеттігін ескергенде, лауазымды тұлғаны қызықтыру да қылмыстық іс-әрекет болып табылатынын сезіндіру өте маңызды.

Құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа азаматтық қоғамның барлық институттарының жігерін жұмылдырып қана тиімді қарсы тұру мүмкін. Тек солай ғана біз неғұрлым бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына кіру ұлттық идеясын жүзеге асыра аламыз.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

«Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние-байлық неге керек, денсаулығың болмаса. Төрелігің неге керек,халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шыныда да, біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.

Елбасы жолдауында: «Заңды бұзған екенсің,оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты ереже бар. Олай болмаған күнде біз кеңестік кездегі «заң қалай бұрсаң, солай бұралатын тәртенің» керін қайталайтын оламыз», - деп атап көрсеткен . Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен сот жүйесі де жолдауда беілген тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндеті санайды.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегіқұқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.

Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма жылдай уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды.

Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президенетіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

 

Әдебиет

  1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 18 қарашадағы № 1406, 2015 жылғы.
  2. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға апналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.