Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қауіпсіздігі аралас мекемелерінде (тергеу изоляторларда) көтермелеу және жазалау шараларын қолдануының өзекті мәселелері

Қамауда ұсталатын тұлғалардың заңға бағыну тәртібін ынталандыруының маңызды амалдарының бірі көтермелеу мен жазалау шаралары болып табылады.

Сезіктілер немесе айыпталушылардың үлгілі тәртібін мақұлдау әдісі көтермелеу деп айтуға болады. Ол тұлғаны тәрбиелеудің маңызды амалы болып табылады, заңға бағыну тәртібін ынталандырады, оң қылықтарды қайта орындауға түрткі болады. Марапатталған тұлғаның үлгілі тәртібі мен оған қолданылған көтермелеу шаралары туралы біліп, басқа сезіктілер мен айыпталушыларға көтермелеу шаралары әсерін тигізеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аталмыш шараларды қолданунегіздемелері мен түрлері "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы №353-I Заңында ("Ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Заңы - ары-қарай) көрсетілген. "Ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Заңының 36 бабына сәйкес, көтермелеу шараларын қолдану негіздемелері:

  • міндеттерін үлгілі орындау;
  • қамауда ұстаудағы белгіленген тәртіпті сақтау.

Қамауда ұстаудағы белгіленген тәртіпті сақтау сезіктілер мен айыпталушылар міндеттерінің маңыздылығының бірі болып табылады. Міндеттерін үлгілі орындау дегеніміз оларды біріншіден уақытылы орындау деген мағынаны білдіреді. Оларға мысалы, "Ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Заңымен және Ішкі тәртіп ережелерімен белгіленген күзетте ұстау тәртібін сақтау, күзетте ұстау орындары әкімшілігінің заңды талаптарын орындау, гигиена мен санитария талаптарын сақтау, күн сайынғы серуенге шығу, өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау, күзетте ұстау орындарының мүлкіне ұқыпты қарау, кезектілік тәртібімен камераларды және басқа да бөлмелерді тазалау, күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің, сезіктілер мен айыпталушылардың, сондай-ақ басқа да адамдардың абыройын қорлайтын іс-әрекеттер жасамау, өзінің өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қасақана іс- әрекеттер жасамау сияқты міндеттер жатады. Сонымен қатар күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне, сондай-ақ күзетте ұстау тәртібін қамтамасыз ететін өзге де адамдарға олардың қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтірмеулері туралы жазылған.

Жоғарыда аталған бапқа сәйкес қауіпсіздігі аралас мекемелерде мынадай көтермелеу шаралары қолданылуы мүмкін:

  • бұрын белгіленген жазаны мерзімінен бұрын алу;
  • кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларға спортпен шұғылдануға арналған үй-жайларға қосымша баруға, сондай-ақ бос уақытын өткізудің басқа да нысандарына рұқсат беру [1].

Бұрын белгіленген жазаны мерзімінен бұрын алу тек қауіпсіздігі аралас мекемесінде ұсталған кезеңінде жазаланған тұлғаларға қатысты. Сезіктілер мен айыпталушыларға қолданылатын жазалау шаралары "Ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Заңының 37 бабында көрсетілген. Айта кетсек "Ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Заңында бұрын белгіленген жазаны мерзімінен бұрын алу нақты мерзімдері белгіленбеген. Шамасы, сезіктілер мен айыпталушылар қауіпсіздігі аралас мекемесінде ұзақ уақыт болмауымен түсіндірілетін шығар. Тәжірибеде қамауда ұстау мерзімі әр түрлі болады, кейде тіпті бір жылдан да асады. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару кодексінің 131 бабына сүйене отырсақ, онда сотталған адам тәртіптік жазалауды өтеген күннен бастап алты ай бойы жаңадан жазалауға тартылмайтын болса, ол жазасы жоқ деп есептеледі [2].

Жазалауды алудың мағынасы қауіпсіздігі аралас мекемесінде тұлғаның жазаланды деп есептелмеуі болады. Сонымен қатар жазалау туралы қаулысы сезікті немесе айыпталушының жеке ісіне тіркеледі, кейін сотталған жағдайда, түзеу мекемелерінде жазасын өтеу барысында жазалау шарасы басты назарда болады.

Жазалау шаралары туралы деректер сезікті, айыпталушылар мен сотталғандарға мінездеме бергенде, болашақта сотталған адамның жазасын даралау мақсатында оның мінез-құлқын бағалау үшін, қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауысу немесе шартты түрде мерзімінен бұрын және де басқа негіздер бойынша босатылу туралы сұрақтарын шешу кезінде есепке алынады.

Жоғарыдағыны негізге ала отырып, сезіктілер мен айыпталушыларды көтермелеу маңызды болып есептеледі.

Көтермелеу шарасының екінші түрі (спортпен шұғылдануға арналған үй-жайларға қосымша баруға, сондай-ақ бос уақытын өткізудің басқа да нысандарына рұқсат беру) жоғарыда жазылғандай тек қана кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларғақатысты. Заңнамада аталмыш шараларға қатысу уақыттары да көрсетілмеген. Сондықтан осындай сұрақтар қауіпсіздігі аралас мекемесі бастығының бұйрығымен шешілуі тиіс деп ойлаймыз. Бұл көтермелеу шараларын қолдануын білуге мүмкіндік береді.

Алдын ала қамауға алу орындарында бекітіліген тәртіпті сақтау және де сезіктілер мен айыпталушылардың арасында құқық бұзушылық пен қылмыстарды алдын алу мақсатында жазалау шаралары қолданылады. Сонымен қатар жасалған қателіктерге әкімшіліктің теріс көзқарасын көрсетуімен жазалау шаралары тәрбиелік сипаттамада қолданылады.

Сезіктілер мен айыпталушылардың қауіпсіздігі аралас мекемелерінде белгіленген тәртіпті бұзғаны, сондай-ақ мекеменің қалыпты жұмысына кедергі болғаны жазалауға негіз болып табылады. "Ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Заңының 37 бабына сәйкес күдіктілер мен айыпталушыларға мынадай жазалау шаралары қолданылады:

  • ескерту;
  • сөгіс;
  • он бес тәулікке дейінгі мерзімге тәртіптік изоляторға жабу;
  • кәмелетке толмаған күдіктілер мен айыпталушыларды жетпіс екі сағатқа дейінгі мерзімге уақытша оқшаулау үй-жайына жабу қолданылуы мүмкін.

Бір тәртіп бұзғандығы үшін кінәлі адамға бір жазадан артық жаза қолданылмайды. Жаза тәртіп бұзуды жасаудың мән-жайлары және сезікті мен айыпталушының мінез- құлқы ескеріле отырып қолданылады. Жаза тәртіп бұзушылық белгілі болған күннен бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал егер тәртіп бұзушылыққа байланысты тексеру жүргізілсе - ол аяқталған күннен бастап, бірақ тәртіп бұзушылық жасалған күннен бір айдан кешіктірілмей қолданылуы мүмкін. Жаза, әдетте, дереу, ал оны дереу қолдану мүмкін болмаған жағдайда - ол белгіленген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады. Жаза қолданылғанға дейін сезіктіден немесе айыпталушыдан жазбаша түсініктеме алынады, ал түсініктеме беруден бас тартылған жағдайда ол туралы тиісті акт жасалады. Сөгіс түріндегі жаза ауызша немесе жазбаша нысанда, басқа жазалар - жазбаша нысанда қолданылады.

Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстауда күдіктілер мен айыпталушылардың болу себептері:

  • басқа күдіктілер мен айыпталушыларға қысым көрсеткені және оларды қорлағаны үшін;
  • күзетпен ұстау орындары қызметкерлерінің немесе өзге де адамдардың заңды талаптарына бағынбағаны не оларды қорлағаны үшін;
  • оқшаулау қағидаларын бірнеше рет бұзғаны үшін;
  • алкогольдік ішімдіктерді сақтағаны, дайындағаны және ішкені үшін;
  • сақтауға және пайдалануға тыйым салынған басқа да нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін сақтағаны, дайындағаны және пайдаланғаны үшін;
  • құмар ойындарға қатысқаны үшін тәртіптік изоляторға, ал кәмелетке толмағандар уақытша оқшаулау үй-жайына отырғызылуы мүмкін.

Тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына жабу түріндегі жаза сөгіс түрінде екі және одан да көп рет жаза қолданылған күдіктілер мен айыпталушыларға да қолданылады. Күдіктілер мен айыпталушылар тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында жеке жатын орнымен және төсек-орындармен белгіленген сағаттарда ұйықтайтын уақытқа ғана қамтамасыз етіледі.

Тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына жабылған күдіктілер мен айыпталушыларға тыйым салынады:

  1. қорғаушымен жолығудан басқа, хат жазысуға, жолығуларға;
  2. тамақ өнімдері мен ең қажетті нәрселерді сатып алуға;
  3. хаттар, сауқаттар және сәлемдемелер алуға;
  4. үстел үсті ойындарын, кітаптарды, газеттерді, журналдарды және өзге де әдебиетті пайдалануға тыйым салынады.

Сауқаттар мен сәлемдемелер күдіктілер мен айыпталушыларға олардың тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында болу мерзімі аяқталғаннан кейін табыс етіледі.

Күзетпен ұстау орны әкімшілігі бастығының немесе оның міндетін атқарушы адамның тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына отырғызу түріндегі жазаны орындауды кейінге қалдыруға, күдіктіні немесе айыпталушыны медициналық көрсетілімдерді ескере отырып мерзімінен бұрын босатуға құқығы бар. Егер жазаны орындауды ұзарту мерзімі медициналық көрсетілімдер бойынша жазаны қолданған күннен бастап бір айдан асып кетсе, онда күдікті немесе айыпталушы жазадан босатылуы мүмкін.

Емізулі балалары бар әйелдер, жүкті әйелдер және кәмелетке толмағандар тәртіптік изоляторға жабылмайды [1].

Беларусь Республикасының "Қамауда тұлғаларды ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Заңымен салыстыра отырсақ, олардың заңнамасы бойынша мынадай көтермелеу шаралары қолданылуы мүмкін:

  • алғыс жариялау;
  • бұрын белгіленген жазаны мерзімінен бұрын алу;
  • кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларға спортпен шұғылдануға арналған үй-жайларға қосымша баруға, сондай-ақ бос уақытын өткізудің басқа да нысандарына рұқсат беру.

Сондай-ақ мынадай жазалау шаралары қолданылады:

  • ескерту;
  • сөгіс;
  • он бес тәулікке дейінгі мерзімге карцерге немесе әскери абақтыда бір кісілік камераға жабу [3].

Жоғарыдағыны ескере отырып, біз келесі қорытынды жасай аламыз:

  • Бұрын белгіленген жазаны мерзімінен бұрын алу алты ай өткенге дейін алынуы мүмкін деген қорытынды жасауға болады.
  • "Сөгіс түріндегі жаза ауызша немесе жазбаша нысанда, басқа жазалар - жазбаша нысанда қолданылады" - делінген, біздің ойымызша "ескерту" шарасын ғана ауызша нысанда қолданып, қалған жазалауларын тек жазбаша нысанда қолдану тиімді деп есептейміз.

 

Әдебиеттер

  1. Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы №353-I Заңы (2017 жылғы 11 шілдесі жағдайына берілген өзгерістері мен толықтыруларымен).
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі, 2014 жылғы 4 шілдедегі № 234-V ҚРЗ. - Астана, 2014.
  3. Закон Республики Беларусь от 16 июня 2003 года № 215-3: О порядке и условиях содержания лиц под стражей.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.