Ата Заң біздің қоғамның негізгі принциптерін анықтап, елімізді демакратиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде белгілей отырып, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екендігі бәрімізге мәлім. Адам құқықтары мен бостандықтары танылып қана қоймады, олардың орындалатынына Ата Заңымыз кепілдік береді. Осы кепілді адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтындығын, ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқа да қатігездік немесе адамның қадір -қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайтығы бекітілген еді [1].
Аталып отырған конституциялық кепілдіктердің қоғамдық маңыздылығы ерекше, атап айтқанда бас бостанлығынан айырылған тұлғалар үшін бұл мәселенің өзектілігі арта түседі. Өйткені, олардың өмір салттарына қойылған шектеулер кейбір жағдайларда құқықтары мен мүдделерінің қорғалуының осалдылығына соқтыруы мүмкін.
Бүгінгі күні еліміздің түзеу колонияларында 31 мыңнан астам сотталғандар жазаларын өтеуде. Бұлардың көбісі ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар. Бұл аз сан емес. Дегенмен 2010 жылы 63 мың сотталған жасасын өтесе, 2015 жылы 42 мыңнан астам сотталған жазасын өтеген екен. Сондықтан біз қазіргі таңда сотталғандардың саны бірнеше мыңға азайғанын көріп отырмыз. Түзеу мекемелерінде сотталғандардың санын азайтуға әлде де жұмыстар жүргізілуде.
Халықаралық ұйымдардың пікіріне сәйкес, елдің 100 мың тұрғынына шаққанда түрмедегі қылмыскерлер саны 150 адамды құраса, ол сол мемлекеттің қауіпсіздігі жоғары деңгейде деп саналып, түрме рейтінгі жақсы бағамен бағаланады екен. Сол рейтингпен түрмедегі адам саны көп деп саналатын 50 мемлекеттің тізімі анықталып отырады екен. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, алдыңғы қатарларда АҚШ, Рессей, Бразилия,Украина, Турция, Индия және т.б. елдер бар. Сол мемлекеттердің бірі Қазақстан Республикасы екен. Яғни 2015 жылдың мәліметіне қарағанда біздің мемлекет 47 орында тұрды. Бұл жағдайда Мемлекет басшысы да назар аударған еді. Ол 2010 жылы Қазақстан халқына Жолдауында қылмыстық жазалаудың негізгі түрі бас бостандығын айыру Сондықтан да болар, Елбасы Н.Назарбаевтың да рақымшылық жариялау туралы саясаты да осы мақсатты көздеп отыр. Бүгінгі күні түзеу мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан сотталғандардың санын азайту мақсатында бағытталған бірнеше шаралар жүргізілуде. Бұл бағытта елімізде жүргізіліп отырған құқықтық реформаның маңызы ерекше. Бүгінгі күні қоғамдағы құқықтық қатынастарды реттейтін жаңа заңдар қабылданып, өзге де қажетті іс-шаралар жүргізілуде.
Осыған орай, құқықтық қорғау органдарының қызметі де жаңартылған мазмұнға ие болуда, олардың жұмыс тиімділігін бағалаудың негізгісі адамдардың конституциялық құқықтарын қорғау, азаматтардың осы органдарға деген сенімін арттыру.
Кеңес дәуірінің қылмыстық заңнамалары бас бостандығынан айыру жазасын сотталушыларды түзейтін ең тиімді құрал ретінде дәріптеп келді. дегенмен, сонғы 5-6 жылдық та бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындау басқа жаза түрлеріне қарағанда 50 пайызға жеткен кездері болды.
Дегенмен, уақыт өте келе заңнамалардың өзгерістерінің нәтижесінде бас бостадығынан айыру жазасын тағайында 25 пайызға төмендеген екен.
Жаза тағайындау тәжірибесінің жеңіл жазалар түрлерін кеңінен қолдануға бет бұруының басқа да себебі бар. Криминология ғылымының дәлелдемеліне қарағанда бас бостадығынан айыру жазасын тағайында сотталғанның түзелуіне оң әсерін тигізе қоймайтындығы. Себебі түзеу мекемелерінде сотталғандарды жасаққа бөледі екен. Ал бір жасақта орташа алғанда 50-70 сотталғаннан ұсталды екен. Әрине бұл ұстау жүйесі де өз бетінше жақсы, яғни сотталғандарға топтап бақылау жасау. Бәр жасақта әртүрлі сотталғандар ұсталады, яғни психикасы қалыпты жағдайда емес сотталғанмен бір жерде ұсталуы шиеленістік жағдайға әкелуі мүмкін ғой. Мұндай жағдайлар көптеп орын алады [2].
Қазіргі қолданыста жүген заңнамамызға сүйенсек, жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірумен қатар, сотталған адамды түзеу және сотталған адамның жаңадан қылмыс жасауын болдырмау мақсатында қолданылады.
Қазақстан Республикасы ҚАҚ заңнамасына сәйкес жеті мекеме түрі бар. Олар қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер, орташа қауіпсіз мекемелер, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелер, қауіпсіз барынша жоғары мекемелер, төтенше қауіпсіз мекемелер, толық қауіпсіз мекемелер, қауіпсіздігі аралас мекемелер.
Магистрлік диссертация тақырыбының аясында толық қауіпсіз мекемесінің сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу ерекшеліктеріне тоқтала кетейік. Толық қауіпсіз мекемесі, яғни түрме! Бұл мекемеде аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, қылмыстар қауіпті қайталанған кезде жазасын түрмеде өтеумен бес жылдан астам мерзімге сотталған, сондай- ақ мекемелерден ауыстырылған жазаны өтеудіңбелгіленген тәртібін қасақана бұзушы және мекемеде құқықтық тәртіпті сақтау қажет болған жағдай жіберілгендер ұсталады. Жоғарыда аталған тұлғалармен тәрбие жұмысын жүргізу басқа мекемелерге қарағанда әлдеқайда қиынырақ деп есептеймін (төтенше қауіпсіз мекемелерді санамағанда).
ҚК ҚАК 144 бабына сәйкес, толық қауіпсіз мекемелерінде жаза мерзімінің бір бөлігін толық қауіпсіз мекемеде өтеумен бес жылдан астам мерзімге сотталғандар, сондай-ақ орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары және төтенше қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін үш жылға дейінгі мерзімге толық қауіпсіз мекемеге ауыстырылған сотталғандар, сондай-ақ, өздеріне қатысты өлім жазасы туралы үкім орындауға мораторий енгізілгенге дейін немесе мораторийдің қолданылу уақытында күшіне енген адамдар ұсталады. Сондықтан да болар, толық қауіпсіз мекемесінде қиын сотталғандар жазасын өтейтіні айқын көрінеді [3].
Өз алдымызға шаңырақ көтерген тәуелсіздік жағдайында қазақ мемлекеті адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын өзінің ең қымбат қазынасы деп танылады. Сондықтан да әрбір адамның құқығының жеткілікті дәреже қорғалуын қамтамасыз етуді мемлекет өзіне міндет етіп алды. Сотталған ба ол, жай азамат па бәріне бірдей. Жазаларын өтеп болған соң сотталғанның біздің ортамызға тең құқылы азамат ретінде оралуы зайырлы қоғамның белгісі. Сол себепті түрмеде отырған сотталғандармен жан - жақты тәрбиелеу жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі де жоғары .
Сондықтан қазіргі кезде ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі сотталғандармен тәрбие жұмыстарын жүргізудің мүмкін түрлерін кеңінен енгізуде. Оған 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген жаңа қылмыстық-атқару кодексі де кең мүмкіншілік беруде. Сонымен қатар, сотталғандарды рақымшылықпен жаза өтеуден босату жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Ел басының бұл саясаты да дамыған отыз мемлекеттің қатарына енуге қадам деп түсінемін. Сондай-ақ, Заң аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасағанды тыйым салған, бұл қылмыстық жағдайды қиындату қаупіне жол бермейді[4].
Түрмеде отырғандарды қайта тәрбиелеуде, олардың санитарлық-тұрмыстық жағдайларын қалыпта ұстауда, әрине қазіргі түзеу колонияларының барақтық-отрядтық жүйесі мүмкіншілік бермейтіндігі, тіпті, зиян келтіретіндігі анық деп санайды. Сол себепті дүниежүзінің көп елдерінде, әсіресе батыс елдерде, сотталғандарды қамауда ұстаудың басқа жүйелері қалыптасуда. Бұл - сотталғандардың бір - бірінен бөлек қамераларда ұсталуы. Сотталғандарды қайта тәрбиелеудегі осындай түрмелердің тиімділігі 1955 жылдың 1 тамызындағы БҰҰ Конгресі қабылдаған Қамаудағы адамдарға қараудың төменгі стандарттық ережелерінде атап көрсетілген.
Дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі Мемлекет басшысы жарияланған Ұлт Жоспарында да мемлекеттік - жекеменшік серіктестігін дамыту шеңберінде пенитенциарлық инфрақұрылымды жаңғырту қарастырылған [5].
Камералық түрдегі түзеу мекемелерін салудың маңыздылығы жоғары. Себебі, қолданыстағы барлық дерлік түзеу колонияларының тозығы жеткен, олады жаңа типтегі мекемелерге ауыстыру қажеттілігі туындап отыр. Яғни, сотталғандарды камералық типте ұстауға ауыстырмас бұрын, жағдай жасалу керек. Бұл іс-шара үлкен қаражатты қажет етеді. Мысалы, Женева қаласындағы камералық типтегі бір түзеу мекемесін салуға 400 млн. евро жұмсалған екен. Сондықтан, республика бойынша жаңа мекемелерді салмақ түгелі, жөндеу жұмыстарын жүргізуге де көп каражат қажет етіледі.
Дегенмен, бұл саясатты жүзеге асырмас бұрын, біз ҚАЖ қызметкерлері сотталғандары түзу жолға түсу үшін аянбай қызмет істеуіміз керек.
Әдебиеттер
- Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз // Алматы, 1995 жыл//.
- http://cyberleninka.ru "Воспитательная работа - ведущее средство исправления осужденных".
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі №234-ҮҚРЗ. // Алматы қ. 2014 жыл//.
- "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңы. // Астана қ. 2016 жыл//.
- Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан - 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы , 2012 жыл 14 желтоқсан // Астана қ. 2012 жыл//.