«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанга деген ыстық сезім – жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» Н.Ә. Назарбаев
Біздің қоғамымызда отбасы - ешкім қол сұқпайтын ұйым және онда болып жатқан істер - отбасына ғана қатысты, оған ешкімнің араласуы тиіс емес деп саналады. Бұнымен, егер отбасы бақытты болған жағдайда, келісуге болады. Ал, егер отбасында зорлық болатын болса, онда ол - мемлекеттік іс. Өйткені, мемлекет табысты даму үшін таза қоғам мен дені сау азаматтар қажет.
Үйдегі зорлық-зомбылық бүкіл әлем бойынша ең көп таралған және барлық әлеуметтік топтарда бар. Үйдегі зорлықтың шекарасы жоқ: ол балаларға да қатысты болуы мүмкін, зайыбына немесе жолдасына, қарттарға, мүгедектерге, асырап алған балаларға және т.б. Егер мемлекет пен қоғам отбасындағы зорлыққа әрекет етпесе, онда ол зорлыққа қатысқан болып есептеледі.
Қазақстандағы әйелдер тарихының тамыры тереңде, олар бала тәрбиелеп, шаруашылықпен айналысып өз отбасы мен отанын қорғады. Қазақ әйелдері өз отбасы мен ошақтасының ұйытқысы бола жүріп, қоғамның саяси және экономикалық өміріне араласа отырып, ерлермен тең қоғамдық мәртебе алған.
Қоғамның әлеуметтік тұрақтылығына нұсқан келтіретін отбасындағы зорлық- зомбылық Қазақстан Республикасы үшін туындап отырған өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Отбасындағы зорлық - зомбылық - әйелдерге қатысты зорлық - зомбылықтың ең көп тараған түрі болып табылады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жуырдағы зерттеуіне сәйкес, 71,4% әйелдер жылына бір рет болса да тұрмыстық зорлық- зомбылыққа ұшырайды. Әйелдер үйдегі зорлық-зомбылықтың бес оқиғасының біреуінде ғана құқық қорғау органдарына жүгінеді[1].
Тұрмыстық зорлық-зомбылық - ол отбасы мүшесінің басқа отбасы мүшесіне, сонымен қатар, үй, пәтерде бірге тұрып жатқан адамға, немесе бөлек тұрып жатқан бұрынғы күйеуі немесе әйеліне көрсетілетін зорлық-зомбылық. «Тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын-алу туралы» Заңға сәйкес зорлық-зомбылық физикалық, психологиялық, жыныстық және экономикалық болып бөлінеді.Тұрмыстық зорлық- зомбылық - мемлекеттің даму деңгейі мен мәдени хал-ахуалына қарамастан, әлемнің барлық елдерінде кездесетін мәселе. Жыл сайын елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты, тіпті өлтіру бойынша он мыңдаған оқиғалар тіркеледі[2].
Қоғамда ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің нақты теңдігін қамтамасыз ету уақыт талабын қажет етеді. Соның ішінде мемлекет үшін әйел-ананы қорғау ерекше мәселе болып табылады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында осы мәселеге айырықша тоқталған. Онда «Мемлекет үшін және менің жеке өзім үшін де ананы қорғау - ерекше мәселе. Біздің халқымыздың өз мәдениеті, өз дәстүрі мен салты бар. Әйел заты әрдайым біздің қоғамның тең құқылы мүшесі, ал ана - оның ең ардақты тұлғасы болды. Біз әйел затына - анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз. Біз ананы қорғап, қолдауымыз керек. Мені отбасында әйелдер мен балаларға тұрмыстық зорлық- зомбылық көрсету жайттарының көбеюі алаңдатады. Әйелді құрметтемеу деген болмау 108 керек. Бірден айтайын, ондай зорлық-зомбылықтың жолы қатаң түрде кесілуі тиіс» деп атап көрсетті[3].
- жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың барша қазақстандықтарға ұсынған «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» атты жоспарының 30 қадамында Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру мәселесі көтерілді. Біздің тарихымызда бұрын-соңды болмаған ұлттық заңнамамызға сай құқықтық шараларды жүзеге асыру міндеті жүктелді. Осыған орай өткен жылдың 2 қарашасында «Жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы» Заңға қол қойылды.
Аталмыш «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» жоспарының 30 қадамында тұрмыстық зорлық пен зомбылыққа жергілікті полиция қызметкерлері тарапынан тосқауыл қою және осындай қылмыстардың алдын алу жолдарын қарастыру тапсырылды. Әрине бұл қуантарлық жағдай[4].
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі – заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы.Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар.Отбасындағы зорлық- зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табыладым [5].
ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректеріне сүйенетін болсақ:
жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде 26 әйел көз жұмған. Ал 2015 жылы 60-қа жуық нәзік жанды жантәсілім етіпті.
2016 жылдың 8 айындағы статистикалық деректерге сәйкес, отбасы-тұрмыстық салада 26 әйел қаза тапқан. 2015 жылдың 12 айында — 58 әйел. 2016 жылдың 8 айында 48 176 қылмыстық құқықтық бұзушылық тіркелген, ал 2015 жылдың 12 айында 65 325 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған.
2016 жылдың 6 айында республика соттары ҚР Қылмыстық Кодексінің 109- бабында (ұрып-соғу) көзделген қылмыстық құқықтық бұзушылықтарды жасағаны үшін заңды күшіне енген үкімдер бойынша 14 адам соттаған.
«2016 жылы ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабында (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру), 107-бабында (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру), 108- бабында (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін 1 333 адам сотталған».
Бүгінгі күні республикада 23 дағдарыс орталығы тіркелген, олардың 17-сінде баспана бар. Қолда бар мәліметтер бойынша, тек 2015 жылы дағдарыс орталықтарына 12 мыңнан астам әйел жүгінген, ішкі істер органдары қызметкерлері аталған орталықтарға 3,5 мың әйелді жіберген[6].
Қазақстан Республикасының заңнамасында әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықтың барлық түрлерін жасағаны үшін – Қылмыстық кодекстің 99, 101-107, 115, 117, 120-130-баптарындажауапкершілік көзделген. Барынша жоғары қылмыстық жаза – мүлкін тәркілей отырып 7-ден 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру, әкімшілік жаза – айыппұл не 15 тәулікке дейін әкімшілік тұтқындау (ұрып-соғу, байқаусызда денсаулығынаауырлығы орташа залал келтіру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер) .
Сексуалдық сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-122 және 124-баптарында көзделген. Мысалы, 121-бап бойынша (сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттері) 8-ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Зорлау туралы қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 100-бабының «Жәбiрленушiлерgiң, куәлардың, сезǐктǐлердщ, айыпталушылардың және қылмыстық процеске қатысушы басқа да адамдардың қауiпсiздiгi шаралары» нормаларына сәйкес қорғалуға құқылы [7].
Қазіргі таңда отбасылық зомбылық дағдарыстық орталықтарымен министрліктер мен ведомстволар бағдарламаларында талқыланып , енгізілген. Зомбылықтың құрбандарымен жұмыс жасау үшін полиция қызметкерлеріне арнайы оқыту бағдарламалары, яғни, білім бағдарламалары енгізіліп отыр. Олар зомбылықтың пайда болып, онымен күресу үшін «нөлдік шыдамдылық» принципінен өту керектігі де қадағаланған.
Халықтың әртүрлі топтарына, соның ішінде балаларға арналғанмектепте, отбасында, аулада болатын зомбылықтар жөнінде, сонымен бірге әйел мен еркектің арасында болатын зомбылық туралы да білімдерін кеңейту мақсатында ақпараттық материалдар жасалынды.
Зерттеу нәтижелері негізгі тұжырым жасауға мүмкіндік береді:
- Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің отбасының жағдайы төмен болатындығы анықталды. Бұл жағдайды жұмыссыздық пен ерлі-зайыптыларының жоғары білімінің болмауы да көптеп септігін тигізіп отырады. Әйелдер отбасылық зорлық- зомбылыққа жиі ұшырап, өздерінің некелік қатынастарына көңілдері толмайды.
- Әйелдер өз тағдырына жауап бере алмайды, олардың пайымдауынша өмірінде болып жатқан жағдайларды толығымен басқара алмайды.
- Әйелдер отбасында жанжал болдырмау жолдарын өте аз қарастырады, керісінше кей кезде өз қолымен ушықтырады.
- Әйелдер жанұясының арасына болса да, өздерін жалғыз сезінуіне байланысты, ешкімге, соның ішінде жақын адамдарына керек еместігін сезініп өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін. Мұндай жағдай отбасында қарым-қатынастың тым ауыр болуынан туындайды.
- Отбасы жанжалының туындау себебі анықталды: жанжалдың, шешімге келу, дағдыланудың жарыс ретінде реттелуі, сонымен қатар отбасы өміріне жұбайлардың көңілінің толмауы.
Отбасыларындағы қатыгезіктің орын алуын адамның әлеуметтену үрдісінің құрбаны ретіндегі қалыптасу нәтижесі деп қабылдауға болады.
Әдебиет
- Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күніне байланысты үндеу//http√/www.undp.kz/kz/articles/1/97.j sp
- Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV Заңы//"Егемен Қазақстан" 2009 жыл, 12 желтоқсан N 416-418 (25815); "Казахстанская правда" от 12.12.2009 г., № 293 (26037)
- Қазақстан 2050 Стратегиясы // www.akorda.kz
- «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» // www.akorda.kz
- Сапаралиева С.М. Проблемы защиты женщин от бытового насилия в Республике Казахстан// Экономика и право Казахстана. Алматы,2015. №10,- с.61-64.
- Елімізде 2016 жылы отбасындағы жанжал кезінде қанша әйел көз жұмғанын білесіз бе//http://7sunews.kz/85225.
- ҚР Қылмыстық кодексі2014 жылғы 3 шǐлдедегǐ № 226-V.