Волейбол (volley - «қалқып ұру», ball - «доп») - ойын спорты.Волейбол - деген сөздің мағынасы «ұшатын доп». Вильям Дж. Морган волейболды ойлап тапқан маман болып саналады, ол Холиок қаласындағы (АҚШ, Массачусетс штаты) Жас христиандар ассоциациясының колледжінде дене шынықтыру сабағының мұғалімі еді.1895 жылы ол спорт залында 197 см биіктікте теннис торын орнатып, оқушылар саны шектеусіз болған алаңда оның үстінен баскетбол камерасын лақтырған. Морган жаңа ойынды «минтонет» деп атаған. Бір жыл өткеннен кейін Спринфилд қаласындағы Жас христиандар ассоциациясының колледждерінің конференциясында профессор Альфред Т. Хальстедтің ұсынысы бойынша ойынға «волейбол» деген жаңа атау берілді. 1897 жылы АҚШ- та волейболдың алғашқы ережелері басылып шығарылды.
ХХ жүз жылдықтың басында «ұшқыш доп» Канадада, Жапонияда, Филиппиналарда, Бирмада, Үндістанда, Мексикада пайда болды. І Дүние жүзілік соғысы кезінде волейбол Еуропа мемлекеттерінде және Ресейде тарала бастады [1].
Ресейде волейболды Төменгі Новгородта, Қазанда, Хабаровскіде, Владивостокта, кейін Мәскеуде ойнай бастады.
1900 жылы волейбол танымалдығы жағынан АҚШ-тың шеңберінен шығып, әлемнің өзге елдеріне таныла бастады. Ойынға алғашында Канада, кейін Үндістан және Азия елдерін қызығушылық танытқан. 1905 жылы Куба, 1906 жылы Қытай, 1908 жылы Жапонияда волейбол құрамалары құрылды. 1909 жылдан бастап Пуэрто-Рикода бұқаралық ақпарат құралдырында волейбол матчынан репортаждар беріледі бастады. Мысалы, 1910 жылы Перу мен Филиппинде, 1912 жылы Уругуайда, 1914 жылы Англияда, 1917 жылы Мексика мен Францияда, 1918 жылы Италияда, 1919 жылы Чехословакияда, 1923 жылы Африка құрлығындағы Мысыр, Тунис, Марокко, ал 1924 жылы Испания мен Огославияда, 1925 жылы Голландияда Жастар Христиан Қауымдастығының бастамасымен арнайы командалар пайда болды.
1900 жылы Американың «Spalding» фирмасы алғашқы волейболдық доп жасап шығарды. Бүгінде ресми жарыстарда допты дайындауды жапондық «Mikasa» корпорациясы мен ағылшындық «Molten» «Wilson» фирмасы жауапкершілікке алып отыр. 1900 жылы ойынның алғашқы ресми 12 ережесі қарастырылған. Оның ресми регламенті 20 жылдары қолданысқа енді. Сол кезде биресми халықаралық турнирлер өтіп тұрған болатын. 1913 жылы 16 ерлер командасымен Азия ойындары өтті. Оған Қытай мен Филиппин қатысты [2].
1913 жылы Манилда Қиыр Шығыс елдерінің ойын бағдарламаларына волейбол енгізілді. І-дүниежүзілік соғысқа дейін американдық әскерилер волейболды уақытты тиімді өткізудің бір әдісі ретінде ойнаған.
1921 жылы Қиыр Шығыста өткен чемпионат Азия мен Жапонияда ерлер командалары арасында өткен алғашқы жоғары дәрежеде көрсетілді.
Ал, 1922 жылы Канада мен АҚШ-та Христиан Жастар Қауымдастығы жетекшілерінің қолдауымен волейболдан алғашқы ойын өткізілді.
Мемлекеттік волейболдың ресми туған күні болып 1923 жылдың 28 маусымы саналады, сол кезде Мәскеуде Жоғары бейнелеу мен театральды шеберханалары мен Мемлекеттік кинематография мектебінің волейболист-терінің достық матчы өтті. 1932 жылы Бүкіл - кеңестік волейбол секциясы, ал 1959 жылы КСРО волейболының федерациясы құрылған еді.
1933 жылы КСРО - да бірінші чемпионат өтті. Алғашқытөрт турнир Бүкілкеңестік волейбол тойларыдепаталды, оғанМәскеу, Ленинград, Горький, Дондағы Ростов, Свердловск, Баку, Днепропетровск, Киев, Минск, Ташкент, Тифлис, Харьковтыңкомандаларықатысты. Ал клуб командаларыарасындағы КСРО чемпионаты 1938 жылыөткізілебастады[3].
ІІ Дүниежүзіліксоғыстанкейінмемлекетте «Локомотив», «Динамо», «Спартак» (Мәскеу), «Спартак» (Ленинград) сияқтыәйелкомандалары мен «Динамо», ЦДКА (Мәскеу), ДО (Ленинград), «Спартак» (Киев) сияқты ер командаларыкөшбастаушыорындардыалды.
1924 жылы париж қаласында өткен Олимпиядалық ойындарда волейболдан көрсетілімді матчтар өтті, сол кезде АҚШ - тың Волейбол ассоциациясы волейболды Олимпияданың ресми бағдарламасына енгізуді ұсынды. Алайда волейбол олимпиядалық түр болып тек 1957 жылы Болгариядағы ХОК сессиясында қабылданды. Ал Олимпиядалық ойындар бағдарламасындағы бірінші волейбол турнирі Токиода 7 жыл өткеннен кейін ғана өткізілді. Әйелдерде жоғары олимпиядалық марапатты Жапония, КСРО, ҚХР және Кубаның командалары, ал ер адамдарда КСРО, Жапония, Польша, АҚШ, Бразилия мен Нидерландылардың құрамалары жеңіп алды.
1947 жылы Париж қаласында Бельгияның, Бразилияның, Венгрияның, Мысырдың, Италияның, Нидерландының, Польшаның, Португалияның Румынияның, АҚШ - тың, Уругвайдың, Францияның, Чехославакияның және Югославияның өкілдерінің инициативасы бойынша Волейболдың халықаралық федерациясы (ВХФ) түзілді. Волейболдың бүкілкеңестік федерациясы (кейін КСРО-ның Волейбол федерациясы) ВХФ-пен бір жыл өткеннен кейін қабылданды, ал волейболдың бүкілресейлік федерациясы 1992 жылы ВХФ-ның мүшесі болды. Қазіргі кезде ВХФ - ның құрамына 218 ұлттық федерация кіреді, және мүшелерінің саны бойынша әлемдегі ең үлкен спорттық ұйым болып табылады [4].
ВХФ келесі жарыстарды өткізеді: әлем чемпионаты (1949 жылы ер адамдар үшін, 1952 жылдан бастап әйел адамдар үшін), Әлем кубогы (1965 жылдан бастап ер адамдар үшін, 1973 жылдан бастап әйел адамдар үшін), чемпиондардың Бүкіл әлемдік кубогы (1993 жылдан бастап), Әлемдік лига (1990 жылдан бастап ер адамдар үшін), Гран при (1993 жылдан бастап әйел адамдар үшін), юниорлар арасындағы әлемдік жарыс (1977 жылдан бастап), қыз балалар мен жігіттер арасындағы әлемдік жарыс (1989 жылдан бастап). Соңғы кезде ВХФ жарыстардың кезеңдестігі келесі түрде өтеді: әр жыл сайын Гран при мен Әлемдік лига, екі жылда бір рет - юниорлар, қыз балалар мен жігіттер арасындағы әлемдік жарысы, төрт жылда бір рет - әлем чемпионаты, Әлем кубогы, чемпиондардың Бүкіл әлемдік кубогы.
Өз аймақтарындағы волейболды дамытумен Азиялық, Африкалық және Еуропалық конфедерациялары, Солтүстік, Орталық Американың және Кариб бассейннің Конфедерациялары, сонымен бірге Оңтүстік Америка конфедерациясы айналысады. Волейболдың бүкілресейлік федерациясы (ВБРФ) 1991 жылы құрылып, 1992 жылдан бастап барлық Халықаралық спорт бірлестіктерінде КСРО Федерациясының құқық қабылдаушысы болды. Қазіргі кезде ВБРФ Ресейдің чемпионаты мен кубогын, Сібір және Таяу Шығыс Кубоктарын, қыз балалар мен жігіттер арасындағы ресейлік жарысын, ардагерлердің Бүкіл ресейлік жарыстарын өткізеді. 1977 жылы турлар бойынша біріншімемлекеттік чемпионаттарын өткізген кезде ҚММА- ның волейбол командасы ойындарға қатыса бастады [5].
1980 - 1991 жылдар аралығында команда Қазақ КСР-ның он мәртебе чемпионы атағына ие болды, бірнеше рет студенттік ойындардың жеңімпазы еді, КСРО- ның Медициналық ЖОО-ра арасында бес рет чемпион болды.
1994 - 1996 жылдары қалайы жүлдегері, ал 1997- 2000 жылдардан бастап Жоғары лиганың әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегері болды.
Команданың ойыншылары: Полетавкина Марина, Грушко Ольга, Голояд Евгения - Қазақстанның Ұлттық құрамасына кіріп, Халықаралық аренада Республиканың намысын қорғады.
Қазақстандағы волейбол тарихы
Адам баласының ойлап тапқан әрбір пайдалы әрекеттерінің өміршеңдігі оның қоғам мүшелерінің ортақ қазынасына, өмірлік салтқа айналуынан көрінетін шындық. Олай болса біз әңгіме етіп отырған волейбол спорт ойыны - бар ұлт үшінортақ қазына, өйткені оны өмірге құштар жандар ойлап тауып өмір нәріне енгізген ғой.
Волейбол - біздің халқымыз арасында ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап кең жайыла бастаған ойын.
Волейбол ойынына тән ерекшелік - оның ұжымдық сипаты, ол жастар үшін тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы да десе қателеспейміз. Жеке тұлғаның жан - жақты дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жарасымды даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт. Себебі әрбір өзінің мүшелерін ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі бетбұрыс ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Волейбол спорт ойынымен айналысатын команда ұжымы - бұл спорттық іс- әрекетімен бірігіп топтасқан белгілі мақсатта бағытталған тұрақты бірлестік екендігін өмір көрсеткен шындық.
Волейболойынаушы 12 адамнан тұратын екі команда, миллионға жуық көрермендерді өз төңірегіне жинай қызықтататын керемет спорт ойыны.
Волейбол ойыны қазақ жеріне 1929 жылдан бері белгілі. Бірақ сол кездегі ойын қазіргі бізге үйреншікті воллейболдан қатты ерекшеленетін, ойыншылар әйтеуір допты бір-біріне беріп, қарсыластың алаң бөлігіне жеткізсе болды, ойын мәресіне жететін.1929 жылы қыркүйек айында республикалық дене тәрбиесінің ұйғарымы бойынша спорт ойындарынан жарыс өткізілген. Волейбол да назардан тыс қалмады.Сол уақытта Бішкек пен Алматы қалаларының арасында жолдастық кездесулер ұйымдас-тырылып, еліміздегі воллейболдың дамуы жаңа қадам басты. Мұндай кездесулер мемлекеттің қолдауымен қатарынан бірнеше рет ұйымдас-тырылған. Қалааралық кездесулердің бірінде Шымкент пен Алматының командалары жарыс алаңына шығып, өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде 15:17 және 15:6 есебімен біздің ОҚО волейболшылары жеңіске жеткен.
1933 жылдың 30 қыркүйек пен 6 қазан аралығында елімізде 2 республикалық спартакиада ұйымдастырылып, бұл жарыстың бағдар-ламасына да волейбол ойыны кірді. Бұл дүбірлі додада «СКИФ» чемпиондық тұғырдан көрінсе, алматылық «Авангард» екінші орынды қанағат тұтты. Қола медаль «Медик» командасының қоржынына салынды. 1954 жылдан бастап республикада ведомствоаралық жарыстар өткізіліп, бұл додаларда «Б» ерікті спорт қоғамының командасы үздік өнер көрсетіп, қарсыластарын тізе бүктірген. Кейін келе бұл команда «А» класстағы топқа өткен. Осы команда 1963 жылы елімізде өткен 3 спартакиадаға қатысып, Әзірбайжан, Эстония, Беларуссия құрамаларын тізе бүктірсе, Украина тобынан жеңіліс тапты. Ақтық сында құрамамыз Ленинград құрамасын 3-1 есебімен жеңсе, грузин командасы мен мәскеулік волейболшылардан жеңіліс тапты. Осы жолы командамыздың бағы жанбай, тек 5 орынды қанағат тұтты. 1969 жылы Алматының «Б» командасы еліміздің кәсіподақтарының біріншілігінде жеңімпаз атанды.Екі жылдан кейін біздің команда Еуропа кубогінде керемет ойын көрсетіп, чемпион атанды.Осы табыстардан кейін алматылық волейболшылар Кравченко мен Антропов КСРО-ның құрама командасына қабылданып, Мехикодағы олимпиада ойындарынан алтын медальмен елге оралған. Біздің әйелдер құрамасында өнер көрсеткен Смолеева алтыннан алқа таққан [9].
Тәуелсіздік алған соң, волейбол клубтары құрылып, ҚР чемпионаттары мен түрлі жарыстар ұйымдастырыла бастады. Бұған қоса, елімізде жыл сайын Президент жүлдесі үшін турнирлер өткізіліп келеді. Осы жарыстар волейболшыларымыздың шеберліктерін шыңдауға үлес қосуда.
Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдас-тырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыды. Ол спорт шебері, КСРО- ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970 - 71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 жылы Мексикада өткен 19- Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды.
Мұндай табысқа 1988 жылы Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның чемпионы атанды. Әйелволейболшылартабысы да ауызтолтырыпайтарлық. АлматыдағыҮйқұрылысы комбинаты командасы 1984-1992 жылдараралығында КСРО-ның чемпионы атанды. Ал 1985 жылыҚазақстандықволейболшықыздарИталиядаөткеневропакубогінжеңіпалды.
Волейболшылардың халықаралық одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүше.
Алматының «Азамат» атты ерлер командасы 1993 жылы клубтық командалар арасында Азия чемпионы атанды. Ал 2001 жылғы қыздар арасында Республика біріншілігі 2001 жылдың сәуір айында аяқталды. Барлық турда қарсыластарын қапы қалдырған Алматының «Рахаты» ел чемпионы атағын жеңіп алды.
Қазақстан құрамасының базалық клубы болып саналатын «Рахаттық» арулар 2001 жылғы 16-20 мамырда Вьетнам Республикасында өтетін клубтық командалар арасындағы Азия біріншілігінде ел намысын қорғады. Команданың бапкері - Қазақстандағы волейбол ойынының бұрынғы майталманы В.Шаприн. бұл командамен қатар еліміздің абройын халықаралық жарыстарда асқақтатуға атсалысар командалар да бар. Олар - Алматылық «Глотур», Ақсай қаласынан «Қарашығанақ», Астана қаласынан «Астана қанаты» атты волейбол спорт ойынының жұлдыздары.
Қазіргі Қазақстан Республикасының волейболшы қыздары кіндік Азиядағы ең азулы ойыншылар қатарында. Мемлекетіміздің намысын қорғаушылар дайындауда жетекші тұлғалар бапкерлер екендігі белгілі, бірақ сол ұлағатты ұстаздардың өздері үшін де үздіксіз іздену, үйрете отырып кемелдену бұл өмір заңы екені бәрімізге мәлім. Сондықтан да авторлар бұл әдістемелік оқу - құралын болашақ спорт мамандары мен жас бапкерлер үшін қосымша әдістемелік құрал ретінде ұсынуды ниет еткен [6].
Әдебиеттер
- Беляев А.В., Савин М.В. Волейбол. Учебник для вузов.- 4-е изд. - М.: ТВТ Дивизион, 2009.-360с.
- ТайжановС., Қасымбекова С. «Денетәрбиесі»Алматы «Атамұра»Бағдарламаларденетәрбиесі, 2002.
- «Мектептегіденешынықтыру»Республикалықғылыми- әдістемелік журналы №5, 2014.
- АйриянцА.Г.«Волейбол». Учеб. для физ. ин-ов. Изд. 2-е, доп. М.: «Физкультура и спорт», 1976-230с.
- Беляев А.В., Савин М.В. Волейбол.- М.: Физкультура, образование, наука, 2000.-368с.
- Козырева Л. «Волейбол» М.: «Физкультура и спорт», 2003,168с.
- Железняк Ю. Д. Юный волейболист. М., Физкультура и спорт, 1988.