Қамау орындарында ұстаудың нормативтік реттелуінің тарихи аспектілері

Қамауда ұсталатын айыптылар мен сезіктілердің құқықтық жағдайы бойынша қолайлы ұсынымдарын тиімді әзірлеу үшін қамауда ұсталатын айыптылар мен сезіктілердің ұсталу орнының пайда болуы бойынша заңнама генезисін зерттеу қажет. Оның үстіне бұндай қажеттілік авторлар қатарымен қолданған. Мысалыға, Е.И. Каиржанов және С.А. Исимов: «әрбір қоғамдық ғылым үшін ең сенімдісі - “негізгітарихи байланысты ұмытпау, әр сұраққа қалайша танымал құбылыстың пайда болғаны жағынан, бұл құбылыс даму жолында қандай негізгі кезеңдерден өтті, оның даму көзқарасынан ол заттың қазір не болғанын қарау керек”», - деп көрсетті [1].

Біздің ойымызша, осы жағдайдағы тарихилық әдісі айыпталушы мен сезікті тұлғасы ретіндегі мәртебесінің құқықтық табиғатын терең түсінуге мүмкіндік беріп, аталған мәселені әрі қарай қарастыруда татымды көмек көрсете алады.

Қауіпсіздігі аралас мекемелер (тергеу изоляторлары) өз маңыздылығы бойынша тергеу және соттық қызметін қамтамасыз ету функциясын жүзеге асырады. Бұл функция олардың арнайы жағдайларын шарттандырады.

Бір жағынан, процессуалдық қызмет қамтамасыз ету функциясын орындауда, олар, тергеу және сот органдарының құрылымдық бөлімшесі болған емес, болып отырған жоқ және болмайды да, екінші жағынан, сотталғандардың емес, күдіктілер мен айыпталушылардың ұсталатын орны болғандықтан тергеу изоляторлары қылмыстық- атқару жүйесіне кіреді.

Осы міндеттерге құқықтық әдебиетте келесілер жатады:

а) тергеу және сот орындарының шешімдерін орындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

б) қамаудағыларды күзетуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;

в) қамауда ұстаушылардың мінез-құлқын қадағалауды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;

г) арнайы (жеке) превенциясын ұйымдастыру және қамтамасыз ету [2].

Тергеу изоляторы мен онда ұсталушылардың құқықтық мәртебесін дұрыс бағалау үшін тарихқа, қамауда ұстау орындарының пайда болуы мен дамуына және оның құқықтық реттелуіне шолу жасаған жөн.

Ұлы Екатеринаның басшылық етуіне дейінгі кезеңге дейін тергеудегілердің ұсталу орны, тергеудегілер мен қамауда ұстау орындарының құқықтық жағдайы бас бостандығынан айыру орындары мен сотталғандардың ұсталу жағдайынан айырмашылығы болған жоқ. Сотталғандар мен тергеудегілер көбінесе бір шынжырмен байланып бірге ұсталды, сонымен қатар әйелдер мен еркектер, ересектер мен кәмелетке толмағандар бірге ұсталды.

1767 жылы ІІ Екатерина Жалпы түрме жарғысының жобасын дайындады. Ол, жеке алғанда, тергеудегілердің басқа да қамаудағылар санатынан бөлек ұсталуын, еркектер мен әйелдердің, сонымен қатар бір-біріне жағымсыз әсер ететіндердің бөлек ұсталуын қарастырды [3]. Жобада бір қамау камерасында екі-үш адамнан артық ұсталмау керектігі қарастырылды.

Аталған ережелер мен басқа да бастамалардың патшалық Ресейдің сәйкес мекемелеріне енгізілуі өте баяу жүзеге асырылды. Ресей империясы Ішкі істер министрлігінің циркулярында (1861 ж.) көптеген губернияларда сотталғандар мен айыпталушыларды жасына, жынысына және т.б. қарай бөлек ұстау туралы талаптар орындалмайтындығы жайында айтылған.

Аталған түрме жарғысы толық көлемде жүзеге асырылмады. Дегенмен, оның бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындау мен қамауда ұстау саласындағы мемлекеттік саясатқа тигізген әсерін бағалау қиын.

Тергеудегілерді қамауда ұстау саласындағы мемлекеттік саясаттың дамуы үшін 1890 жылы Санкт-Петербургте өткен Конгресс маңызды түрткі болды. Ол әлемдік тәжірибеде бірінші болып жалпы түрме режимінен ерекшелендіретін қамаудағыларды ұстау режимінің принциптерін анықтады. Ол принциптер келесідей тұжырымдалды:

  1. Қамаудағы тұтқындарды ерекше қамау орындарында ұстау немесе түрменің ерекше бөлімшелерінде ұстаған жөн.
  2. Қамаудағыларды ұстау жалғыз қамау жүйесі бойынша жалпы тәртіп түрінде ұйымдастырылған болуы қажет болды, тұтқынның өзінің қалауы немесе әкімшілік биліктің рұқсатымен жалпыға ауыстырыла алмады.
  3. Жалғыз ұстау қамауға алынған жағдайда кәмелетке толмағандарға да қолданылды, бірақ бұл шара тек өте қажет болған жағдайда ғана қолданылды, 17 жасқа толмағандар соттың шешімі шығарылғанға дейін бостандықта болғандары дұрыс деп саналды.
  4. Жалғыз қамау жасына, дене жарақаты мен жан жарақатына байланысты денсаулық жағдайына байланысты жалпы қамауға ауыстырылды.
  5. Қамаудағыларды ұстау жалпы негізде анықталуы тиіс, сонымен қатар қамау тәртіпті сақтау мен оның мақсаттарына қажет басқа шектеулерді қолданбауы тиіс.
  6. Түрме әкімшілігі қамаудағыларға тыныштық пен тәртіпті ұстау үшін қажетті шаралардан басқа тәртіптік шараларды қолданбаулары тиіс [4].

Мемлекеттік саясаттың тергеудегілерді қамауда ұстау саласындағы әрі қарай дамуы «Қамауда ұсталушылар туралы мекемелер мен жарғылар жинағында» (1890 ж.) көрініс тапты. Бұл заңнамалық актіде тұтқындалуға жататындарға арналған үйлер, полиция тұтқын үйлері, сонымен қатар түрмелер түріндегі үй-жайлар қарастырылды.

Қамауда ұстау орындарында бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандар мен тергеудегілерді бөлек ұстау туралы тәртіп болды. Қамауда ұсталушыларға өз киімдерін киюге рұқсат етілді. Егер олар үш күннен ұзақ уақытқа ұсталатын болса, онда оларға қажетінше ауыстыру үшін киім берілді. Қажет еткен жағдайда үстел берілді. Күн сайын аулада немесе бақта серуендеуге рұқсат берілді. Өз тілектері бойынша жұмыс істеді. Құқықтары мен қатар олардың міндеттері де болды. Оларға шарап ішуге, темекі шегуге, карта, шашка және басқа да көңіл көтеретін ойындарды ойнауға тыйым салынды.

Қамауда ұстау орындарының әкімшілігінің құзырына мәжбүрлеу шараларын қолдану кірді. Қашулардың алдын алу үшін еркектерге (кәмелетке толмаған балалар мен ұсталушылардың кейбір санаттарынан басқа) кісен салуға рұқсат етілді. Кісендер мен қолкісендер ауыр қылмыс жасаған айыпталушыларға заңмен жай-күйлері құқығынан айырумен байланысты жазалар қарастырылған болса және дене жарақатынан босатылмаған болса салынады. Қамауда ұстау орындарында жасалған теріс қылықтары үшін келесі жазалаулар қолданылды: 1) тамақтану нормасын нан мен суға дейін қысқарту; 2) сөйлесуге тыйым салу; 3) қамауда ұсталушы шенеуніктерге әкесінің атын қоспай тек қана атымен атау; 4) жарығы бар жалғыз ұстау бөлмесіне бір тәуліктен бір аптаға дейін қамау; 5) жарығы жоқ жалғыз ұстау бөлмесіне бір тәуліктен үш тәулікке дейін ұстау.

Ішкі тәртіп сотталғандар үшін емес, тергеудегілер үшін есептелді. Сондықтан олар кездесулер, хат алмасулар және тілек білдіруші ұсталушыларға жұмыс істеуге мүмкіндіктерін қатаң шектемеді [5].

Құқықтық әдебиеттерде кеңестік кезеңдерде алдын ала қамауда ұстау орындарының даму кезеңдері туралы түрлі көзқарастар бар. Кейбір авторлар негізгі екі кезеңді бөліп көрсетеді.

Бірінші кезең 1917 жылдан 1964 жылға дейінгі уақытты қамтиды және бас бостандығынан айыру орындарында алдын ала ұстау орындарының ашылуымен, ал қамауға алу шаралары ретінде орындау тәртібі ведомстволық нормативтік актілермен регламенттелгендігін сипаттайды.

Екінші кезең 1965 жылдан басталады. Бұл кезең КСРО ІІМ жүйесінде арнайы жеке қамауда ұстау мекемелерінің – тергеу изоляторларының құрылуымен және жазалау шарасын орындау тәртібін заңнамалық акт – Алдын ала қамауға алу туралы ережемен сипатталады.

Бұндай бөлудің жалпы ұқсастығы көп және алдын ала қамау орындарының дамуы саласындағы мемлекеттік саясаттағы және тергеудегілердің құқықтық жағдайындағы қарама-қайшылықтарды ашпайды. Сондықтан алдын ала қамау орындарының даму тарихын кеңестік билік кезінде төрт кезеңге бөлу негіздеген болады.

Бірінші кезең (1917-1924 жж.) бас бостандығынан айыру жазасын орындау орындарынның, соның ішінде тергеудегілерді ұстау орындарының түбегейлі қайта құрылуымен сипатталады.

1918 жылы «Жазалау шаралары ретіндегі бас бостандығынан айыру және осындай шараларды орындау туралы» Ереже қолданысқа енгізілді. Онда бас бостандығынан айыру орындарын еркектер мен әйелдерге бөліп ұстау, сонымен қатар тергеудегілер мен сотталушыларды жалпы қамау орындарында (түрмелерде) және қысқа мерзімді ұстау үшін ьұьқын үйлерінде ұстау қарастырылды.

Ережеге сәйкес тергеудегілер мен сотталушылар сотталғандармен бірге еңбекке тартылды. Егер сот және тергеу орындарының қаулысы бойынша сотталғандарды сөзсіз оқшаулау талап етілмесе жалпы негізде серуендер мен кездесулер жүзеге асырылды. Осы аталғандарды өз киімдерімен қалдыру мекеме бастығына байланысты болды.

Сотталғандармен бірге тергеудегілер мен айыптылар жақын туысының қайтыс болуына немесе басқа да себептер бойынша тергеу комиссиясының ұсынысымен екі аптадан көп емес мерзімге демалысқа жіберілді.

Ереже тергеудегілер мен айыпталушыларға сотталғандарға қолданылатын жазалау шараларын қодануды қарастырды, соның ішінде аз мөлшерлі паекке көшіру, қатаң режимге (кездесулерді, хат жазуды және т.б. шектеу) көшіру, карцерға 14 күндік мерзімге қамау. Ережеге сәйкес сотталғандардың, қамауға алынғандардың, айыптылардың және тергеудегілердің ұсталу шарттары, жазалау шаралары мен құқықтық мәртебесі өте ерекшеленбегендігін көруге болады.

Ұзақ әрекет еткен осы Ережені 1920 жылы қарашада Халық әділет комиссариатының қаулысымен қабылданған РСФСР жалпы қамау орындары туралы ереже ауыстырды. Бұл Ереже тергеудегілер мен жазасын өтеп жатқандарды бөлек ұстауды қарастырды. Қатаң оқшаулау талап етілген тергеудегілер жеке камераларға қамалды. Қамау орнының меңгерушісінің рұқсатымен тергеудегілерге өзінің заттарын қолдануға рұқсат берілді. Рұқсат беру кезінде қамау орнының меңгерушісі қамаудағының жеке тұлғасын, киімінің сапасы мен санын және осы киім оның қашуына әсер етпейтіндігін есепке алуы қажет.

Тергеудегілер еңбек етуге тиісті болды. Бірақ олар қамау орнындағыларға рұқсат етілетін еңбек түрлерінің ішінен таңдауға тиіс болды. Аталған құқық тергеудегілердің құқықтық жағдайын бас бостандығынан айыру жазасына кесілген сотталғандардың құқықтық жағдайынан ерекшелендірді.

Сонымен қатар бұл Ереже сотталғандардың жалпы білім алуларын, олармен дәрістер мен әңгімелер өткізуді, өздерінің күштерімен концерттер мен спектакльдер ұйымдастыруды және басқа да жалпы білім беретін ойын-сауықтарды ұйымдастыруды қарастырды. Бұл іс-шаралар тергеудегілерге де және қамауда ұсталушыларға да бірдей болды.

Екінші кезең (1924-1934 жж.) бірінші Еңбекпен түзеу кодексінің қабылдануы кезінен басталып әрі қарай режимнің ізгілендірілуімен сипатталады. Кодекстің алдында қолданыста болған актілерден айырмашылығы тергеудегілерді арнайы мекемелерде ұстауды қарастырды. Ересектер қамау үйлерінде, кәмелетке толмағандар өздеріне арналған еңбек үйлерінде ұсталулары қажет болды. Кәмелетке толмағандарды бұндай үйлерде ұстаудың мақсаты оларға кәсіби еңбек түрлерін үйрету, жалпы және кәсіби оқытуды жүзеге асыру және тәрбиелеу болды. Еңбекпен түзеу кодексі айыптылар мен тергеудегілердің еңбек түрін таңдауға құқығын сақтап қалды.

Осылайша, 20-шы жылдарда алдын ала қамау орындарының дамуы өздерінің жеке мекеме түріне айналуы, ұсталушылардың жасы мен жынысына қарай саралануы, олардың қызметтерін еңбектік-түзеу заңнамасы нормаларымен реттеу жолында болды.

20-шы жылдардың соңында сотталғандардың көп бөлігі еңбекпен түзеу колонияларында ұсталды. Осы жағдайды есепке ала отырып 1933 жылғы Еңбекпен түзеу кодексі тергеудегілерді негізгі қамау орындары ретінде тергеудегілерге арналған тергеу изоляторларын бекітті. Бұл изоляторларды сот шешімі күшіне енгенге дейін тергеудегілер ұсталды. Кодекспен аталған санатқа арналған негізгі талаптар мен режим тәртібі реттелді.

Қамауға алу саласындағы советтік билікпен қабылданған нормативтік актілердің сараптамасы үш қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Біріншіден, тергеу изоляторының, қалай аталғаныменде, құқықтық мәртебесі басқа бас бостандығынан айыру жазасына кесілген сотталғандарға арналған еңбекпен түзеу мекемелерінің құқықтық мәртебесінен ерекшеленбеді. Екіншіден, тергеудегілердің ұсталу жағдайы мен олардың құқықтық мәртебесі бас бостандығынан айрыу жазасына сотталғандардың ұсталу жағдайы мен құқықтық мәртебесінен айырмашылығы болмады. Үшіншіден, заңнамалық актілердің кейбір ілгерішіл қағидалары қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінің тәжірибесіне және сотталғандар мен қамаудағылардың арасына баяу енді. Күштеу жұмыстары үйлерінде және тұтқын үйлерінде ұсталушы бірнеше рет қылмыс жасағандар арасында, әсіресе алыстағы мекемелерде, ұрылық дәстүрлер мен әдеттер, жаңадан келгендер мен әлсіздерге дөрекі және арсыз қылықтар көрсету, татуировкалар жасау, құмар ойындар өршіді [6].

Үшінші кезең (1934-1964 жж) ретіндегі алдын ала қамау орындарының әрі қарай дамуы қамаудағы тергеудегілердің ұсталу шарттары мен тәртібінің күрт төмендеуімен сипатталады. Қамаудағылардың құқығының шектелуіне бетбұрыс алдын ала қамау орындарында ізгілендіру принциптерімен сай келмейтін режимнің бекітілуіне әкеліп соқтырды.

КСРО ОАК мен ХКК-нің 1936 жылғы 8 тамыздағы қаулысымен бас бостандығынан айрыру түрі ретінде түрмеде жаза өткеру енгізілді, осыған байланысты революцияға дейінгі түрмелер сотталғандарға толды. Сотталғандарды ұстаудан басқа бұл мекемелер бұлтартпау шаралары ретіндегі қамауда ұсталушыларды үстау міндеті және әкімшілік жаза ретінде қысқа мерзімді тұтқындау міндеті жүктелді. Бұл Қаулы алдын ала қамау орындарының құқықтық мәртебесін түбегейлі өзгертті. Олар: еңбекпен түзеу мекемелері, қамаудағы тергеудегілерді ұстау орны, әкімшілік жаза шарасы ретіндегі қысқа мерзімді тұтқындауды орындау орны ретінде үш функцияны атқарды.

Түрмелерде зорлық-зомбылықтың мемлекеттік саясатына сәйкес іс бойынша түсініктеме, сонымен қатар жалған түсініктеме алу мақсатында ұру мен азаптау тәжірибесі кең қолданылды. Түрмелерде ұсталушылардың саны ешқандай нормалар мен санитарлық талаптарға сай келмеді. Терезелері сыртынан темір қораппен жабылған камераларда қапырық пен мүңкіген иіс тұрды. Жалпы қолдану орындарына не бары тәулігіне екі рет шығарды. 1938 жылы оларды серуенге мүлдем шығармады. Сотталғандардың шағымына ешкім көңіл бөлмеді. Түрмелерде тәртіп болмады.

Төртінші кезеңнің (1964 жылдан бастап) басталуы 1964 жылғы 1 қаңтардан бастап бас бостандығынан айыру орындарының қызметін қайта құру туралы КСРО Министрлер кеңесінің шешімімен байланысты. Түрмелер базасында бұлтартпау шараларын орындаушы мекемелер – тергеу изоляторлары құрылды. Олардан бас бостандығынан айыру жазасын өтеуші сотталғандар шығарылды. Бұл қамаудағылар мен сотталғандарды бір-бірінен алшақ ұстауға мүмкіндік берді.

Тергеу изоляторларының қызметінің құқықтық негізі 1969 жылы қабылданған Алдын ала қамауға алу туралы ереже болды. Ол тергеу изоляторларын қамауда ұсталушылар ұстау үшін арналған арнайы мекеме ретіде қарастырды Осы Ережеге сәйкес қамауда ұсталушылармен қатар басқа да сотталғандар: үкімдері заңды күшіне енбеген тәртіп батальонына жіберілгендер, этаптауға жататындар, шаруашылық жұмыстары үшін қалдырылғандар, сотта ісі қарастырылып жатқандар, халық шаруашылық өндірістері мен құрылыс жұмыстарына қалдырылғандар, шартты түрде босатылғандар, арнайы психиатриялық емханаға жатқызылатындар, өлім жазасына кесілгендер ұсталды [7].

Қамауға алдын ала алу туралы ереженің оңды жақтары біріншіден, тергеу изоляторының құқықтық мәртебесін көрсетті. Екіншіден, қамаудағы ұсталушылардың құқықтық жағдайларын айқындады. Сонымен қатар аталған Ереженің қарама-қайшы жақтары да аз болмады. Біріншіден, ол қоғамдық қатынастарды толығымен реттемеді,екіншіден, сотталғандардың құқықтық мәртебесі мен ұстау шарттары халықаралық құжаттардың ұсыныстары мен шарттарына сай келмеді.

Осылайша, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қамауда ұстау орындары қызметінің құқықтық негізін дамытуға қылмыстық құқықтың классикалық мектебі және түзеу түрмелерін құруда айтарлықтай тәжірибесі бар Батыс Еуропа елдерінің пенитенциарлық жүйесі қызметінің практикасы орасан зор ықпал еткендігін айтуға болады. Бірақ елдегі әлеуметтік-саяси, экономикалық тұрақсыздық және қамауда ұстау орындарының нашар материалдық-техникалық базасы, кадрлардың кәсіптік деңгейлерінің төмендігінен қабылданған құқықтық норманың концептуалдық ережесін іске асыруға мүмкіндік бермеген.

Осылайша, қарастырылған қамауға алу орындарының құрылуы, айыптылар мен күдіктілердің құқықтық жағдайының даму эволюциясының құрылуы сұрақтарын қорытындылай келе, тарихи аспекті өте ауқымды және әртүрлі екендігін, жеке ғылыми зерттеуді талап ететіндігін айта кету қажет.

 

Әдебиет

  1. Керимов Д А. Основы философии права. М., 1992. С.32.
  2. Линенко Н.А. Административно-правовой статус следственных изоляторов (функционально-структурный аспект): Автореф. канд. юрид. наук. Киев, 1987.
  3. Андреев В.Н., Минаков Ю.А. Предварительное заключение под стражу в следственных изоляторах: практика исполнения и проблемы совершенствования. М., 1991.
  4. Люблинский П.М. Международные съезды по вопросам уголовного права. Петроград, 1915.
  5. Гернет М.Н. История царской тюрьмы. М., 1951.
  6. Холецкий А.М. Среда рецидивистов и тюремные пережитки в Допрах. Харьков, 1931.
  7. Маслихин А.В. Следственный изолятор как место предварительного заключения. Рязань, 1976.
Тег: Тергеу
Жыл: 2016
Қала: Қостанай
Категория: Құқық