Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сотталғандарды әлеуметтік ортаға бейімдеудегі құқық қорғау органдарының рөлі

Қазіргі уақытта қоғамды толғандырып отырған мәселелердің біріне қылмыстылық және онымен қарқынды түрде күрес жүргізу мәселесі аса өзекті болып табылады. Қазақстан Республикасы өзін тәуелсіз мемлекет ретінде орынықтыра отырып, аса маңызды және көлемді әлеуметтік - экономикалық, саяси-құқықтық реформаларды жүзеге асыруға міндетті. «Біз елімізді эволюциялы даму арнасына салып, іргелі институттық реформаларды табанды түрде жүргізе алды» - деп атап көрсетті Республикамыздың түңғыш Президенті Н.Назарбаев [1, 31 б.].

Жазасын өтеуден босатылған тұлғаларды әлеуметтік ортаға бейімделу мәселесі қылмыстылық пен күресудің негізгі мәселелерінің бірі болып есептеледі, ол криминология мен қылмыстық жазаны атқару қүқығының және қүқық қорғау қызметінің түйісінде белгілі орын алады. Криминологиялық түрғыдан алғанда ол рецидивтік қылмыстылықтың алдын алудың маңызды бағыттарының бірі болып саналады. «Әлеуметтік бейімдеу деп - бостандыққа шыққан адамға қоғамға қайтып оралуға, әлеуметтік пайдалы байланыстарын, қүқықтық мәртебесін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін әлеуметтік және психологиялық жіптерден тоқылған көпір» [2, 3 б.]. Сонымен бірге әңгіме жазаны атқарудың теориясы мен практикасының аса негізгі бөлігі ретіндегі қылмыстық жазаның тиімділігі туралы болып отыр.

Жүргізіліп жатқан шаралар қылмыстың жағдайына әсер туғызады. Қазіргі таңда елдегі қылмыстың саны 6 пайызға қысқарды, олардың ішінде ауыр қылмыстар да бар.

Қазастан Республикасы Бас Прокуратурасының Қүқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің ресми сайтында жарияланған мәліметтеді қарастырғанда, Шығыс Қазақстан облысында 2015 жылдың жасалған қылмыстардың 17,4%-ы бүрын сотталған адамдармен жасалған және бүл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр. Аталған облыстың аумағында қылмыстың қайталануына жол берген 1952 адамның 1827-сі еш жерде жүмыс істемейтін адамдар болған, Алматы қаласында жасалатын барлық қылмыстардың 34%-ы жүмыссыз адамдармен жасалған және есепте түрған сотталған, яғни әрбір үшіншісі қайталап қылмыс жасаған.

Рецидивтік қылмыстылықты азайту міндеті қазіргі кезде аса өткір қойылып отыр. Сондықтан әлеуметтік бейімдеудің жалпы теориясын қүруға 78 деген қажеттілік барынша айқын сезілуде. .Әңгіме жазасын өтеуден босатылғандарды әлеуметтік бейімдеудің құрылымын кешенді түрде зерттеу, олардың әлеуметтік ортамен өзара қатынасының механизмі, жазадан босатылғандардың қоғамға қарсы әрекеттерімен күресудің жаңа әдістері мен нысандары, тұлғалардың жекелеген санаттарының әлеуметтік.бейімделу үрдісінің жүзеге асырылуына тән болатын сипатты ерекшеліктер туралы болып отыр.

Мемлекеттің және оның органдарының қызметі қоғам өмірінің әрбір саласын қамтитындығы белгілі.

Мемлекеттік қызметтің қатарында заңдылық пен қүқық тәртібін қамтамасыз ету, адамның және азаматтың қүқытары мен бостандытарын қорғау, мемлекеттік және мемлекеттік емес үйымдарды, еңбек үжымдарының қүқ^іқтары мен заңды мүдделерін күзету және қылмыс пен басқа да қүқық бүзушылықтарға қарсы күрес жүргізу ең басты орынға ие болады. Сонымен бірге зерттеушілердің ойынша «қүқық қорғау өрісі қылмыстылық пен немесе қоғамдық тәртіпті бүзушылықпен күрес өрісіне қарағанда әлде қайда кең» [3, 11 б.].

Мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып, адам мен азаматтың қүқықтары мен бостандықтарын, түтастай алғандағы қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық қол сүғушылықтан қорғау болып саналатындығын тағы да атап көрсете отырып, аталған міндеттің жүзеге асырылуы негізінен алғанда, қылмыстылықпен күрес жүргізудің.және оның алдын алудың негізгі субъектісі болып табылатын қүқық қорғау органдарына жүктелетіндігін айтқан орынды.

Заңдылық пен қүқық тәртібін қорғау негізінен алғанда осындай тек міндеттерді атқару үшін қүрылған арнайы органдар айналысуы тиіс. Оларды сол кезде бастап, қүқық тәртібін қорғау органдары, (қоғамдық тәртіпті қорғау органдары деп те атау сирек кездеспейді) яғни экономикалық және әлеуметтік, өнегелік, мәдени, тарихи факторлармен, ҚР Конституциясымен, өзге де заңнамалық және қүқықтық ережелермен шартталатын мемлекет пен қоғамның, азаматтардың өмірі мен қызметі тәртібін қорғауға тиісті органдар деп атау қалыптасқан.

Қазіргі уақытта өздерінің кәсіби қызметтерінің белгілері бойынша, өздерінің анық міндеттеріне ие болатын мемлекеттік органдардың ерекше жүйесіне (қүқық қорғау органдары) кіретін органдардың қатары, бүрынғы уақыттармен салыстырғанда кең. Заң ғылымдарының докторы, профессор С. Молдабаев қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының көп жүйелік қүрылымының пайда болғандығын атап көрсеткен, оны өз кезегінде «көрсетілген органдардың өзара ықпалдастығының бүкіл жүйесін күрделендіріп жібергендігін және де мүны көрсетілген органдардың өздерінің маңыздылығы мен мәртебелілігі үшін жасырын «бәсекелестігімен», «күресімен» үштасып отырғандығын» айтады. [4, 212 б.].

Әлдеқандай мемлекеттік органдарды қүқық қорғау органдары қатарына жатқызу кезінде басшылыққа алынатын негіздерді барынша айқын анықтау үшін, қазіргі таңда барлығымен.бірдей таныла бермейтін, белгілі бір шамада 79 алғанда шартты болып табылса да, көпшілік үшін дағдылы болған «қүқық қорғау қызметі» атауына ие болған қызметтің басты белгілерін анықтаудың маңызы зор.

Берілген термин және ол арқылы білдірілетін түсінік салыстырмалы түрде көрсеткенде жаңа болып табылады. «Қүқық қорғау қызметі» үғымының белгілі бір дәрежеде орнықпай, аталған терминге байланысты пікірталастардың өсуі, әртүрлі көзқарастардың білдірілуін осымен түсіндіру керек болар. Сонымен бірге, қандай органдарды қүқық қорғау органдары ретінде санау керек? - деген мәселеге де қатысты әртүрлі пікірлер айтылып келеді.

Себебі қазіргі уақыттағы әрекет етуші заңнамада айтылған мәселеге қатысты айқын бекітулер көрсетілмеген. Мәселен, ҚР Конституциясыны 23- бабыны 2-бөлімінде ... үлттық қауіпсіздік органдарының, қүқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қайсы бір саяси партияны қолдап сөйлемеуі тиіс деп бекітілген. Берілген норманың мазмүнын қарастырсақ үлттық қауіпсіздік және сот органдарының қүқық қорғау органдарының жүйесіне кіргізілмейтіндігін айқындауға болады.

Егер адамның және азаматтың бүзылған қүқықтарын қалпына келтіру немесе дау туғызушы қүқықтарын анықтау мәселесін негізінен шешу, сот арқылы жүзеге асырылатындығын ескеретін болсақ, онда сот органдарын қүқық қорғау органдарының жүйесіне кірістірмеу түсініксіз әсер қалдырады.

«Қүқық қорғау қызметі» терминінің және ол арқылы білдірілетін түсініктің салыстырмалы түрде қарастырғанда жаңа болып табылатындығына байланысты бірқатар мәселелер туындайды.

Қазіргі бар доктриналды түжырымдарға сәйкес мемлекеттік қызметтің айтылған түрі (қүқық қорғау қызметі) бірқатар негізгі белгілерге ие болады. Төменде біз арнайы тоқталған маңызды белгілер, қүқық қорғау қызметінің өзіндік ерекшеліктерін айқындап, мемлекеттік қызметтің аталған түрін басқаларынан мазмүндық жағынан ажыратуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Олардың бірі, көрсетілген қызметтің кез келген тәсілмен емес, ықпал етудің заңи шараларын қолданудың көмегімен ғана жүзеге асырылатындығымен өзінің көрінісін табады. Көрсетілгендердің қатарына заң арқылы реттелетін мемлекеттік мәжбүрлеу және жауапқа тарту шараларын жатқызу қабылданған. Мәселен, қылмыс жасалса, онда жаза тағайындалуы немесе ықпал етудің өзге шарасы тағайындалуы мүмкін.

Заңи ықпал ету шараларының қатарында тек заңмен белгіленген тәртіптерде ғана жол берілетін қүқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу, олардан сақтандыру шараларына маңызды орын беріледі.

Қүқық қорғау қызметінің.екінші маңызды белгісі ретінде, аталған қызметті жүзеге асыру барысында қолданылатын ықпал етудің заңи шарларының заң ережелеріне қатаң сәйкестікте болуы аңғарылады. Тек қана заң ықпал етудің нақты шарасын қолданудың негізі бола алады және оның мазмүнын барынша айқын анықтайды.

Үшіншіден, құқық қорғау қызметі үшін оның заңмен белгіленген тәртіпте, белгілі бір үрдістерді сақтай отырып жүзеге асырылатындығы сипатты болады. Құқық қорғау қызметінің жүзеге асырылуының ең бастысы арнайы өкілеттіктерге ие болатын мемлекеттік органдармен жүзеге асырылуын, аталған қызметтің маңызды белгілерінің бірі ретінде бағалауға болады.

Жоғарыда аталғандарды негізге ала отырып, қүқық қорғау қызметі ретінде нені қарастыруға болатындығын анықтауға мүмкіндік пайда болады. Қүқықты қорғау мақсатында арнайы өкілетті органдармен ықпал етудің заңи шараларын заңға қатаң сәйкестікте және онымен бекітілген тәртіпті бүлжытпай сақтай отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік қызмет түрін қүқық қорғау қызметі деп санау керек.

Өзінің мазмүны сәйкес қүқық қорғау қызметі.біртекті болып табылмайды. Жүзеге асырылатын әлеуметтік функциялардың салыстырмалы түрде алғанда әртүрлі болып табылуы, олардың мазмүнының мемлекеттік қызметтің берілген түрінің маңызды бағыттарымен айқындалуынан біз оның көп жоспарлы бағытын айқын аңғарамыз.

Мемлекет пен қүқықтың жалпы теориясына сәйкес мемлекет механизмі аталған механизмнің жалпы қүрылымындағы өзінің сипаты және қүзыретінің көлемі, қызмет атқаруының нысандары мен тәсілдері бойынша ерекшеліктерге ие болатын органдардың күрделі жүйесі ретінде қарастырылады. Берілген жүйеде ерекше орын, оның қүрамдас бөлігі болып табылатын, заңмен бекітілген үәкілетке ие және аталған қүзіретті шеңберінде мемлекет атынан әрекет етуге.қүқығы ішкі істер органдарына беріледі.

Қылмыстық жүріс-түрыс бірнеше қүқықтық пәндер арқылы зерттеледі, олардың ішінде қазіргі уақытта криминология және қүқық социологиясы үлкен маңызға ие болып отыр. Бүл түсінікті де, өйткені қылмыстылықпен күресті ғылыми түрғыдан үйымдастыру тек қылмыстылықтың әлеуметтік қүбылыс ретіндегі мәнісін терең ашу, оның себептерін талдау, сонымен бірге қылмыстылықтың алдын алу шараларын жасақтау негізінде ғана мүмкін болады дейді В.Н. Кудрявцев [5, 3 б.].

Жоғарыда аталған міндеттерді пайдалы түрде.шешуге ықпалын тигізетін шаралар жүйесінде маңызды рөл біздің ойымызша, қылмыстық, соның ішінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп шыққан түлғалардың бостандықтағы өмір жағдайларына бейімдеу мәселесіне берілуі тиіс. Статистикалық мәліметтерді қарастырғанда, әрбір бесінші қылмыс бүрын сотталған адамдармен жасалады және де рецидивистердің үштен бірі бостандыққа шыққаннан кейін бір жылдың ішінде жаңа қылмыстар жасайды [6,3 б.].

Қылмыстық жазасын өтеп шыққан түлғалардың бостандықтағы өмір жағдайларына бейімделуі криминологияның, қүқық қорғау қызметін үйымдастырудың маңызды себептерінің бірі болып табылады, себебі түлғалардың аталған санатының тарапынан жасалуы мүмкін жаңа қылмыстардан сақтандыру қылмыстылықпен күресті негізгі бағыттарының және де рецидив мәселесінің орталық буындарының бірі болып табылады.

Өкінішке орай, аталған тұлғаларды бостандықтағы өмір жағдайларына әлеуметтік түрғыдан алғандағы бейімдеу мәселелеріне, оның әлеуметтік- психологиялық, педагогикалық, криминологиялық және қүқытық жақтарына сондай-ақ аталған үрдісті үйымдастырып, басқарудағы құқық қорғау органдарының рөліне, олардың осы саладағы қызметінің қүқытық негіздеріне әлі де болса жеткілікті мөлшерде назар аударылмай отырған сияқты.

Сонымен бірге, адамның жаңа ортаға әлеуметтік түрғыдан бейімделу процессі барынша күрделі және қарама-қайшылықты болып табылады, себебі бүл түлғаның әлеуметтік рөлдерінің, өзін қоршаған әлеуметтік ортадағы мәртебесінің үлкен өзгерістерге үшырауына тікелей себепші болады сол себептен адамның өмірлік үстанымдар, тәлімдер мен дағдылар, әлеуметтік- өнегелік бағдарлар жүйесін қайта қүруы қажеттілігінің алғышарттары пайда болады.

Жазадан босатылғандарды бейімдеу - өте үзақ процесс. Ол сотталған адамдарды бостандықтағы өмір жағдайларына дайындаудың өнегелік, психологиялық және практикалық мәселелерінің, жазаны өтегеннен кейінгі олардың жаңа әлеуметтік рөлдерді меңгеруінің, қоғамдық түрғыдан пайдалы болып табылатын байланыстарын қалпына келтірудің, бейімделу үрдісінің мемлекеттік және қоғамдық үйымдар тарапынан белсенді түрде басқарылуының, бостандыққа шыққан адамдардың пайдалы қызметке қайтып келуіне кедергі келтіретін жағымсыз факторларды жоюдын кешенін қамтиды.

Бас бостандығынан айыруға салыстырмалы түрде қарастырғанда, қоғам үшін барынша қауіпті, әлеуметтік-өнегелік түрғыдан алғанда бетімен кеткен, түзелуі, тәрбиеленуі және пайдалы қызметке қайтып келуі барынша үлкен қиындытарды туындататын қылмыскерлердің тартылатындығы, зерттеу жүмыстарының осы бағытта жүргізілуіне себепкер болып отыр.

Сонымен қатар, қоғамнан.алшақтау әсіресе үзақ мерзімдерге, өз кезегінде пайдалы әлеуметтік байланыстардың әлсіреуіне, ал кей жағдайда тіпті үзіліп қалуына, сотталғандардың әлеуметтік рөлдерінің біршама шектелуіне, бас бостандығы өзіндегі азаматтардың күнделікті өмірдегі тап болатын көптеген түрмыстық және еңбектегі практикалық мәселелерді шешудегі өзіндік дербестігінен айырылуын туындатады.

Жоғарыда аталған жағдайлар, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бейімделу мүмкіндіктерін қиындатады, олардың жазасын өтегеннен кейінгі, әсіресе, олар өмірдің жағымсыз жағдайларына тап болған кезде жаңа әлеуметтік ортаға бейімделу процесін үлкен қиындықтарға соқтығады.

Осыған байланысты, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп бостандыққа шыққан түлғаларға қатысты белгілі бір әлеуметтендіруді жүзеге асыру міндеті пайда болады, ол өзіне қоғамнан оқшаулаудың әлеуметтік- психологиялық жағдайларын жоюды, қоғамдық түрғыдан алғандағы пайдалы қатынастарын қалпына келтіруді, қоғамдық пікір тарапынан қуатталатын қатынастар өрісіне тартуды кірістіруі тиіс, себебі осындай байланыстардың жоғалуы әдетте қылмыс рецидивінің негізгі себепшісі болады. Сонымен 82 бірге, «қоғамның тарихи нысандарының дамуына байланысты әлеуметтік бейімделудің, яғни түлғаның берілген қоғамда үстемдік қүратын нормалар, әлеуметтік және моральдық қүндылықтар жүйесіне кірігу тәсілдері де өзгереді» [7, 98 б.].

Бір қарасақ, қылмыстық жазасын өтегендердің әлеуметтік бейімдеу мәселесі құқық қорғау органдарының атап айтқанда, қылмыстық жазаларды атқару жүйесі және ішкі істер органдарының функционалдық міндеттерінің қатарына кірмейтін сияқты болып көрінгенімен біздің оймызша, ол тіптен де олай емес.

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарының мақсаттары мен міндеттері ретінде әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да, басқа адамдардың да жаңадан қылмыстар жасауының алдын алу осындай мақсаттарға сәйкес жазаларды өтеудің тәртібі мен жағдайларын реттеу, сотталғандарды түзеу қүралдарын анықтау, олардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғау, әлеуметтік бейімделуге көмек көрсету бекітілген. Осылай болса, қылмыстық жазасын өтеп шықандардың әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсету қылмыстық жазаларды атқару жүйесі органдарының міндеттерінің бірі болып табылады.

Қылмыстылықтың алдын алуды, соның ішінде қылмыстың қайталануынан сақтандыруды ішкі істер органдарының заңына сәйкес жүктелген негізгі міндеттері ретінде санай отырып, аталған міндетті орындау көптеген нысандар мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылатындығын атап өтуге болады.

Қылмыстық жазасын өтеп шыққан адамдардың жағымды әлеуметтік ортаға бейімделуінің барынша тез және табысты түрде жүзеге асырылуының, аталған адамдар тарапынан.жасалуы мүмкін қылмыстардың алдын алудағы аса маңызды жайт екендігін ескеретін болсақ, берілген үрдісті басқару барысында және бұрын сотталған адамдарға.қойылатын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру арқылы ішкі істер органдары аталған өрісте негізгі маңызға ие болады.

Қылмыстық жазасын өтеп шыққандарға қатысты жүргізілетін жұмыстарды реттейтін негізгі актілердің қатарында Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 11 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік қадағалауда тұрған тұлғалардың есебін жүргізудің Ережесін, 2007 жылдың 21 тамызында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің № 340 «Жазасын мерзімінен бұрын-шартты өтеуден босатылған адамдардың мінез қүлқын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» бұйрығын атауға болады.

Алайда қазіргі уақыттағы жағдайға қарағанда.қылмыстық жазасын өтеуден босатылғандарды еңбекке орналастыру мәселесінің үйымдастырылған түрде жоспарланып, жүзеге асырылуы, жүмысқа орналасуға жолдама берілгендердің бірыңғай есебін жүргізу жолға қойылмаған. Аталған міндеттерді жүзеге асыруға міндетті болып табылатын тиісті органдардың нақты жүйесі анықталмаған.

Қылмыстық жазасын өтеуден босатылғандардың бостандықтағы өмір жағдайларына барынша қиындықсыз бейімделуін жетілдірудің негізгі шараларының бірі болып, біздің ойымызша аталған мәселемен айналысуға тиісті болып табылатын мемлекеттік органдар жүйесін тәртіпке келтіру, олардың әрқайсысының құзыреттерін және олардың өзара әрекеттестігінің тәртібін айқындау болып табылады.

Зерттеу әдебиеттерінде осыған дейін де жазасын өтеп шыққандардың әлеуметтік бейімделуінің үрдісін бақылау мен басқаруды жүзеге асыратын біріңғай органды құру мәселесі талқыланған болатын. Біздің ойымызша, еңбекке орналастыру және әлеуметтік бейімдеу үрдісімен байланысты өзге де мәселелерді шешумен тікелей айналысатын арнайы органның керек болуына ешқандай әсер туғызбайды.

Қорытындылай келе қылмыстық жазаны өтеуден босатылғандардың жағымды әлеуметтік ортаға бейімделуінің табысты түрде жүзеге асуы, рецидивтік қылмыстылықтың алдын алуда ерекше маңызға ие болатындығын ескере отырып, біз ішкі істер органдарының құрамында қылмыстық жазаны өтеуден босатылғандармен жұмыс жүргізу негізгі функционалдық міндеті болып табылатын арнайы бөлімнің ұйымдастырылуы қажет деп есептейміз.

 

Әдебиет

  1. Назарбаев Н. Қазастан жолы. – Астана, 2007. – 372 б.
  2. Трубников В.М. Социальная адаптация освобожденных от отбывания наказания. – Харьков.: Изд-во «Основа» приХГУ, 1990. – 173 с.
  3. Гуценко К.Ф., Ковалев М.А. Правоохранительные органы. Учебник для юридических вузов и факультетов. 3-е издание, переработанное и дополненное. М.: Зерцало, 1990. – 368 с.
  4. МолдабаевС.С.Некоторые проблемы взаимодействия таможенной службы c другими правоохранительными органами в предупреждении преступности // ВестникУниверситетаим. Д.А. Конаева. 2007. – № 4. – С. 212-216.
  5. Кудрявцев В.Н. Предисловие к книге А.М. Яковлева Преступность и социальнаяпсихология. – М.: «Юридическаялитература», 1971. – 248 с.
  6. Михлин А.С., Потемкина А.Т. Освобожденные от наказания: права, обязанности, трудовое и бытовое устройство: учебноепособие. Хабаровск: Высшая школа МВД СССР , 1989. – 96 с.
  7. ЯковлевА.М. Преступность и социальная психология.М.: «Юридическая литература», 1971. – 248 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.