Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуымыз - еліміздің жеңісімен қатар үлкен жауапкершілігі

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке қабылданды. Осыған дейін бұл Ұйымның қатарында 161 ел бар еді. Енді, міне, 162-ші ел болып біз қосылып отырмыз. Мұның өзі - сыртқа ұсынатын тауарлары көп, әрі жаңа технологияларды отандық өндіріске енгізуге барынша мүдделі болып отырған Қазақстан үшін ұлы дүбірлі оқиға.

27 шілдеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведо республиканың ДСҰ-ға мүше болуы жөніндегі хаттамаларға қол қойды. Осылайша Қазақстан ДСҰ құрамына ресми түрде кірді[1].

Еске сала кетейік, Ұйымға кірудің шарттары туралы келіссөздер 19 жылдан астам уақытқа созылды. Қазақстанның Дүинежүзілік ұйымына кіру процесі 1996 жылғы 26 қаңтарда ДСҰ Хатшылығына Қазақстанның ДСҰ-на кіру туралы ресми өтінішін беруден басталды.

1996 жылғы ақпан айында Қазақстанға ДСҰ бақылаушы-ел мәртебесі берілген. Осымен бірге Қазақстанның ДСҰ-на кіру бойынша Жұмыс тобы құрылған, қазіргі уақытта ДСҰ оның құрамына 40 мүше- елдері кіреді. ДСҰ кіруде республиканың шарттары мен міндеттемелерін талқылауға тілек білдірген Қазақстанның барлық негізгі сауда серіктестіктері Жұмыс тобына кірді. Жұмыс тобының Төрағасы БҰҰ Финляндия және Женевадағы басқа халықаралық ұйымдардағы елшісі Веса Химанен болып табылады.

Кедендік-тарифтік саясатын жетілдіру, Қазақстанның ДСҰ-на кіру, сонымен қатар екі жақты және көп жақты сауда келіссөздері барысында жасалатын оның жеке келісімдеріне шарттары мен кезеңдерін енгізе отырып, эконномикалық саясаттың нақты мәселелері бойынша келісілгенкеліссөз ұстанымын әзірлеу мақсатында республикада, кейін Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссиясына өзгертілген.

1996 жылдан бастап 2003 жылға дейін кезеңі бойынша ДСҰ Хатшылығына ДСҰ кіру шарттарына сәйкес ақпараттық материалдар мен міндетті құжаттардың үлкен көлемі жіберілген.

2003 жылы Қазақстан ДСҰ кіру процесінің ақпараттық кезеңін аяқтады және Жұмыс тобының мүше-елдерімен ДСҰ мүшелігінің шарттарын анықтау бойынша келіссөз процесінің белсенді кезеңіне кірді.

Осымен бірге, Қазақстанның ДСҰ кіру процесінің маңызды сәті Қазақстанның ДСҰ-на кіру бойынша Жұмыс тобының Баяндамасы жобасын әзірлеу кейін қарастыру болып табылады. Жұмыс тобының Баяндамасы жобасы Қазақстан барлық келіссөздердің нәтижелері бойынша құқықтары мен міндеттемелерін көрсететін негізгі құжаты болып табылады. ЖТБ жобасы саудалық-экономикалық режімін сипаттайтын және ДСҰ мүшелік шеңберінде елдің міндеттемелерін бекітетін негізгі құжаты болып табылады. Көрсетілген Жұмыс тобына ДСҰ барлық мүдделі мүшелері кіреді.

2015 жылы 22 маусымда Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі туралы келіссөздердің аяқталғаны жарияланды және осы жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке қабылданды [2].

Дүниежүзілік Сауда Ұйымы - елдер арасындағы сауданың тәртібін белгілейтін халықаралық ұйым. Оның қызметінің негізі халықаралық саудаға қатысушы елдердің басым көпшілігі келіскен және қол қойған БСҰ келісімінен бастау алады. Негізінен бұл мемлекеттер өздеріне соның шеңберінде халықаралық стандарттар шеңберінде келісілген міндеттемелер алып сауда саясатын жүргізетін халықаралық шарттар.

ДСҰ басты міндеті — іркіліссіз халықаралық сауда-саттықа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі.

Қазақстан Үкіметі ДСҰ-ға кіру — елдің сыртқы экономикалық саясатындағы басымды бағыттардың бірі деп біледі. Соңғы жылдары дамыған елдер арасында өндіріс және маркетинг саласындағы бәсеке арта түсті. Әлемдік нарықтан әркім өзінше орын табуға тырысуда. Сол үшін көптеген мемлекеттер өз аймақтарында ұйымдарға бірігіп, ортақ мүдделерге жетуге күш жұмылдыруда. Осы тұрғыдан келгенде, Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) әрбір мемлекеттің еркін сауда жасауына орасан зор мүмкіндіктер береді

Бүкіл дүниежүзілік Сауда Ұйымы барлық елдердің алдынан әлемдік нарыққа неғұрлым кеңінен қол жеткізудің мүмкіндіктерін ашады. Бүгінгі күні БСҰ 150 елді біріктіріп отыр. БСҰ-ның келісімдерімен және басқа заңдық құжаттарымен тауарлардың және қызмет көрсетулердің бүкіл әлемдік саудадағы 97 процентке жуығы реттеледі [3].

ДСҰ белгілеген “ойын ережелері”, кейбіреулерін қоспағанда, сыртқы сауда қызметінің барлық аспектілерінде саудадағы кемсітушілікті іс жүзінде жояды. ДСҰ-ға қосылудың халықаралық сауданы ырықтандырудан және оның шарттық-құқықтық базасын нығайтудан кез келген елдің пайда табатынымен ғана байланысты емес екенін, оның белгілі бір шегіністер жасауды талап ететін қосымша міндеттемелер жүктейтінін де түсіну қажет.

ДСҰ мүшесі бола отырып біздің еліміз сыртқы нарықтағы кемсітушіліктен өз экономикасының мүдделерін қорғай алады. Қазақстанды ДСҰ -мен келісімдерге сәйкес белгілі бір міндеттемелер қабылдап, оларды өмірге енгізу күтіп тұр. Бұл ретте біз ішкі нарық пен отандық өндірісті қорғауды ұмытпауға тиіспіз.

Бүгінде сауда-саттығымыздың 90 проценті Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерге тиесілі. Қазақстан шетелдік инвесторлар мен серіктестер үшін бұрынғыдан да тартымды бола түседі. Жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндіктер туады", - делінген Мемлекет басшысының үндеуінде [4].

Енді, маңызды артықшылықтарға келер болсақ, Біріншіден, Мемлекет басшысы айтқандай, біз сауда-саттық жасайтын елдердің 90 пайызы осы ұйымға кірген. Сондықтан да қандай да бір мәселе болған кезде біздің компаниялар халықаралық механизмдер мен сауда мәселелерін шешу жөніндегі институттарға мүмкіндік алады. Екіншіден, ДСҰ - Қазақстанға сауда-саттықтың жалпы және заманауи талаптарын сақтауға көмектесетін халықаралық қауымдастық. Қандайда бір түсініспеушілік туындаған кезде оны ДСҰ ережелеріне сәйкес шешуге болады. Осылайша, біздің ДСҰ-на мүше болуымыз шетелдік инвестицияларды тартуға бастама болад

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу біздің экономикамызды жаңа көкжиектерге бастайды. Кәсіпорындарымыздың шетел нарықтарына шығуын қамтамасыз етеді. Ал тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердің кең ауқымына таңдау жасауға жол ашады.

Осы жылдары біздің үкімет және сарапшыларымыз елімізге тиімді шарттарға қол жеткізу үшін талмай еңбек етті. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарын ұштастыра алдық. Бұл ретте ұлттық мүдделерімізді де қорғай білдік.

ДСҰ-ға мүше болу – күллі Қазақстанның жеңісі. Бұл – еліміздің жаһандық экономиканың бөлінбес бөлшегі ретінде мойындалуының айғағы. Ұйым мүшелігіне Бес халықтық реформаны іске асыруға кіріскен кезеңде қадам басуымыздың символдық мәні бар.

Алдымызда әлі де ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Бәсеке күшейеді. Оған дайын болуымыз керек. Себебі, шетелден келетін тауарларға біз шекарамызды ашамыз, тауар Қазақстанға көптеп келетін болады. Сапасы жоғары болса, бағасы төмендеу болса, ол тауарларды халық тұтынып, біздің тауар өндіретін кәсіпорындар жұмысының тоқтап қалу қаупі бар.

Барлық бизнесмендерге менің талайдан бері айтып келе жатқаным сондықтан: бәсекеге сай болу керек

 

Әдебиет

  1. Қазақстан ДСҰ ға ресми түрде мүше болды. ТенгриНьюз. http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstan-dsu-ga-resmi-turde-mushe- boldyi-263752/.
  2. Келіссөздердің негізгі кезеңдері. http://trade.gov.kz/ru.
  3. Н.Назарбаев: “Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу - күллі Қазақстанның жеңісі!”, http://www.qazaquni.kz/?p=37358.
  4. Н.Назарбаев үндеуінен. Қазақстан Республикасының ресми сайты http://xn--80aal3bk85c.xn--80ao21a/kz.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.