Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Балалардың музыкалық қабілетін дамыту жолдары

Біздің қоғамымыздың жас мүшесінің нағыз адамзаттық дәйекті көзқарасының қалыптасуы тек білімге ғана негізделмейді, оған қоса өзінің сезім түйсігінен, ар-ожданының елегінен өткен, ақыл-ой қызметі қажет. Ол жерде өнердің алатын орны ерекше. Демек, біз өнер бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың, өнер әлеміндегі ірі-ірі тұлғалардың ғасырлар бойы жинаған бай тәжірибесінің арнасын одан әрі кеңейтіп дамытуымыз керек. Яғни, дүниежүзілік ғылыми қауымның ескі мәдени мұралары мен дәстүрлері жоғалмай тұрып, оны сақтап қалу және оны одан әрі дамыту мәселесін алға қою өте орынды.

Әлдилеген әнінен күмбірлеген күйіне дейін тұнып тұрған ұлттық сана-сезім бояуы сіңген өнер құдіретіне ештеңе тең келмес. Халқымыздың тыныс-тіршілігі, болмысы баяндалып, ұлтымыздың өткені мен келешегі бейнеленетін өңі тозбас өнеріміздің өрісі кеңи беретініне еш күмән жоқ. Араға біраз жылдар салып, қазақ домбырасының абыройын, рухани өрісін, ұлттық болмыстың ажырамас бөлігі екендігін ерекше түйсініп-түсіне қабылдап, мәртебесін қайтадан биіктеттік. [1]

Баршамызға мәлім, бала дүние есінін ашқаннан бастап, анасының әлдиіне бөленеді. Мұның өзі, бала бойындағы алғашқы музыкалық қабілеттің қалыптасуына өз әсерін тигізеді. «Туғанда дүние есігін ашады өлең», - деп данышпан Абай жазып кеткендей, бала шыр етіп жерге түскеннен бастап өмір бойы ән ырғағына бөленіп жүреді. Нәрестенің дүниеге келуімен байланысты ырымдар: «Шілдехана», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару», - бәрі де ән, өлеңсіз өтпейді. Бесік жыры барлық халықтарда бар. Оның түп тамыры тереңнен бастау алып, алғашқы қауымдық дәуірмен ұласады. Әуел баста ыңылдаған әуен ырғағында келетін бұл әннің алдымен музыкалық сазы пайда болған да, кейінірек мәтіндер қосылып, бас-аяғы бар шығармаға айналады. Әуендік- интонациялық құрылымы, ырғақтық-өлшемдік жағынан бесіктің тербелісіне сай бірқалыпты сарында үнделеді.[2] Құлаққа жағымды әуен мен мағыналы сөздері бар бұл әндердің балаларға берер тәрбиелік мәні зор.

Ұрпақ тәрбиесін дүниежүзілік құндылықтар негізінде жетілдіру, қазіргі педагогика ғылымының алдында тұрған ауқымды істердің бірі. Әрбір жас ұрпақтың жеке тұлғалық сапалары жан-жақты дамыту жаңа мектептің басты мақсаты болып табылады. Қазіргі мектептерімізде жеке оқушы рухани құндылықтарға,көркем шығармашылық әрекеттерге тарту басым бағыт алуда.

Адамның, сонымен қатар мектеп жасындағы оқушылардың музыкалық тәрбиесінің тиімділігін арттырудың қажетті алғы шарттары - олардың музыкалық дамуларының есебі мен білімі болып табылады.Музыкалық қабілеттерінің әрі қарай дамуын анықтауды және бақылауды оқушылардың музыкалық дамуын жан-жақты зерттеуінің тұрақты және нақтылы жасалған әдістемесі негізінде біртіндеп жүргізуге болады.

Жалпы білім беретін мектепте музыкалық тәрбиенің оның теориялық негізі мен практикалық нұсқауларын тереңірек жүзеге асырудың фундамен-тальдық принциптері мен жолдарын атақты зерттеушілер Б.В. Асафьев, В.Н. Щацкая, Д.Б.Кабалевский т.б. қарастырды.

Кабалевский балаларды және жас өспірімдерді үлкен және салмақты музыка әлеміне жетелеу, музыка әсер ету арқылы олардың жеке басының тұлғасын қалыптастырды. Кабалевскийдің музыкалық шығармаларының дені – қазіргі әлеуметтік тақырыптарға, балалар мен жастар образын жасауға арналған.

Баланың күнделікті өмірі музыкаға толы. Радио, телевизор, магнитофон немесе музыка аспаптарының ең болмағанда бір түрі кез келген үйден кездеседі. Бұл қуанарлық жағдай. Өйткені, мұның өзі мәдениетіміздің өскенін, музыкамен айналысуға әркімнің де мүмкіндігі барын, талап-талғамының артқанын дәлелдейді.Музыка біздің өміріміздегі көңіл серігіміз. Ол адамды шаттыққа бөлеп, жігерлендіреді, талаптандырады, қанағатты ойға сілтейді.

Мектеп маңы жүзі жарқын жайдары жасөспірімдер мен бүлдіршіндер. Қазіргі мектепте тәрбиеленіп жүрген жасөспірім балаларды адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу мәселесі бүкіл халықтық іс болыпотырғаны баршаға мәлім. Соның күрделі саласының бірі – оқушыларға музыкалы-эстетикалық білім саласында едәуір білім алуға міндетті. Эстетикалық қабылдау қасиеті сәбидің жас кезінен-ақ пайда болады.

Қазіргі кезде, біздің ойымызша ән сабағы мұғалімдерінің, музыкалық топтардың, үйірме жетекшілерінің нақты қолданып, жан-жақты байқаудан өткізетіндей балалардың музыкалық әндету ерекшеліктерін зерттейтін анық дәлелденген, бейімді, арнайы әдістемелер жоқтың қасы. Көп мұғалімдер музыкалық қабілеттілікті тексерудің жәй әдістерін қолданады (музыкалық есту қабілетін, есте сақтау, ырғақ, дауыс сияқты). Музыкалық қабілеттілікті зерттеудің мұдай формасы әр баланың жеке өзіндік қасиетін тереңұғындырмайтын сияқты. Іс жүзінде мынадай да жағдайлар кездеседі. Кейбірдарынды балалар музыкалық тексеру кезінде сәтсіз жағдайларға тура келуі мүмкін. Мысалы, көпшіліктен ұялуы немесе тамағының ауырып қалуы жәнет.б.Ал келесі сабақта ол оқушы өзін жақсы жағынан ашып көрсете алуы мүмкін. Яғни, музыкалық қабілет бір ғана сабақтың нәтижесінде байқалуы мүмкін емес.

Мектеп оқушыларының ауылда, қалада болсын, үлкендерге арналған кештерге, киноға, театрға баруы жиі кездеседі. Бұл жерде балаларды ғана кінәлап қою аз. Біздің балаларға арналған шараларға жете мән бермейміз.

Музыка сабағының және мектеп жанындағы түрлі көркемөнер үйірмелерінің алда тұрған міндеттері орасан зор. Республикамыздың көптеген бастауыш, тоғыз жылдық және орта мектептерінде музыка көркемөнер жұмыстары бір жүйеге келтірілген. Әйтседе, кейбір мектептерде музыка сабағының орнына басқа сабақты өткізе салу әдетке айналған.

Жалпы, мектеп мұғалімдерінің музыка, ән сабағын нәтижелі өткізуге көмектесетін бірден-бір методикалық құрал - грампластинка болып саналады. Музыка сабағын өткізгенімен мұғалімдердің бәрі бірдей музыкалы аспаптарда нақышын келтіріп жақсы ойнай алмайды немесе әнді жөндеп айта бермейді.

Мектеп балаларының көркемөнер үйірмелеріне қатысып әрдайым оқушылардың алдына шығып өздерінің өнерін көрсеткені өте пайдалы. Оқушылардың сахнаға шығып өнер көрсетуі балаларды батылдыққа, жинақылыққа бейімдеп, ойларын, өнерлерін ұштай түседі, бойындағы дарынын ашуға көмектеседі. Музыка сабағының үстінде үйренген әндерді, музыкалық шығармаларды сабақтан тыс уақыттағы тақырыптық кештерде орындатып отырса балаларды қызықтыра түседі. Мұндай музыкалық кештерді әр тоқсан сайын бірнеше сынып балаларының басын қосып өткізуді дәстүрге айналдырған дұрыс. Әр түрлі музыкалық қабілетін шыңдап, білімін тереңдетіп, оларды әсемдікті сезінуге, мәдениеттілікке тәрбиелейді.

Мектеп балаларын ұйымдасқан түрде концерттерге, театрға апару олардың өнерге деген құмарлығын арттырады. Бұнымен қоса белгілі әнші-бишілермен, композиторлармен кездесулер ұйымдастырып тұрудың немесе олар туралы қызықты әнгімелер өткізудің де мәні зор.

Үйірмеге қатысушы балалардың музыкалық дарынынан басқа ықыласы мен ынтасы болуы керек. Үйірмелердің ішінде қазіргі кең бағыттағы мектептерде ең кең таралған және сүйікті - хор.

Мектептегі музыка сабақтарының негізгі мақсаты балалардың музы-калық қабілеттерін, музыкалық ой-өрістерін, музыкаға деген сүйіспе- шіліктерін тәрбиелеу, ән айту дағдыларын үйрету деп есептейміз. Дегенмен, сыныпта топ болып ән айтудың ең басты мақсаты - ән өнерін жоғары орындаушылық деңгейге жеткізе орындап, тыңдаушысына жеткізе білу. Сондықтан ән сабақтары бірін - бірі қайталамай, жоғары талаптарға сай жүргізілуі тиіс.

Ән айту оқушыларға орындаушылық топтарға белсенді қатысып, өзінің музыкалық қабілеттіліктерін ашуға мүмкіндік алады.

Ән айту жалғасып келе жатқан өнер. Ән – қалай дүниеге келді? Яғни, бұған нағыз керек шабыт себеп болып отыр! Шабытсыз туған ән көпке жетпейді! Қазақ халқының тарихындағы күрделі оқиғалар - ән жанрында өз көрінісін тауып отыр. Қазіргі уақыттарда зерттеу жұмыстары вокалдық педагогиканың өкілдері тарапынан да көптеп саналады. Балалар дауыстарын зерттеудегі көп еңбек сіңіргендер И.Левидов, Е.Алмазов, А.Содейка, А.Рябченко т.б. атауға болады.Көптеген зерттеушілер дұрыс ән айтуды тәрбиелеу олардың дауыстарын сақтау болып саналады дейді.

Музыкалық тәрбие, эстетикалық тәрбиеге жақын болып, ақыл-ой тәрбиесіне өте тығыз байланысты. Мәселен, эстетикалық қабылдаудың танымдағы рөлі туралы В.Г. Белинский былай деп өте жақсы айтқан: «Филосов силлогизмдермен сөйлейді, ақын – образдармен және бейнелермен сөйлейді, ал екеуі де сол бір нәрсені айтады Саяси

экономия маманы статистикалық сандармен қаруланып алып, қоғамдағы таптың жағдайы пәлендей себептерге байланысты нашарлап кетті деп дәлелдеп, өз оқушыларының немесе тыңдаушыларының ақыл-ойына әсер етеді. Ақын шын өмірді әсерлі де айқын бейнелеуі арқылы дұрыс бейнені көрсетеді де, өз оқушыларының фантазиясына әсер етеді Біреуі дәлелдейді, екіншісі – көретіп береді, сөйтіп, екеуі де сендіреді...Өнер санаға кем әсер етпейді. Бұл жерде ғылым да, өнер де бірдей қажет, сол себептен ғылым да өнердің орнын баса алмайды, өнер де ғылымның орнын баса алмайды».

Оқушылардың ән айтуын дұрыс үйрету үшін, олардың ағзаларының өсіп даму процестерінде дауыстарын жүйелі қалыптастырып тәрбиелеуде ән айту аппаратының даму кезіндегі өзгеріп отыратын жас ерекшеліктерін ескеріп, қадағалау – дұрыс үйрету мен тәрбиелеудің басты шарты болып табылады.

Музыка пәні сабағының негізгі басты мақсаты – балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту, музыкалық деңгейін кеңейту, музыкаға деген және хорда ән айтуға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, вокалды-хор дағдыларын үйрену болып табылады. Ал мұғалімнің негізгі міндет-терінің бірі де сол сияқты, музыкалық бейнелер, жағымды саз арқылы патриотизмге, елін сүюге, еңбекке баулуға, әдемілікке, тәртіпке, адамгер-шілікке, ынтымақтыққа, достыққа балаларды тәрбиелеу. Мектептегі ән сабақтарында өтетін хормен ән айтуының тағы бір айырмашылығы:ән сабағында немесе хорда өз ынтасымен, тілегімен ән айтқысы келетіндер және вокалдық ән айту қабілеті барлар қабылданады. Мектептегі музыка пәні барлық оқушыларға міндетті сабақ болып табылады және бірде-бір оқушы ән сабағынан босатылмайды.

Соңғы кезеңде еліміздің көптеген жалпы орта білім беретін мектептерде фонограммамен ән айту дәстүрі орын алып кеткендерін байқауға болады. «Әнші балалап», «Айналайын», «Бозторғай», «Мектеп жұлдыздары», «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны» т.б. және көптеген мерекелік концерттер мен байқаулар жиі өтуде. Осындай техникалық жеңіл өнерге әдет алған бала келешекте нота сауатын үйренуге, кез-келген музыкалық аспапты сауатты ойнауға еңбекқорлығы, шыдамдылығы жетпей, ұлтымыздың музыкалық өнерін оның ішінде домбырамен дәстүрлі ән айтуды қастерлеп өсуі екіталай.

Осы айтылып жатқан үйірмелерде, байқауларда репертуарға аса көңіл аударған жөн. Себебі, ол шығармалардың балаларға берер тәрбиелік мәні орасан зор. Ең алдымен, қазақ иісін келтіретін тарихымыздың нағыз мәдениетінен бастау алу қажет. Белгілі ғалым-зерттеуші Ақселеу Сланұлы Сейдімбек «Нағыз мәдениет, әсіресе, рухани мәдениет тек қана ұлттық- этникалық төлтумалықта көрініс табады және сол төлтума қасиетін тұғыр ете отырып қана дамып, шыңдалады. Ал басқа елдің мәдени-рухани құндылықтарына жалаң еліктеу өзінен-өзі қайталау болып шығады» - деп, бекер айтпаса керек. [3]

Қорыта келе, қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе - жеке тұлғаның рухани дамуы. Рухани даму дегеніміз - өмірдегі өз орнын, атқаратын міндетін, жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз жетілдіру.

Біздер мұрадан, дәстүрден де құралақан емеспіз, қазақ халқының бай музыка мәдениеттері бар. Халықтық өнердің ішінде балаларға тиесілі дүние де қомақты. Сондай-ақ мектеп оқушылары үшін бірер жинақта ұсынылды. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің өзінше дамыған тарихы бар да, оның музыкалық әуені құлаққа жағымды, әндері мен күйлері көңіл күйін тарқатып, адамды шаттыққа баулитын қасиеті бар.

Бәрімізге белгілі музыка - көркем өнер саласының бірі, музыка белгілі бір ойды, образды, идеяны яғни, ән, әуен, ырғақ арқылы бәрін бір жүйеге келтіре мазмұндайды, баяндайды. Бұл сала оңай мамандық емес, көп еңбекті талап етеді. Бұған үлкен қабілет керек, ал қабілет болу істің басы.

Осы жас ұрпақ тәрбиесінде де музыканың атқарар қызметі үлкен. Олай болса, балғынға жүйелі музыкалы білім беру ісін шыңдап қолға алу, оның дәрижесін жоғары сатыға қою - аса маңызды міндет. Жоғары да байқалғандан, балалардың музыкалық қабілетін дамыту өте тиянақты және қажырлы еңбекті талап етеді.Көптеген ғалымдардың әдебиеттерін оқи отыра, зерттей отыра өзімізге балалардың музыкалық сабақтары мен үйірмелерін қолайлы түрде ұйымдастыруға мүмкіндік аламыз.Дегенмен, берілген ақпаратты әр балаларға нақты ұсынбас бұрын, ол балалардың жас және дара ерекшеліктерін ескерген жөн. Себебі, жасөспірім балаларға музыка-эстетика саласынан сапалы, дұрыс білім беру - олардың музыка дүниесі жайлы түсінігін кеңейтіп, ән айту, музыканы тыңдау, оның сырларын ұғына білуге дағдыландырып, эстетикалық ой-өрісін кеңейте түсетіні анық.

 

Әдебиет

  1. Жұмагелді Нәжімеденов «Домбыра ойнау оңай ма?» - Алматы, «Өнер», 2013.
  2. Қазақ музыкасы. Антология. 1 том. - Алматы, 2005.
  3. Ақселеу Сланұлы Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» - Астана, «Күлтегін», 2002.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.