Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2050» стратегиясы

Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет. Ірі көлемдегі әлеуметтік, саяси және экономикалық реформа жүргізілді, жүріп те жатыр. Бүгін Қазақстан зор мүмкіндіктер табалдырығында тұр. Азияның ең кедей елдерінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы мемлекеттерге айналғанын дүние жүзі халқы біледі. Алғашқылары Корея, Тайвань, Сингапур болса, қазір оларға Малайзия, Индонезия және Тайланд қосылды. Осындай табыстарының нәтижесінде бұл елдер күллі әлемде Азия жолбарыстары ретінде танылып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан- 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына өзінің Жолдауын 2012 жылдың 14 желтоқсанда жариялады.

Ұзақ мерзімді ұлттық стратегияны ұсыну мемлекеттілікті нығайтудың, экономиканың өсуінің, тұрақты қоғамдық-саяси дамудың арқасында мүмкін болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап енгізілген қоғамның топтасуына бағытталған қадамдар Қазақстанның экономикалық өркендеуіне жағдай жасады. Мемлекет қалыптасуының транзиттік кезеңі табысты өтті. Қазақстан әлемде жүйеленген сыртқы саясаты бар қалыптасқан мемлекет ретінде бекітілді.

Сонымен бірге, мемлекет алдыңғы 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында қойылған мақсаттарға мезгілінен бұрын жетті. Республика әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Бұл жетістіктер Қазақстанның жаңа тарихи кезеңге өтуін қамтамасыз етіп, оның жоғары деңгейге көтерілуін анықтады.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы – біздің еліміздің жаңа даму кезеңінде бірінші ұзақ мерзімді Стратегия-2030-дың жалғасы. Қазақстан Республикасы азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру, мемлекеттік аппаратты кәсіптендіру, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және диверсификациясы бойынша міндеттер маңызды болып қалады және жаһандық тұрақсыздық және табиғи-ресурстық әлеуетті сарқу жағдайларында өз шешімдері үшін жаңа тәсілдер іздеуді талап етеді. Осының бәрі жаңа стратегиялық құжат — «Қазақстан – 2050» әзірлеуге себеп болды. Біздің басты мақсатымыз — 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына ену.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы жаһандану сипатында туындаған қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді ескере отырып елдің дамуына жаңа деңгей берді. Мемлекет басшысы көрсетіп кеткендей, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуде өте қиын жол күтіп тұр. Бұл барлық ұлттардың жұмыла күш салуын талап етеді. Болашақта дамуға қоғамның барлық топтарының түсінігінің және ат салысуының негізінде барлық аймақтар тартылса экономикалық өсуге қол жеткізетініміз сөзсіз.

Қазір елдердің барған сайын көп саны осындай ұзақ мерзімді стратегияларды әзірлейді және қабылдайды. БҰҰ-да 2050 жылға дейін өркениетті дамытудың Жаһандық болжамы әзірленді. Болжамдық баяндаманы 2050 жылға дейін Бүкіләлемдік азық-түлік ұйымы жариялады.

Қазақстан мақсатты және шабытпен, біздің бірінші орындағы мақсаттарымызды естен шығармастан жұмыс істеуі керек:

  • — Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.
  • — Экономикалық саясаттың жаңа принциптеріне көшу.
  • — Жеке кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан- жақты қолдау.
  • — Жаңа әлеуметтік модельді қалыптастыру.
  • — Білім беру және денсаулық сақтауда жаңа заманғы және тиімді жүйелер құру.
  • — Мемлекеттік аппарат жауапкершілігін, тиімділігін және функционалдығын арттыру.
  • — Жаңа күрестерге барабар халықаралық және қорғаныс саясатын орнату [1].

Жаңа бағыттың экономикалық саясатының мәні – жалпы қамтитын экономикалық прагматизм. Бұл:

  • Экономикалық мақсаттылық және ұзақ мерзімді мүдделер тұрғысынан экономикалық және басқару шешімдерін алып тастамастан барлығын қабылдау.
  • Жаңа нарық текшелерін анықтау, мұнда Қазақстан тең құқықты бизнес-серіктес ретінде қатыса алады. Экономикалық өрлеудің жаңа нүктелерін жасау.
  • Экономиканың тиімді жекеменшік секторын құру және мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту. Экспортты мемлекеттік ынталандыру .

2050 жылға дейін сатылап келесі мәселелерді шешуді қамтамасыз ету өте маңызды:

  • мемлекеттің макроэкономикалық саясатын жаңарту;
  • бюджеттік саясаттың жаңа принципімен қарулану – тек өз мүмкіндіктері шегінде жұмсау және тапшылықты максимум ықтимал минимумға дейін қысқарту. Бюджеттік-қаржылық процеске қатынасы жеке меншік салынымдардай ұқыпты және ойластырылған болып табылады. Басқаша айтқанда, бірде-бір бюджеттік теңге босқа жұмсалмауы керек. Мемлекет бюджеті ұзақ мерзімді перспектива тұрғысынан, экономиканы диверсиялау және инфрақұрылымын дамыту сияқты жемісті жалпы ұлттық жобаларға тоқтаған.
  • өндіріспен және жаңа технологиялар саласымен айналысатын

салық салу нысандары үшін қолайлы салық режимін енгізу қажет; салықтық әкімшіліктендіруді ырықтандыру және кедендік әкімшіліктендіруді жүйелендіру саясатын жалғастыру; салықтық есептілікті жеңілдету және минимумдау қажет. Жақын бес жылда онлайн электрондық есептілік режиміне ауысу керек. 2020 жылы салықтық кредиттеу практикасын енгізу қажет. Басты міндет – кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру.

Осылайша, болашақ салық саясаты бизнес-деңгейде ішкі өсімді және сыртқы рыноктарға отандық экспортты ынталандыруы керек, ал азаматтар деңгейінде олардың жиналуын, сақталуын және салынуын ынталандыру керек.

Әлемдік экономикада қолайсыз жағдайды ескере отырып, Қазақстанның әрбір тұрғынының табысын қорғауды және экономикалық өсу үшін қабылдарлық инфляция деңгейін сақтауды қамтамасыз ету керек. Бұл жай ғана макроэкономикалық мәселе емес, бұл елдің әлеуметтік қауіпсіздік мәселесі. Қазақстан банктері өз кезегінде өзінің белгіленген ісін атқаруы және кредиттік ресурстарда экономиканың нақты секторы талаптарын қамтамасыз етуі тиіс. Осыған орай қаржы жүйесін бақылауды босаңдатуға болмайды, банктерді проблемалы кредиттерден босату және қорландыру мәселелерімен толық айналысу қажет.

Келесі міндет — экономикалық өрлеу мүмкіндіктерін инфрақұрылымды дамыту жолымен кеңейту. Инфрақұрылымды екі бағытта дамыту керек: ұлттық экономиканы жаһандық ортаға шоғырландыру, сонымен қатар ел ішінде аймақтарға жылжу. Қазақстан шекарасынан тыс өндірістік көліктік-логистикалық нысандар құру үшін ел шегінен шығарда, өзінің пайдасын мұқият есептеп, ойын жинақтау, біздің транзиттік әлеуетімізді дамыту маңызды. Бүгінгі күні бірқатар ірі жалпы ұлттық инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылады, олардың нәтижесі ретінде 2020 жылға қарай Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдаудың екі есе ұлғаюы жүреді. 2050 жылға қарай транзиттік тасымалдаулар 10 есе артады. Қойылған мақсаттар түйінді міндеттерге – біздің экспортымыздың тек қазақстандық өнім мен қызметтерге ұзақ мерзімді сұраныс болатын әлемдік рыноктарға ғана жылжуына бағынышты болады. Инфрақұрылымды құру рентабельділік заңына бағынуы тиіс. Оны жаңа бизнестерді дамыту рельсіне қою және жұмыс орындарын құру керек.

Қазақстан экономикасын дамытудың одан әрі міндеті — оны тиімді басқару. Еліміз біртұтас корпорация ретінде жұмыс істейді, ал мемлекет оның ядросы болады. Корпоративтік ойлау күші, барлық процестер біртұтас ретінде қарастырылатынында жатыр. Барлық деңгейдегі мемлекеттік басқарушылар осындай бизнес-ойлауға үйренеді. Тиімділіктің басты критерийі – мемлекет салынымынан түсім деңгейі. Біздің еліміздің өндірістік әлеуетін неғұрлым жылдам арттыра алатын болсақ, Қазақстан соғұрлым жылдамырақ халықаралық рынок шылауы емес, толыққанды өкілі болады. Мемлекет ақпараттық технологиялар саласында транзиттік әлеуетті дамытуға түрткі болуы тиіс. Еліміз тек біздің технологияларымыз сұранысқа ие болып, рынокта қажетті болғанда ғана нақты пайда түсіреді. Қарсы жағдайда инновация – бұл бос ақша жұмсау.

Кейінгі міндеті – экономикалық өрлеуін, масштабты сыртқы саяси және сыртқы экономикалық келісімді қамтамасыз ету үшін ресурстарды Қазақстанның маңызды стратегиялық басымдығы ретінде пайдалану.

Қазіргінің өзінде шикізаттың халықаралық рыноктарға шығуын максимум жылдамдату керек, олар жаңа қаржылық күйреу жағдайында тұрақсызданады. Біздің негізгі импортерлеріміз шикізат сатып алуды айтарлықтай қысқарта алады, ал бағалар күрт түсуі мүмкін. Біздің алдын ораушы стратегиямыз рыноктардың тұрақсыздануы басталғанға дейін қаражатты өте жылдам жинауға мүмкіндік береді, олар сосын елімізге жаһандық ықтимал дағдарыстан өтуге көмектеседі.

Инвестицияға тартуда аймақтардың қызығушылығы үшін жер қойнауын пайдалану мораторийін алып тастау қажет. Шикізатты қарапайым жеткізуден энергия ресурстарын қайта өңдеу саласында ынтымақтастыққа және ең жаңа технологиялармен алмасуға көшу; 2025 жылға қарай жеке рынокты жанармай-майлау материалдарымен экологиялықтың жаңа стандарттарына сәйкес толығымен қамтамасыз ету; инвесторларды біздің елімізге ең жаңа заманғы өндіру мен қайта өңдеу технологияларын жеткізу жағдайларында ғана тару емес, сондай-ақ, инвесторларға қолдағы шикізатты өндіру және пайдалану үшін орнына Қазақстан аумағында ең жаңа өндірістер құрған жағдайда рұқсат ету.

Қазақстан Республикасы Еуразияда технологиялар инвестициясы және трансферті үшін тартымды жер болып табылады, бұл үшін бізде инвесторлар үшін барлық басымдықтар бар. Барлық өндіруші кәсіпорындар тек экологиялық зиянсыз өндірістерді ғана енгізеді.

Табысты экономикалық даму үшін 2050 жылға қарай Қазақстан ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес өзінің өндірістік активтерін толығымен жаңартуы тиіс. Ең ірі бәсекеге қабілетті салаларда отандық өндірушілер үшін жаңа нарық текшелерін белсенді әзірлеу қажет.

Отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болуы керек. Осы мақсатта Қазақстанның, Ресей мен Беларустың қатысуымен Еуропалық Экономикалық Кеңістік құрудың практикалық кезеңі басталды. Бұл, 170 миллион тұтынушыны біріктіретін, қосынды ВВП АҚШ-тың 2 триллион доллары болатын орасан рынок. Осыған орай, осы экономикалық- интегралдау процесінде Қазақстан соңғы роль атқармайды.

Қазақстан экспортқа бағытталған шикізаттық емес секторды ұлғайтуға сүйемелдеп жаңа өндірістерді дамыту керек. Үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын өнеркәсіптік күш импортына тоғыстырып, технологиялармен алмасу мен бірлескен халықаралық компанияларды дамыту қажет. Алдыңғы қатарлы екі инновациялық кластерлер — Назарбаев Университеті мен Инновациялық технологиялар саябағының дамуын жалғастыру қажет. Біз төмен көміртекті экономикаға қарқынды көшуіміз керек.

Елбасының ұсынысы бойынша 2013 жылы «Жасыл көпір» халықаралық ұйымы құрылды, сондай-ақ Алматы жанындағы төрт серіктес қала негізінде Green4 жобасының жүзеге асырылуы басталды.

Елдің «жасыл» даму жолына көшуге күшті түрткі беретін алдағы ЭКСПО-2017 көрмесі болады. Астанада ғылым мен техника саласында ең жақсы дүниежүзілік жетістіктер көрсетіледі. Қазақстанның көптеген тұрғындары Еліміз ұмтылған «болашақ энергиясын» өз көздерімен көре алады. Жаңа экономикалық саясатқа «қозғаушы күш» ретінде Ұлттық қор болу керек. Бірінші кезекте Ұлттық қордың қаражаттарын ұзақ мерзімді стратегиялық жобаларға жіберу керек. Мемлекет ұлттық компаниялардың атымен Үшінші индустриалды революция нәтижесінде пайда болатын секторларды ескеретін болашақ экономикасын дамытуға ынталандыру керек.

Отандық индустрия Қазақстанда өндіруге жоспарланған ең жаңа композитті материалдарды тұтынатын болады.

Н.Ә. Назарбаев өзінің Жолдауында елдің Үшінші Индустриалды революция дайындығына байланысты болатын түбегейлі мәселелерге назар аудартты.

Президент өзінің Жолдауында ауыл шаруашылығының ауқымды жаңғырту қажеттілігін ескере өтті, әсіресе ауылшаруашылық өнімдеріне дүниежүзілік сұраныстың өсуінде. 2050 жылға дейін Қазақстан сумен қамтамасыз ету туралы проблеманы біржола шешуге жоспарлап отыр. Отандық кәсіпкерлік — жаңа экономикалық курстың қозғаушы күші болып табылады.

Экономика саласында Қазақстандағы әр тұрғынның өмір сүру сапасын арттыру үшін өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешенінде жоғарытехнологиялық өндірістерді дамыту бағытында диверсификацияны жалғастыру керек.

 

Әдебиет

  1. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января.
  2. Назарбаев Н.А. Астана - великая эпоха и стратегический вектор Казахстана // Казахстанская правда, 2013, 6 июля.
  3. «Социальная модернизация Казахстана: Двадцать шагов к Обществу Всеобщего Труда»//Казахстанская правда, 2012, 10 июля.
  4. Есекина Б. «Задачи по интеграции Казахстана в мировую экономику решены успешно» // Деловой портал Kapital.kz
  5. Заявление Президента Казахстана Нурсултана Назарбаева в поддержку предпринимателей страны // Казахстанская правда, 2014, 28 февраля.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.