Кез келген елдерде сияқты Қазақстандағы экономикалық дағдарыс та елге көптеген өзгерістерді алып келді. Қаржылық дағдарыс экономикалық дағдарысқа ұласып, әлемдік экономиканың құлдырауы барлық шикізаттарға сұраныстың төмендеуіне алып келді. Ол өз кезегінде бағалардың күрт төмендеуіне себепші болды. Осындай экономикалық дағдарыстың пайда болуына түрткі болған мәселелерді қарастыра отырып ғалым-экономистер оның мынадай негізгі себептерін атап көрсетеді:
- Әлемдік экономиканың, әсіресе – қаржының, ғаламдануы.
- Мұнай бағасының өзіндік ерекше қалыптасуы және оның бүкіл қаржы сферасына әсер етуі. Баға қалыптасуының «классикалық» тәртіптен ауытқуы.
- Банктердің және трансконтиненталды корпорациялардың шексіз үлкейіп кетуі, нарықтық қатынастардың қозғаушы күші – бәсекелестікті басып тастауы.
- Халықаралық қаржылық институттар қызметтеріндегі тығырыққа таяну.
- Ұлттық банктердің жұмысын реттеу және бақылау ісіндегі кемшіліктер.
Дағдарыстың негізгі көрсеткіші - ол жұмыссыздық. Қазіргі жаһандану заманында мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстар бір-бірімен тығыз орнығуда, сондықтан бір елде болған экономикалық толқындар мен өзгерістер, басқа да мемлекеттің экономикасына кері әсерін тигізеді.
2007 жылы АҚШ-та басталған ипотекалық дағдарыс 2008 жылдың қыркүйек айында әлем банктерінің өтімділік дағдарысына алып келді. Бұл дағдарыс салдарынан әлемдегі әртүрлі деңгейдегі банктер несие беруді тоқтатты. Автокөлік нарығында несиелердің берілмеуі, Еуропадағы бірнеше алып автокөлік өндірістерін жауып, ал «ОреІ», «Daimler» және «Гоıч∣» сынды компания, лар өндіріс көлемін азайтуға мәжбүр болды. Жылжымайтын нарық саласында орын алған дағдарыс енді өндіріс саласына ауысып, өз кезегінде әлемдік өндіріс көлемдерін азайтуға алып келді. Өндіріс көлеміннің азаюынан, көптеген мемлекеттердегі жұмыс орындарының саны кеміп, жұмыссыздар қатары өсе бастады.
Қазіргі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыру және оның даму қарқынын көтеру өнеркәсіптің дамуынсыз мүмкін емес, себебі гүлденген және қарқынды дамыған қоғамның іргетасы тек шикізат секторымен ғана шектелмеген бүгінгі күнде бәсекеге қабілетті және ашық нарықтық экономика болуы мүмкін. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның бес бағытына байланысты – қаржы секторы, құрылыс саласы, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіп кешені, инновациялық-индустриялық даму – Президент Үкіметке тапсырыстарында келесі мәселелерге ерекше көңіл аударды: отандық өнім өндірушілерді қолдау қажеттігіне, оларға мемлекеттік сатып алуда басымдық беруіне; Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік кәсіпорындардағы жұмыссыздықтың өсуіне және жұмыс орындарының қысқаруын болдырмауына; ауыл шаруашылық шикізаттарын өндірушілердің қаржы айналымына мұқтаждығын жедел қамтамасыз етуіне және т.б. Бұл жағдайда жасалған индустриалды- инновациялық стратегия елдің экономикасын жақсартудың маңызды факторларының бірі бола алады. Индустриалды-иновациялық дамудың негізгі мақсаты болып өңдеуші өнеркәсіп және қызмет көрсету сферасында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған тауар, жұмыс жәнеқызметтерді өндіру, өндірілетін өнімге халықаралық сапа стандартын енгізу болып табылады.
Ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда қосымша 2 триллион 700 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Тұрғын үй құрылысына және үлескерлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды, шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көлемінде қолдау жасалды. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 280 миллиард теңге, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 120 миллиард теңге бөлінді. Ел экономикасын әртараптандыруға 600 миллиард теңге бөлінді. Оның үстіне Үкімет әлеуметтік төлемдерді және бюджеттегі мекемелер қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту жөніндегі мемлекеттің барлық міндеттемелерін толық көлемінде сақтап отыр. Экономиканы одан әрі жаңғыртудың жаңа жоспарын іске асыруға және жұмыспен қамту стратегиясын іске асыруға – 347,9 млрд. теңге, оның ішінде 240 млдр. теңге «Жол картасына» бөлінді [1].
Қазақстандық жастарды жұмысқа орналастыру мәселелері «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» аясында шешілуде. Қазақстан Президенті атап өткендей, «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы үлкен жетістікке жетті және оның арқасында мыңдаған қазақстандықтар жұмыс тапты.
«Біз өз тиімділігін дәлелдеген «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасын қатыстырмай-ақ бұл жұмыс орындарын сақтап қалуымыз керек. Оның арқасында 2011-2014 жылдар аралығында 260 мың адам жұмысқа орналастырылды және тағы 120 мыңы оқып білімін арттырды», - деді Елбасы. Қазақстан Республикасының ресми деректері бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қатысушыларының саны, ағымдағы жылдың басынан бері 9 610 жастарға жеткен. Соның ішінде: 1 029 адам жұмысқа орналастырылып, әлеуметтік жұмыс орындарына 4 235 адамға жолдама беріліп, жастар тәжірибесіне 4346 адам жіберілген [2].
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғындықов мәлімдеуінше: жұмыссыздық деңгейі 2008 жылы 6,6 % болса, 2014 жылдың қорытындысында 5% төмендеген. Осы кезең ішінде экономикалық белсенді тұрғындар саны 500 мың адамға артып, 9 млн. адамға жетті. Жұмыспен қамтылған тұрғындар саны 7,8 млн.-нан 8,5 млн. адамға жетті.
Бұл кестеден соңғы 5 жылдықтағы өзгерістерді бақылауға болады. Көріп отырғанымыздай, 2010 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,8 пайызды құраса, 2014 жылы 4,2 пайызды құрап отыр. Ал жастар жұмыссыздығының деңгейі басында 6,6 пайызды құрап, соңғы жылдары айтарлықтай кеміп 5 пайызды ғана құрап отыр [3].
Республика өңірлерінде жастарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту мәселелері «Жасыл ел», «Дипломмен - ауылға», «Жастар тәжірибесі» әлеуметтік-маңызды жобалары бойынша іске асыру арқылы шешілуде. Жалғыз ғана «Дипломмен - ауылға» жобасының іске асырылуы арқасында соңғы 4 жыл ішінде шамамен 24 мың диплом алған жас маман еліміздің ауылдық жерлеріне жолдама алып, жұмысқа орналасқан [4].
Елбасының қараша айындағы халыққа жолдаған дәстүрлі Жолдауы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» экономикалық саясатында көрсетілген жастар мәселесі мен олардың өмір сүруін жақсарту мақсатында жасалған қадамдары жастар мәселелерін шешу жолдарын жаңа белеске жеткізіп отыр. Ондағы жастар баспанасы мәселесін шешудегі мемлекет тарапынан берілетін қолжетімді баспана мен ондағы алғашқы банктік төлем пайыз мөлшерлемесінің ең төмен пайызға дейінгі төмендетілу мен жалдамалы пәтер мәселелерінің оңтайлы шешімдері, елдегі жастардың болашағы айқын екенін білдіреді.
Осындай, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қазақстанда 500 мың жұмыс орны ашылады - деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Нұрлы жол» бағдарламасын автожолдардың көлік коммуникациялары бойынша біз алдағы үш жылдың көлемінде аяқтайтын боламыз. Бұл өз кезегінде еліміздің барлық аймақтарының теңдестірілген дамуына қол жеткізіп, экономикалық даму мен әлеуметтік демографиялық жағдайдың оңтайлануына мүмкіндік береді. Біз еліміздің астанасынанаймақтарға дейінгі автожолдар желісін шұғыла принципі бойынша саламыз. Темір жолдар мен көпірлер, электр желілері мен мектептер, ауруханалар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық нысандарын және әсіресе жастар үшін үлкен көлемде тұрғын үйлер саламыз»,-деді Н.Назарбаев.
«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 2019 жылға дейін көршілес елдерге баруға жол аша отырып, ірі қалалар арасындағы жолдар 3 есеге қысқарады. Электр энергиясына деген қажеттілікті толық қамтамасыз ететін бірыңғай энерго жүйе қалыптасады. Бұл өз кезегінде еліміздің әртүрлі аймақтарындағы экономикалық өсімнің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Бұған қоса, бағдарлама жарты миллион жұмыс орындарымен қамтиды. Біз үшін бұл аз емес», - деді Мемлекет басшысы.
Еліміздегі жағдайды зерттеу үшін оның жекелеген аймақтарына көз
Көріп отырғанымыздай, Қазақстандағы ең көп қоныстанған жерлері Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыссыздық мәселесі күрделірек болып келеді. Бұл мәселені шешуге де мемлекет біршама шаралар қолданып отыр. Соның бірі ретінде тығыз орналасқан жерлердің тұрғындарын Солтүстік облыстарға қарай жұмыс істеуге көшуге ынталандыру. Бұл шаралар еңбек күшінің дұрыс бөлінетініне әсерін тигізетіні анық. Осы мәселеге қатысты Қазақстан Президенті Н.Назарбаев өз ойын айтып кеткен еді: «Тек өткен жылы оңтүстік жақтағы облыстарға 9 млрд. теңге бөлінді. Жұмыссыздардың көпшілігі сонда. Ал биыл өткен жылға қарағанда олардың саны екі еселенді. Бірақ жұмыспен тек 2%-ы ғана қамтылған немесе 25 мың адам. Жалпы, 60 мың адамжұмысқа зәру. Республика бойынша барлығы 40 мың адам оқытылып, оның тек тең жартысы ғана орналастырылған. Демек, біз оқытамыз, үміттендіреміз, соңында жұмыссыз қалдырамыз. Жекелеген орындарда бақылау жоқ. Министрліктер мен әкімдер тарапынан жаппай бассыздық орын алған».
Осындай және көптеген мәселелер ел алдында тұр. Дағдарыс жағдайында әлеуметтің әлеуеті төмендейді. Байлар кедейленіп, кедейлер өмір сүру деңгейі күрт азаяды. Елге көршілес елдерден келетін “гастарбайтерлер” де жұмыссыздық мәселесіне әсер етеді. Мемлекет жағынан оларға емес, бірінші кезекте Қазақстанда тұратын халқымызға жұмыс орнын беріп, оларды қолдау қажет. Дегенмен, бұл жағдай әлі де реттелмеген. Өз елінде жұмыссыздыққа тап болып, біздің елге қоныс аударған жұрт ақшасы аз болатын жұмысқа да барады. Соның салдарынан оларды пайдалану да тиімдірек болып келеді. Сөйтіп, елімізде жұмыссыздық күннен күнге өсе береді.
«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің драйвері болады. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 мың жұмыс орны құрылады. Ал бұл халықтың жұмыспен қамтылуын және табыстарының өсуін білдіреді. «Нұрлы Жол» цемент, металл, техника, битум, жабдықтар өндіру мен соған сәйкес қызметтер сияқты экономиканың басқа да салаларына мультипликативті әсер етеді. Жолдар – Қазақстан үшін өмір желісі. Біздің кең байтақ жерімізде жолдар бойында әркезде де өмір пайда болған және дамып отырған. Біз Астанадан барлық жақтарға автомобиль, теміржол және авиациялық магистральдар тарайтындай көлік желісін құруға тиіспіз. Жүректен тарайтын артериялар сияқты. Күннен тарайтын шұғыла сияқты [5].
Алайда дағдарыс ол түсіне білген жастарға зор мүмкіндік. Дағдарыс жағдайында көптеген банкротқа ұшырау алдында тұрған компаниялар жаңа идеялар мен мүмкіндіктерге зәру болады. Осы орайда бұрын еленбей жүрген жастарға басшылық тарапынан жаңа идеялар ұсынып, көрініп қалуға немесе өзі бұрыннан бері армандап келген жаңа бизнес бастауға мүмкіндік туындайды. Қазір өз кәсібін бастауға жастарға мемлекет тарапынан мол жағдайлар жасалынуда.
Осы орайда жастарға алысқа қарап армандаудан гөрі сол армандарды өз қолдарымен жасағаны абзал.
Әдебиет
- Сұлтан Әбілдаев, №1 (481), 01.01.2015 жыл http://www.tarsu.kz.
- http://dkz.mzsr.gov.kz/kk/node/2735.
- Қазақстан халқының экономикалық белсенділігі. 2010-2014 жылдар жинағы.
- http://www.almaty.tv/kz/newsline/news/n-rly-zhol-ba-darlamasy- boyynsha-aza-standa-500-my.htm.
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.