Әрбір адамның жетіліп дамуында отбасы маңызды рөл ойнайды. Сондықтан, қоғамның қай кезеңінде болмасын отбасы тәрбиесін ұйымдастыру мәселелері ең өзекті мәселе ретінде көптеген ойшылдар мен ғалымдарды ойландырып келген. Бүгінге дейін Шығыстың Ұлы ойшылдары Әл-Фараби, Ж.Баласағүни, М.Қашғари, М.Хайдари және классик педагогтар: Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, А.Дистервег және қазақ ағартушылары: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, кеңес педагогтары: А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Н.Д.Крупская және қазақ зиялылары: М.Әуезов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Көбеев және т.б. отбасы тәрбиесі мәселелерін жан-жақты қарастырып, зерттеген. Бүгінгі таңда отбасы тәрбиесі проблемаларының ғылыми негіздері Ресей ғалымдары Ю.Азаров, А.Пинт, И.Гребенников, Л.Белова және т.б. тарапынан зерттелуде. Ал, Қазақстанда Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев, Ж.Әбиев, Р.Төлеубекова, Г.Байдельдинова, Б.Айтмамбетова, С.Қоңырбаева және т.б. ғалымдар тарапынан кеңінен зерттеліп келеді. Отбасындағы тәрбие көптеген ғылым саласында (социология, педагогика, психология, экономика, демография, құқықтану және т.б.) кеңінен зерттеліп, бүгінгі қоғам талаптарына сай отбасы тәрбиесін ұйымдастыру мәселелері көпшіліктің қызығушылығын арттырып отыр[1].
Отбасы, қоғамның элементарлы қүрылымы ретіндегі алғашқы әлеуметтік бөлігі болып табылады.
Олардың қажеттілігі мынадай жағдайлармен сипатталады.БіріншіДен, отбасы тәрбиесі өзінің сипаты жағынан эмоционалды, өйткені, байланыстырушы ата-ананың балаларына деген махаббатының қалыптасуында ата-аналық отбасы шешуші мәнге ие. Әсіресе, жасөспірімдік жаста ата-аналардың көңілі баланың мектебіне, күрбы-қүрдастарына және де басқа қүбылыстарға бөлінуіне байланысты оның жеке басына көңіл бөлуі азаяды.
Тәрбие институттары - нақтылы әлеуметтік-кәсіби қүрылымға немесе нақтылы жас аралығындағы адамдардың дамуы үшін мақсатты да жоспарлы үйымдастыру мақсатында қоғам мен мемлекет тарапынан арнайы үйымдастырылған үйым. Мүндай үйымдардың басым бөлігі өскелең үрпақты тәрбиелеу мақсатында қүрылады. Ересектерге арналған тәрбие институттарына шартты түрде партияларды, кәсіподақты, түрғылықты мекенжайына байланысты қызығушылықтарына, мамандықтары бойынша біріккен әртүрлі бірлестіктерді, әлеуметтік- мәдени, әлеуметтік-педагогикалық, мәдени-спорттық кешендер, клубтық бірлестіктер мен әлеуметтік қамқорлық және реабилитациялық мекемелер және т.б. жатқызуға болады.
Қоғамның даму жағдайына, түрғындардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени сұраныстарының артуына байланысты тәрбие институттарының қызметі күрделене түсті және әлеуметтік тәрбие процесіндегі рөлдері мен күйі өзгерді.
ЕкіншіДен, бала, әсіресе, жас кезінде басқа әрекеттерден гөрі отбасындағы балалары тарапынан да сондай сезімдердің болуы байланыстырады әрекеттерге көбірек бейімделіп, өмірлік тәжірибе жинақтайды.
ҮшіншіДен, отбасы кіші микро орта ретінде баланы біртіндеп қоғамдық ортаға бейімдеу қызметін атқаруға мүмкіндігі жоғары және баланың өмірлік тәжірибесі мен дүниетанымын кезеңді жүзеге асыруда.
Отбасындағы адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасының сипатына қарай М.Галагузова оларды: авторитарлы, Демократиялық және эгалитарлық деп бөлді. Авторитарлық отбасы өзінің қарым- қатынастағы қаталдығымен сипатталады. Мұндай отбасыларында әйел еріне бағынышты немесе ері әйелінен аса алмайды және балалары ата- аналарының дегенінен шыға алмайды. Демократиялық отбасыларындағы қарым-қатынас толық өзара түсіністік пен сыйластыққа негізделеді. Ал эгалитарлық отбасылары ондағы ересектердің тең құқылығымен ерекшеленеді. Мұндай отбасыларындағы адамдар үшін отбасы проблемаларына қарағанда жеке басының проблемалары бірінші орында тұрады. Мысалы, жұмыстағы жетістіктер және т.б. Мұлдай отбасыларында үйішілік жұмыстар тең бөлінген, барлығы ұжым болып жабыла кірісіп атқарады және шешім қабылдайды. Бос уақытты да бірге өткізуге тырысады. Мұндай отбасыларындағы қарым-қатынастың кемшілігі отбасы проблемаларын шешуде кейбірінің жеке мүддесі немесе қызығушылығы ескерілмесе, кикілжің тууы мүмкін[2].
Отбасының атқарар қызметіне де ғалымдар көзқарасы әртүрлі. Г.М.Свердлов пен В.А.Рясенцев отбасының негізгі қызметі ұрпақ жалғастырудан, тәрбие беруден, шаруашылық жүргізуден және өзара көмек көрсетуден тұрады деп түсіндіреді. С.Д.Лаптенок: «тұрмыстық- шаруашылық, ұрпақ жалғастырушылық, тәрбие берушілік, отбасы мүшелерінің бос уақытын ұйымдастырушылык», - десе, Н.Г.Юркевич: «рухани қарым-қатынас, сексуалдық қызмет, баланың туылуы, тәрбиедегі ынтымақтастық, бос уақытты ұйымдастырушылық, отбасы шаруашылығын жүргізуге қажетті кұрал-жабдықтарды жинақтау, бос уақытты ұйымдастыру, өзара моральдық және материалдық көмек беру» деп түсіндіреді. Қазақстандық әлеуметтанушылар М.Тәжин мен Б.Аяғанов өз зерттеулерінде: «қазіргі қоғамдағы отбасының негізгі қызметі: дүниеге адам әкелу; әлеуметтендіру, яғни балаларды осы қоғамда өмір сүруге әзірлеу; экономикалық яғни балалардың есею геніне дейін көмек беру; сексуалдық қызмет, яғни қоғамда жыныстық қатынастарды реттеу» деп көрсетеді. Ресей ғалымы И.В.Гребенников отбасының бес қызметін ұсынады. Олар: ұрпақ жалғастырушылық қызмет; экономикалық қызмет; тәрбиелік қызмет; қарым-қатынастық қызмет; бос уақытты ұйымдастыру және дем алу.
Жоғарыдағы отбасы түрлері мен олардың негізгі қызметтеріне талдау жасай келе, тәрбиелеу, әлеуметтендіру және тұлғаның руханижетілуін қамтамасыз ету отбасының негізгі қызметі болып табылатындығына көзіміз жетеді [3].
Әлеуметтік педагогикада отбасының әлеуметтендіру процесінде атқаратын бірқатар қызметтері анықталған (Ф.А.Мустаева), олар:
БіріншіДен, адамның дене және эмоционалдық дамуы жүзеге асады. Балалық шақтағы және ерте жастық шақта қабылдайтын мүндай әсерді тек отбасы ғана бере алады, басқа әлеуметтендіру институттары мүндай қызметті жүзеге асыра да, орнын толтыра да алмайды. Балабақша кезінде, кіші мектеп жасында және жеткіншек жас кезеңінде де отбасы баланың әлеуметтенуі үшін, маңызды әлеуметтендірушілік рөлді атқарады, әйтсе де бірден-бір орта болудан қалады. Басқа да әлеуметтендіру институттарының қызметінің ықпалы қосарлана бастайды, бірақ қарттық шақта қайтадан бірден-бір әлеуметтендіру ортасы болады.
ЕкіншіДен, бала өмірінің алғашкы үш жылындағы оның жыныстық психологиясының қалыптасуында отбасы маңызды рөл ойнайды. Әкенің үлына немесе қызына деген жеке қатынасы шешуші міндетті атқарады, яғни әкенің үлының агрессивті қарым-қатынасы мен кызының нәзік әрекетіне деген жеке қатынасы мен көзқарасы, олардың жыныстық санасының қалыптасуына түрткі болады. Ана, әдетте балаларының бәріне бірдей мейірімділікпен қатынас жасайды. Отбасындағы әкенің бала әрекетіне немқүрайлы қарауы немесе отбасында әкенің жоқтығы баланың жыныстық әлеуметтену процесінің өтуінде проблема туғызады.
ҮшіншіДен, баланың ақыл-ойы жағынан дамуында да отбасы жетекшілік рөл ойнайды, сонымен қатар әлеуметтенудің барлық кезеңдерінде баланың мәдениеттік қарым-қатынастың мөлшерін сезінуіне және меңгеруіне ыкпал етеді.
ТөртіншіДен, отбасы адамның отбасылық рөлдерді орындаудағы әлеуметтік нормаларды меңгеруінде де маңызды орынға ие.
БесіншіДен, отбасылық және үлттараралық қатынастарға бағытталған және балалардың өмірлік стилін, өмірлік жоспары мен оған жетуге апаратын өмірлік талпыныстарын, кызығушылық деңгейлерін анықтайтын қүндылық бағдары да осы отбасында қалыптасады.
Алтыншыдан, адамға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету отбасына тән, бүл сипат баладағы өзіне деген бағаға, өзін-өзі қүрметтеу деңгейіне, өзін-өзі қабылдау шарасына, өзін-өзі жүзеге асырудың тиімділігі мен аспектілеріне байланысты болады[4].
Отбасындағы адамдардың әлеуметтену процесі оның типіне байланысты. Қазіргі психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде отбасының көптеген типологиялары үсынылып жүр. Солардың ішіндегі мынадай отбасы типінің классификациясын кесте - 1 қарастырып көрейік:
Отбасы типтері |
Отбасы типтерінің түрлері |
Отбасыіідағы балалардың санына қарай |
Баласыз отбасы, аз балалы отбасы, көп балалы отбасы; |
Отбасының құрамына қарай |
Толық емес отбасы, жай, яғни нуклеарлық отбасы, күрделі отбасы (бірнеше ұрпақ өкілдерінен тұратын отбасы), үлкен отбасы, аналық отбасы, қайталанған некелі отбасы; |
Құрылымына қарай |
Бір некеден туылған балалар (әкелері бір, бірақ шешелері бөлек), ата- анасының біреуінен туылған (әкесінің бұрынғы әйелінен туған балалар мен шешесінің бұрынғы күйеуінен туылған балалары бар) әртүрлі туыс балалары бар отбасылар; |
Отбасындағы лидерлік позициясына қарай |
Уалитарлық (демократиялық) және дәстүрлі (авторитарлық) отбасылары; |
Отбасындағы адамдардың ұлттық құрамына, мамандығы мен білім деңгейіне байланысты әлеуметтік құрамының біркелкіліне қарай |
Әлеуметтік-гемогендік (біркелкі) және гетерогендік (әркелкі); |
Отбасылық тәжірибесіне байланысты |
Жас жұбайлар отбасы, жас отбасы, орташа жастағы жұбайлар отбасы, ересек жұбайлық отбасы, егде жұбайлар отбасы; |
Отбасындағы психологиялық климат пен қарым-қатынасының сипатына қарай |
Қолайлы, тұрақты, қолайсыз, педагогикалық әлсіз, тұрақсыз, ұйымшыл, ауызбіршілігі жоқ отбасылары; |
Географиялық ерекшеліктер іне байланысты |
Қалалық, ауылдық, оқшауланған отбасы; |
Тұтынушылық мінез-құлқына байланысты |
«Физиологиялық»типтегі тұлынушы отбасы, «интеллектуалдық» типтегі тұтынушылар отбасы, аралық типтегі тұтынушылар отбасы; |
Отбасылық өмірінің ерекше жағдайына байланысты |
Студенттік отбасы, некесіз отбасы, некелі отбасы; |
Бос уақытын өткізу ерекшелігіне байланысты |
Ашық-жарқын отбасылары және оқшауланған отбасы, жабық (бос уақыттарын тек өз отбасыларымен ғана өткізетін) отбасылары |
Әлеуметтік бейімділігіне байланысты |
Деактивті, белсенді және орташа белсенді отбасы; |
Отбасылық өмірінің байланыс деңгейіне қарай |
Дәстүрлі, ұжымдық және жеке- даралық отбасы; |
Отбасының психикалық саулығына карай |
Салауатты отбасы, невротикалық отбасы, виктомегендік отбасы. |
Кесте - 1
Кестеде қарастырған отбасы типтері өздерінің ерекшеліктеріне қарай қарым-қатынас стильдерін қалыптастырады.
Бүгінгі қоғамның талабы берік отбасыларының болуын, онда болашақ үрпақ тәрбиесінде жүмыла қызмет атқаратын үжымдық бастамаларды керек етеді. Екі жас түлғаның неке одағы негізінен олардың түлғалық қасиеттеріне және өмірдегі қүлдылық бағдарларына байланысты болып келеді. [5].
Қорыта келген де отбасының рухани тіршілігіндегі негізгі функциясы бала тәрбиесі болып табылады. Отбасылық және қоғамдық тәрбие бір-бірімен өте тығыз байланысты, олар бірін-бірі толықтырады. Дегенмен отбасы тәрбиесі басқа тәрбие институттарындағы тәрбиеге қарағанда анағүрлым эмоционалды, өйткені оның негізінде өз кезегінде балалардың ата-анаға деген сүйіспеншілігін туғызатын ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігі жатыр
Бәрімізге белгілі соңғы кездері көпшілік отбасыларындағы бірлік- береке ондағы өзара түсіністік пен достық қарым -қатынасқа негізделген отбасының болуын қалайды. Осындай отбасыларында ғана ерлі- зайыптылар мен отбасы мүшелерінің түлғалық қажетін қанағаттандыру толық және мазмүнды болмақ (сезімдік жылылық, өзара түсіністік пен өзара көмектесуде өзінің отбасы мүшелері үшін қаншалықты қажеттілігі мен түлғалық қүндылығын сезінуі және т.б.). Дәл осындай отбасыларындағы ересектер мен жасөспірімдерде әлеуметтендіру институты ретіндегі отбасына бауырбасушылық пен түлғалық қасиеттердің маңызды ерекшеліктері қалыптасады .
Әдебиет
- Н.Д.Хмель, Г.Т.Хайруллин, Б.И.Муканова //Педагогика//«Алматы», 2005ж. [199б.]
- Қ.Т.Әтемова //Әлеуметтік педагогика//Алматы, 2012.
- Атемова Қ., Т. Түркі халықтарындағы отбасы тәрбиесі дәстүрлерінің қалыптасуы. Монография. - Алматы: Қазақ университеті. 2009. [328 б.]
- Ж.Б.Қоянбаев, Р.Б.Қоянбаев. //Педагогика// Алматы,«Рауан», 2000ж.
- С.Әбенбаев,Ж.Әбиев//Педагогика//«Фелиант» баспасы, Астана- 2009ж.[136б.].