Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақтың ұлттық ойындарын тәрбие жұмысына қолдану

Мектептегі сабақаралық үзіліс оқушылардың сабақ үстінде алатын білімі мен тәрбиесін жалғастырудың ажырамас бір кезеңі, оқушылардың мектепте өткізетін уақытының белгілі бір бөлігі. Сыныптан тыс жұмыстарға осылай деп қарайтын болсақ, оның дәйекті, сапалы өтуін қамтамасыз ете отырып, оқушылардың алған білімдерінің көлемін кеңейтіп, денсаулықтарын үнемі жақсарта түсуге қамқорлық жасауға тиістіміз.Біздің пікірімізше, үзіліс деген ұғымға оқушылардың сабақтан, тіпті мектептен тыс уақыттарының барлығы да кіреді. Егер мәселеге осы тұрғыдан қарайтын болсақ, онда үзіліс туралы біздің түсінігіміз кеңейіп, ұлғая түседі. Олай болса, мектептегі оқу барысын дұрыс жолға қою үшін және оның аяғына дейін дәйекті болуын қамтамасыз ету үшін, сыныптан, мектептен тыс жұмыстарды оқушыларға жан-жақты тәрбие берудің бірыңғай қолайлы сәттеріне айналдыру мүмкіншілігін қарастыру кезек күттірмейтін мәселе.

Егер біз мәселеге зер салып, көңіл аударар болсақ, онда мектепте үз іліс кезінде жүргізілетін тәрбие жұмыстарының бүгінгі талаптарға сай емес екеніне көз жеткізер едік. Өйткені, қазіргі мектептерде сабақаралық үзілістер мен сыныптан, сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда көптеген кемшіліктер орын алып келеді.Сабақаралық үзілістер нақтылы жоспармен жүргізілмейді. Сондықтан да, ол мектептегі бірыңғай тәрбие жұмыстарына саналы түрде үйлеспей, сол жұмыстардың ығымен кетебарады. Ал, қазіргі уақыт мектептегі барлық ірілі-уақты мәселелерді жан- жақты қадағалап, тәрбие жұмысының барлық салаларын байытып, дамыта беруді талап етеді. Бұл жерде біз: «Тәрбие жұмысында ұсақ-түйек болмайды және болуы да мүмкін емес» дейтін принципті басшылыққа алуға тиістіміз.Жеке мұғалімдер мен педагогикалық ұжымның жүргізген жұмысының нәтижесі де осы сабақаралық үзілістер мен сыныптан, сабақтан тыс жұмыстарда көрінетіні даусыз. Оқушылардың сабақ үстінде алған тәлім-тәрбиесі, оның саналы игерілуі де — сыныптан, сабақтан тыс уақытта — көпшілік орындарда өздерін-өздері қалай ұстауына, жүріс- тұрысына, басқалармен қарым-қатынасына, үлкендерді сыйлауына байланысты көрініс береді. Осы байланысты жалғастыра отырып, сабақаралық үзіліс және сыныптан, сабақтан тыс басқа да уақыттарын педагогикалық басшылық, бағдарға алу тәрбие жұмысының сапасын арттыра түсері анық. Осынау оқу-тәрбие кезеңдерін бір-біріне ұштастыратын дәнекердің бірі — ұлттық ойындар.Тәрбиенің бұл тамаша құралдары оқушылардың ақыл-ойын жетілдіріп, дүниетанымын кеңейтеді, олардың қимыл-қозғалыстарын дамытады, алған білімдерін күнбе-күнгі өмірмен ұштастырады, басқа да адамгершілік мінез-құлықтарды бойына сіңіруге мүмкіншіліктер береді. Сондықтан тәрбие жұмысында халық ойындарын ескерусіз қалдыруға болмайды. Бала организмі қимыл- қозғалыссыз тұра алмайды. Ол тірі организмнің өсіп, дамуының негізгі шарты. Бала мектепке дейінгі жасында түрлі ойындармен ойнап үйренген. Сондықтан ол мектепте де ойнауға, қозғалуға, жүгіруге бейім тұрады. Бұны жалпыға белгілі шындық десек, балалардың бойындағы осы күш- жігерді, ұшқыр қиялды, өмірге талпынысты, білуге деген құмарлық пен құлшынысты пайдалана отырып, соны дұрыс басқарып, бағдарлай білсек, онда біз көп нәрсені ұтқан болар едік.[1]

Басты бағыт — оқушылардың үзіліс кезінде тынығуын, ұйымдасқан түрде дем алуын қамтамасыз ету болып табылады. Ойын арқылы әрі тынығады, әрі өмір танымын кеңейтеді, бірлесуге, ұйымшылдыққа үйренеді. Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттігін алғаш сезіну осы ойындардан басталады.

Бастауьш сынып мұғалімдері сынып жетекшілерімен келісе отырып, сабақаралық үзіліс кезінде ойнайтын халық ойындарын іріктеп алады да, оқушыларды алдымен ойынның мазмұнымен таныстырады, сонан кейін оны қалай ойнаудың жолын үйретеді. Халық ойындарын түрлі оқушылар жиындарында, үзіліс арасында, сыныптан, мектептен тыс жұмыстарда пайдалану үшін белсенді, қабілетті оқушылардың жетекшілік рөлін пайдаланған жөн. Мұғалімдер ұжымы осы оқушылар активтерінің көмегіне сүйене отырып, сабақ үстінде халық ойындарын одан әрі дамытады. Оған бақылау, басшылық жасайды.

Жалпы осы ойындарды пайдаланудада реттілік керек,өйткені балаларды жасына қарай қимыл-қозғалысының шапшаңдығы әртүрлі. Мысалы, балалар бақшасында тәрбиеленбеген бірінші сынып оқушыларының баяу қимылдарын жеделдету мақсатымен «Үш орындық»ойынын ойнатуға болады. Бұл ойын оқу жылының әр кезеңінде ойнауға қолайлы. Ашық, жылы күндері мектеп ауласында, ауа райы салқын, желді, жаңбырлы күндері оны мектептің дәлізінде, кейде сынып бөлмесінде өткізуге болады. Ойнау тәртібі ойын аулада өткенде. Балалар айнала тұрады да, ортадан үш шағын шеңбер сызылады, ал мектептің дәлізінде өтсе, ортаға үш орындық қойылады. Осы шеңберді не орындықты 4 не 6 бала айнала жүгіреді. Бұл ойын оқушының қимыл әрекеттерін ғана жетілдіріп қоймай, оның ақыл-ой қабілеттерін де дамытады.

Бірінші сыныптан кейін енді қимылға үйренген,шабан қимылдайтын балалар үшін «Кім жылдам?» ойынын ойнату пайдалы. Ол үшін ортаға екі баладан шығарылады. Олар бір-біріне арқаларын беріп, екі жаққа қарап тік тұрады. Аяқтарының арасын иықтарымен бірдей етіп, алшақ ұстаулары керек. Онда ұзыннан ұзақ етіп белбеу тасталады. Ойын жүргізуші үшке дейін санайды. Басқарушы “үш” деген уақытта белбеуді еңкейіп кім бұрын алса, сол жеңген болып есептеледі. Бұл шапшаңдықты қажет ететін ойын. Сондай-ақ баланы өз мүмкіншілігін сезіне білуге, бір сәт болса да ойлануға, жеңіске жету үшін бар қабілетін пайдалануға жұмылдырады.

Бастауыш сынып оқушыларына «Ұшты-ұшты» ойынын ойнатуға болады. Абайламаған адамға ойын өте қарапайым, ермек сияқты көрінуі мүмкін. Егер осы ойынның маңызы мен тәрбиелік жағына көңіл бөлсек, онда оқушылардың дене тәрбиесінен бастап, ақыл-ой жүйелері мен тілін дамытуға тигізер әсері мол екенін көреміз. Ойынның басты артықшылығы оқушыларды жедел ойлай білуге баулитындығы, заттар мен жан- жануарларды біліп қана қоймай, оларды бірінен-б ірін ажыратуға, өздеріне тән қасиеттерін түс ін іп білуге баулиды. Бұл ойынға үлкен үзілістерде бүкіл мектеп оқушылары болып қатынасады, ұтылғандар өлең, тақпақ айтады.

Үзіліс кезінде 4- сынып оқушыларына казақтың ежелгі халық ойыны «Көрші» ойынын ойнауға әбден болады. Бұл ойынды сол қалпында алмай, өзгертуге да болады. «Көрші»- отырып ойнауға негізделген, ал отырып ойнау мектеп жағдайына келе бермейді. Сондықтан оны мектеп ауласында, спорт залында, тағы басқа орындарда көпшілік оқушылардың қатысуымен ұйымдастырған жөн. Басқарушы ортаға шығып, «Көршіңмен татусың ба?» деп сұрайды. Егер ол оқушы «көршіммен аразбын» десе, онда сұрақ қойып жүрген басқарушы оқушының орнына тұрады да, ана оқушы ойын жүргізушісі болады. Ойын осылай созыла береді. Егер ойыншы «Көршіммен татумын» деп жанындағы баланы жібергісі келмесе, онда ол ойын жүргізушінің талабына сай ән салады не би билейді. Ойынның екінші бір түрі бойынша, егер оқушы көршісімен тату болмаса, онда ойын жүргізуші «Кімнің көршісін қалайсың?» деп сұрайды. Ол кімнің көршісін қалайтынын айтады. Ойын басқарушы оның тілегі бойынша көршісін сұраған оқушыға екінші оқушының тілегін айтады. Егер, ол оқушы жанындағы көршісін оған бергісі келмесе, онда өтеуіне тақп ақ не өлең айтады, би билейді. Ойын осылай қыза түседі. Ойында үлкен мән-мағына, өзекті ой, белгілі мақсат бар. Ол адамдардың арасындағы қарым-қатынастың тазалығы, олардың өзара татулығы болса, мүғалім соны тәрбие жүмысына дүрыс пайдалана білуі керек.

Үзіліс кезінде мектеп ауласында не дәлізде өтетін болса, онда ойынды ауызша жүргізу қолайлы. Халық ойындарын өз дәрежесінде пайдаланып үйымдастырса тәрбелік мәні зор. [2]

Ұлттық ойындарды ертеңгіліктер мен кештерде қолдану

Көп жылғы тәжірибе көрсетіп отырғандай, оқушылар көп ретте сыныпта алған білімдерін іс жүзінде асырып, өмірде колдана бермейді. Күн өткен сайын мүндай «өлі» қорлардың саны көбейе береді. Сондықтан да, мүғалімнің алдында оқушылардың алған білімдерін үнемі жаңғыртып, толықтырып отыруға үйрету, дағдыландыру міндетімен қатар — алған білімдерін тәжірибеде колдану, керекке жарату, өмірде пайдалана білуге үйрету сияқты аса маңызды өмір талаптары түрады. Ал, ол білімдерді іске асыратын орын: ең алдымен өзі оқитын сынып оқушыларының ортасы, сонан кейін түрлі жиындар, ертеңгіліктер мен кештер. Кештер мен ертеңгіліктерге әзірлік жүргізу үшін, тәрбие сағаттарын пайдалануға болады. Тәрбие сағаттары да сыныптан тыс жүмыстардың қатарына жатады. Сыныптан тыс жүмыстардан мүның айыр машылығы сол, ол сынып жетекшісінің оқушылармен әр аптада өткізетін міндетті жүмыстарының бірі екендігінде.

Кештер: әдетте, пәндік кештер, сүрақ-жауап кештері, мейрамдарға арналған жалпы мектептік кештер мен ертеңгіліктер, тағы басқа болып бірнеше саладан түрады. Оқу жылының әр тоқсанына арналған кештердің жоспарлары кейін пәндік әд істемелік секциялардың мәжілісінде талқыланып, бекітіледі. Түзетулер мен толықтырулар жасалады.Осыдан кейін барып,кешке толық әзірлік жүргізіледі. Кеш өткізуге әзірлік жүмысына, әсіресе, үйірме мүшелері белсене қатынасады. Үйірме мүшелері үйірме отырыстарында кештің жоспарымен танысады. Оған халық ойындарын да кіргізеді. Әдетте, сыныптан тыс жүмыстарды төменгі сынып оқушылары мен өткізу жоғары кластарға қарағанда әлдеқайда күрделі болып келеді. Өйткені, төменгі сынып оқушылары бүл жүмысқа әлі де болса, төселіп ысылмаған, дағдыланбаған. Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларымен өткізілетін ертеңгіліктер мүғалімдерге зор жауап кершілік жүктейді. Өйткені, мектепте өтетін жүмыстардың бәрі де өзінің білімдік, тәрбиелік мәнімен қүнды. Халық ойындарын оқу-тәрбие барысында ретті, жүйелі әрі батыл пайдалану мүғалімнің , білімі мен білігіне тікелей байланысты. Ол оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңертеңгіліктер мен кештерге қажетті деген материалдармен бірге халық ойындарын да таңдап алады. Ойындарға оқушылар белсене қатынасады. Бүл ойындардың үлкен білімдік, тәрбиелік маңызы бар. Біріншіден, ол оқушыларды сөйлеуге жаттықтырады. Екіншіден, тез санап ауызша есеп шығаруға төселтеді. Үшіншіден, үй жануарларымен танысып, олардың дене мүшелерін жете біледі, биология сабағынан алған білімдерін толықтырады. Төртіншіден, белсенділігін, ынтасын, білуге қүмарлығыноятып, сұрақ қоя білу қабілетін жетілдіруге баулиды. Бесіншіден, кәсіптік бағдар беріп, шаруашылық саласын білуге деген ынталарын туғызады.

Ана тілі сабағына арналған ертеңгіліктер мен кештерде жұмбақ, жаңылтпаш ойындарын ойнатуға болады. Мұнда викториналық ойындар да араласып келеді. Жаңылтпаштар оқушыларды тез және дұрыс сөйлеуге үйретеді. Олоқушыларға ерекше әсер етедіде, ойынға бар ынталарымен қатынасады. Барлықоқушылароныбірдендұрысайтаалмайды, сондықтан отырғандарға күлкілі, қызықты болып көрінедіде, кешке көрік береді. Ана тілі сабағына арналған кештерде мақал-мәтелдер айтқызылады. Бұл халықтың байырғы ұлттық ойындары оқушыларға сөз өнерін үйретіп қана қоймайды, оларды Отанды сүйе білуге, достыққа, жолдастыққа, қырағылыққа, еңбек сүйгіштікке, бірлікке, интернационализмге, ғылым мен білімді сүюге баулиды. Ойын жүргізуші кешке қатынасушыларды екі командаға бөледі. Әр командадан сахнаға бір-бір өкілден шақырылады. Олар ойын жүргізушінің талап етуіне сай берген тақырыбына байланысты өзі білген мақал-мәтелдерін айтады. Жүргізуші оны есептеп тұрады, және дұрыс не бұрыс айтқанын қадағалайды. Жұмбақтар — халықтың өте сүйіп ойнайтын ойындарының бірі. Сондықтан жұмбақ ойынына оқушылар белсене қатынасады. Жұмбақ ойынын кештің негізгі бөлімінен соң ойнатуға болады. Жұмбақты ойын жүргізуші бастап айтады да, қатынасушылар шешеді. Бірнеше жұмбақ шешкен соң, ойын жүргізуші оқушылардың өздеріне жұмбақтар айтқызады, оның жұмбағын отырғандар шешуі тиіс. Жұмбақты кім шешсе, келесі жұмбақты енді сол айтатын болады. Жұмбақты тауып айтқаны үшін екі ұпай, шешкені үшін бір ұпай алады. Жұмбақ ойындарын басқадай етіп те өткізуге болады. Ондай жағдайда, оны «Қызғалдақ» деп атайды. Ол үшін жоғарыдағы гүлдер қағаздан жасалып оның әрбір жапырақшасының сыртына жұмбақтар, басқа да талаптар тақп ақ, өлең, айт, би биле жазылады. Бұларды кім дұрыс орындап шықса, ұпай алады. Ойын аяғында қортынды жасалып, жеңгендерге сыйлықтар беріледі. Біздің жүргізген тәжірибеміз көрсеткендей, ойын қолданған кештерге алғаш қатынасқан оқушылардың барлығы бірден белсенділік көрсете бермейді. Алғашында олар көрермедер, тыңдаушылар міндетін атқарады. Ал мұндай ертеңгіліктер мен кештерге үзбей қатынасып жүрген оқушылардың белсенділіктері артып, білуге деген құштарлықтары оянады. Сабаққа саналы қатынасып, оқу үлгерімі жақсарады.

Ұлттық ойындардың көбірек қолданылатын жерінің бірі — математика кештері. Мұнда халық ойындарымен бірге ойынның басқа түрлерін де қолдануға болады. Мұның барлығы кешке әзірлік үстінде ір іктел іп алынып, кештің бағдарламасына өз ретімен орналастырылады. Мысалы: «Математика және өмір» деген кештің жоспарында негізгі материалдармен бірге «Қай қолымда?», «Шот тасын табу» сияқты тағы басқа халық ойындарын пайдалануға болады. «Шот тасын табу» ойынын мектеп бойынша өтетін тақырыптық кештерде пайдалануға болады. Ол үшін сахнаға бастауыш кластардың есеп сабағында пайдаланатын көрнекіқүралы есеп-шот қойылады. Ойын жүргізуші оған қатынасушылардың біріне шоттың кез келген бір қатарынан бір тасты белгілеуді сүрайды. «Белгіленген тасыңнан жаңылып қалма» деп ескертеді. Ал ойын жүргізуші шотты қағып отырып оның белгілеген тасын дәл тауып береді. Ол үшін жүргізуші әр қатардан бір-бір тастан қаға отырып, «Белгілегеніміз бар ма?» деп сүрайды. Ол «Жоқ» деп жауап береді. Ойын жүргізуші жаңағы тәртіппен тастарды қаға береді. Сіздің белгілеген тасыңыз 4 қатардағы жетінші тас дейік. Сонда ол жоғарыдан төмен қарай алты тасты қағып шығады. Жетінші тасты қағып болғанда белгілеуші «Бар» дейді. Сөйтіп, белгіленген тасы жетінші қатарда болып шығады. Енді әр қатарды түгелдей кейін қаға отырып сүрағанда белгілеуші төртінші қатарға келгенде «Бар» дейді. Жетекші қағып болып ойланып отырады да, төртінші қатардағы жетінші тасты көрсетеді. Белгілеуші еріксіз «Сол» дейді. Ойын қайталанып ойналады. Оқушылар ойынның сырын білуге тырысады. Ойын оқушыларды өте қызықтырады. Олардың абстракциялық ойлау жүйелерін жетілдіреді. Ойынды меңгеріп, үйреніп алуға тырысады.

«Ойланғанды табам», «Қыз есебін тауып көр», «Қан көбелек», «Ойлап көріңізші», «Үш әділ», «Ғалымбек қандай әдіс жасады?»,»Үш манат», «Мүғалім келді», «Су тасушы», «Әріп таңдау», тағы басқа ойындар оқушыларға білімдік жағынан да, көңілдерін сергіту жағынан да пайдалы болып, оқудағы белсенділіктерін арттырады.

Сондай-ақ үлттық ойындардың негізінде шағын сахналық көріністерді үйымдастыруға да болады. Оқушылар өздері көрсетуге тиісті сандарының, кейіпінде ки інед і, соның қызметін атқарады. Ол оқушылардың көңілді дем алып әрі білімдерін үштауға пайдалы. Кештерде халық ертегілерінің негізінде шағын көріністер әзірлеп, ойнатудың да пайдасы зор.

Ұлттық ойындар кештер мен ертеңгіліктердің мазмүнын кеңейтіп, байыта түседі. Сол арқылы кештің ти імд іліг і мен сапасы артады. Мүндай жағдайда кештер мен ертеңгіліктер оқушылардың сабақта алған білімдерін тәжірибеде қолданатын орынға айналады. [3]

 

Әдебеиет

  1. Абилда Акушев. Ұлттық ойындар 2000ж. Қазақстан баспасы.
  2. Жолымбетов Ө.Ш.,Қүлназаров А.К. Спорт терминдерінің түсіндірме сөздері. -Алматы
  3. Сағындықов Е.С. «Қазақтың үлттық ойындары» Алматы «Рауан» баспасы

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.