Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Асық олимпиадаға жеткізер

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.

Жас үрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мүраларымен үлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие қүралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың және жастардың ой- өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мүраларын бойына сіңіріп, кейінгі үрпаққа жеткізе білу қүралы.

Бүгінде қазақтың 100 - ден аса ойын түрлері мәлім. Ойынсыз үрпақтың кім екенін, халықтың қандай екенін бағалау екіталай. Адам мен ойын түйіндес, түбірлес. Ойын-сауық қазақтың әдет – ғүрпына үнемі және айқын ықпал еткен.

Бүл зерттеу жүмысының алға койған негізгі мақсаты – қазіргі таңда үмыт болып бара жатқан қазатың үлттық ойындарының бірі – асық ойынының мән -мағынасын қазіргі қоғамдағы оқушылар мен студент жастарға түсіндіру. Асық ойынының біздің ата – бабаларымыз бен аға буындарымыздың омірінде алған орны туралы азды – көпту мәлімет беру. Асық ойынын қазіргі заман жастарына насихаттау. Асық ойынын үлттық мерекелерде және халыықаралық деңгейде ойнатылуына ықпал жасау.

Бүл зерттеу жүмысының пайдасы қазіргі таңдағы жастардың санасынан орын ала қоймаған асық ойынының қайта жаңғыруына септігін тигізеді

Зерттеу жүмысының барысында қазақ халқының үлттық ойындары және асық ойыны жайында жазылған кітаптар мен мақалалар қарастырылды. .

Зерттеуге түскен асық ойынының өзге үлттық ойындардан ерекшелен етін өзіндік айырмашылығы бар. Себебі, асық ойынының ойнау ережелері мен мазмүны басқа ойындардан айрықша көзге түседі. Адам денсаулығына тигізер пайдасы өте зор.. Зерттеу жүмысына тағы да басқа жаңа мәліметтер іздестіріліп, қосылды.

Бүгінде ойынды халық педагогикасының бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі жайдан жай емес.

Халқымыздың үлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.О.Әуезов «Біздің халқымыздың өмір кешкен үзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жүрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыруға ғана емес, ойынның өзінше ерекше мағыналары болған» - деп тегіннен тегін айтпаса керек.

Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мүра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық – мәдени өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі, көрінісі де болған

Қазақтың үлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер ХІІІ ғасырдан басталады. Оны алғаш жинап, Европа жүртшылығына таныстырған Италия саяхатшысы Плано Карпини болды. П.Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңірді мекендеген ру – тайпалардың түрмысы, әдет – ғүрыптары, ойын – сауықтары жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинаған.

Ұлттық ойындар туралы алғашқы пікір айтушылар мен оның жеке нүсқаларын жинаушылардың қай – қайсысы болмасын, оны жоғары бағалап, көшпелі халықтан мүндай өрелі өнерді күтпегендіктерін сөз етеді.

Халқымызда қозғалмалы ойындардың түрі кең таралған. Мамандар қозғалмалы ойындарды төрт топқа бөледі, соның арасына асық ойыныда кіреді..

Асық ойыны әу баста ежелгі түріктердің арасында кеңінен таралған. Сондай – ақ, асықты «астралаг» деп ежелгі Грецияда, ал «талус» деген атпен ежелгі Римде салт – дәстүріне нақышталған ойын ретінде санап, әрі насихатталған. Алайда, асықты қазақтың үлттық ойыны деп санағанмен, мүны Орта Азияның халықтары оның ішінде өзбек, қырғыз, тәжік, т.б. үлттар да әлі күнге дейін ойнап келеді. Оны біздің үлттық ойындармен салыстырсаңыз, аса ерекшелік байқалмайды. Ережесі, ойнау тәрт іб і бір болғанмен, әр халықтың табиғи болмысына жақын кейбір ерекшелігі анадайдан сезіліп түрады.

Асықтың түла бойы қүдіретті күшке түнып түр. Сол себептен ертеде бақсы – балгерлер асық арқылы болашақты долбарлап, алдын – ала болжам да жасаған. Біз асықтың серісін – «Алтын сақа» дейтін болсақ, түріктер де осылай қастерлейді. Олар асыққа тек ойын ретінде ғана қарамай, жолының ашық болып, ілгері даму алдындағы жетістіктің нышаны іспеттес санап, қүрмет түтқан.

Тарихи деректерде асық арқылы талай дау – дамайлардың шешіліп, соңына нүкте қойылғандығы жайында айтылады және мүндай оқиғалар көбінесе халық ертегілерінде жиі үшырасады. Мәселен, ертедегі көшпенділердің өзі асық арқылы жаугершілік заманда кімнің жеңіп немесе жеңілетіні туралы біліп отырған. Сондай – ақ, сол түста үйсін мен найман руының жерге байланысты дауы да осы асықтың күшімен шешіліпті. Күндердің күнінде найман руының жігіті Саржан би өзіне қарсылас адамның даулы мәселесін шешуге қол үшын берген атақты Бүқар жыраумен аман – саулық сүрасуға келеді екен. Сонда менсінбей, бала санаған Бүқар жырауға ол былай депті: «Сіздің атаңыз Қаржас кезінде асықтан жеңген атақты қүл болды. Бірақ үйсін тайпасы өзінің үрпақтарына мүрасын бөліп жатқанда ең кішісіне түк те қалдырмаған деседі. Енді бір шешімін табу керек деп дал болған әкесі балаларынан асықты иіруін өтініпті. Содан кейін бүл байлықтың иесі түгі жоқ Бүқар жыраудың атасы болған екен». Мүны жас жігіттен естіген Бүқар жырау өз ін ің жеңілгенін мойындапты деген де әңгіме бекер айтылмайды. .

Халқымыз асықты қастерлеген. Мысалы, қазақта «асығың алшысынан түссін» деген ізгі тілек бар. Асық ойынында кімнің сақасы алшысынан түссе, сол бірінші атады. Яғни асықтың алшы түсуі оның иесін басымдыққа жеткізеді. Сәті түсіп, жолы болып түрғандығын білд іреді. .

Асық ойыны – біздің үлттық спортымыздың бір түрі. Мысалы, асық ойыны ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулиды. Асық ойыны өзінің түрлеріне қарай баланың күш-жігерін арттырып, мергендігін, шапшаңдығын, ептілігін және қырағылығын жетілдіреді. Бір мезгілдебірнеше бала ойнайтын асық ойынының түрлері жас баланың намысын жанып, «қатарымнан озсам» деген талпынысты бойға қасиет қылып сіңіреді. Мұның сыртында асықтың атып ойнайтын түрлері үнемі қимыл- қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады. Үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қо лдағы буын ауруларының алдын алады.

Асық ойындарының кейбір түрлерінде сақа таңдап алу керек болады. Үйде ойналатын асық ойыны түрлерінде асықтың әдемісін сақа қылып алуға болады. Ал тақыр жерге шеңбер сызып, соның ортасына қаз-қатар тігілген асықтарды шеңберден атып шығару мақсат болып табылатын ойындарда асықтың мықтысын, салмақтысын сақа қылып алу керек. Сақа таңдаудың өзі – өнер. Алыстан атқан кезде асыққа тиген сақа орнында қалып, асықтардың бірнешеуін шеңбердің сыртына шығарып жібереді. Асық ойнауға әбден машықтанып алған зерек балалар, қажет болса, сақаны асықпен қоса шеңбердің сыртына шығарып та жібереді, кері де қайтара алады. Тіпті қажетті траекто риямен сақасын шеңбердің ортасындағы (кондағы) асықтардың жанына жеткізеді-де. Бұл тұрғыда асық ойнау өнерінің кейбір сырлары (техникасы) бильярд ойынымен ұқсас та. Негіз і, мүмкін болса, дала тағысы арқардың асығын сақа ретінде пайдаланған дұрыс. Арқардың асығы қой-ешкінікіне қарағанда үлкендеу әрі шымыр болады. Сондықтан болар, ерте заманда қазақтан небір құралайды көзге атқан мергендер шыққан. Садақ тарту болсын, найза лақтыру болсын, қазақ жауынгерлері ешкімге дес бермеген.

Асық атудың техникасы боулинг шарын дұрыс лақтыру тәсіліне ұқсастау. Осылай талдай берсек, асық ойынының, асық атудың көптеген спорт түрлерінің өзіндік техникасына сәйкес келетіндігін байқауға болады. Бұл асық ойынының сан қилылығы мен алуандығын, көптеген қимыл- әрекеттерді қамтитындығын білдіред і. .

Асық ойнына көңіл бөліп, ұлттық ойынымыздың, республикалық дәрежедегі қызықты спорттың түр іне айналдыру ісіне көп болып атсалысу керек. Бұл үшін асықты ұлттық ойынның түрі ретінде бір жүйеге келтіріп, ережелерін бекіту арқылы мектепішілік спорт ойындарының қатарында насихаттауды ұсынамыз. Өйткені асық - қимыл-қозғалыстың ойыны. Ендеше оны салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында да насихаттауға болады.

Егер оны мектептерде спорттық ойынның бір түрі ретінде ұйымдастырып, дамыта алсақ, балаларға патриоттық тәрбие беріп, ойынға қатысқан өзге ұлт балаларының құлағына қазақ тілін де шым-шымдап сіңіре беруге болады.

Бұл үшін асық ойынын мектеп ішінде ұлттық спорт түрі ретінде насихаттауға (Білім және ғылым министрлігінен, білім департаменттерінен) рұқсат етілуі тиіс. Осыдан кейін бастапқыда бір-екі мектепте дене тәрбиесімен айналысатын мұғалімдерге асық ойынының бірнеше түр ін ің ережесі мен өткізу тәртібі жазылған арнайы нұсқаулықкітапшалар таратып, семинар-тренинг өткізу керек. Сосын дене тәрбиесі сабағында балаларға асық ойынының ережелері үйретіліп, тоқсандық бағдарламаның 1-2 сағатын асық ойынына арнау қажет. Балалар ережені үйреніп, асық атудың әдіс-тәсілдерін меңгерген кезде Наурыз, Тәуелсіздік күні мерекесі, және басқа мектепішілік шаралардың бағдарламасына енгізілуі тиіс.. Келесі қадам - асық ойындары бойынша мектепішілік жарыс болуы тиіс.

Бұл жерде асық ойыны мектепішілік ауқымды спорттық шараға айналғанда, патриоттық тәрбие де оның ажырамас бөлігіне айналады.

Ұлттық ойындардың адамға деген пайдасы ертеден белгілі, сондықтан халық – «Денсаулық – зор байлық» деп орынды атаған..

Қазақ халқының ұлттық ойындары табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен б айланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады.. Ондай қасиеттер болмаса адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәр іге дейін ойнайтын түрлері болған.

Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа мүсінде болады.

Аюбай Құралұлының “Ұлттық дүниетаным” атты оқу құралында асық түрлері мен атаулары былайша түзілген.

  1. Кеней, кентай – асық ойынында ұпайға тігілетін асық. “Кішкентай” сөзі “кіші” және “кентай” сөздерінен шыққан.
  2. Сақа – асықтың ең үлкені, ірісі.
  3. Ешкімер – ешкінің асығы.
  4. Қойлақ – қойдың асығы.
  5. Құлжаз – құлжаның асығы.
  6. Топай, сомпай – сиырдың асығы.
  7. Шүкейт – киікт ің асығы.
  8. Пүш – тәйке түспесін деп алшы жағы жонылған асық. “Пұшайман болу” деген сөз осыдан шыққан.

Оңқай – малдың оң жақ аяғының асығы.

Солақай – малдың сол жақ аяғының асығы. Алшы, тәйке (тәйкі), бүге (бүк), шіге ( шік), оңқа, шоңқа, қынжы ( жантай) деген атаулары бар.

Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқай аталады.

Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші дәрежелі мән беріледі.

Тәйке (тауа) – асықтың иірілгенде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ол екінші дәрежелі мәнге ие.

Бүге (бүк) – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие.

Шіге (шік) – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.

Тұрық – асықтың алшы не тәйке түсуі.

Омпы – асықтың тұмсығымен жер тіреп, тік шаншылып түсуі.

Сомпы – асық тұмсығының көкке қарап, тік шаншылып шоңқая түсуі.

Табан – асықтың тәйке жағы.

Оңқай – асықтың бүгесі алақанға қарап, тәйкесі оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы.

Солақай – асықтың шігесі сыртқа қарап, алшысы оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы.

Сақа – қолдағы бар асықтың үлкенінен, ірісінен, межемдісінен, салмақтысынан, оңқайынан белгіленеді. Солақайлар сақаны солақай асықтан ұстайды.

Асық ойынының кеңінен таралғандары – «Үш табан», «Бір табан», «Әйзік», «Атпақыл», «Шығу», сондай – ақ, қыз – бозбалалар кешкісін үйде отырып ойнайтын – «Қора», «Хан талапай», «Құмар», «Алшы», «Таған», «Шеңбер», «Шік – Бүк», «Доршке», «Қақпақыл», «Иірмекіл», «Жемекіл», «Омпы», «Ханжаппай», «Сөкелек», «Сасыр», Топай», «Төрт асық», «Отыз ұры, бір есепші», «Бәйге», «Хан (хан ату)», «Асық ату», т.б.

Ең қызығы-асық ойынындағы біз айтқан мәнді мазмұн арғы-бергі асық ойынын, тіпті қазақ салт-дәстүрін зерттеуші ғалымдардың бірде- бірінің еңбегінде көрсетілмеген. Біз енді осы мәселені шағын мақаламызда көтере отыра ғалымдарымыздың осы мазмұнда ізденіп, асық ойынын ел стратегиясының бір кәдесіне жаратуын ескертер едік. Әрі оқулықтарға да осы мазмұнды байытқан негізде енгізуін өтінеміз. Сол арқылы ұрпақтарымыз ата-бабасының не нәрсені де қалай болса солай істей салмағанын, қыл аяғы асық ойынының өзі де үлкен елдік мән алатын ірі оқиғаның негізі екенін білдіріп отырсақ, елжандылық ұрпақ санасында неге жаңғырмасын. Асық ойынын олимпиадаға шығару қазқ елінің мақсаты.

 

Әдебиет

  1. Төтенай Б. «Дене тәрбиесі»: Оқулық. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2008 ж. - 160 бет.
  2. Базарбек Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары». – Алматы: «Қайнар» баспасы, 1994 ж. – 144 бет.
  3. Дастан Кенжалин «Асық – ұлттық өнеріміз»: Мақала. – «Егемен Қазақстан» газеті. – 2007ж. – 31 наурыз, 8 бет.
  4. «Қазақтың ұлттық ойындарының пайда болуы және даму тарихы»: Мақала. – «Ұлағат» журналы. – 2006 ж. - №5, 65-70 бет.
  5. Динара Мыңжасарқызы «Асықтар және ләңгі»: Сұхбат. – «Айқын» газеті. – 2009 ж. – 26 маусым, 5 бет.
  6. Нұртөре Жүсіп «Тутанхамонның асығы»: Мақала. – «Егемен Қазақстан» газеті. – 2006 ж. – 22 наурыз.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.