Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Алаштың ардақтысы

Қазақстанның Батыс өлкесіндегі Атырау өңірінде дүниеге келіп, тарихтың өткені мен бүгінгісінде елімізге әйгілі болған Ис атай, Махамбет, Құрманғазы, Дина, Мұрат Мөңкеұлы тәрізді қаз ақтың біртуар азаматтарымен қатар тұратын ірі тарихи тұлға - Бақтыгерей Ахметұлы Құлманов.

Ұланғайыр білім иесі, ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысының басы-қолында болып, сол кездегі аумалы-төкпелі қысқа мерзімі ішінде тарих сахнасының биігіне көтеріліп, артына өшпестей із қалдырған Б.Құлманов соңғы кездері ғана зерттеушілердің назарына ілікті.

Ол 1859 жылы желтоқсанның 22 жұлдызында бұрынғы Астрахан губерниясының Бөкей ордасына қарасты, қазіргі Құрманғазы ауданындағы Жанбай (Никольский) деп аталатын мекенінде Төре тұқымы әулетінде дүниеге келген [1].

Бақтыгерей бала кезінен өлкедегі ІІ-Теңіз жағалауы округінде 35 жыл үзіліссіз әкім болып, ел-халқының зор құрметіне ие болған туған нағашысы Мақаштың тәрбиесінде болады. Мақаш ставкасындағы мешітте екі-үш жыл арабша оқығаннан кейін нағашысының үйретіп баулуы мен оның үйіндегі білім қазынасы - бай кітапханасынан аздап орысша да сауатын ашып үлгерген Бақтыгерей 1865-1866 оқу жылында Ордадағы сабағы орыс тілінде жүретін жәңгір мектебіне оқуға түскен. Кейіннен мемлекет, қоғам қайраткері болған ірі тарихи тұлға Б.Құлмановтың өмір жолындағы елеулі кезең осы Жәңгір мектебінде оқып, бітіруінде болса керек. Оның дәлелі Астрахан мұражайында сақталған «Бөкей Ордасының мектеп альбомы, 1896 жыл» дп аталатын альбомдағы 5 бетіндегі Б.Құлмановтың портретіне берілген сипаттамадағы мына жолдар: «Онокончил полный курс в императорском Санкт-Петербургском университете по факультету восточных языков, имеет чин колледжского секретаря, пресимпатнейший человек и один из тех лучших плодов, какие подарила киргизским (казахским-Ж.Б.) степям русская школа, о чем только мечтал и ходатайствовал в 1839 году хан Жангир, то теперь уже видим воочию и радуемся» [2].

Ордадағы «Жәңгір мектебі» деп аталатын білім шаңырағы, қазақ топырағында, орыс тілінде дәріс беретін тұңғыш оқу орны болып саналады. Оның ірге тасын қалаушы Бөкейұлы Жәңгір екендігін айта кеткен жөн. Жәңгір хан жастарға бастауыш білім алуға жағдай жасаумен ғана емес, оларды «орман, жол қатынасы корпустары мен азаматтық инженерлер училищелеріне» орналастырып отырған [3].

Жәңгір мектебі қазақтың мыңдаған ұлдарының санасын оятып, ақыл- өрісін кеңейтті. Аталмыш мектептің қабырғасынан халқымыздың шежіресінде есімдері алтын әріппен жазылатын талай асқақ тұлғалы азаматтыр шықты [4].

Ордадағы Жәңгір мектебін үздік аяқтаған Бақтыгерей 1878 жылы Орынбордағы азаматтық гимназияға түсіп, оқуын жалғастырған. Оны 1881 жылы маусым айында күміс медалмен ойдағыдай аяқтап шығады. Оның атына берілген кәмелеттік аттестатта мынандай мәліметтер бар: «Во внимание к постоянно-отличному поведению, прилежанию и к отличным успехам в науках, Педагогический Совет постановил наградить его, Кулманова, серебряной медалью и выдать ему аттестат зрелости, представляющий ему все права, обозначенные в 129-132 Высочайшие утвержденного 30 июля 1871г. устава гимназии и прогимназии ведомства Министерства Народного Просвещения. Оренбург 17 июля 1881 года» [5].

Білімге құшт ар Бақтыгерей гимназияда оқып жүргенде-ақ одан алған біліммен шектеліп қалмай жоғары оқу орнына түсем деп армандайды. Бақтыгерей гимназияны бітірерден бір жыл бұрын 1880 ж. жазғы каникулын ауылда өткізіп жатқанда творчестволық жұмысында Мақаш әкіммен хат алысып тұратын Петербург университетінің профессоры, атақты шығыс зерттеуші ғалым Илья Николаевич Березин империя астанасынан Бөкейлік қазақтардың әдет-ғұрпы мен ауыз әдебиетін зерттеу мақсатында шыққан экспедицияны басқарып хан Ордасына келеді. Осы сапарында орыс ғалымы әдейі іздеп келіп Мақаш әкім ставкасында біраз уақытын өткізіп, Бақтыгереймен ұзақ әңгімелеседі. Мақаштың ставкасында өзінің біраз уақытын қазақтың тұрмыс жағдайы, дәстүрі, тарихы тақырыбына арнап, И.Н.Березин орыс тілінде таза сөйлейтін жасөспірім Бақтыгерейдің шығыс жырларының талайын жатқа білетініне, олардың мазмұнын бұған орыс тілінде айтып бергеніне таң-тамаша қалады. Мұндай қабілетті жастың білімін одан әрі Ресейдің астаналық қалаларында жалғастырса, оның шын мәніндегі ұлт перзенті, қазақ халқының білімді азаматы болатынына сенім білдіреді. Мақаш әкімге Бақтыгерейдің Петербург университетіне оқуға кеңес берген. Бұл ұсынысты шын ниетімен қабыл алған ол былай деген екен. «Бүгінгі Ресейастанасы Санкт-Петербу рг университетіне оқуға тұңғыш аттанып бара жатқан Бақыш онда барып, Европа ғылымы мен мәдениетін игеретін қазақ жастарының соңы болмағай» [6], - деп одан көп нәрсені күтетінін, жұрт үмітін ақтап, оқудан кейін елі мен халқы үшін өзінің жолын қуып, адал еңбек ететіне сенім білдіреді.

Білімге деген құштарлығы арта түскен Бақтыгерей Құлманов 1881 жылы Санкт-Петербургке, университетке оқуға түсуге келеді. Бірақ қалаған оқу орнына қабылдау емтиханы аяқталып сабақ басталып кеткен кезде ғана келген. Сондықтан, оның гимназияны медальмен бітіргеніне қарамастан кеш қалдың деп, шығыс тілдері факультетіне қабылдамай қойған. Бұл жағдайды жақсы түсінген, қалаған мамандығына түсуді мақсат тұтқан жалыны бар жігіт арыз жазуға мәжбүр болады да, университет ректоры А.Н.Бекетовке кіреді. Зерттеушілердің назарына іліккен архивтен табылған құжатта: «Окончив ныне курс в Оренбургской гражданской гимназии, я приехал сюда поступить в университет для дальнейшего продолжения своего образования, но к этому встречаю препятствие, так как своевременно мною не было подано решение. Это же обстоятельство было вызвано сильную болезнью матери, на которой лежали все заботы о семействе и которые в случае неблагоприятного исхода ее болезни падали на меня как старшего члена семейства и тем принудили бы меня отказатся от вышеуказанного намерения... прошу зачислить меня в число студентов вверенного Вам университета на юридический факультет» [7].

Осылай Бақтыгерей университеттің заң факультетіне үлкен қиындықпен қабылданады. Ал, 1882 жылы, бір жылдан кейін заң факультетінен шығыс тілдері факультетінің ІІ курсына ауысқан. Ол жөнінде де архивте сақталған өз қолымен жазған арызда былай делінген: «Его превосходительству Господину ректору, от студента юридического факультета Бахтыгерея Кулманова.

Прошение

Покорнейше прошу Вашего превосходительство разрешить мне перейти на факультет восточных языков по Арабского -Персидскому языку»[8]. Ректордың бұйрығымен университеттің шығыс тілдері факультетіне ауыстырылады. Ол осы факультеттің араб, парсы, түрік, татар тілдері бөліміне қабылданады. Оның Санкт-Петербург университетінде оқығаны туралы көптеген зерттеушілердің еңбектерінде кездеседі [9].

Өзінің демократиялық ғылыми дәстүрлерімен дүниежүзіне әйгілі Санкт-Петербу рг университетінде білім алу оның жас кезінен аңсаған арманы болатын. Университет қабырғасында Бақтыгерей Ахметұлы тұңғыш қазақ студенттері санында, Ресей астанасынан демократиялық өмірімен және патша өкіметінің халыққа жүргізіп отырған саясатына әбден қанық болады. Осы оқу орнының демократиялық дәстүрлерін бойына сіңіріп, ой-өрісі мен сана-сезіміне мәңгі өшпес із қалдырады. Ресей империясының түпкір-түпкірінен келген басқа жастар сияқты қазақ жігіттері де сол мүмкіндіктеріне сай келетін «Жерлестер ұйымын» құрады.Әр топтағы студент жастар «Жерлестер ұйымы» арқылы митинг, шеру, үндеулер, прокламациялар тарату әрекеттерімен өз пікірлерін білдіруді дәстүрге айналдырады.

Бақтыгерей Құлманов өзінің университеттік әріптестерімен бірге жалпы саяси ағымның аяғы шебінде болып, отарлық саясаттың езгісінен тепкі көрген қазақ халқының ауыр жағдайына назар аударады. Қазақ жастарымен бірге ол, тек дүние жүзіне әйгілі университеттен алған білімімен шектеліп қалмай, мүмкіншілігінше барлық азаттық, демократиялық озық ойлы идеяларды бойына сіңіре білді. Сондай-ақ, ол оқып жүргенде бізге белгісіз себептермен (мүмкін, студенттер қозғалысына белсенді араласқан болар) оқудан шығарылған екен. Бірақ, университет ректоры, профессор О.Н.Бекетовтың бұйрығымен қайта оқуын жалғастыруға мүмкіндік алады[10].

Қазан төңкерісіне дейін Ресей қалаларында оқып жоғары дәрежелі білім алған қазақ зиялыларын ыждағатты зерттеген көрнекті тарихшы- ғалым М.Қойгельдиев, Ғ.Ахмедов, С.Сүйінов, М.Қипиев және жазушы С.Кенжеахметовтардың еңбектерінде қазақ жастарының арасынан императорлық Санкт-Петербург университетіне түсіп, алғаш бітіріп шыққан осы Бақтыгерей Ахметұлы Құлманов болды. 1886 жылы Санкт- Петербург университетінің араб-парсы-түрік-татар разряды бойынша тәмамдап, ол үздік дипломға ие болады. Ал, 1888 жылы қазан айында Санкт-Петербург университетінің ғылыми Кеңесі Бақтыгерей Құлманов зерттеген диссертациялық жұмысқа зор баға бере отырып, оған ғылым кандидаты деген атақ береді [11]. Бақтыгерей Құлманов шығыс тілдері мамандығы бойынша тұңғыш ғылыми диссертациялық еңбек жазған қазақ. Оны кейбір зерттеушілер [12] «Қазақтың тұңғыш ғылым кандидаты деп» дәлелдейді.

Ресейдің ұлттық шет аймақтарының шаруашылық және қоғамдық құрылысындағы өзгерістерге қоса қоғамның мәдени талап-тілектерінің жаңа факторлары – білімге, патриархаттықты жоюға ұмтылыс орын алды. Қазақ халқының басқа да ұлттық шет аймақ халықтарымен мәдени жақындасуының басты шарттарының бірі оқу орындары еді. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда ұлттық орта оқу орындарының болмауы қазақтарды өз балалрын орыс тіліндегі оқу орындарына беруге мәжбүр етті, ал олардың оқу процесінде орыс мәдениетіне басымдық берілетін. Қазақ елінде революцияға дейін бірде-бір жоғары білім беретін оқу орны болмағаны белгілі. Бұл қазақ жастарын шетел университеттерінде жоғары білім алуға мәжбүр етті. Революцияға дейінгі Қазақстанның көптеген прогресшіл қайраткерлерінің Ресейдегі Санкт-Петербург, Москва, Қазан т.б. қалалардағы білім ордаларынан әртүрлі мамандықтардың иесі болып дипломмен елге оралғаны белгілі. Осындай жаңа интеллигенция легінің таңдаулы бөлігі туған халқының мүдделерін қорғай білді, азапты рухани ізденістер жолынан өткен олар рухани құлдыққа түсуге қарсы шығып, азаматтық қозғалысын басқарды.

Б.Құлманов университетті тәмамдағаннан кейін өз мамандығы бойынша Баку қаласына қызметке жіберіледі. Кейін өзінің туып өскен жері Астрахань губерниясына, яғни Ішкі Ордаға оралады. 1889 жылы Астрахань генерал-губернаторы оны Орданың жеті бө ліг ін ің ішіндегі жер көлемі мен халқының саны жағынан ең үлкені Қамыс-Самарға әкім етіп тағайындайды және оған лейтенант дәрежесіндегі шен беріледі.

Бақтыгерей округке әкім болып келгеннен бастап, өлкедегі шаруашылықтың маңызды саласы балық кәсіпшілігінеерекше көңіл бөліп, қазақтардың ұйымдасқан топтарын құрған. Балық кәсіпшілігінің кең қанат жайып дамуы, тұз өндірісінің өркендей түсуіне өз ықпалын тигізді. Бөкей Ордасындағы ең үлкен тұз кәсіпшілігі Басқұншақ көлі болатын. Тұз өндіру өте ауыр жұмыс болатын. Жұмыс процесінің бәрі қол күшімен атқарылып, сүймен, күрек, үлкен қол балға тағы басқаларды пайдаланылатын. Тұз өндіру кәсіпшілігіне Бақтыгерей тікелей араласып, кедей шаруалардан шыққан қазақ жастарын жұмысқа орналасуға көмектесіп камқорлыққа алған.

Бақтыгерей Ахметұлы әкім болып жұмыс атқарған 14 жыл ішінде Қамыс-Самар өңіріндегі қазақтардың жағдайына көңіл бөліп, бірқатар жаңалықтар мен өзгерістер енгізеді. Халықтың әлеуметтік тұрмысының жақсаруы үшін мектептер ашып: діни мектептер мен медреселерде балаларды оқытуға қамқорлық жасайды.

1903 жылы Б.Құлманов Ішкі Орда қазақтарының атынан арнайы делегациямен Санкт-Петербургке барып қазақ даласындағы басқару жүйесін жетілдіру және жер мәселесі туралы талқылауға қатысады.

Ол өзімен бірге барған С.Нұрмұхамедов, С.Жантөрин, Б.Шынтеміров сияқты қазақ зиялыларымен бірге, патша өкіметінен тайсалмастан, Ішкі істер министрлігінде болған кеңеске қатысып, өкіметтен тез арада жер мәселесін шешуді талап кетіп, бірнеше ұсыныстар енгізеді. Осы жағдайды дәлелдейтін «Тургайские областные ведомости» газеті: «Из Петербурга возвратился Сеидбатал Кутурбаевич

Нұрмұхамедов... Кроме него в совещании участвовали... Султан Джантюрин, колледжский секретарь Сұлтан Құлманов и правитель Нарынской части Чинтемиров. Названным киргизом на обсуждение были предложены вопросы, касающиеся земле-пользования: 1-такой порядок представляется наиболее соответственно для разрешения поземельных споров между кибитковладельцами в пределах одной и тоже поземельной общины (аксакальство). Следует ли предоставить решение таковых споров волостному суду или аксакальству, 2-каким порядок могли бы скорее и справедливы разрешаться поземельные споры, возникающие по поводу пользования летовочными угодьями, предоставленными значительным группам населения разных волостей, уездов и даже областей и 3-имеются ли в составе киргизского населения лица, способных переидти к оседлости...»[13].

Ол, өз заманының алдыңғы қатарлы ұлт жанашыры ретінде қазақ жеріндегі Ресей империясының әкімшілік басқару жүйесін сынға алып, кеңетек жайған жағымсыз саясатын, заңсыз көріністерін әшкерлеген, қоғамдық саяси ой пікірде жалпы демократиялық, ұлттық бағыт ұстаған, қиын-қыстау кезінде өзінің әкімдік, басқарушылық қабылет, қайратын халқы үшін сарп еткен азамат екендігін көрсете білді.

Ресейде 1905-1907 жылдардағы бірінші буржуазиялық- демократиялық революция ұшқынының әскерімен қазақ халқының да саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыстың жаңа сатыға көтеріле бастағаны белгілі. Бұл кезең Б.Құлмановтың үлкен өмір жолынан өтіп, орыстың социал-демократтарымен де, қазақ даласының зиялы, оқыған азаматтарымен де тығыз байланыста болған кезі.

Қазақ қоғамында демократиялық бастаулардың қойылуы, жаңа экономикалық қатынастар дамуының заңды салдары болды. Ресейдің шет аймақтарындағы демократиялық жаңару жайындағы қозғалыс 1905-1907 жылдардағы революция елді дара билеуге шек қойып, патша өкіметін кейбір демократиялық кеңшіліктерге баруға мәжбүр етті. Петроградта өткен кеңестің кезекті отырысында қазақ елі сияқты көшпелі халықтарға сайлауға қатысу құқығын беру туралы арнайы мәселе қаралады.

Мемлекеттегі осындай жағдайларға байланысты, әрі орыс-жапон соғысындағы сәтсіздік патша өкіметінің іріп-шіріген әлсіздігін көрсетті. Ресей империясының соңғы патшасы ІІ-Николай амалсыздан 1905 ж. Ішкі істер министрлігі дайындаған рескиптке (қаулыға) қол қояды. Онда халыққа бірқатар жеңілдіктер берілетіні жазылды. Осыған байланысты Ресейде түрлі әлеуметтік топтарды біріктіретін саяси партиялар пайда бола бастады. Б.Құлманов солардың ішінде бағдарламасында халыққа кеңінен бостандық беруді көздеген кадет партиясын қолдап, оған мүшелікке қабылданады.

1906 жылы айрықша Кеңсе Мемлекеттік Думаға депутаттар сайлау туралы ережелерді жасап, жарыққа шығарды. Сол жылғы 22 ақпанда Түркістан өлкесінде, 25 наурызда Астрахан губерниясы мен Ішкі Ордада Мемлекеттік Думаға депутаттар сайлауын өткізудің ережелері де бекіттілді[14]. Бірінші Мемлекеттік Думаға Астрахан губерниясына қарасты Ішкі Орда қазақтарының атынан Бақтыгерей Ахметұлы Құлманов сайланды.

І Думада мұсылмандар фракциясының белсенді мүшесі Бақтыгерей Құлманов думадағы түрлі партиялардың ішінде патшалық режимге белсенді қарсылық білдіріп, бұқараға теңдік, бұратана халықтарға бостандық беруді жақтаған солшыл қанатын қолдаған. Депутаттардың айтқанды істеп, айдағанға жүрмейтініне көзі жеткен патша думаны күш қолданып, қуып таратқан. Осыдан кейін көптеген дума мүшелері саяси көзқарастары үшін қудаланып, жұмыстарынан босатылған. Осыған орай 1906 жылдың аяғында Бақтыгерей де жұмысынан босап, біржола демалысқа шыққан. Содан соң табиғаты көрікті Қамыс-Самар көлінің жағасындағы бау-бақшаға бөленген оның мекен-жайы бүкіл орда зиялыларының бас қосатын кеңесуге жиналатын штабына айналған. Ал өзіОрда қазақтарының керек кезде именбей келіп ақыл сұрайтын жанашыры болған. Ол қиын жағдайларда халықтың ортасынан табыла отырды.

Осы кездегі 1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей халықтарына аса ауыр қасірет әкелгені белгілі. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Соғыс жылдарындағы жергілікті жерлердегі патша шенеуніктерінің озбырлығы мен зорлық-зомбылығы өлшеусіз өсті. Әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі, соғыс зардабы-халық бұқарасының қайыршылануы, қымбатшылық, ашаршылық еңбекшілердің жағдайына ауыр әсер етті және өлке халқының әр түрлі топтары тарапынан белсенді наразылық туғызды. Соғыс Ресей империясында пісіп-жетіліп келе жатқан жалпыға бірдей дағдарыс үрд іс ін тездетті. Қазақстанның және Орта Азияның көптеген аудандары қамтыған, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс соның нағыз көрінісінің бірі болғаны айдан-анық. Ал көтерілістің басталуына түрткі болған жағдай патша үкіметінің сол жылғы 25 маусымда «бұратана халықтардан» соғыс аудандарында қорғаныс құрылыстарын жүргізу мен тыл жұмыстары үшін 19 сбен 43 жастың араларындағы ер азаматтарды мобилизациялау туралы жарлығы болды. Жарлық бойынша Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мыңнан астам адам алынуға тиіс болды. «Бұратана халықтарға» қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік, түрікмен, дүнген, ұйғыр халықтары жатқызылды.

Патша жарлығына жауап ретінде орасан зор аймақтық Қазақстан мен Түркістанның халқы стихиялы түрде бір мезгілде дерлік көтерілді. Осындай толқулар Бөкей Ордасында да болды. Майтөбе, Мыңтөбе, Қарасивер, Қорған деген елді мекендерде болған жиындар арты үлкен қозғалысқа айналып, жергілікті әкімшілікті қатты абыржытты. Бұл қозғалысты басқарғандар Өтепқалы Дінбаянов, (Исатай Таймановтың немересі – Ж.Б.) Құсайын Дуанбаев, Мұқат Маутенов, Едіге Нарынбаев және тағы басқалар болды. Бұл қозғалыстың барлығы да арнаулы жіберілген жазалаушы отрядтардың күшімен басып тастап отырды, басшылары Астрахан түрмесіне қамалды. «Қазақтарды өкіметке бағынбауға шақырды» деген айыппен қамауға жабылғандардың қатарында Сейтқали Меңдешев, Тастанбек Желдібаев, Сүндетқали Нұрсарин, Мейірман Нұрманов, Әни Әлімов, Шортанбай Жармұхановтар болды [15]. Майданға «қара жұмысқа» қазақ ж ігіттер ін алуға қарсы шығып, ерекше белсенділік көрсеткендердің бірі – Бөкей Ордасына белгілі, халық алдында зор абройға ие болғандардың бірі – Бақтыгерей Құлманов болды [16]. Оның саяси қайраткер ретінде белсенділік танытуы осы уақытта анық байқалды және бұл әрекет патша өкіметінің назарына ілікті. Оны төмендегі құжатты мысалға алу арқылы нақтыладық.

Губернатор Соколовский былай деп жазды: «Среди киргизов явилось несколько тревожное настроение по поводу предстоящего призыва в отряды рабочих на фронт. По произведенному расследованию виновников смуты является киргиз Кулманов окончивший университет бывшей член второй Государственной Думы. Кулманов при посещении мною Орды 8-го июля, когда я объявил ввесочайшее повеление о призыве киргизов в отрядерабочих, явно обнаружил стремление выговорить совершенно не вызывающиеся потребностью льгот для киргизов, получив с моей стороны отказ и внушение. Ныне, по сведениям моим Кулманов, собрав с киргизов большие деньги, отправился в Петроград с целью ходатайствовать об освобождении киргизов от призыва. Постановив сего числа о выселении Кулманова из пределов киргизской степи на время нахождения губернии на положения чрезвычайной охраны, сообщаю о сем вашему превосходительству, присовокупляя, что по сведениям Кулманов возлагает надежде на успех своих ходатайств также и на мусульманскую фракцию Государственной Думы» [17]. Ол осы себепті 1917 жылдың ақпан төңкерісіне дейін Ақтөбе облысында айдауда болады, яғни жер аударылады.

Осы мәселе туралы ойымызды жинақтағанда, 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс, Шығыс халықтарының отарлық саясатқа қарсы ұзақ дәуірге созылған күрестің жалғасы бо лды.

Ақпан революциясынан кейін Бөкей Ордасындағы бұрынғы патшалық әкімшілік орган – «ішкі қырғыз ордасын басқаратын уақытша кеңес» таратылады. Енді халық қай үкіметке сенім артатынын түсінбей тұрған шақта Бақтыгерей Құлманов келіп, осы іске тікелей араласады. Сол бетінде бірінші кезекке жалпыбөкейлік съезд шақыруына ұсыныс жасайды.

1917 жылы 21 сәуірде өткен съезд Орданың бардық өңірінен делегаттар қатысты. Съездің шақырылуы мен өтуі жөнінде РКП(б)-ның Бөкейлік губерниялық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланған П.И.Варламов «Төңкерістің отты күндерінде» атты еңбегінде: «...Съезд избран для руководства всей Букеевской Ордой центральный исполнительный комитет во главе с комиссаром временного правительства - Кульмановым».

Халық алдында беделі бар Бақтыгерей Құлманов ел басқару қызметіне белсене араласып, егемендікке жетудің іргетасын біртіндеп қалау ісіне араласады. Уақытша өкіметінен қарым-қатынас жұмыстарын жүргізе бастайды.

Қазақ тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болған жалпықазақтық ІІ съезд 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өтті. Мақсат қазан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайда алдағы іс-шаралардың бағдарын айқындау болатын. Съезге Қазақ өлкесінің түгелге жуық облыстары және Бөкей Ордасынан делегаттар қатысты. Форумға қатысушылардың басым көпшілігінің ұсынысы бойынша Съездің төрағасы болып Бақтыгерей Құлманов сайланды. Мәртебесі жоғары съезд басқаруға ол кісінің сайлануы тектен-тек деп айтуға болмайды. Бұл жерде оның сол кездегі жұмыс дәрежесі сонау Петроградтағы студент кезінен қоғамдық қозғалыстарға қатысқан. Мемлекеттік Думаға екі мәрте депутат болғандығы мол тәжірибесі еске алғандығы даусыз. Осы съезде ол Алашорда өкіметінің құрамына (ұлттық кеңеске) еніп, өкіметтің бірінші басшылығына түскен үш адамның бірі болды.

Олай болса еліміздің тәуелс іздікке жетуі жолында бар күш-жігерін, ақыл-ойын, қабылетін, білімін сарп еткен қазақтың біртуар перзенті Бақтыгерей Құлманов болды демекпіз. Қазақ тарихын терең зерттеген академик Манаш Қозыбаев «Бақтыгерей Құлманов ХХ ғасырдың басындағы Алаштың жарық жұлдыздарының бірі, алайда көп уақытқа дейін колеңкеде қалып келді. Алаш қозғалысы ІІ с ъез ін ің материалдары оның өресі биік, ел арасында абройлы, көшелі азамат, алаш көсемдерінің бірі болғанын, оның Әлихан Бөкейхановқа баламаға түскен тұғырлы тұлға екендігін танытады»...[18], - деп тұжырыммен мақаламды аяқтаймын.

 

Әдебиет

  1. Әлімгереев Ө. Мақаш әкім. Ганюшкино, 1992.
  2. Сүйінов С. Бақтыгерей Құлманов кім болған? «Ақ Жайық», 12 қазан, 2000 ж.
  3. Әбдікәрімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1997.
  4. Ғабдуллин Ә., Ғабдешұлы. Кең Нарынға Бөкей бастап өтіп еді... Алматы, 1999.
  5. Өзбекұлы С. Арыстары Алаштың. Алматы, 1998.
  6. Кипиев М. Бақтыгерей Құлманов - мемлекет және қоғам қайраткері. Атырау, 1999
  7. Өзбекұлы С. Арыстары Алаштың. Алматы, 1998.
  8. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Алматы, 1995.
  9. Ахмедов Ғ. Алаш алаш болғанда. Алматы, 1996, Сүйінов С. Қайраткер Құлманов. Алматы, 1997, Ғайнелова М. Бөкей Ордасы. «Атамекен» газеті, 1998, 16 б.
  10. Ахмедов Ғ. Алаш алаш болғанда. Алматы, 1996, 123 б.
  11. Өзбекұлы С. Арыстары Алаштың. Алматы, 1998, 163 б.
  12. Кенжеахметов С. Қазақ зиялылары. «Ақиқат» журналы. 1994, №7
  13. Өзбекұлы С. Арыстары Алаштың. Алматы, 1998, 165 б.
  14. Озғанбаев Ө. Дала және Түркістан. «Ақиқат», 1997, №11
  15. Қуаныш С. 1916 жыл немесе қара жұмысқа айналғандар. «Ақиқат»», №12, 1998ж.
  16. Қуаныш С. Көрсетілген еңбек. 87 б.
  17. Кипиев М. Бақтыгерей Құлманов - мемлекет және қоғам қайраткері. Атырау, 1999,56 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.